Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оның жұмсалуы туралы есеп берудің Ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 7 тамыздағы N 19/222 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 2 тамыздағы N 8/16 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 19 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3797

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының  12-бабына  және  34-бабының  6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оның жұмсалуы туралы есеп берудің Ережелерін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде N 870 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 22 маусымдағы  N 109/133  және 2005 жылғы 14 ақпандағы  N 153/219  қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) 1999 жылдың 7 тамызындағы N 19/222  қаулысына  мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      қаулының атауы және 1-тармағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін "Президентін," деген сөзбен толықтырылсын;

      аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді сайлауда сайлау қорлары қаражатын жұмсаудың және олардың жұмсалуы туралы есеп берудің Ережелерінде:
      атауы "Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін "Президентін," деген сөзбен толықтырылсын;

      2-тармақта:
      бірінші абзацтағы:
      "Парламент" деген сөз "Президенттікке, Парламент" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "әкіміне" деген сөз "әкімдікке" деген сөзбен ауыстырылсын;
      8) тармақшадағы "тегін" деген сөз "сайлау науқанына арнайы тегін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7 және 8 тармақтардағы "депутаттыққа" деген сөз "Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына және әкімдікке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақта:
      екінші абзац "жалпы сомасы" деген сөздерден кейін ", осы тармақтың үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Әкімдікке кандидаттың сайлау қорына ол құрылған кезден бастап түскен ақшаның жалпы сомасы әкімдердің сайлауын өткізудің тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес белгілеген шектен аспауға тиіс.";

      12-тармақта:
      "әділет басқармасын" деген сөздер "тиісті аумақтық әділет органдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдалануы туралы есебін қабылдауы туралы шешімді сайлаудың қорытындылары айқындалғаннан кейін жеті күн мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетіне ұсынады.";

      13-тармақта:
      "Парламент" деген сөз "Президенттікке, Парламент" деген сөздермен ауыстырылсын;
 

      Ережелерге N 1, N 2, N 3, N 4 қосымшаларда:
      қосымшалардың барлық мәтіндері бойынша:
      "Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін "Президентін," деген сөзбен толықтырылсын;
      "Парламент" деген сөз "Президенттікке, Парламент" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларын құрудың, жұмсаудың, есептеудің және есеп берудің тәртібін бекіту туралы" 1998 жылғы 17 қазандағы N 49/137 қаулысы жойылсын.

      3. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады