Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 14 маусымдағы N 224 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 356 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 3 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3918. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 182 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 182 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Сақтандыру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 14 маусымдағы N 224  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1592 тіркелген, 2001 жылғы 30 шілдеде - 12 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 16 ресми баспасөз басылымдарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау жөніндегі нұсқаулықта:
      8-тармақта "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 30 маусымдағы N 562 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы бірлестіктерінде (кәсіпорындарында), мекемелерінде және ұйымдарында құжаттау мен құжаттамаларды басқарудың негізгі ережелерінің" (бұдан әрі - Негізгі ережелер)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті Төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 33  бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың Тұрпатты ережелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау жөніндегі нұсқаулыққа қосымшада:

      60-жолдың 2-бағаны мынадай мазмұндағы г) тармақшасымен толықтырылсын:
"     г) ай сайынғы                      5 жыл     5 жыл
                                                              ";

      65, 71, 74, 83-жолдардың 5-бағанындағы бірінші сөйлем алынып тасталсын;

      85-жолдың 5-бағанындағы "Ревизия аяқталу талабымен," деген сөздер алынып тасталсын;

      98-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"98.   Жеке істер (өтініштер, сауалнамалар,   75        75
       өмірбаяндар, жұмысқа қабылдау, орнын   жыл -     жыл -
       ауыстыру, іссапарға жіберу, жұмыстан   "В"       "В"
       шығару, алғыс білдіру туралы           СТК
       бұйрықтардың көшірмелері және үзінді
       жазбалар, жеке құжаттарының
       көшірмелері, пікірлер, мінездемелер,
       қызметкерлерді есепке алу жөніндегі
       парақтар, жеке еңбек шарттары,
       келісім-шарттар, қызметкерлердің
       келісімдері, аттестациялау парақтары,
       аттестацияны өткізу және біліктілікті
       белгілеу туралы сауалнамалар)                          ";

      99, 102, 122-жолдар алынып тасталсын;

      129-жолдың 5-бағанындағы "Ревизия аяқталу талабымен," деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 129-1-жолмен толықтырылсын:
"129-1. Солармен (солар арқылы) қайта          5 жыл     -
       сақтандыру шарттары жасалған қайта
       сақтандыру ұйымдарының және Қазақстан
       Республикасының резиденттері емес -
       сақтандыру брокерлерінің тиісті
       рейтингісінің болуын растайтын
       құжаттар                                               ";

      133-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"133.   Пруденциалдық нормативтерді есептеуге  5 жыл     5 жыл
       арналған қосымша мәліметтер,           5 жыл     5 жыл
       пруденциалдық нормативтердің есебі                     ";

      138, 139-жолдардың 3, 4-бағандарындағы "75 жыл - "В" деген сөздер "5 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      141-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"141.   Сақтандыру төлемі жөніндегі            5 жыл     5 жыл
       мәліметтер (сақтандыру жағдайының
       басталуын растайтын құжаттар,
       келтірілген зиян мөлшері және
       сақтандыру төлемін алу құқығы,
       сақтандыру төлемінен бас тарту)                        ".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржылық ұйымдарды қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

       Төраға

      Келісілді
      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет, ақпарат және
      спорт министрлігі
      Ақпарат және мұрағаттар
      комитеті
      Төраға
      12 қыркүйек 2005 ж.
      _________________________
      (лауазымы, аты-жөні, қолы,
      күні, елтаңбалы мөрі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады