Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi қызметiн лицензиялау және реттеу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 10 қазан N 401. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 29 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2062. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 258 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Бұйрықтың атауына, 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 18 қазандағы N 128 қаулысымен .

      Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң Басқармасы қаулы етеді :
      1. Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi қызметiн лицензиялау және реттеу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап жетi күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жiберу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т.Жангелдинге жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 10 қазандағы  
N 401 қаулысымен      
бекітілген        

      Ескерту. Жоғарғы оң жақтағы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-т.қараңыз) Қаулысымен.

      Ескерту: Ереженің жоғары оң бұрышында, тақырыбында, сондай-ақ бүкіл мәтін бойынша ", жіберу" деген сөз алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 18 қазандағы N 128 Қаулысымен

Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды,
металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау
жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесі

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы , " Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы " 1995 жылғы 31 тамыздағы , " Лицензиялау туралы "  2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын банктер болып табылмайтын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - инкассация жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар) қызметін лицензиялау және реттеу тәртібін белгілейді.
       Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.11.28 N 94, 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 7-1-тармағына сәйкес банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоспағанда, өзге қызмет түрлерімен (операциялармен) айналысуға тыйым салынады.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз) Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды (бұдан әрі - Инкассация жөніндегі операциялар) жүргізу лицензиясын осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша береді.

      3. Инкассация жөніндегі операцияларды жүргізетін заңды тұлғалар тиісті түрде куәландырылған инкассация жөніндегі операцияларды жүргізу лицензиясының көшірмесін клиенттер онымен таныса алатын жерде орналастыруы тиіс.

      4. Ұлттық Банк банк болып табылмайтын заңды тұлғаларға инкассациялау жөніндегі операцияларды жүргізуге берілген лицензиялардың, оның ішінде қолданылуы тоқтатыла тұрған лицензиялардың және заңды тұлғалар айырылған лицензиялардың есебін жүргізеді.
      Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз) Қаулысымен.

2-тарау. Инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу
лицензиясын беру талаптары және тәртібі

      5. Инкассация бойынша операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4817 тіркелген, "Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптар туралы" (бұдан әрі - Үй-жайларды күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптар)  2007 жылғы 28 мамырдағы N 56 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкес келетін үй-жай мен жабдықтың болуы;
      2) Ұлттық Банк белгілеген талаптарға сәйкес келетін мөлшерде жарғылық капиталының болуы;
      3) өтініш берушінің атқарушы органының бірінші басшысының қаржы ұйымы инкассация бөлімшесінде немесе қаржылық қызмет көрсету саласында басшылық лауазымда кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі болуы;
      4) өтініш берушінің атқарушы органының бірінші басшысының коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызметтік меншікке, мүдделерге қарсы қылмысы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстары, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстары үшін жойылмаған немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығының болмауы.
      Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30. N 131 (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      5-1. Өтініш беруші лицензия алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Ереженің 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтініш;
      2) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
      3) жарғылық капиталдың қалыптастырылғанын растайтын құжат;
      4) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және жарғының нотариалды куәландырған көшірмелері;
      5) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес атқарушы органның бірінші басшысы туралы мәліметтер;
      6) үй-жайды жалдау туралы шарттың немесе меншік құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.
      Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30. N 131 (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.11.28 N 94, 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз) Қаулыларымен.

      6. Заңды тұлғаның жарғылық капиталы тек ақша түрінде құрылтайшылардың жарналары есебінен қалыптастырылады.
      Инкассация жөніндегі операцияларды жүргізетін заңды тұлғалар үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшерін Ұлттық Банк белгілейді.

      7. Инкассация жөніндегі операцияларды жүргізу лицензиясын беру туралы өтінішті Ұлттық Банк оны қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
      Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30. N 131 (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      8. Ұлттық Банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесі құжаттарды қабылдайды, қарайды, Ұлттық Банк Төрағасының немесе оның орнындағы тұлғаның қарауына лицензияны беру және ресімдеу жөніндегі материалдарды дайындап, әрбір өтініш бойынша ұсынылған құжаттар негізінде қорытынды жасайды.
      Осы Ереженің 5-тармағында көзделген техникалық іс-шараларды орындау туралы қорытындыны филиал Үй-жайларды күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарда көзделген тәртіппен, заңды тұлғадан Ұлттық Банкке өтініш түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің филиалға жіберетін тапсырмасы бойынша береді.
      Үй-жайларды күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарда белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды берілген үй-жайдың тұрған орналасқан жері өзгерген кезде инкассация бойынша операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға отыз күнтізбелік күннің ішінде Ұлттық Банкке хабарлайды және жаңа мекен-жай бойынша үй-жайлардың Үй-жайларды күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарда белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы жаңа қорытынды алу үшін үй-жайды жалдау туралы шарттың немесе меншік құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады
      Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.01.18 N 6 , 2008.11.28 N 94, 2009.08.24.  N 86(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      9. Лицензия беруден бас тарту "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.
      Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30. N 131 (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      10. Инкассация жөніндегі операцияларды жүргізу лицензиясы жоғалған жағдайда лицензиат лицензияның дубликатын алуға құқылы.
      Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша лицензияның дубликатын Ұлттық Банк он жұмыс күнінің ішінде береді.
      Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30. N 131 (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.11.28 N 94 Қаулыларымен .

      11. Инкассация бойынша операциялар жүргізуге арналған лицензияларды қайта ресімдеу "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30. N 131 (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3-тарау. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоса атқару

      Ескерту: 3-тарау жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-т.қараңыз) Қаулысымен.

       12. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоса атқару үшін инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мынадай үй-жайлардың болуын қамтамасыз етуі қажет:
      1) қойма не сейф бөлмесі;
      2) қойманың алдыңғы бөлмесі (қойма болған кезде);
      3) банкноттарды және монеталарды қайта санау кассасы.
      13. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоса атқару осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген үй-жайлардың Үй-жайларды күзетуді ұйымдастыру және жайластыру жөніндегі талаптарға сәйкес келуі туралы Ұлттық Банктің қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.
      Ескерту: 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.05.21 N 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
      14. Инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі операцияларды қоса атқару кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1482 тіркелген "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысында белгіленген талаптарды сақтайды.

3-1-тарау. Филиалдың үй-жайларының техникалық дайындығына қойылатын талаптар

      Ескерту: 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-т.қараңыз) Қаулысымен.

       15. Инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға филиалды құру туралы шешім қабылдаған кезде Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) филиалды құру туралы шешім;
      2) филиалдың қызметін жүзеге асыруға арналған үй-жайды жалдау туралы шарттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі не заңды тұлғаның осы үй-жайға меншік құқығын растайтын құжат;
      3) қорытынды алу үшін филиал қызметінде пайдалануға арналған үй-жайларға тексеру жүргізу туралы өтініш.
      16. Ұлттық Банктің инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға филиалының қызметінде пайдалануға арналған үй-жайлардың үй-жайларды күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарға сәйкес келуі туралы қорытындысы Үй-жайларды күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарда көзделген тәртіппен беріледі.
      Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.05.21 N 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
      17. Инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың филиалдары өз қызметінде Үй-жайларды күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарға сәйкес келетін үй-жайларды пайдаланады.
      Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.05.21 N 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
      18. Инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға филиал Қазақстан Республикасының әділет органдарында есептік тіркеуден өткеннен кейін филиалды есептік тіркеу туралы куәлік алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке оның нотариаттық куәландырылған көшірмесін ұсынады.

4-тарау. Инкассация жөніндегі операцияларды
жүзеге асыратын заңды тұлғаның қызметін
ұйымдастыру және реттеу

      19. <*>
      Ескерту: 19-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 6 қаулысымен .

      20. Инкассация жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғаның уәкілетті органының бекітілген есеп саясатына сәйкес олар жүргізетін операциялардың есебін жүргізеді.

      21. Инкассация жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Ұлттық Банкке қаржылық және реттейтін есепті ұсынады.

      22. Инкассация жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар операцияларды жүргізу шарттарын, осы Ереженің және Ұлттық Банктің басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда оларға Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген  санкциялар қолдануы мүмкін.

      23. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30. N 131 (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

5-тарау. Қорытынды ережелер

      24. Инкассация жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғаны қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      25. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес шешіледі.

