Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуының, атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету мен олардың көздеінің жүргізу ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2005 жылғы 4 тамыздағы N 217-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 15 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3838. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2010 жылғы 29 қазандағы № 271-ө бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2010.10.29 № 271-ө бұйрығымен.

      "Атмосфералық ауаны қорғау туралы"»Қазақстан Республикасы  Заңының 20-бабын орындау мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарымдарының, атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету мен олардың көздерінің есебін жүргізу ережесі, сондай-ақ мемлекеттік есепке алынуға және нормалануға тиіс атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету, зиянды (ластаушы) заттардың тізбелері бекітілсін.
      2. Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық сараптама және табиғат пайдалануды реттеу департаменті (Орманова И.Б.) Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Бұқаралық ақпараттық құралдарына жариялауға Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық сараптама және табиғат пайдалануды реттеу департаментіне (Орманова И.Б.) жүктелсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице - министрі Л.Ж.Бежановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық бұқаралық ақпараттарында бірінші жарияланған күнінен он күн өткеннен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

       "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық Министрінің
      міндетін атқарушы
      2005 жылғы 15 тамыз

Қазақстан Республикасы  
Қоршаған ортаны қорғау  
министрінің міндетін   
атқарушының        
2005 жылғы 4 тамыздағы 
N 217-ө бұйрығымен  
бекітілген      

  Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуының, атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету мен олардың көздерінің есебін жүргізу ережесі

  1. Жалпы ережелері

      1. Осы Ереже жеке және заңды тұлғалардың атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуының, атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету мен олардың көздерінің есебін жүргізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Ереже).

      2. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету - атмосфералық ауаның температуралық, энергетикалық, толқындық, радиациялық және басқа да физикалық қасиеттерiн өзгертетiн шудың, тербелiстiң, иондаушы сәуленiң, температуралық және басқа да физикалық факторлардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер етуi;
 

      2) шаңгазтазарту жабдықтары-атмосфералық ауаның ластауын жою мақсатында шығарындылардан немесе зиянды (ластаушы) заттарды желдеткіш ауасынан аулап алу үшін арналған қосалқы жабдықтарды және коммуникацияларды зиянды (ластаушы) заттарды тазарту бойынша бір немесе бірнеше апаттардан тұратын құрылыс;
 

      3) табиғатты пайдаланушы - арнайы табиғат пайдалану тәртібінде табиғатты пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға.

  2. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар
шығарындылары және олардың көздерінің есебін жүргізу

      3. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындалары және олардың көздерінің есебін жүргізу (бұдан әрі - шығарындылардың есебін жүргізу) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шекті рұқсат етілген шығарындалары нормативтерінің жобасын әзірлеудің бірінші кезеңі болып табылады.

      4. Зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының есебін жүргізудің негізгі мақсаты:
      Атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының әсер ету дәрежесін бағалау үшін және кәсіпорындар бойынша тұтастай алғандай, сондай атмосфералық ауаның жекелеген көздері бойынша атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шекті рұқсат етілген шығарындылардың нормативтерін белгілеу үшін түпкі деректерін алу;
      ластаушы заттар шығарындыларының сандық сипаттамаларын айқындау;
      қаралып жатқан объект үшін мемлекеттік есепке алынуына және нормалануына тиіс зиянды (ластаушы) заттардың тізбесін айқындау;
      шаңгаз тазарту құрылғылары қызметінің тиімділігін бағалау;
      шикізат ресурстарын пайдалану және кәсіпорындағы қалдықтарды кәдеге жаратудың тиімділігін бағалау;
      атмосфералық ауаны қорғау бойынша жұмыстарды жоспарлау болып табылады.

      5. Шығарындылардың есебі тікелей аспаптық өлшемдер немесе зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының есептері бойынша жүргізіледі.

      6. Есебін жүргізуді кезең-кезеңімен бес жылда бір рет, сондай-ақ зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының жаңа стационарлық көздері пайда болғанда, кәсіпорын технологиясы қайта құрылған немесе өзгерткен жағдайда жүргізіледі.

      7. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының есебін жүргізу жөнінде әдістемелік басшылықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.

      8. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығаратын көздері бар табиғат пайдаланушылар атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын және олардың көздерiн есепке алуды жүзеге асыруға, атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарудың белгiленген нормативтерiнiң сақталуына бақылау жүргiзуге тиіс.

      9. Есебін жүргізу бойынша жұмыс мына кезеңдерді қамтуы тиіс:
 

      1) дайындық;
 

      2) зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының есебін жүргізу зерттеулерін жүргізу;
 

      3) зерттеу нәтижелерін өңдеу және есебін жүргізу материалдарын ресімдеу.

      10. Жұмысты орындаудың дайындық кезеңінде атмосфералық ауаның ластаушы көзі ретінде кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы, негізгі технологиялық процестердің сұлбасы мен бейнелеуі жасалады.

      11. Зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының есебін жүргізудің зерттеулерін жүргізу кезеңінде нәтижесі бойынша атмосфералық ауаға ластаушы заттардың және атмосфералық ауаға оның шығарынды көздері айқындалуы тиіс, шаңгазтазартқыш құрылғылар жұмысының тиімділігін белгілейді.

      12. Шығарындылардың есебін жүргізу қорытындылары бойынша атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындылары және олардың көздерінің есебін жүргізу бланкілері толтырылады (қосымша).

  3. Атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудің
және олардың көздерінің есебін жүргізу

      13. Есебін жүргізу бес жылда бір рет, сондай-ақ атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудің жаңа көздері пайда болған жағдайда, кәсіпорын технологиясы қайта жаңарған немесе өзгерген жағдайда жүргізіледі.

      14. Мемлекеттік есепке мынадай зиянды физикалық әсер етулер:
      1) шуыл;
      2) діріл;
      3) иондалатын сәулеленулер;
      4) Атмосфералық ауаның температуралық, энергетикалық, толқындық, радиациялық және басқа да физикалық қасиеттерiн өзгертетiн шудың, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн температуралық және басқа да физикалық факторлар.

      15. Есебін жүргізудің нәтижелері бойынша объектіні қарау үшін нормалануға тиісті атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудің көздері белгіленеді.

      16. Атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудің есебін жүргізуге әдістемелік басшылықты санитарлық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      17. Есебін жүргізу кезінде барлық әсер ету көздерінен, оның ішінде автокөліктен атмосфералық ауаға түсетін және қолданылатын технологиялық процестерде бар зиянды физикалық әсер етулер ескеріледі.

      18. Атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудің есебін жүргізу саймандық өлшемдерді жүргізу құралдары арқылы жүзеге асырылады.

      19. Атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсерлердің есебін жүргізу үшін қолданылатын техникалық құралдар аттестатталған жабдықтар және өлшем құралдарымен ұсынылуы тиіс.

      20. Атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудің өлшеу параметрлерін санитарлық-қорғау аймағы және қоныстық аумақтың шекарасында жұмыс аймағында шығарады.

      21. Атмосфералық ауаны зиянды физикалық әсер етулермен ластауды бағалау халықтың санитарлық-эпидемиологиялық оңтайлылығын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен қолданыстағы гигиеналық нормативтерге сәйкес жүргізіледі.

      22. Атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етулердің есебін жүргізу материалдары халықтың санитарлық-эпидемиологиялық оңтайлылығын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен Зиянды физикалық әсер ету көздерін нормалау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етулердің шекті рұқсат етілген нормативтеріне жету бойынша іс-шараларды жасау үшін бұдан әрі пайдаланылады.

  4. Есеп жүргізуді келісу және бекіту

      23. Есебін жүргізу рәсімінің келісімін қамтамасыз етуді, бекітуді және қайта қарауды жалпы негіздемеде осы міндеттемені қабылдаған табиғатты пайдаланушы немесе өзге тұлға жүзеге асырады.

      24. Табиғатты пайдаланушы атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар, зиянды физикалық әсер етудің және оның көздері шығарындыларының есебін жүргізудің материалдарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшелеріне және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық оңтайлылығын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға келісуге ұсынады.

      25. Келісуге берілген материалдар:
      атмосфералық ауа физикалық әсер ету және зиянды (ластаушы) заттар шығарындылар көздерінің қысқаша сипаттамасын қамтитын түсіндірме жазбасын, сондай-ақ оның негізінде табиғатты пайдаланушыға объектіні пайдалануға және жер учаскесін мақсатты пайдалану құқығы берілген құжаттары;
      атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларын және физикалық әсер етуді сипаттайтын саймандық есептер немесе нәтижелер;
      атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) және физикалық әсер ету заттары көздерін орналастыру карталары және сұлбалары;
      әдістемелік материалдардың, оның негізінде атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындылары және физикалық әсер етудің сипаттамалары алынған тізбесі болуы тиіс.

      26. Берілген материалдар осы атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің және зиянды заттар шығарындыларының есебін жүргізу бойынша ережеге сәйкестендірілмеген жағдайда бұзушылықтарды жойғанша есебін жүргізуді келісуден бас тартады.

      27. Есебін жүргізуді келісу мерзімі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық оңтайлылығын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшелеріне материалдардың түскен сәтінен бастап үш аптадан аспауы тиіс.

      28. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар тарату есебіне байланысты шаң газ тазартқыш құрылғыларымен жабдықтауға жатпайтын 4-қауіптілік санатындағы кәсіпорындар үшін қоршаған ортаны ластауға рұқсаттарда зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына лимиттер.

                                         Атмосфералық ауаға зиянды
                                             (ластаушы) заттар
                                        шығарылуының, атмосфералық
                                        ауаға зиянды физикалық әсер
                                         ету мен олардың көздерінің
                                        есебін жүргізу ережелеріне
                                                    қосымша

КЕЛІСІЛГЕН:                                       БЕКІТІЛГЕН:
қоршаған ортаны қорғау                          кәсіпорын басшысы
жөніндегі облыстық                        _______________(аты-жөні)
(республикалық маңызы                           (қолы)
бар қалалар, астана)
бас мемлекеттік инспекторы
________________ (аты-жөні)
    (қолы)
200___ ж. ________ "____"                 200___ ж. ________ "____"
         мөр орны                                   мөр орны

       Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды
           шығарылуының және олардың көздерінің
                 есебін жүргізу бланкісі

         1 тарау. Зиянды (ластаушы) заттарды бөлетін көздер 

Өн-
ді-
ріс
ата-
уы,
цех,
уча-
ске
және
т.б.
нө-
мірі

Ат-
мос-
фера-
ны
лас-
таушы көз-
дің нө-
мірі

Бө-
ліну кө-
зі-
нің нө-
мірі

Лас-
тау-
шы зат-
тар-
ды бөлі-
не-
тін көз-
дің атауы

Шыға-ры-
латын өнім-
нің
атауы

Бөліну көздің
жұмыс
уақы-
ты,
сағаты
тәу-
лікте
жылға
 

Лас-
таушы
заттың
атауы

Зиянды
заттың
коды
(әсер
етудің
бағдар-
лы қауі-
псіз
деңгейі
немесе
шекті
рұқсат
етілген
шоғыр-
лану)

Бөліну
көзінен
шығатын
лас-
таушы
заттың
мөлшері
жылға/
тонна

А

1

2

3

4

5   6

7

8

9










         А бағанда бөліну көздері және (немесе) атмосфералық ауаны ластау көздері қай өндіріске жататыны, цехтар, учаскелердің нақты атаулары (мысалы, дайындау, қалыптау және т.б.) көрсетіледі. Өндірісте бірнеше цехтар, учаскелер және т.б. (мысалы, агломерациялық, жылуқуаттық, вискоза өндірісі және басқалары) болуы мүмкін, сондай-ақ олардың реттік нөмірлері көрсетіледі.
      1 бағанда атмосфералық ауаны ластау көздерінің нөмірлері олардың орналасу сұлбасына сәйкес көрсетіледі, сұлба кәсіпорында жасалуы және сақталуы қажет. Көздердің нөмірлері жылдан жылға өзгермеу керек. Атмосфералық ауаны ластайтын жаңа көз пайда болса, оған бұрын пайдаланбаған нөмір беріледі. Көз жойылған жағдайда оның нөмірі бұдан әрі пайдаланбайды. Барлық ұйымдасқан атмосфералық ауаны ластайтын көздерге 0001-ден 5999-ға дейінгі шеңберде нөмірлер беріледі, ал барлық ұйымдаспаған көздерге - 6001-ден 9999-ға дейінгі шеңберде нөмірлер беріледі.
      2 бағанда кәсіпорында жасалатын бөліну көздерінің орналасу сұлбасына сәйкес нөмірлері көрсетіледі. Бөліну көзінің нөмірі екі бөлімнен құрылады. Бірінші бөлімде атмосфералық ауаны ластау көзінің төртразрядтық нөмірі көрсетіледі, ал екінші бөлімінде оның екіразрядты реттік саны.
      3 бағанда қондырғылар мен агрегаттардың атауы, типі, сондай-ақ зиянды (ластаушы) заттар (мысалы, булық қазанда, домналық пеште отынды жағу, сусымалылы материалдарды түсіру немесе жүк салу алаңдарда сусымалылы материалдардың бетінен түйірдерін үрлеу және т.б.) пайда болатын процестер көрсетіледі. Бөліну көздеріне құрал-жабдықтың тығызсыздығы және/немесе қымтаусыздығы, тоған-тұндырғыштардан, резервуарлардан булану болатын кездегі процестер жатады.
      Шығарылатын өнімнің атауы»атты 4 бағанда өнеркәсіптік өнімнің жалпы жіктеуішіне сәйкес шығарылатын өнімнің атауы мен типі келтіріледі.
      5 және 6 бағандарда құрал-жабдықтың тәулік және алдындағы есебін жүргізу жылындағы жұмысының орташа қосындылық сағат саны көрсетіледі.
      7 бағанда зиянды (ластаушы) заттардың атаулары жазылады.
      8 бағанда халықтың санитарлық-эпидемиялық қолайлылығын қамтамасыз ететін саласындағы өкілетті органмен бекітілген гигиеналық нормативтерге сәйкес зиянды (ластаушы) заттың коды көрсетіледі.
      9 бағанда бөліну көзінен шығарылатын зиянды (ластаушы) заттар шығарылуының жалпы саны (жылға/тонна) келтіріледі.

     2 тарау. Атмосфералық ауаны ластайтын көздердің мінездемесі.

Лас-
тау-
шы
көз-
дің нө-
мірі

Ластаушы
көздің
параметр-
лері

Ластаушы көзден шығар
кездегі газауалық
қоспаның параметрлері

Зиян-
ды зат-
тың
коды
(әсер ету-
дің
бағ-
дар-
лы
қау-
іпсіз дең-
гейі
не-
месе
шекті
рұқ-
сат
етіл-
ген
шо-
ғыр-
лану)

Зиянды
(ластаушы)
заттар
шығарылуының
саны

Биі-
кті-
гі,
м

Саға
қима-
сының диа-
мет-
рі,
өл-
шемі,
м

Жыл-
дамдығы,
м/с

Көлемдік
өтім,
м 3

Темпе-
ратура,
С

Ба-
рынша,
г/с

Қо-
сын-
дылық,
т/
жылға

1

2

3

4

5

6

7

8

9










         1 бағанда атмосфералық ауаны ластаушы көздің нөмірі көрсетіледі (1 бөлімнің 1 бағанын қара).
      2 және 3 бағандарда сәйкес көздің жер деңгейінен биіктілігі (метрлерде) және көз сағасы қимасының диаметрі немесе өлшемі туралы мәліметтер келтіріледі.
      4 бағанда жылдамдығы, 5 бағанда - көлемдік өтім, 6 бағанда - атмосфералық ауаны ластаушы ұйымдасқан көзінің сағадағы шығарылатын газауалық қоспасының температурасы көрсетіледі. Ұйымдаспаған көздер үшін 4, 5 және 6 бағандар көз типі бойынша толтырылады.
      7 бағанда халықтың санитарлық-эпидемиялық қолайлылығын қамтамасыз ететін саласындағы өкілетті органмен бекітілген гигиеналық нормативтерге сәйкес зиянды (ластаушы) заттың коды көрсетіледі.
      8 бағанда уақыт бірлігіне (г/с) зиянды (ластаушы) заттың барынша шығарылуы көрсетіледі.
      9 бағанда атмосфералық ауаға жыл бойынша (т/жылға) зиянды (ластаушы) зат шығарылуының қосындылық массасы көрсетіледі.

   3 тарау. Шаңгазтазартқыш құрал-жабдық жұмысының көрсеткіштері

Бөліну
көзінің
нөмірі

Шаңгаз-
тазартқыш
құрал-
жабдықтың
атауы мен
типі

Аппараттардың
пайдалы әрекет
коэффициенті
(ПӘК), %

Қамтамасыз ету
коэффициенті
К (1), %



жоба-
лық

нақтылы

норма-
тивтік

нақтылы

1

2

3

4

5

6

      1 бағанда бөліну көзінің нөмірі көрсетіледі (1 бөлімнің 2 бағанын қара).
      2 бағанда шаңгазтазартқыш құрал-жабдықтың құрамына енетін аппараттардың атауы мен типі тізбеленеді (бұдан әрі - ШГТ).
      3 және 4 бағандарда ШГТ құрал-жабдығының жобалық және нақтылы пайдалы әрекет коэффициенті (бұдан әрі - ПЭК) көрсетіледі. Жобалық ПӘК (тазалау дәрежесі) ШГТ паспортынан немесе каталогтарынан алынады.
      Нақтылы ПӘК мына формула бойынша анықталады:
                 C вых х V  вых
      ЛПД = (1- --------------)х 100%, мұнда
                 C вх х V  вх

      С вх және С вых - тазалауға дейінгі және тазалаудан кейінгі сәйкес өлшемдер қорытындылары бойынша анықталатын ластаушы заттардың шоғырлануы г/м 3 );
      V вх және V вых - ШГТ құрал-жабдықтың кіруіндегі және шығуындағы сәйкес газауалық қоспа көлемінің шығыны (м 3 /с).
      Ластаушы заттар шоғырлануының өлшемдерін аттестатталған лабораториялар орындайды.
      5 бағанда 17.2.3.02-78 мемлекеттік стандартқа сәйкес қамтамасыз ету коэффициенті (нормативтік) көрсетіледі.
      6 бағанда ШГТ құрал-жабдығы шығарындыларының көздерін қамтамасыз етудің мына формула бойынша анықталатын нақтылы коэффициенті пайыз ретінде көрсетіледі:
      К  (1) Тг  , мұнда
             Тт

      Тт - технологиялық құрал-жабдықтың бір жылғы жұмыс уақыты, сағат;
      Тг - газтазартқыш қондырғылардың бір жылғы жұмыс уақыты, (тазалау дәрежесінен тәуелсіз, сағат).

