Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 34
қаулысымен
.
______________________________
Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 445 қаулысына ("Егемен Қазақстан" газетінде 2004 жылғы 20 қаңтарда және "Казахстанская правда" газетінде 2004 жылғы 22 қаңтарда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 26 (274) баспасөз басылымдарында 2003 жылғы 15-31 желтоқсанда жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2644 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесінде:
5-тармақта "Банктер туралы Заңның 30-бабы 2-тармағының п)" деген сөздер "сондай-ақ Банктер туралы Заңның 30-бабы 2-тармағының п) тармақшаларында (қызметтің ерекше түрі шетел валютасымен айырбастау операциясын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар үшін)" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақ мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
"Банктер туралы Заңның 30-бабы 2-тармағының п) тармақшасында көзделген операцияларды жүргізуге берілетін лицензияны алу үшін Ұлттық Банктің оң қорытындысы талап етіледі.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығына" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.