                                     Банк болып табылмайтын заңды 
                                   тұлғалардың банкноттарды, металл
                                       ақшаны және құндылықтарды   
                                   инкассациялау жөніндегі қызметін
                                  лицензиялау және реттеу ережесіне
                                              1-қосымша           

      Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Банк операциясын жүргізуге арналған
лицензия

      Нөмірі ____________
      Берілген күні ______жылғы "____" ___________
      Мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі __________________________ ____________________________________________________________________
      Осы лицензия _________________________________________________ ____________________________________________________________________ _____________________________________________________________ берілді                      (заңды тұлғаның атауы)
және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі банк операциясын жүргізуге құқық береді.
      Осы лицензияның талаптарынан туындайтын құқықтар үшінші тұлғаларға берілмейді.
      Осы лицензия бір данада беріледі.
 
      Төраға ___________________________ Аты-жөні
                     (қолы)

Банк болып табылмайтын    
заңды тұлғалардың банкноттарды,
металл ақшаны және құндылықтарды
инкассациялау жөніндегі қызметін
лицензиялау және реттеу ережесіне
2 қосымша          

Банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды
инкассациялау бойынша операцияларды жүргізуге
лицензияны беру үшін қажетті техникалық талаптар

      Ескерту: 2-қосымша алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

                                  "Банк болып табылмайтын заңды
                                 тұлғалардың банкноттарды, металл
                                    ақшаны және құндылықтарды
                                     инкассациялау жөніндегі
                                      қызметін лицензиялау
                                      және реттеу ережесіне
                                            3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2007.11.30. N 131 (ресми жарияланған күннен кейін
жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

(Кімге)      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
(Кімнен) ___________________________________________________________
                     (өтініш берушінің атауы)

      Банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия алуға арналған
                              өтініш
      ______________________________________________________________
                  (банк операциясының түрін көрсету)

     банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия беруіңізді өтінемін.

      Өтініш беруші туралы мәлімет:
      1. Меншік нысаны______________________________________________
      2. Мекен-жайы_________________________________________________
            (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй N, телефон, факс)

      Өтінішке қоса берілетін құжаттар:
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________
4.__________________________________________________________________
5.__________________________________________________________________

(Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның лауазымы, аты-жөні, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
(Қолы, күні)
Мөрдің орны

                                    "Банк болып табылмайтын заңды
                                   тұлғалардың банкноттарды, металл
                                      ақшаны және құндылықтарды
                                       инкассациялау жөніндегі
                                        қызметін лицензиялау
                                        және реттеу ережесіне
                                              4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2007.11.30. N 131 (ресми жарияланған күннен кейін
жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

     Атқарушы органның бірінші басшысы туралы мәлімет ____________________________________________________________________
       (басшының лауазымы және ұйымның атауы көрсетіледі)

                        Жалпы мәліметтер: 

Аты-жөні, әкесінің аты (бар болса)

__________________________________________
__________________________________________
(бірінші басшының жеке басын куәландыратын
   құжатқа толық сәйкес келтіре отырып)

Туған күні және
туған жері

____________________________________________________________________________________

Тұрақты тұрғылықты
орны, телефон
нөмірлері

____________________________________________________________________________________  (нақты мекен-жайы, ұялы, қызметтік, үй
телефондарының нөмірлері көрсетіледі, елді
       мекеннің кодын қоса алғанда)

              Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

N

Жұмыс кезеңі (ай/жыл)

ұйымның атауы, атқаратын қызметі
және лауазымдық міндеттері, ұйымның
координаттары

                      Басқа мәліметтер:

Коммерциялық және өзге ұйым-
дардағы қызметтік меншік,
мүдделерге қарсы қылмыс,
сыбайлас жемқорлыққа қатысты
қылмыстары, сондай-ақ экономи-
калық қызмет саласында жасал-
ған қылмыстары үшін өтелмеген
немесе заңда белгіленген тәр-
тіппен алынбаған сотталғанды-
ғының болуы

Иә/жоқ
(жойылмаған соттылығы болған
кезде Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексінің бабын,
үкім шығарылған күнді және
нөмірін көрсету)

      Мен (аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) ______________________
____________________________________________________________________
осы ақпаратты мұқият тексергенімді және оның шынайы және толық екенін растаймын, ____________________ (қолы, күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады