Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 18 қазандағы N 128 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 18 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3935. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 258 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2062 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында 2002 жылғы 18 қараша - 1 желтоқсанда жарияланған) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 мамырдағы  N 46 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3643 тіркелген) қаулысымен енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен бірге, мынадай өзгерістер  енгізілсін:

      тақырыбындағы және 1-тармағындағы ", жіберу" деген сөз алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
      жоғары оң бұрышында, тақырыбында, сондай-ақ бүкіл мәтін бойынша ", жіберу" деген сөз алынып тасталсын;

      Ережеге 1-қосымшада:
      жоғары оң бұрышында және мәтіндегі ", жіберу" деген сөз алынып тасталсын;

      Ережеге 2-қосымшада:
      жоғары оң бұрышында, тақырыбында және 1-тараудың атауындағы ", жіберу" деген сөз алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын  ұйымдарға жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А.Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады