Экологиялық аудиторларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамы мен жұмыс ережесін және экологиялық аудиторларды аттестаттау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 9 қарашадағы N 304-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 17 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3933. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 02 сәуірдегі № 81-ө бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010.04.02 № 81-ө бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы"  Заңының 8-бабының 17) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берілген:
      1) Экологиялық аудиторларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының жұмыс ережесі;
      2) Экологиялық аудиторларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының жұмыс ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Ж.Л.Бекжановқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасының   
қоршаған ортаны ортаны    
қорғау министрінің      
2005 жылғы 9 қарашадағы   
N 304-ө бұйрығымен      
бекітілген         

  Экологиялық аудиторларды аттестаттау жөніндегі
біліктілік комиссиясының жұмыс ережесі 1. Жалпы ереже

      1. Экологиялық аудиторларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) экологиялық аудиторлық қызметпен шұғылдану құқына үміткер тұлғаларды аттестаттаудан өткізу мақсатында құрылады.

      2. Комиссияның негізгі міндеті экологиялық аудиторлық қызметпен шұғылдану құқына үміткер тұлғалардың кәсіби білімінің деңгейін және біліктілік дәрежесін анықтау болып табылады.

      3. Комиссия өз өкілдігінің шеңберінде экологиялық аудиторлық қызметпен шұғылдану құқына үміткер тұлғаларды (бұдан әрі - үміткерлер) аттестаттаудан өткізеді, үміткерлердің аттестаттаудан өткендігі не аттестаттаудан өтпегендігі туралы жазбаша шешім шығарады.

  2. Біліктілік комиссиясы мүшелерінің құзыреті

      4. Комиссия төрағасы:
      1) Комиссия жұмысын ұйымдастырады, отырысты шақырады, жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      2) Комиссия жұмысын үйлестіреді;
      3) Комиссия отырыстарында төрағалық етеді және оның шешімінің орындалуын қамтамасыз етеді.
      Төраға болмаған кезде оның қызметін орынбасары орындайды.

      5. Комиссия мүшелерінің саны 10 адамнан кем болмауы тиіс.

      6. Комиссия мүшелері:
      1) Комиссияның қарауына үміткерлер ұсынған материалдармен танысады;
      2) аттестаттауға рұқсат алғаны не аттестаттауға рұқсат алмағаны туралы шешім шығарады;
      3) Комиссия отырысында шешілетін мәселелерді қарайды және тиісті шешім шығарады.

      7. Комиссия мүшелері үміткерді аттестаттау кезінде қатыса алмайды, егер ол:
      1) үміткердің туысқаны болып табылса;
      2) үміткердің аттестаттаудан өтуіне жеке, тікелей, немесе жанама түрде мүдделі болса немесе оның қатысы бар екендігіне негіз болатын өзге жағдайлар бар болса.

      8. Комиссия мүшесінің өздігінен бас тарту (бас тарту) туралы шешімі отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің басым даусымен жазбаша нысанда қабылданады және Комиссия мүшелері мен үміткердің қатысуымен оқылады.

      9. Қарсылық білдіруді қабылдамау немесе қанағаттандыру туралы шешім қолданыстағы заңнамада қарастырылған тәртіппен шағым беруге жатады.

      10. Комиссия хатшысы:
      1) Комиссия қызметінің құжаттамалық рәсімделуін ұйымдастырады;
      2) Комиссия жұмысының ұйымдастырылуын жақсарту жөнінде ұсыныс енгізеді.

  3. Біліктілік комиссиясының отырысын өткізу тәртібі

      11. Комиссия отырысы, егер, оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысып отырса, құқық өкілеттігі бар болып саналады.

      12. Комиссия отырысын төраға жүргізеді.

      13. Қаралатын мәселелер бойынша Комиссия отырысқа қатысып отырған мүшелерінің басым даусымен тиісті шешім қабылдайды.
      Комиссия мүшелерінің дауыс беруден қалыс қалуға құқы жоқ. Комиссия мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Комиссия шешім шығару кезінде ескеретін жазбаша нысанда ерекше көзқарасы туралы баяндауға құқы бар.
      Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      14. Комиссия шешімі күні мен шығарылған орны көрсетіле отырып жазбаша нысанда қабылданады, отырысқа қатысқан барлық Комиссия мүшелері қол қояды.

      15. Комиссия отырысы міндетті хаттама жүргізумен өткізіледі, Комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды.
      Комиссия отырысының хаттамасында тиісті отырыста қабылданған барлық шешімдер жазылады.

Қазақстан Республикасының   
қоршаған ортаны ортаны    
қорғау министрінің      
2005 жылғы 9 қарашадағы   
N 304-ө бұйрығымен      
бекітілген         

  Экологиялық аудиторларды аттестаттау ережесі 1. Жалпы ереже

      1. Осы Экологиялық аудиторларды аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленді және экологиялық аудиторлық қызметпен шұғылдану құқына үміткер тұлғаларды (бұдан әрі - үміткерлер) аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шартын анықтайды.

      2. Үміткерлер Экологиялық аудиторларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясынан (бұдан әрі - Комиссия) аттестаттаудан өтеді.

  2. Аттестаттаудан өту құжаттарын қабылдау

      3. Үміткерлер Комиссияға мынадай құжаттар ұсынады:
      1) өндіріс нысанындағы өтініш;
      2) кадрлар есебінің жеке іс парағы;
      3) нотариуспен куәландырылған жоғары немесе орта білімі туралы дипломының көшірмесі;
      4) Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі (төлқұжат не жеке куәлігі);
      5) денсаулығының жай-күйі туралы медициналық анықтама;
      6) үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариуспен куәландырылған көшірмелері (еңбек кітапшасы немесе жеке еңбек шарты не ұйым басшысының қолы қойылған қабылдау және шығару бұйрықтарының көшірмесі немесе қызметтік тізім);
      7) экологиялық аудитордың біліктілігі турады куәлігінің нотариуспен куәландырылған көшірмесі;
      8) табиғат қорғауды жобалауға, нормалауға және экологиялық сараптау саласындағы жұмыстарға берілген лицензиялардың нотариуспен куәландырылған көшірмесі.
      Үміткердің Комиссия отырысына қатысуы үшін жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс (төлқұжат немесе жеке куәлігі).

      4. Комиссияға келіп түскен материалдар түскен күнінен бастап бір ай мерзім ішінде қаралады.

      5. Аттестаттауға жоғары немесе орта кәсіби білімі және қоршаған ортаны қорғау саласында 3 жылдан кем емес, оның ішінде табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптау саласында бір жылдан кем емес тәжірибесі бар тұлғалар жіберіледі.

      6. Осы Ереженің 3-тармағында қарастырылған құжаттардың ресімделуге ұсынылмаған немесе дұрыс болмаған жағдайда, үміткердің өтініші қаралмайды және өтініш берушіге қайтарылады.

  3. Аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарты

      7. Комиссия материалдарды қарау қорытындысы бойынша үміткерге аттестаттаудан өтуге рұқсат беру не аттестаттаудан өтуге рұқсат бермеу туралы шешім шығарады.

      8. Комиссия аттестаттауды қажеттігіне қарай, бірақ тоқсан сайын бір рет және 5 үміткер болған кезде өткізеді.

      9. Аттестаттау әңгімелесу арқылы өтеді.

      10. Әңгімелесудің мақсаты үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.

      11. Әрбір үміткерлермен әңгімелесуді жүргізу жеке хаттама түрінде ресімделеді. Хаттамаға төраға, үміткер, сондай-ақ хаттаманы толтырған хатшы қол қояды.

      12. Комиссия ұсынылған құжаттардың, үміткердің теориялық білімі мен тәжірибесінің негізінде үміткерді аттестаттау не аттестаттамау туралы шешім қабылдайды.

      13. Аттестаттауды өткізу күнінен бастап 5 күн ішінде. Комиссия әңгімелесу қорытындысы бойынша осы Ереженің қосымшасында белгіленген нысан бойынша үміткерді аттестаттау не аттестаттамау туралы шешім қабылдайды.

      14. Комиссия шешімі екі данада жазылады, біреуі аттестаттау ісінде болады, екіншісі үміткердің талабы бойынша беріледі.
      Комиссия шешімі Комиссия отырысының хаттамасында жазылады.

      15. Аттестаттау туралы комиссия шешімінің үш жылға күші бар.

      16. Аттестаттаудан өтпеген тұлғаның Комиссияға аттестаттаудан өтуге рұқсат беру туралы өтінішті алты айдан кейін беруге құқы бар.

      17. Үміткер дәлелді себеппен Комиссия отырысына келмеген жағдайда онымен әңгімелесу келесі отырысқа қалдырылады.

      18. Комиссия шешіміне заңнамамен белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

                                         Экологиялық аудиторларды
                                          аттестаттау ережесіне
                                                   қосымша

        Біліктілік комиссиясының экологиялық аудиторды
          аттестаттау (аттестаттамау) туралы шешімі

N___                                     200 __ж. "___" ___________

Аттестатталатын тұлғаның аты-жөні _________________________________

Жұмыс орын ________________________________________________________

Лауазымы __________________________________________________________

Біліктілік комиссиясының аттестаттау қорытындысы бойынша

                             ШЕШТІ:

__________________________________ аттестаттаудан өтті деп саналсын
            (Аты-жөні)

Комиссия төрағасы

Комиссия мүшелері

Комиссия хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады