Жасалынып жатқан кемелер тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 62-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 21 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3842. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 (3-тармақты қараңыз) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу  ережесіне сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жасалынып жатқан кемелер тізілімін жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті Су көлігінде бақылау басқармасының бастығы (Р.Қ.Адамова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Қ.Б.Есжановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Комитет төрағасы

Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникация    
министрлігінің        
Көліктік бақылау       
комитеті төрағасының     
2005 жылғы 1 қыркүйектегі   
N 62-ө бұйрығымен       
бекітілген           

  Жасалынып жатқан кемелер тізілімін жүргізу ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жасалынып жатқан кемелер тізілімін жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу  ережесіне (бұдан әрі - Тіркеу ережесі) сәйкес әзірленді.

      2. Жасалынып жатқан кемелер тізілімін жүргізу ережесі.

      3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:
 

      кеменің меншік иесі - Тіркеу ережесіне сәйкес жасалынып жатқан кеменің меншік иесі ретінде тіркелген тұлға;
 

      жасалынып жатқан кеме ипотекасы - жасалынып жатқан кеме тізілімінде тіркелген шарт негізінде шыққан жасалынып жатқан кеменің мемлекеттік тіркеуіне жататын ипотека;
 

      кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті.

      4. Жасалынып жатқан кемелер тізілімін (1-қосымша) мемлекеттік және орыс тілінде қағаз және электронды тасымалдаушыларда порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі - ПТӘ) жүргізеді.

      5. Жасалынып жатқан кемелер тізіліміне шетел алушылары үшін жасалынып жатқан кеме тіркелмейді.

      6. Жасалынып жатқан кемелер тізілімін жүргізуге бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

  2. Жасалынып жатқан кемелер тізілімін
жүргізу тәртібі

      7. Кіріс құжаттарын есепке алу кітабы (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) (2-қосымша) және кеме істері жасалынып жатқан кемелер тізілімінің ажырамас бөлігі болып табылады.
 

      Кеме ісі әр жасалынып жатқан кемеге рәсімделеді және кеменің тіркеу нөмірімен сәйкестендіріледі. Жасалынып жатқан кемеге құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін келіп түсетін құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ кемеге (жасалынып жатқан кемеге) құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, Жасалынып жатқан кемелер тізілімінен берілген анықтама мен үзіндінің көшірмелері кеме ісіне енгізіледі.

      8. Есепке алу кітабында және Жасалынып жатқан кемелер тізілімінде әр кемеге бөлек парақ беріледі.

      9. Жасалынып жатқан кемелер тізілімі және Есепке алу кітабы жеке журналдарда жүргізіледі, беттері нөмірленген, тігілген болуы тиіс, соңғы бетінде нөмірленген, тігілген беттердің саны жазылады және ПТӘ басқаратын теңіз портының капитаны растайды.

      10. Жасалынып жатқан кемелер тізілімінің "Өзгерістер туралы белгілер" бағанында кеме туралы немесе барлық жазбаны жаңартуды талап етпейтін өзгерістер, сондай-ақ оған құқықтардың тоқтауы немесе ауысуы туралы қосымша ақпарат жазылады.
 

      Мұндай мәліметтерге мыналар жатады:
      1) жеке тұлғаның тегінің, атының, әкесінің атының, тұрғылықты жерінің өзгеруі, егер меншік иесі жеке тұлға болып табылса;
 

      2) заңды тұлғаның атауының, орналасқан жерінің немесе почталық мекен-жайының өзгеруі, егер меншік иесі заңды тұлға болып табылса.

                                         Жасалынып жатқан кемелер
                                        тізілімін жүргізу ережесіне
                                                 1-қосымша

                Жасалынып жатқан кемелер тізілімі

Р/н
N

Жаса-
лынып
жатқан
кеме-
лерді
тізі-
лімге
енгізу
күні

Мен-
шік
ие-
сінің
атауы
және
оның 
мекен-
жайы

Кеме
жасайтын
ұйымның
атауы
және
оның
мекен-
жайы

Жо-
ба-
ның
нө-
мірі

Кеме-
нің
түрі
және
мақ-
саты

Кильдің
ұзынды-
ғы және
кеменің
негізгі
техни-
калық
сипат-
тамасы

Кор-
пус-
тың
басты
мате-
риалы

Маши-
наның
саны
және
қуат-
ты-
лығы

Ес-
ке-
рту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











   (кестенің жалғасы)

Өз-
ге-
ріс-
тер
ту-
ралы
бел-
гі-
лер

Жасалынып жатқан кеменің
ипотекасы туралы мәліметтер

Жасалынып
жатқан кеме
ипотекасының
мемлекеттік
тіркеуді тоқ-
татқаны туралы
мәліметтер


Кеме
ипоте-
касын
немесе
жаса-
лынып
жатқан
кемені
мемле-
кеттік
тіркеу
туралы
куә-
ліктің
N және
беріл-
ген
күні

Жаса-
лынып
жат-
қан
ке-
меге
кепіл
беру-
шінің
аты
және
ме-
кен-
жайы

Жасалынып
жатқан
кемеге
кепіл
ұстау-
шының
аты және
мекен-
жайы
немесе
оның
ұсынушыға
белгі-
ленгені
туралы
мәлі-
меттер

Жаса-
лынып
жатқан
кемені
ипоте-
ка мен
қамта-
масыз
етіл-
ген
мін-
деттің
ең жо-
ғарғы
мөл-
шері

Жаса-
лынып
жатқан
кеме
ипоте-
каның
аяқ-
талу
күні

Жаса-
лынып
жатқан
кеме
ипоте-
касының
мерзі-
мінен
бұрын
аяқталу
күні

Жаса-
лынып
жатқан
кеме
ипоте-
касын
мемле-
кеттік
тіркеуді
тоқ-
татуға
негіз
болған
құжат-
тардың
атауы
мен
деректе-
мелері

11

12

13

14

15

16

17

18









                                            Жасалынып жатқан кемелер
                                        тізілімін жүргізу ережесіне
                                                 2-қосымша

                Кіріс құжаттарын есепке алу кітабы

Р/н
N

Құжат-
тардың
келіп
түскен
күні

Келіп
түскен
құжат-
тардың
атауы

Жаса-
лынып
жатқан
кеме
меншік
иесінің
атауы
(мекен-
жайы,
теле-
фоны,
факсы) 

Жасау
орны

Кеме
жасай-
тын
ұжым-
ның
атауы
және
оның
мекен-
жайы 

Жо-
ба-
ның
нө-
мірі

Мемле-
кеттік
жаз-
бадан
бас
тарт-
қаны
туралы
жазба

Кемеге
(жасалынып
жатқан ке-
меге) құ-
қықты мем-
лекеттік
тіркеу ту-
ралы куәлік
және жаса-
лынып жат-
қан кеме
тізілімінен
анықтама
және үзінді
(Кімге
және қашан
берілді)

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады