Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылғы 30 мамырдағы N 173 бұйрығымен.
Үзінді:
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2005 жылғы 18 қазандағы N 274, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2006 жылғы 3 тамыздағы N 188 және 2006 жылғы 29 қыркүйектегі N 245 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабы 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Полиграфиялық ұйымдар үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2005 жылғы 18 қазандағы N 274 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3921, "Заң газетінде" 2005 жылғы 9 желтоқсанда жарияланған, N 166-167 (791));
2) ...;
3) ....
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Құл-Мұхаммед
________________________________________________
"Мемлекеттік органдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту ережесі және Мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі салалық нормативтерді әзірлеу мен бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1182
қаулысын
іске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Полиграфиялық ұйымдарға арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер бекітілсін.
2. Ақпарат және мұрағат комитеті (Қ.Қ.Жанаханов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.Д.Досжанға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
____________________
2005 жылғы 11 қазан
Қазақстан Республикасы
Мәдениет, ақпарат және
спорт Министрінің
2005 жылғы 18 қазандағы
N 274 бұйрығымен
бекітілген
Полиграфиялық ұйымдар үшін еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер
1. Жалпы ережелер
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі осы ережелер (бұдан әрі - Ережелер) полиграфиялық ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың негізгі ережелерін белгілейді.
2. Осы ережелердің талаптары полиграфиялық ұйымдардың әкімшілік, инженерлік-техникалық персоналына және жұмысшыларының орындауына міндетті болып табылады.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
қызметті ұйымдастыру
3. Ұйым әкімшілігі (бұдан әрі - Әкімшілік) ұйым қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және нығайту, санитарлық-техникалық және қауіпсіз еңбек жағдайы жөніндегі тиісті жағдайларды қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның функцияларына мыналар:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды өткізу;
2) ұйым қызметкерлерінің дұрыс еңбек және демалыс режимін ұйымдастыру;
3) қауіптілігі жоғары учаскелер мен объектілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жауапты тұлғаларды тағайындау;
4) ұйым қызметкерлерін арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;
5) жазатайым оқиғаларды есепке алу және тергеу материалдарының негізінде жазатайым оқиғаларды тудыратын себептердің алдын-алу бойынша шараларды уақытында қабылдау;
6) кәсіптік және жаппай науқастанушылықтың алдын алу жөнінде санитарлық-сауықтыру шараларының уақытында орындалуын қамтамасыз ету;
7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың нұсқамаларын уақытында орындау кіреді.
4. Қызметкерлер саны 50-ден артық ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды ұйымдастыру мен сақтау үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызмет құрылады. Оның функцияларына мыналар:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кіріспе нұсқаулықты жұмыс орнында тұрақты және уақытша қызметкерлермен, сондай-ақ жұмысты қоса атқарушы қызметкерлермен, іссапарға жіберілгендермен, өндірістік оқуға немесе іс-тәжірибеден өтуге келген оқушылармен және студенттермен жүргізу;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша олардың практикада сақталуын бақылауды ұйымдастырудың стандарттарын енгізу мәселелері бойынша оқыту семинарларын өткізу;
3) оларды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, құрылыс және санитарлық нормалар жөніндегі талаптарға сәйкес келтіру мақсатында өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйіне белгіленген тәртіппен бақылауды ұйымдастыру;
4) өндірістік құрал-жабдықтар мен қызметкерлердің еңбек жағдайларының жай-күйіне тұрақты және тиісті түрде бақылауды жүзеге асыру кіреді.
3. Еңбек қауіпсіздігінің жалпы ережелері
5. Осы ережелер ұйымдарда қолданылатын барлық технологиялық процестерге тиісті.
6. Цехтарда жұмыс істеу техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтан өткен қызметкерлерге және Әкімшілік немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызмет жабдықтарында дербес жұмыс істеуге жіберілгендерге ғана рұқсат етіледі.
7. Қызметкерлерге жол берілмейді:
1) жұмыс орнын бөгде заттармен ыбырсытуға;
2) цехта темекі шегуге және ашық отты қолдануға;
3) өзінің тиесілігіне сәйкес келмейтін құралды немесе жарамсыз құралды пайдалануға;
4) іске қосылып тұрған жабдықты қалдырып кетуге;
5) машинаның табалдырығында және оның маңайына жуу-жағар заттарын және бояуларды төгуге;
6) егер оған қажет болған кезде бірінші көмек көрсету мүмкін болмайтын үй-жайда жалғыз жұмыс істеуге;
7) цехта сырт киімдерді сақтауға, тамақ ішуге;
8) дабыл шамы жанып тұрған кезде жабдықты қосуға;
9) алынып тасталған немесе әлсіз бекітілген қоршаулар кезінде жабдықта жұмыс істеуге;
10) қауіпті аймақтарды қоршамастан сақтық құралдары жарамсыз жабдықта жұмыс істеуге;
11) жарық түсіргіш арматурасыз және сол жұмыс орны үшін жарықтандырудың нормаларына сәйкес келмейтін жарықтандыру кезінде жұмыс істеуге жол берілмейді.
4. Жұмыс басталардың алдындағы еңбек
қауіпсіздігінің талаптары
8. Қызметкер жұмыс басталардың алдында:
1) киімді барлық түймелерін салып киеді, оның ашық төс қалталарында ешқандай да құралдар мен саймандар болмауы қажет;
2) журналдан оның жай-күйі туралы жазбаны қарап алдыңғы ауысымнан жабдықты қабылдайды;
3) жағатын, сөндіретін, тежегіш құрылғыларға аса назар сала отырып жабдықтың жарамдылығын тексере отырып барлық үйкелген бөліктерді майлайды;
4) сақтаушы және блоктау құрылғыларын, қоршауларды бекітудің жарамдылығы мен беріктігін, бар болуын, жұмыс орнындағы тазалық пен тәртіпті тексереді;
5) жалпы енгізу өшіргішін сөндіреді және дабыл шамын жағады;
6) қызмет көрсетуші немесе жөндеу персоналдарының біреу-міреуі жабдықтың астында немесе қауіпті аймақта бар-жоғын тексереді және ескерту дабылын береді;
7) машина жарамсыз болған жағдайда цех басшылығына баяндайды және жарамсызды жөндемейінше жұмысқа кіріспейді.
5. Жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігінің
талаптары
9. Жабдық іске қосылып тұрған кезде:
1) дұрыс салынбаған қағаз парағын, кітап блогын немесе басқа жартылай фабрикатты түзетуге;
2) тесмаларды түзетуге және кигізуге;
3) болттарды тартуға;
4) жабдықты тазалауға, майлауға және ондағы кез-келген олқылықтарды жоюға;
5) жабдықты қараусыз қалдыруға, қоршауды алуға, оларға сүйенуге және мініп тұруға, сондай-ақ машинаның қозғалыстағы бөліктеріне жақындауға жол берілмейді.
6. Жұмыс аяқталардағы еңбек қауіпсіздігінің
талаптары
10. Қызметкер жұмыс аяқталарда:
1) машинаны тоқтатады, басқару пультін ажыратады;
2) жұмыс орнын тәртіпке келтіреді және жабдықтың жай-күйі туралы журналға жазып машинаны орын ауыстырушы адамға тапсырады;
3) жалпы енгізу өшіргішін сөндіреді;
4) арнайы киімді, арнайы аяқ-киімді және жеке қорғаныс құралдарын шешіп жеке шкафқа қояды.
7. Апаттық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігінің
талаптары
12. Апаттық ахуалдар мен жазатайым жағдайлар кезінде "тоқта" түймешесін басу немесе жалпы енгізу өшіргішін сөндіру арқылы машинаны дереу тоқтату керек.
13. Жабдықты электр желісінен ағыту мынадай жағдайларда дереу жүзеге асырылады:
1) қозғалтқыштан немесе оның қозғалыс реттеуші аппаратурасынан күйік, түтін немесе от иісі шыққан кезде;
2) моторлар мен жабдықтар ұшқындаған кезде;
3) қатты діріл кезінде;
4) электрэнергия беру тоқтаған кезде.
8. Өндірістік (технологиялық) процестерге қойылатын
еңбек қауіпсіздігінің талаптары
14. Пайдалануға берілген жабдықты есепке алғанда барлық өндірістік процестерге арналған еңбек қауіпсіздігінің талаптары тікелей түрде ұйымда әзірленеді және әкімшілікпен бекітіледі.
9. Өндірістік үй-жайлардың еңбек қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар
15. Бір жұмыс істейтін адамға арналған өндірістік үй-жайдың көлемі - 15 шаршы метрден кем болмауы, ал үй-жайдың ауданы - 4,5 квадрат метрден кем болмауы тиіс.
16. Әкімшілік ғимараттар мен үй-жайларды жарамды техникалық жай-күйде ұстауы, олардың өрт қауіпсіздігін, қалыпты санитарлық-гигиеналық жағдайларды және ұйым қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
17. Ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларындағы зақымдануларды, тозуды, ескіруді, бұзылуларды уақытында анықтау мақсатында мынадай байқау түрлері жүргізіледі:
1) жоспарлы - жылына екі рет, көктемде және күзде жергілікті климат жағдайларына байланысты белгіленетін уақытта жүргізіледі;
көктемгі байқау - ғимараттар мен аулалар қар жамылғыларынан тазарып, байқауға мүмкіншілік туатын қар ерігеннен кейін жүргізіледі, бұл ретте үстіміздегі жылдың жазында ғимаратқа жүргізілетін ағымдағы жөндеу жұмыстарының, сондай-ақ жұмыстардың құнын анықтау және қаралатын ғимаратты келесі жылға арналған жөндеу жұмыстарының жоспарына енгізу мақсатындағы жұмыстардың көлемі анықталады;
күзгі байқау - жылыту маусымы түсер алдында және қар жамылғысы пайда болмай тұрып, жазғы кезеңде жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, ғимараттың қысқы кезеңде пайдалануға дайындығын тексеру мақсатында жүргізіледі;
2) кезектен тыс (жоспардан тыс), ғимараттар мен құрылыстардың бүлінуіне әкелетін табиғат апаттарынан (жер сілкінуі, қалың нөсерлер, дауыл және күшті жел, қар көшкіні мен су тасқыны) және өндірістік апаттардан кейін жүргізіледі.
18. Байқау кезінде ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларында қызметкерлер үшін қауіпті еңбек жағдайын туғызатын деформациялар және өзге де ақаулар табылған жағдайда әкімшілік олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және деформацияның одан әрі өріс алуының алдын алу бойынша шұғыл шаралар қабылдайды.
19. Әкімшілік байқау актілерін жетекшілікке ала отырып, жүйелі түрде ағымдағы, жаппай немесе таңдаулы күрделі жөндеулерді жүргізеді.
20. Қысқы уақытта ғимараттардың шатырлары жүйелі түрде қардан, карниздер пайда болған мұздардан тазаланады. Жылына екі рет (көктемде және күзде) шатырдың су жинаушы жабындары, науашалар, суағарлар жапырақтардан, бұтақтардан, қоқыс пен шаңнан тазаланады.
21. Ғимараттар мен үй-жайларды жөндеу, шатырларды, фонарьларды тазалау және жөндеу, терезелер мен жарықтандыру арматураларын шынылау үшін аталған жұмыстарды жоғарыда ыңғайлы әрі қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ететін арнайы тетіктер, қондырғылар және құралдар көзделеді.
22. Үй-жайларды түбегейлі жинау кем дегенде айына бір рет, ал қабырға панельдерін, бағандарды және төбені әктеу мен сырлау кем дегенде жылына бір рет жүргізіледі.
23. Зиянды және агресссиялық заттарды (қорғасын, бензол, қышқылдар, сілтілер және басқа) бөлетін өндірістер орналасқан үй-жайлар конструкцияларының қабырғалары, төбелері мен маңдайшалары үшін бұл заттардың сіңуін болдырмайтын және үй-жайларды жеңіл жинау мен жууға болатын өңдеулер көзделеді.
24. Бір ғимаратта немесе құрылыста санитарлық-гигиеналық жағдайлары әр түрлі өндірісті немесе өндіріс учаскелерін біріктірген жағдайда зиянды факторлардың жұмыс істеушілерге әсерін алдын алу шаралары көзделеді.
25. Бір үй-жайда түрлі зиянды өндірістік факторлары бар технологиялық процестерді біріктіру ұсынылмайды. Бұл, егер де олар шұғылданбаған өндірістік процестерде жұмыс істеушілерге зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын техникалық, технологиялық, ұйымдастыру шаралары мен көлемді-жоспарлау шешімдері көзделген болса рұқсат етіледі.
26. Өндірістік үй-жайлар, дәліздер, баспалдақ торлары таза әрі жинақы болуы керек. Үй-жайларды жинау кестеге сәйкес, алайда кем дегенде күніне бір рет жүргізілуі керек.
27. Біршама шаң бөлетін өндірістік үй-жайларда (басу, брошюра-түптеу, қағаз дайындау цехтары) шаңсорғыш құрылғылардың көмегімен күнде ылғалды жинау жүргізіледі.
29. Өндірістік ғимараттарға кіре берісте темір торлар және аяқ киім тазалауға арналған басқа да қондырғылар орнатылады.
30. Өндірістік үй-жайлардың сыртқы кіре берістері (1, 2, 3-климаттық аймақтарда орналасқан ұйымдар үшін) тамбурлармен және ауа шымылдықтарымен жабдықталады.
31. Шикізатты, жартылай фабрикаттарды және дайын өнімді тасымалдауға арналған терезелер, люктер және ойықтар өтпе желдерді болдырмайтын құралдармен жабдықталуы тиіс.
32. Кіре беріс есікке апаратын баспалдақ белдеулері, алаңшалары және баспалдақтар құламалары 0,75 метрден жоғары болса, биіктігі кем дегенде 1,0 метр нығыз қоршауы, ал құламалары 5 метрден артық болса, 1,2 метр қоршауы болуы қажет.
34. Едендерде жырықтар, шұңқырлар, ашық тесіктер, шығып тұрған жерсіндірудің шиналары, құбырлар, шегелерсіз тиісті жағдайда болуы тиіс. Ағаш едендер тегіс, саңылаусыз болуы, майлы сырмен бірнеше рет сырлануы қажет.
35. Еден қондырғылары үшін көзделген материалдар осы өндірістің гигиеналық және пайдалану талаптарына сәйкес келуі тиіс.
38. Цехішілік көлік, жарақатқауіпті аймақтар, цехішілік коммуникациялар ашық түспен сырланады. Жүретін бөлік пен жұмыс аймақтары еденде арнайы сырмен ерекшеленеді. Жүк пен адамдар ағынының қиылысатын жерлері арнайы бояумен ("Зебра") белгіленеді.
10. Өндірістік алаңдардағы (өндірістік үй-жайлардан
тыс орындалатын процестер үшін) еңбек қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар
40. Полиграфиялық ұйымның аумағында негізгі және қосалқы ғимараттарға, автотұрақ алаңшаларына, өртке қарсы құралдар мен қондырғыларға, автомобильдерге, теміржол вагондарына жүкті арту мен түсіру орындарына баратын өту жолдары көзделуі тиіс.
41. Ұйым аумағы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері комитеті төрағасының 2003 жылғы 15 шілдедегі бұйрығымен бекітілген ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарына сәйкес қол жеткізуге қолайлы жерлерде орналастырылған өртке қарсы құралдармен қажетті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс.
43. Жолаушылар жолдары, өткелдер және жүк түсіру алаңшалары асфальтталған және жүріп-тұруға ыңғайлы болуы қажет. Қысқы уақытта өткелдер, жүк арту және жүк түсіру орындары қардан, мұздан тазаланып, құм төселіп тұрады.
44. Атмосфералық суларға арналған суағарлардың (жыралар) жүйелі түрде тазаланып және жөнделіп тұратын нығыз жабулары болады.
45. Жер және өзге де жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде шұңқырлар, траншеялар және ашық люктер қоршалып, тиісті сақтық белгілерімен белгіленуі тиіс.
46. Ұйым аумағындағы өндірістік шикізат, құрал-жабдық және қалдықтар тек өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін арнайы бөлінген орындарда ғана сақталуы тиіс.
47. Өндіріс қалдықтары мен қоқысты (қағаз қиықтары, картон, шпагат және тағы басқалары) жинау және тасымалдау үшін қоқыс жинағыштар болуы қажет. Қалдықтар мен қоқыстар ұйым аумағынан күнде шығарылуы тиіс. Қоқыс жинағыштар (жәшіктер) жанбайтын материалдардан жасалады, тығыз жабылатын қақпағы болады, олар ауысымда кем дегенде бір рет тазаланады.
48. Темекі шегу үшін оқшауланған жерлердің аумақтарына "Темекі шегетін орын" деген міндетті түрдегі жазбасы бар урналар, суы және құмы бар ыдыстар қойылады.
49. Ұйым аумағында атмосфераға зиянды заттарды бөлетін зиянды заттар, зиянды заттардың жинақталуына әкелетін тығыз топ және жолақ түріндегі ағаш-талдар отырғызуға жатпайды.
50. Ұйым аумағында атмосфераға зиянды шығарынды бөлетін өндірістік ғимараттардың жел жағынан орналастырылатын абаттандырылған демалуға арналған алаңшалар көзделеді.
11. Шығыс материалдары, дайындамалар және жартылай
фабрикаттарға қойылатын еңбек қауіпсіздігінің
талаптары
51. Полиграфиялық өндірісте пайдаланылатын барлық материалдар мемлекеттік стандарттар мен техникалық жағдайлармен белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
52. Полиграфиялық өндіріске арналған негізгі шығыс материалдары белгіленген тәртіппен бекітілген нормативті техникалық құжаттамаға сәйкес келетін орамда келіп түседі.
53. Қышқылдармен, күшәнмен, және басқа да күйдіргіш және улы заттармен жасалатын барлық жұмыстарды жеке қорғаныс құралдарын (резина қолғаптарды, резина қосылған алжапқышты, және жабық қорғау көзілдірікті) қолдана отырып орындау қажет.
12. Өндірістік жабдыққа қойылатын талаптар
55. Блок өңдеуші агрегаттар мен қағаз блоктарын тігіссіз бекіту машиналарында қағаз қиындыларын алып тастайтын пневмокөлік құрылғылары болады.
56. Бекіту, блок өңдеуші және басқа да станоктардағы желімдеуші аппараттарда желімдеуші сілтілерді жылыту үшін электржылытқыш және термореттеуіші бар жабдық көзделеді.
57. Зиянды заттар бөлетін немесе көп мөлшердегі өткір және жағымсыз иісті бу бөлетін желімдерді пайдаланған кезде желімдеу аппараттары жергілікті сорғыштармен жабдықталады.
58. Кітаптарды тығыздайтын кареткалары бар аспалы көліктердің астынғы жағында және қапталында берік сым немесе тор қоршаулары болады.
13. Өндірістік жабдықтарды орналастырудың талаптары
және жұмыс орындарын ұйымдастыру
$ 1. Жиынтық және қалыптау цехтары (учаскелер)
60. Терезе ойықтарына тікелей табиғи жарықтан қорғау үшін күннен қорғайтын жалюза орнатылады.
61. Фотоформ монтажы участкелеріндегі маңдайшадағы жарықтың қапталдағы көздерімен тікелей шағылысқан жалпы жасанды жарықтандыру шашыраңқы болуы тиіс.
62. Компьютер мониторының экраны оператор көзінен қалыпты көлбеу сызықта жазық орналасады. Клавиатура мен мышка үшін әрбір оператордың дербес ерекшелігінен шыға отырып, оларды ыңғайлы орынға орналастыру мүмкіндігі қарастырылады. Экран биіктігі: жоғарғы шеті көз деңгейінен 5 градуске төмен орналасады.
63. Оператордың қалыпты жұмыс қалыбы үшін орындықтың биіктігі мен клавиатураның көлбеу бұрышын дұрыс орналастыру қажет. Клавиатураның көлбеу бұрышы көлденең үстіңгі бөлікке қарағанда 5-15 градус болуы тиіс. Оператор көзінен экранға дейінгі оңтайлы арақашықтық аймағы 45-55 сантиметр құрайды.
64. Ағымдағы жұмысқа арналған фотопленкаларды, сондай-ақ дайын фотоформаларды (негативтерді, диапозитивтерді және олардың монтаждарын) сақтау үшін нығыз жабылатын металл жәшіктер, сейфтер немесе шкаф-стеллаждар қарастырылады. Күн сайын ауысым аяқталғаннан кейін фотопленкалардың қалдықтары жұмыс үй-жайлардан шығарылып тасталады.