  4 тарау. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың қосындылық
      шығарындылары, оларды тазалау мен қайта пайдалану, т/жылға

Ластаушы
заттың
атауы

Бөліну
көзінен
шығары-
латын
ластаушы
заттардың
саны

Оның ішінде

Тазалауға түскендерден

Бар-
лығы ат-
мос-
фера-
лық ауа-
ға
шы-
ға-
рыл-
ған

таза-
лаусыз
шыға-
рылады

таза-
лауға
түседі

атмос-
фераға
шыға-
рылады

ұсталып
қауіпсіз-
дірілген

нақ-
тылы

оның
ішінде
қайта
пайда-
ланды

1

2

3

4

5

6

7

8

БАРЛЫҒЫ:








оның
ішінде:
















қаттылар








олардан:








олардың
ішінен
газтек-
тілер
және
сұйық-
тар:
























         4 бөлімде барлық заттар бойынша мәліметтер көрсетіледі, олардың негізінде 1 және 2 бөлімдерде зиянды (ластаушы) заттардың сандық көрсеткіштері келтірілген.
      1 бағанда зиянды (ластаушы) заттың атауы көрсетіледі.
      2 бағанда ШГТ-қа бағытталғанына немесе бағытталмағанына қарамастан газ иелігі жүйесінде жиналатын (ұйымдасқан шығарынды), сондай-ақ атмосфералық ауаға тікелей ШГТ-сыз түсетін (ұйымдаспаған шығарындылар) тұрақты бөліну көздерінен шығарылатын зиянды (ластаушы) заттардың саны көрсетіледі.
      Зиянды (ластаушы) заттардың осы санына технологиялық газдарда болатын және өнім өндіру үшін арнайы ұсталатын заттар енбейді.
      3 бағанда атмосфералық ауаға арнайы қондырғылар (құбырлар, желдету қондырғылары, аэрациялық шам және т.б.) арқылы тазалаусыз түсетін зиянды (ластаушы) заттардың саны көрсетіледі.
      4 бағанда ШГТ-қа түсетін зиянды (ластаушы) заттардың жалпы саны. Сонымен бірге 4 бағандағы мәліметтер 5 және 6 бағандардағы мәліметтердің сомасына тең болу керек.
      5 бағанда атмосфералық ауаға тазалау жүйесін өткеннен кейін түсетін зиянды (ластаушы) заттардың саны келтіріледі.
      6 бағанда ұсталған зиянды (ластаушы) заттардың нақтылы саны көрсетіледі.
      "Оның ішінде қайта пайдаланды"»деген 7 бағанға өндіріске қайтарылған немесе тауарлық өнімді алу үшін пайдаланған зиянды (ластаушы) заттардың саны қосылады.
      "Атмосфералық ауаға шығарылған" деген 8 бағанда атмосфералық ауаға түсетін зиянды (ластаушы) заттардың жалпы саны көрсетіледі. Осы бағанның мәліметтері 2 және 6 бағандардағы көрсеткіштердің айырмашылығына тең болу керек, сондай-ақ 3 және 5 бағандарындағы мәліметтердің сомасына тең болу керек.
      Кәсіпорындарда тазалайтын ШГТ-тар болмаған жағдайда, 4, 5, 6, 7 бағандарға 0 жазылады. Онда 2, 3 және 8 бағандардағы мәліметтер өзара тең болады.
      "Барлығы" деген жолда 2 бөлімнің 8 бағанындағы көрсетілген барлық жолдардың сомасы есептеледі.
      "Қатты" деген жолда 2 бөлімнің 8 бағанында көрсетілген қатты заттар бойынша барлық жолдардың сомасы және әрбір қатты зат бойынша жолдар сомасы бөлек есептеледі.
      "Газтекті" және "сұйық" деген жолда сұйық және газтекті ластаушы заттар бойынша 2 бөлімнің 8 бағанында көрсетілген барлық жолдардың сомасы жазылады, сондай-ақ әрбір ластаушы сұйық және газтекті зат бойынша бөлек жолдар сомасының есебі айырылысады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады