Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Автомобильге жанар-жағармай құю стансаларын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2005 жылғы 29 маусымдағы
N 311 бұйрығымен
бекітілген
"Автомобильге жанар-жағармай құю стансаларын
күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
санитарлық-эпидемиологиялық
ережесі мен нормалары
1. Жалпы ережелер
1. "Автомобильге жанар-жағармай құю стансаларын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) автомобильдерге жанар-жағармай құятын стансалардың (бұдан әрі - АЖҚС) нысандардың аумағына техникалық қондырғыларына, құрал-жабдықтарына және пайдалануына талаптарды қоюды анықтайды.
2. Осы санитарлық-эпидемиологиялық талаптар жанар-жағармай құятын стансаларды жобалаумен, құрылысын жүргізумен, жаңартумен және пайдаланумен айналысатын ұйымдардың басшыларына және нысандарға талаптар қояды.
2. АЖҚС, БКҮАЖҚ үшін жер учаскесін таңдауға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
3. АЖҚС және БКҮАЖҚ стансалары тиісті аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың мемлекеттік органдарымен келісіле жасалған жобаға сай, тұрғын үйлер құрылысының ық жағына орналастырылады.
4. АЖҚС және БКҮАЖҚ стансаларын орналастыру елді мекеннің бас жоспарын еске ала отырып орналастырылады.
5. АЖҚ стансаларын қала ішінде орналасқанда отын сақтайтын сыйымдылықтары жер астында орналасуы керек.
6. АЖҚС-тың санитарлық-қорғау аумағы (бұдан әрі - СҚА) құрылысы жүргізілетін немесе жаңартылатын стансаларды абаттандыруды, көгалдандыруды жобалағандағыдай етіп, абаттандырып, көгалдандыру керек.
7. АЖҚС-тың санитарлық-қорғау аумағы 100 метр (бұдан әрі - м) дейін болса, елді мекен жағындағы отырғызылған жасыл өсімдіктердің ені кем дегенде 20 м болып, ал санитарлық-қорғау аумағы 100 м көп болатын болса, көгалдандыру белдеуінің ені 50 м болуы керек.
8. Тұрақты АЖҚС-тың аумағын көгалдандыру есебінен кішірейтуге болмайды. Құрылыс және жолдардан бос АЖҚС-тың аумағын абаттандырып, көгалдандыру керек.
9. АЖҚС-тың аумағында келетін жолды, отынды құятын, автокөлікке қызмет көрсететін, отынды сақтауға арналған сыйымдылықтар, тазалау жүргізетін қондырғылар және басқа да заттар орналасатын орындарды қарастыру керек. БКҮАЖҚ стансасының аумағы атқаратын қызметіне қарай мынандай аумақтарға бөлінеді: келетін жол, контейнерлер және қоқыс жинағыштар орналасатын аумақтарға; аумаққа автокөліктің келіп кетуін реттейтін сызбада, олардың орналасуы бөлек болып, қимыл 1 бағытта болуы керек. Аумаққа кіретін және шығатын жерлерде биіктігі 0,2 м болатын биік учаскелер қарастырылуы керек. АЖҚС-тің аумағы түнгі уақытта жарықтандырылуы керек.
10. АЖҚС-тың аумағы топырақты мұнай өнімдерімен ластанудан сақтайтындай қатты заттармен жабылуы керек. Жауын-шашын суларын, мұнай өнімдерінің қалдықтарын жинайтын сыйымдылық орналасқан жаққа еңіс болып, алаңның беті қатты жапқыштармен жабылуы керек.
11. БКҮАЖҚС-тың аумағында отын толтырылған автоцистерналарды сақтау үшін, өртке қарсы қолданылатын шаралар жүргізіліп, олардың араларындағы жер учаскесі қатты заттармен жабылып бөлінуі керек. БКҮАЖҚС-тың қондырғылары орналасатын орын, мұнай өнімдерін жер бетінде сыйымдылықтарда сақтау үшін, қойылатын талаптарға сай болуы керек.
12. АЖҚС автомагистралдың бойында орналасқан жолдың автокөлік жүретін жерімен жанармай жіберетін колонкалардың немесе жер астындағы сыйымдылықтардың арасы бірінші категориялы жолдар үшін кем дегенде 25 м болып, ал басқа жолдар үшін 15 м кем болмауы керек. Жанар-жағармай құятын колонкалардан немесе оларға құйылған сыйымдылықтан адамдар жүретін тротуардың алыстығы 10м кем болмауы керек.
13. Өндірістік кәсіпорындардың аумағында орналасқан АЖҚС-тың санитарлық-қорғау аумақтарының (СҚА) мөлшері "тұрақты түрдегі жанар-жағармай стансаларын жобалағандағы технологиялық нормалар" және "блоктық контейнерлік жанар-жағармай стансаларын жобалағандығы технологиялық нормалар" атты қолданыстағы құрылыс нормаларына сай болуы керек.
14. Блоктық контейнерлік жанар-жағармай стансалары мен осы кешенге жатпайтын ғимараттар мен имараттардың ең жақын деген аралығы, осы санитарлық ережелердің 1-қосымшасындағы, ал тұрақты түрдегі АЖҚС үшін осы санитарлық ереженің 2-қосымшасындағы талаптарға сай болуы керек.
15. АЖҚС-тың аумағындағы мұнай өнімдерін сақтайтын сыйымдылықтардың көлемі (сақталған автоцистернаның сыйымдылығын ескере отырып) мынандай болуы керек:
1) қалада және басқа елді мекендерде 100 куб метрден кем болмауы керек (бұдан әрі - м 3 );
2) елді мекендерден тыс жерде - 150 м 3 ;
Қалалардағы және басқа елді мекендердегі АЖҚС-тың отын сақтайтын сыйымдылық резервуары жер астында орналасуы керек.
16. Жанар-жағармай құятын стансалардың аумағын және оған жақын орналасқан аумақты күн сайын жинап отыруы керек.
17. Тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін арнайы алаң бөлініп, ол су өткізбейтін қабатпен жабылып, қақпағы бар қоқыс жинағыштармен жабдықталуы керек.
18. АЖҚС аумағында қызметкерлер қызмет атқаратын орын және тұрмыстық үй-жайлар қарастырылуы керек. БКҮАЖҚС-тың операторлары отыратын блок контейнері бөлек орналасуы керек. АЖҚС аумағында отын сақтау орнынан ара қашықтықтары нормативке сай болатын болса, сауда және қоғамдық тамақтану орындары, техникалық қызмет көрсететін стансалар, автокөлік жуатын орын қарастыруға болады.
3. Сумен және канализация жүйесімен қамтамасыз
етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
19. Сумен қамтамасыз ету су құбыры арқылы жүргізіліп немесе тасымалданылып әкелінуі керек. Судың сапасы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық тұрақтылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің (бұдан әрі - НҚА) талаптарына сай болуы керек.
20. Тасылып әкелінетін су Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалған сыйымдылықтарда сақталуы керек.
21. АЖҚС-та жұмыс істейтін қызметкерлер үшін шаруашылық ауыз суға жұмсалынатын су мөлшері бар ауысымда ең көп істейтін жұмыскерлердің санына қарай есептелінеді. Бір адамға шаққандағы 1 тәулік ішіндегі су шығыны - 25 л (бұдан әрі - л/тәу).
22. АЖҚС-тың аумағы жауын-шашын, тұрмыстық қалдық суларды ағызатын канализация жүйесімен жабдықталуы керек. Канализация жүйесіне қосуға мүмкіндік болмаған жағдайда, тазаланылып отырылатын су өткізбейтін шұңқыры бар дәретханалармен жабдықталуы керек, ол жанар-жағармай құятын колонкалардан және жер астындағы сыйымдылықтардан кем дегенде 10 м алыстықта орналасуы керек.
23. Өндірістік жауын-шашындық суларға арналған канализация жүйесі тазалағыш (мұнай өнімдерін ұстайтын және тұндыратын) қондырғылармен жабдықталуы керек. Ағынды жаңбыр суларын, тиісті аумақтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органымен келісілгеннен кейін, арнайы орындарға тасып отыруы керек.
4. АЖҚС-ты жылумен, желдету жүйесімен қамтамасыз
етуге және жарықтандырылуына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
24. АЖҚС ғимаратын жылумен қамтамасыз ету - жылу жүйесінен немесе электрлік жылу көзінен алынып жүргізіледі. Жылдың суық мезгіліндегі үй-жайдағы температура 18 о С, ал қоймалық үй-жайларда +10 о С төмен болмауы керек.
25. АЖҚС-тың ғимаратында желдету жүйесі қарастырылып, немесе ауа кондиционер арқылы суытылуы керек.
26. Жұмыс аумағындағы ауадағы зиянды заттардың қанығу мөлшері рұқсат етілген деңгейден аспауы керек.
5. АЖҚС-тың құрал-саймандарына және оны пайдалануға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
27. Барлық өндірістік құрал-жабдықтар дұрыс жұмыс істеуі керек. Дұрыс жұмыс істемейтін, герметикалық жағдайы бұзылған құрал-жабдықтарды пайдалануға болмайды.
28. Мұнай өнімдерін автоцистернадан құйғанда тез айырбасталатын муфтаны қолдану арқылы герметикалық жағдайды сақтай отырып жүргізу керек.
29. АЖҚС және БКҮАЖҚС-ты пайдаланғанда топырақты, ашық су көздерін, атмосфералық ауаны зиянды заттармен ластамайтындай шара көздерін қарастыру керек.
30. Отын сақтауға керекті (жер асты, жер үстіндегі) сыйымдылықтар орналасқан жердің астында жанар-жағармай асып кеткенде, апат орын алғанда төгілетін ыдыс қарастырылуы керек.
31. Технологиялық құрал-жабдықтар шығаратын шудың және дірілдің деңгейі рұқсат етілген нормадан аспауы керек.
32. Мұнай өнімдерін сақтауға арналған блок-контейнерлер, оның төбесіне шығу, үстіндегі тесікке бару үшін сатымен, құрал-жабдықтармен жабдықталуы керек. Контейнерлердің үстінде жұмыс жасау үшін алаң қарастырылып, ол тайғанамайтын жапқышпен жабылып, қоршалуы керек.
33. Сыйымдылықтар мұнай өнімдерімен толтырғанда асып кетіп, төгілмейтіндей болуы үшін арнайы құралдармен жабдықталуы керек. Құятын жердегі тетіктер герметикалық жағдайда болуы керек. Сыйымдылықтардың құрылымы отын қалдықтарынан толық тазартуға мүмкіндік беріп, одан соң желдетіліп, дегазация жасауға мүмкіндік беруі керек.
34. Сыйымдылық алдындағы құбыр желісінде жапқыш вентиль болуы керек, оған баратын жол кедергісіз, бос болуы керек.
35. БКҮАЖҚС-тың металл құрылымдары тотықтырмайтын заттармен жабылып, қолданыстағы ҚНжЕ және стандарттардың талаптарына сай болуы керек. Блок-контейнерлердің сыртқы беті сәуле қайтара алатындай ақ түске боялып, іші сәуле сіңіру коэффициенті аз, тотықтырмайтын бояулармен боялуы керек.
36. Жанар-жағармай құятын стансалардағы жеке және заңды тұлғалар СҚА жұмыс аумағындағы ауадағы атмосфералық ауадағы зиянды заттардың мөлшеріне өндірістік бақылау жүргізіп отыруы керек.
37. АЖҚС және БКҮАЖҚС қызметкерлері жылдың әр кезеңінде кем дегенде 2 жиынтықпен - арнайы киімдерімен және жеке басты қорғау құралдарымен (саусақты резеңке қолғаптармен, респираторлармен) қамтамасыз етілуі керек.
38. Жұмыскерлердің арнай киімі, жеке басының киімінен бөлек жерде, өздеріне тиісті шкафтар сақталынуы керек. Олар кезеңді түрде жуудан және жөндеуден өтуі керек. Арнайы жұмыс киімдері орталықтандырылған кір жуатын орындарда жуылуы керек.
39. Барлық АЖҚС-та тиісті тізімге сай дәрі-дәрмектермен толық жабдықталған медицина қобдишасы болуы керек.
40. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрінің N 2780 тіркелген, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 наурызындағы N 243 бұйрығының "Міндетті түрде және кезеңді медициналық тексерістерден өтетін зиянды өндірістік факторлардың және кәсіптердің тізімін бекіту туралы және зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтындарды міндетті түрде және кезеңді медициналық тексерістерден өткізу туралы Нұсқауға сай" АЖҚС жұмысшылары жұмысқа алынар алдында және кезеңді түрде қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің талаптарына сай медициналық тексерістерден өтулері керек.
"Автомобильге жанар-жағармай
құю стансаларына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар" туралы санитарлық-
эпидемиологиялық ережелер
мен нормаларға 1-қосымша
БКҮАЖҚС 2 түрге бөлінеді:
А түріндегісі - тәулігіне 250-ден көп жанар-жағармай құяды. Олардың резервуарларының сыйымдылығы 30 м 3 -40 м 3 дейін; Б түріндегісі резервуарларының сыйымдылығы 30 м 3 дейін тәулігіне 250-ге дейін жанармай құяды.
Блоктық-контейнерлік түрдегі АЖҚС-тың АЖҚС-қа жатпайтын
ғимараттар мен имараттар арасындағы ара қашықтық
N |
Ғимараттар мен имараттардың атауы |
Ара қашықтығы, м |
|
А түрі |
Б түрі |
||
1 |
Өндірістік кәсіпорындардың өндірістік, қоймалық және әкімшілік ғимараттары мен имараттары |
30 |
30 |
2 |
Елді мекеннің қоғамдық ғимараттары мен тұрғын үйлері |
100 |
50 |
3 |
Адамдардың топтап жиналатын орны (көлік тоқтайтын орын, базарлар, дүкендер) |
100 |
100 |
4 |
Автокөліктерге арналған гараждар, тұратын ашық орындар |
40 |
20 |
5 |
Суда палаткалары мен дүңгіршіктер |
30 |
30 |
6 |
Ашық от технологиясын пайдаланатын қоғамдық тамақтанудың ғимараттары мен имараттары |
40 |
40 |
7 |
Автокөлік жолдары (жүретін бөліктеріне дейін): І-ІІІ категорияға магистралды жолдар, магистралдық көшелер; ІV-V категорияға жататын жергілікті маңызы бар көшелер мен жолдар |
25 15 |
15 10 |
8 |
Стансалардағы, разъездегі, платформадағы жалпы тораптағы теміржолдар (үйіндінің етегіне дейін немесе шұңқырдың ернеуіне дейін) |
40 30 20 |
25 10 15 |
Отын сақтайтын резервуарлардан мектеп жасына дейінгі балалар
мекемесінің, мектептің, стационары бар ауруханалық ұйымдар
орналасқан жердің немесе тұрғын үйлермен, басқадай қоғамдық
ғимараттардың арасын отын сақтайтын сыйымдылықтан немесе жанармай
құятын колонколардан бастап анықтау керек.
"Автомобильге жанар-жағармай
құю стансаларына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар" туралы санитарлық-
эпидемиологиялық ережелер
мен нормаларға 2-қосымша
Тұрақты АЖҚС үш түрге бөлінеді: А - сыйымдылық көлемі 150 м 3 болатын, тәулігіне 500 және одан да артық ("шың" сағаттарында 135 және одан да көп жанармай құйылса); Б - сыйымдылық көлемі 100 м 3 дейін болып, тәулігіне 250-500 дейін ("шың" сағаттарында 80-135 жанармай құйылса); С - сыйымдылық көлемі 75 м 3 дейін болатын, тәулігіне 250 және одан да артық ("шың" сағаттарында 80 рет жанармай құйылса); жанармай құятын
Тұрақты АЖҚС-тың АЖҚС-қа жатпайтын ғимараттар мен
имараттардан орналасатын ара қашықтығы
N |
Ара қашықтығы анықталатын |
АЖҚС-тың ара |
||
А түрі |
В түрі |
С түрі |
||
1 |
Өндірістің, өнеркәсіптің қоймалық |
12 12 18 |
12 12 18 |
12 12 18 |
2 |
Елді мекеннің қоғамдық ғимараттары |
50* |
50* (25) |
50* (25) |
3 |
Адамдардың топтап жиналатын орындары |
50 |
50 |
50 |
4 |
Автокөліктерге арналған гараждар, |
20 |
20 |
20 |
5 |
Орман шаруашылығының, талшықты |
20 |
20 |
20 |
6 |
Орман тоғайлы жерлер: қылқан |
50 20 |
50 20 |
50 20 |
7 |
Автокөлік жолдары (жүретін |
25 15 |
25 15 |
25 15 |
8 |
Стансалардағы, разъездегі, платфор- |
25 |
25 |
25 |
9 |
АЖҚС-қа қарамайтын канализациялық |
20 |
20 |
20 |
10 |
Инженерлік құдықтар: су құбырлар, |
20 |
20 |
20 |
11 |
АЖҚС жатпайтын су құбырларының |
25 |
25 |
25 |
12 |
А, Б, Г категориясына жататын сыртқы |
100 |
100 |
100 |
13 |
Көрші жағар-жанармай құю стансалары |
100 |
100 |
100 |
1) отын сақтайтын жер асты резервуарларынан, жанар-жағармай құятын колонкалардан, автоцистерналардан отын ағызып алатын орыннан мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінің, мектептің стационары бар ауруханалық ұйымдар орналасқан жердің шетіне дейін немесе тұрғын үйлермен, басқадай қоғамдық ғимараттардың арасын анықтау керек;
2) АЖҚС-ны теміржол және автокөлік көпірлерінің астына немесе оларға 100 м жақын жерге орналастыруға болмайды;
3) 1, 2, 3, 4, 5, 9, 10, 11 бірінші бағанда көрсетілген нысандарға дейінгі АЖҚС аралығын анықтау үшін, осы санитарлық ережелердің 2-қосымшасында көрсетілген көрсеткіштерді 2 есе ұлғайту керек;
4) егер АЖҚС автокөліктік кәсіпорындардың аумағында орналасса, ондағы ғимараттар мен имараттардың АЖҚ-дан алыстығы қолданыстағы құрылыс нормаларына сай болуы керек;
5) * көрсетілген ара қашықтық, толық салмағы 3,5 тоннадан асатын автокөлікке қызмет ететін АЖҚС үшін бұл көрсеткіш 2 есе көбейтілуі керек;
6) АЖҚС үшін жақша ішінде көрсетілген ара қашықтық тек жеңіл автокөліктерді жанармаймен қамтамасыз ететін стансалар үшін;
7) АЖҚС-тың тиісті ғимараттары мен имараттарының арасындағы ең кіші ара қашықтық қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сай болуы керек.