65. Монтаж жасайтын үстелдер олардың барлық жағынан еркін жүріп-тұратындай 1 метр кем емес кеңдікте орнатылады.
66. Мырыш, магний, алюминий және басқа пластиндардың майларын және кірлерін кетіру үшін арнайы (металл) щеткалар қолданылады.
67. Басу цехтарының технологиялық жабдықтары жарық немесе дыбыс дабылдарымен және "тоқта-ілмектер" жүйесімен жабдықталады. Барлық жарақатқауіпті аймақтардың (басу және қалыптық цилиндрі, қабылдау үстелі, сырлау аппараты, фальцаппарат, парақ транспортері және басқа) сенімді қорғаныстары мен қоршаулары бар.
68. Басу цехтарындағы жабдықтар негізгі жұмыс аймағын /қабылдау/ тиімді табиғи жарықтандырумен қамтамасыз ететіндей қылып орнатылады.
70. Машиналардың мінбелерінен немесе галерейлерінен конструктивті элементтерге дейінгі арқалықтардың арақашықтығы 2 метр, ал машиналардың аса жоғары асып тұрған конструкцияларынан - 1 метр кем болмауы тиіс.
71. Машиналардан шешіп алынған біліктер ұяшықтары бар арнайы стеллаждарда (орындарда, пирамидаларда) сақталады. Біліктер арнайы арбаларда тасымалданады. Біліктерді жууды арнайы үй-жайларда немесе жергілікті желдеткіш сорғыштармен жабдықталған тетіктелген құрылғыларда жүзеге асырады.
72. Басу цехтарында (учаскелерде) баспа өнімінің сапасын, қағаздың және басылған өнімнің сақталуын бақылайтын учаскелер (орындар) көзделеді.
74. Басу цехында пневможүйесі бар жартылай автоматтарды орнатқан жағдайда компрессорлар (қысылған ауамен орталықтандырылған қамту болмаған кезде) тұйықталған үй-жайларда орналастырылады.
$ 3. Брошюра-түптеу цехтары (учаскелер)
75. Лакталған жабдықтар және пленканы тығыздауға арналған жабдықтар тұйықталған үй-жайларда орналастырылады, олар дабыл және өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталуы тиіс. Үй-жайды жарықтандыру үшін жарылғыдан қорғау арматурасында орнатылған қыздыру шамдарын қолдану қажет. Сөндіргіштер, штепсельді розеткалар және сақтандырғыштар бұл үй-жайдан тыста орналастырылады.
77. Бірпышақты кескіш машиналарды зауытішілік көлік пен жұмысшылардың негізгі көпшілігінің қозғалысымен байланысты жерлерден тыс орналастыру қажет.
78. Жұмыс уақыты кезінде жұмысшы қолының қауіпті аймаққа байқаусызда түсу мүмкіндігін болдырмау үшін шыны кескіш машинаның қозғалтқышын екі қолмен қосу қажет.
79. Салу-тігу-кесу агрегаттардың кескіш секцияларының машина жетегімен блокталған қоршаулары болуы керек.
80. Қақтығыстыру үшін бекіту-қысу престерін және үстелдерді ғимараттың конструктивті элементтеріне (қабырғалар, колонн, арқалықтар) тікелей жақындықта, алайда машиналардан 0,4 метр кем емес орнатуға жол беріледі.
81. Бекітілген өнімдері бар стеллаждарды қақтығыстыру үшін станоктардан, сондай-ақ кесу және фальцевальды машиналардан 0,5 метр кем емес арақашықтықта орнату керек.
82. Алтындалған жартылай автоматтар мен автоматтарды ығыстыру аймағының қоршауы болуы тиіс. Бұл қоршау жұмысшының қолы престеліп жатқан плиталар арасына түсу мүмкіндігін болдырмайтын қозғалтқыш және сөндіргіш құрылғылармен блокталуы тиіс.
83. Қолмен бұрғылауға тек кей жағдайларда ғана арнайы тарту шкафтарында жұмыс көлемі өте аз болған кезде ғана жол беріледі.
84. Қашыртқы сызықтарға технологиялық жабдықтарды орналастырған кезде барлық машиналарға ыңғайлы жақындау мен оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету қажет.
85. Тігіссіз бекіту машинасының көтеру аппаратының қайта-түсу аймағының биіктігі еденнен 0,6 метр кем емес барьерлермен қоршалуы тиіс.
86. Фальцевальды дәптерлер үшін үстел-бұрыштар салу-тігін машинасының іріктеу транспортерынан 0,3 метр кем емес қашықтықта орнатылуы тиіс.
87. Желімдерді дайындау учаскесі үшін жекелеген үй-жайлар бөлінеді, оның алаңы жабдықтардың санына сәйкес есептеледі, бірақ 10 шаршы метр кем болмауы тиіс.
90. Желім қайнататын қазандықтар жанындағы еденде тор ағаш төсемдер немесе үстіңгі жағы қырлы резеңке кілемшелер болуы тиіс.
91. Кәсіпорынның мамандандырылуына және күш-қуатына қарай жекелеген үй-жайларда:
1) химиялық-талдау зертханасы;
2) материалдарды бақылау зертханасы;
3) препараттар бөлмесі;
4) салмақтық және аспаптық;
5) электроника зертханасы;
6) химикаттар қоймасы орналасады.
92. Зертханалардың үй-жайларының алаңы жабдықтың болуы мен көлемін ескере отырып, бірақ бір жұмысшыға 9 шаршы метрден кем болмайтындай белгіленеді.
93. Зертханаларда жұмыс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 24 наурыздағы "Зертханалар бойынша санитарлық-эпидемиалық ережелерді бекіту туралы" N 136 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 3610 тіркелген) "Химиялық, токсикологиялық радиологиялық зерттеулер жүргізілетін зертханаларды күту және оларда жұмыс жағдайларын жасауға қойылатын санитарлық-эпидемиялық ережелер мен нормаларға " сәйкес ұйымдастырылуы тиіс.
94. Үстелдердің, стеллаждардың, тарту шкафтарының қышқылдармен, күшәнмен және басқа химиялық белсенді заттармен жұмыс істеуге арналған жұмысқа қолданатын үстіңгі жақтарын олардың әсеріне төзімді материалдардан істеген жөн. Үстелдердің тігістеріне шпаклевка жағылған борттары болуы керек.
95. Улы, жанатын немесе жарылғыш қауіпті булар мен газдарды бөлуі мүмкін зертханалардағы барлық жұмыс тек жоғарғы және төменгі сорғыштармен, сондай-ақ сұйықтың еденге тамуының алдын-алатын бортпен жабдықталған тарту шкафтарында ғана жүзеге асырылады. Тарту шкафтары жарамды жай-күйде ұсталғаны жөн. Әйнектері сынған немесе желдеткіші жарамсыз тарту шкафтарын пайдалануға жол берілмейді.
96. Тарту шкафтарының жармаларын (есіктері) жұмыс уақытында жабық ұстау керек (тарту үшін төменнен шамалы саңылау түсірілген), аспаптар мен құрылғыларға қызмет көрсеткенде ғана оларды ашуға рұқсат етіледі. Сәл көтерілген жармаларды олардың кенеттен құлау мүмкіндігін болдырмайтын құралдармен бекіту қажет.
97. Егер, онда орындайтын операцияға жатпайтын материалдар мен жабдықтар болса, тарту шкафында жұмыс жүргізуге жол берілмейді.
98. Әкімшіліктің рұқсатынсыз тарту шкафтарды орнатуға және қайта орнатуға жол берілмейді. Тарту шкафы тікелей түрде есіктің қасында болады.
14. Шығыс материалдарын, дайындамаларды, жартылай
фабрикаттарды, дайын өнімдерді және өндіріс қалдықтарын
сақтау мен тасымалдау тәсілдеріне қойылатын талаптар
99. Полиграфиялық кәсіпорындардың тасымалдау мен сақтауға жататын жартылай фабрикаттары мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
1) түсіруге келіп-түсетін басылған және басылмаған қағаздардың, түптеу тінінің парақтары тегістеледі және штабельдегі тұғырықтарға қойылады, олардың биіктігі еденнің деңгейінен 1,6 м. аспауы тиіс;
2) түптеу тіндерінің бобиналары, дәкелер және басқа материалдар гильзаға нығыз оралады және жан-жағынан қағазбен немесе тіндердің қалдықтарымен оралады, олардың шеттері желімделуі тиіс;
3) фальцевальды дәптерлер будалары престеледі және қысылған күйде металл немесе пластмас қапсырмалары немесе сақиналары бар белдіктермен байланады. Бұл ретте өз бетінше бастыру мүмкіндігі жойылуы тиіс;
4) жинақталған кітап блоктарын операциялық жинау үшін арнайы орындар көзделеді;
5) басу формалары тасымалдау кезінде форманың тұтастығын қамтамасыз ететін шекте қатты күшпен тепе-тең және берік бекітіледі;
6) Химиялық заттар цехқа жарамды ыдыста немесе орамда келіп түседі, онда заттың дәл атауы және оған сипаттама берілген жазба болуы тиіс.
100. Желімді дайындау үшін қолданылатын химиялық заттар желімді қайнатуға арналған үй-жайдан бөлек жерде сақталады.
102. Кесу машиналарының пышақтары арнайы ағаш қалыптарда тасымалданады және көлбеу күйінде арнайы тұрақтарда сақталады.
103. Кітаптарды кітап қоятын машиналар немесе штрих жасау станоктарының жанына жинап қою үшін технологиялық жабдықтан 0,6 метр кем емес арақашықтыққа арнайы платформалар орнатқан жөн.
104. Желім таситын ыдыс тасымалдау үшін ыңғайлы әрі шашырауына кедергі жасайтын қақпағы болуы керек.
105. Желімдерді тікелей машинаға ереже бойынша төмен платформалы арнайы арбаның көмегі арқылы тасымалдаған жөн.
106. Зертханаларда химикаттар және басқа да материалдар қатаң түрде түр-түрі бойынша сақталады. Олардың химиялық өзара іс-қимылы өрт және жарылыс тудыруы мүмкін заттарды бірге сақтауға жол берілмейді.
107. Қышқылдары, күшән және басқа күйдіргіш заттары бар шыны ыдыстарды тек ішінен асбест салынған арнайы металл немесе ағаш жәшіктерде ғана алып жүруге рұқсат беріледі. Күкірт және азот қышқылдары үшін ағаш жәшіктерді, кәрзеңкелер және жаңқалар қолдануға оларды өрт қорғау құрамымен алдын-ала өңдеген жағдайда ғана жол беріледі.
108. 80 килограмм массадан жоғары жүктерді көтеру-көліктік құрылғылардың көмегі арқылы арнайы арбаларға және басқа тетіктер мен тасымалдау құралдарына орналастырады.
109. 80 килограмм дейінгі жүктерді белдеу басқыштардан тігінен 3 метр аспайтын биіктікке ғана қолмен көтеруге жол беріледі, оның өзінде басқыштардың ұзындығының артықтығы көтеру биіктігінен 3 реттен кем болмауы тиіс.
111. Штабельдің үстіңгі жағынан жабулардың құрылыс конструкцияларына дейінгі арақашықтық 1 метр кем болмауы тиіс.
112. Штабельдер арасындағы, сондай-ақ штабелдер мен қабырғалар арасындағы өту жолының кеңдігі 0,8 метр кем болмауы тиіс. Қойманың есік ойықтарына қарсы есіктің еніндей, бірақ 1 метр кем емес өту жолын қалдырады. Кеңдігі 10 м. асатын қойманың ұзына бойына 2 метр кем емес өтпе жолдар жасайды.
113. Төменгі қатардың әрбір орамасын міндетті түрде екі жағынан жапсыра отырып орама қағазды биіктігі бойынша көлденеңнен, бірақ еденнен 2,5 метр жоғары емес екі және одан да көп қатарға жинайды. Орама қағазды, оны ораманың шет жағына салу арқылы тік қойылған күйінде сақтауға рұқсат етіледі. Бұндай жағдайда 3,5 метр дейінгі биіктікке жол беріледі.
114. Сырлар және көмекші заттары бар банкілер сауда нөмерлері мен келіп-түсу нөмерлеріне сәйкес стеллаждарға орналастырады.
115. Химиялық реактивтердің қоймасында химиялық заттарды орналастырудың жоспары әзірленеді, онда оларға аса тән "Улы", "Химиялық белсенді", "Өртқауіпті" деген және басқа қасиеттері көрсетіледі.
116. Тиеу-түсіру, көлік және қойма жұмыстары ұйым Әкімшілігімен бекітілген жұмыстардың технологиялық карталарына (немесе өндіріс жобаларына) сәйкес орындалады.
117. Көлік жолдары және тиеу-түсіру алаңдары тазалыққа жарамды болуы тиіс, кешкі және түнгі уақыттарда жарықтандырылып, қыста қардан, мұздан тазаланып, құм төселеді.
118. Жұмыстағы жүккөтергіш машиналар мен тетіктер кезеңдік техникалық куәландыруға жатады:
1) жиі - 12 айда 1 реттен кем болмауы;
2) толық - 3 жылда 1 реттен кем емес.
119. Адамдар болуы мүмкін аймақта:
1) конвейерлердің қозғалыстағы бөліктері (жетек барабаны, тарту құрылғысы, тірек рамасы, белдік берулері, шкивтер);
2) тарту құрылғылардың арқандары және блоктары, тарту құрылғыларының жүктері оның орналасу биіктігі және оның астындағы еден учаскесі;
3) конвейерлердің жетек станциялары (оларды өндірістік үй-жайларға орналастыру кезінде);
4) жүкті конвейерлерден ажыратып алу жерлерінде орнатылған қабылдау құрылғылары;
5) аспалы конвейердің көтеру, түсіру, айналу жерлері;
6) едендегі транспортердің шеткі учаскелері қоршауға алынады.
121. Цех ішіндегі басты өтпе жолдарда электрокарлық көлік қозғалысының жылдамдығы сағатына 5 шақырымнан; есік ойықтарына және лифтілерге кіру және шығу кезінде сағатына 3 шақырымнан аспауы тиіс. Басқару тетіктерінде, осы жылдамдықтардағы тетіктердің жағдайын көрсететін фиксаторлар орнатылуы тиіс.
122. Лифтіні техникалық куәландыру:
1) кезеңмен, әр 12 айда бір рет;
2) лифтіні қалпына келтіргеннен кейін жүргізіледі.
123. Лифтінің жиі техникалық куәландыру:
1) кабина арқандарын ауыстырғанда немесе қарсы салмақ кезінде (статикалық сынақ);
2) электр қозғалтқыштарды басқа өлшемдердегі электр қозғалтқышқа ауыстырған;
3) лебедкалар, тежегіштерді күрделі жөндегенде немесе оларды ауыстырғанда (аулағыштар мен буферлерді тексерусіз динамикалық және статикалық сынақ);
4) жылдамдық шектегіш аулағыштар немесе гидравальдық буферді ауыстырған кезде (сәйкес түйінді сынау ) жүргізіледі.
124. Лифтінің шахталық есіктерінде, автоматты түрде ашылатын есіктерді қоспағанда қарау саңылаулары болуы тиіс.
125. Қолмен ашылатын әрі жабылатын шахта есіктері автомат емес құлыптармен немесе құрылғылармен жабдықталады. Егер кабина болмаған жағдайда құлып конструкциясы шахта есіктерінің ашылу мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
126. Шағын жүк лифтері кабинасының бағытталушы және қарсы салмақ жағына кабинадан тысқары жаққа ауысуы мүмкін жоғарғы жақтары қоршалады.
127. Шағын жүк лифтілері шахталарының кабиналары мен есіктерінің биіктіктері 1000 миллиметрден аспауы тиіс. Егер жүкті ауысып кетуден ұстап қалатын құрылғы жасалған болса, онда кабиналарда есік болмауы мүмкін.
129. Басқару аппараттары негізгі жүк алаңында орнатылған лифтері және шағын жүк лифтілері жоқ жүк лифтілерін шақыру дабылымен жабдықтаған жөн.
130. Лифтіні басқару пунктінде, тиеу және түсіру жүзеге асырылатын барлық қабаттарда дабыл қоңырауы орнатылуы тиіс.
131. Лифтіде "Инвентарлық нөмер", "Жүк көтергіштігі аспайтын", "еңіс, адамдардың платформаға шығуына тыйым салынады!" (жүк қабылдайтын орындарға да ілінеді), "Келесі сынақ мерзімі...", "Қауіпсіз пайдалануға жауапты......" деген анық жазылған жазбалар жасалуы тиіс.
15. Өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылардың
еңбек және демалыс режимі
132. Өндірісте жұмыс істейтіндердің еңбек және демалыс режимі "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленеді.
16. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері
бойынша жұмысшылардың білімін тексеруге және кәсіптік
іріктеуге қойылатын талаптар
133. Жабдықта жұмыс істейтін тұлғалар, өздерінің негізгі және қосалқы кәсіптері бойынша еңбектің қауіпсіз әдістерін толық көлемде білулері тиіс.
134. Жұмысшыларды еңбектің қауіпсіз әдістеріне оқыту толықтай әкімшілікке, ал бөлімшелерде (цехтарда, учаскелерде, бөлімдерде және басқа) осы бөлімшенің басшысына жүктеледі.
135. Ұйымдағы жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігіне оқытудың уақытылы және сапалы ұйымдастырылуын бақылау еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметке (оған аталған міндеттер жүктелген бөлім, еңбекті қорғау жөніндегі инженер немесе қызметкер) жүктеледі.
136. Оқу учаскесінде шебер, бригадир, біліктілігі жоғары қызметкер немесе қажетті дайындықтан өткен басқа маман ұйымға келген қызметкерлерді кәсіптерге және еңбектің қауіпсіз әдістеріне үйретеді.
17. Өндірісте жұмыс істейтіндерді арнайы киіммен,
арнайы аяқ-киіммен және басқа да жеке қорғаныс
құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі талаптар
138. Еңбекке зиянды жағдайларда жұмыс істегенде, сондай-ақ ерекше температуралық жағдайларда немесе ластанумен байланысты жүргізілетін жұмыстарда жұмысшыларға арнайы киім, арнайы аяқ-киім және басқа да жеке қорғаныс құралдары беріледі.
139. Теріге зиянды әсері бар заттар әсер етуі мүмкін жұмыстарда, жуатын және залалсыздандыратын заттар беріледі.
140. Жұмысшыларға берілетін арнайы киім, арнайы аяқ-киім және басқа да жеке қорғаныс құралдары олардың істейтін жұмыстарының сипатына және жағдайларына сай болуы және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
18. Қорғаныс құралдарын қолдануға қойылатын талаптар
141. Қоймаға келіп түсетін жеке қорғаныс құралдарының әрбір түсімін оның құрамына бас инженер, қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі маман, қамсыздандыру қызметінің қызметкері және кәсіподақ ұйымының өкілі (бар болса) кіретін комиссия қабылдайды. Комиссия жеке қорғаныс құралдарының пайдалануға жарамдылығы немесе жарамсыздығы туралы актіні жасайды.
142. Қабылдау кезінде пайдалануға жарамсыз деп танылған жеке қорғаныс құралдары актімен бірге жеткізушіге қайтарылады.
143. Цех бастығы, қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі маман немесе осы жұмысқа жауапты қызметкер жұмысшыларға арнайы киім, арнайы аяқ-киім және басқа да жеке қорғаныс құралдарын беруде тиісті есепке алу мен уақытылы бақылау жүргізуі тиіс.
144. Жұмысшылардың жеке карточкаларына жұмысшылардың қоймашыдан жеке қорғаныс құралдарын алғандығы және тапсырғандығы туралы жазба жазылуы тиіс.
145. Респираторлар, сақтағыш белдіктері, каскалар және басқа сияқты осындай жеке қорғаныс құралдарын алған жұмысшылар аталған құралдарды пайдалану ережелері жөніндегі нұсқаулықтан өтулері тиіс.
146. Бас инженер (кәсіпорын басшысы) техникалық құжаттамада белгіленген мерзімдерге сәйкес кезеңдік сынақтарды, жеке қорғаныс құралдарының жарамдылығын тексеруді ұйымдастырады, оларды жүргізгеннен кейін жеке қорғаныс құралдарына келесі тексеру мерзімі туралы белгі (мөртабан) қойылуы тиіс.