Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 қазандағы N 122 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3940. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 263 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енеді.
      3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

       "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      статистика жөніндегі Агенттігі
      Төраға
      18 қазан 2005 жыл

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
        Сауда және индустрия
            министрлігі
      Бірінші Вице-Министр
      4 қараша 2005 жыл

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Министр
      12 қараша 2005 жыл

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрлігі
      Министр
      2 қараша 2005 жыл

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика және минералдық
      ресурcтар министрлігі
      Бірінші Вице-Министр
      27 қазан 2005 жыл

Қазақстан Республикасының     
Ұлттық Банкі Басқармасының    
2005 жылғы 14 қазандағы      
N 122 қаулысымен бекітілген   

  Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге
асыратын резидент еместердің валюта операцияларының
мониторингін жүзеге асыру ережесі

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі", "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің валюта операцияларының мониторингін (бұдан әрі - валюта мониторингі) жүзеге асыру және валюта мониторингі объектілерінің валюта операциялары бойынша ақпараттық базаны қалыптастыру тәртібін белгілейді.

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереженің мақсаты үшін "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген  негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бас компания - Қазақстан Республикасының аумағында филиалы (өкілдігі) бар резидент емес заңды тұлға;
      2) шарт - келісім, келісім-шарт, оларға өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ негізінде және (немесе) орындау үшін валюта операциялары жүзеге асырылатын өзге құжаттар;
      3) тапсырыс беруші:
      тауарлар, қызмет көрсетулер (жұмыстар) сатып алуға шарт жасаған жеке немесе заңды тұлға, оның филиалы (өкілдігі);
      бас компанияның бас компания жасаған шарттар бойынша тауарлар, қызмет көрсетулер (жұмыс) сатып алған филиалы (өкілдігі);
      қосалқы мердігермен жасалған шарт бойынша мердігер;
      құзыретті орган;
      4) кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісі бойынша коды (бұдан әрі - КҰЖЖ коды) - статистика жөніндегі уәкілетті орган кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісіне сәйкес заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне берген бірегейлендіру коды;
      4-1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
      4-2) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір; 
      5) құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған және келісім-шарттарды жасауға және орындауға байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан іс-әрекет жасайтын мемлекеттік орган;
      6) оператор - құзыретті органмен жасалған өнімді бөлу туралы келісім бойынша жұмысты орындау үшін мердігер тартқан немесе құрған заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі);
      7) мердігер:
      осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген қызмет көрсетулерді (жұмысты) орындау үшін тапсырыс берушімен шарт жасаған жеке немесе заңды тұлға, оның филиалы (өкілдігі);
      бас компанияның бас компания мен тапсырыс беруші арасында жасалған шарт бойынша осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген қызмет көрсетулерді (жұмысты) орындайтын филиалы (өкілдігі);
      оператор;
      8) жеткізуші:
      мердігер;
      қосалқы мердігер;
      тұлғаның филиалы (өкілдігі);
      өз атынан немесе бас компаниямен жасалған шарт бойынша осы Ереженің 2-тармағында көрсетілмеген қызмет көрсетулерді (жұмысты) орындайтын жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі);
      бас компанияның бас компаниямен жасалған шарт бойынша осы Ереженің 2-тармағында көрсетілмеген қызмет көрсетулерді (жұмысты) орындайтын филиалы (өкілдігі);
      9) жоба - бас компания мен тапсырыс беруші, тапсырыс беруші мен мердігер, тапсырыс беруші мен жеткізуші, мердігер мен жеткізуші, қосалқы мердігер мен жеткізуші арасында жасалған шартқа сәйкес орындауға тиісті қызмет көрсетулердің (жұмыстың) көлемі;
      10) валюта мониторингінің респонденті - валюта мониторингінің жүйелі негізде осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген мәліметтер мен есептілікті білдіретін объектісі;
      11) қосалқы мердігер:
      мердігермен мердігердің міндеттемелерінің қандай да болмасын бөлігін орындау туралы шарт жасаған жеке немесе заңды тұлға, оның филиалы (өкілдігі);
      мердігердің бас компаниямен жасаған шарты бойынша мердігердің міндеттемелерінің қандай да болмасын бөлігін орындайтын заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 N 109 Қаулысымен. 

      2. Валюта мониторингі респонденттерінің тізбесін Ұлттық Банк осы Ереженің 4, 5-тармақтарында көзделген тәртіппен қалыптастырады.
      Валюта мониторингі респонденттерінің тізбесіне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін және мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) кіреді:
      шикі мұнай, табиғи газ және ілеспе газ өндіру;
      құрылыс қызметтері;
      пайдалы кен қазбаларын өндіруге байланысты қызмет көрсетулер;
      архитектуралық, инженерлік және басқа да техникалық қызмет көрсетулер;
      ғылыми-зерттеу жұмыстары және тәжірибе-конструкторлық әзірлеулер.

      3. Валюта мониторингі бойынша ақпараттық база валюта мониторингінің объектілері осы Ереженің 2-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынатын мәліметтер мен есептілік (осы  Ереженің 1- 6-қосымшалары) негізінде қалыптастырылады.

  2-тарау. Валюта мониторингін жүзеге асыру тәртібі

      4. Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істеген резидент емес заңды тұлғалардың барлық филиалдары (өкілдіктері) Ұлттық Банктен сұрату алған күннен бастап он күннен кешіктірмей осы Ереженің  1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша мәліметтер ұсынады.
      Ұлттық Банк ұсынылған ақпарат негізінде валюта мониторингі респонденттерінің тізбесін қалыптастырады.

      5. Ұлттық Банк осы Ереженің 4-тармағына сәйкес ақпарат ұсынылған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей резидент емес заңды тұлғалардың филиалын (өкілдігін) мәліметтердің тиісті оның осы тізбеге енгізілгені және мәліметтер мен есептіліктің тиісті нысандарын ұсыну қажеттілігін хабардар етеді.

      6. Осы Ереженің 1-қосымшасының А бөлігінде көзделген деректемелер мен көрсеткіштер өзгерген жағдайда валюта мониторингінің респонденттері бұл туралы осындай өзгерістер енгізілген күннен бастап отыз күннен кешіктірмей Ұлттық Банкке хабарлайды.

      7. Осы Ереженің 2-6-тармақтарында белгіленген нысандар бойынша мәліметтер мен есептілікті валюта мониторингінің респонденттері мынадай мерзімдерде ұсынады:
      1)  2-қосымша бойынша - жыл сайын, ағымдағы жылдың 5-сәуіріне дейін;
      2) 3 және  4-қосымшалар бойынша - тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі келесі айдың 20-на дейін;
      3)  5-қосымша бойынша - жылына 2 рет, ағымдағы жылдың 1 наурызына және 1 қыркүйегіне дейін;
      4)  6-қосымша бойынша - тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі келесі айдың 20-на дейін.

      8. Осы Ереженің 4, 6, 7-тармақтарына сәйкес мәліметтер мен есептілік Ұлттық Банктің филиалына (бөлімшесіне) валюта мониторингі объектісінің орналасқан жері бойынша ұсынылады.

      9. Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істеген резидент емес заңды тұлғалардың барлық филиалдары (өкілдіктері) Ұлттық Банктің сұратуы бойынша ұсынылған мәліметтер мен есептіліктің шынайылығын тексеру үшін қажетті құжаттарды (филиал (өкілдік) туралы ереженің, шарттардың, шот-фактуралардың, қабылдау-өткізу актілерінің, төлем тапсырмаларының, бухгалтерлік баланстың, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есептің, ақша қозғалысы туралы есептің, кірістер мен шегерімдер туралы есептің, амортизациялық аударымдар, жөндеу шығыстары және белгіленген активтер бойынша басқа шегерімдер туралы есептің көшірмелерін) ұсынады.

      10. Ұлттық Банк ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан бастап 10 шілдесіне дейін статистика жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істеген резидент емес заңды тұлғалардың барлық филиалдарының (өкілдіктерінің) валюта мониторингі бойынша ақпараттық базадан ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы және 1 шілдесіндегі жағдай бойынша деректерді (осы Ереженің  1-қосымшасының А бөлігі) ұсынады.

  3-тарау. Қорытынды ережелер

      11. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басталады.

      12. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Қазақстан Республикасының   
аумағында қызметін жүзеге   
асыратын резидент еместердің
валюта операцияларының      
мониторингін жүзеге асыру   
ережесіне 1-қосымша         

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 N 109 Қаулысымен. 

Бас компанияның филиалы (өкілдігі)
туралы мәліметтер 
____________________________________________________
филиалдың (өкілдіктің) атауы

А бөлігі. Жалпы мәліметтер

1. КҰЖЖ коды ______________________________________________________
1-1. БСН (бар болса)_______________________________________________

2. Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің тіркеу нөмірі (бұдан
әрі - СТН)
___________________________________________________________________

3. Басшы __________________________________________________________
                                  (аты-жөні)
4. Нақты мекен-жайы _______________________________________________
телефоны факсы ________________ e-mail ____________________________

5. Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсететін банкі (банктері)
___________________________________________________________________

6. Бас компанияның атауы және тіркелген елі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

7. Бас компания құрылтайшыларының және/немесе акционерлерінің
атауы, тіркелген елі және жарғылық капиталдағы үлесі (пайызбен)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

8. Бас компания филиалының (өкілдігінің) Қазақстан Республикасында
есепке алынып тіркелген күні ______________________________________

9. Қызмет түрі ____________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
        (Филиал (өкілдік) туралы ережеге сәйкес көрсетіледі)

10. Жұмыс істейтіндер саны (адам)__ оның ішінде: резидент еместер__

Б бөлігі. Өндірістік-қаржылық қызметтің жекелеген көрсеткіштері 

                                                миллион теңгемен

N

Көрсеткіштің атауы

Сомасы

1.

1. Тауарлар 


2.

1.1. Өндірілген тауар көлемі 


3.

1.2. Өткізілген тауар көлемі 


4.

1.3. Сатып алынған тауар көлемі


5.

2. Қызмет көрсетулер


6.

2.1. Өндірілген қызмет көрсету (жұмыс) көлемі


7.

2.2. Өткізілген қызмет көрсету (жұмыс) көлемі


8.

2.3. Сатып алынған қызмет көрсету (жұмыс) көлемі


9.

3. Сыртқы активтер 


10.

3.1. Резидент еместердің тауарлар (қызмет көрсетулер, жұмыс) жеткізуге байланысты дебиторлық берешегі


11.

3.2. Қолма-қол нысандағы және шетел банктеріндегі шоттардағы шетел валютасы


12.

3.3. Резидент еместерге басқа да талаптар


13.

4. Сыртқы міндеттемелер


14.

4.1. Резидент еместерден қаржылық заемдар


15.

4.2. Резидент еместер алдындағы тауарлар (қызмет көрсетулер, жұмыс) жеткізуге байланысты кредиторлық берешек


16.

4.3. Резидент еместер алдындағы басқа да міндеттемелер


  Басшы   ____________________     ________________ (қолы)

20 ____ жылғы "____"_____________

1-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау

      А бөлігінің 7-тармағында дауыс беретін акциялардың немесе қатысушылар дауыстарының кемінде 10% (он пайызын) иеленген құрылтайшылар және/немесе акционерлер көрсетіледі.
      Б бөлігінде филиалдың (өкілдіктің) есептік жылдағы операцияларының нәтижелері көрсетіледі. Бұл ретте 1 және 2-тараулардың көрсеткіштері жыл қорытындысы бойынша көрсетіледі, 3 және 4-тараулардың көрсеткіштері жыл соңындағы жағдай бойынша көрсетіледі. 1.3-көрсеткішке шикізат пен материалдар шығындары, сатып алынған жиынтықтаушы бұйымдар, жартылай фабрикаттар, қосалқы материалдар, отын және энергия кіреді. 2.3-көрсеткішке өндірістік және өндірістік емес сипаттағы, тысқары ұйымдар орындаған қызмет көрсетулер (жұмыс) кіреді.

Қазақстан Республикасының  
аумағында қызметін жүзеге  
асыратын резидент еместердің
валюта операцияларының     
мониторингін жүзеге асыру  
ережесіне 2-қосымша        

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 N 109 Қаулысымен. 

Қазақстан Республикасында бас компания филиалының (өкілдігінің) қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар туралы мәліметтер

_______________________________________________________________
бас компания филиалының (өкілдігінің) атауы
__________________________________________________________
КҰЖЖ коды
______________________________________________________
БСН (бар болса)

      1-бөлік. Объектілер құрылысы 

Объектінің атауы

Объект орналасқан жер

Тапсырыс беруші

Жоба қолданылатын мерзім

Атауы

СТН

БСН/ЖСН (бар болса)

басталған күні

аяқталған күні

А

1

2

3

4

5

6

7









      2-бөлік. Қызмет көрсетулердің (жұмыстардың) орындалуы

Жұмыстың (қызмет көрсетудің) атауы

Жоба жүзеге асырылатын орын

Тапсырыс беруші

Жоба қолданылатын мерзім

Атауы

СТН

БСН/ЖСН (бар болса)

басталған күні

аяқталған күні

А

1

2

3

4

5

6

7









      3-бөлік. Мердігерлер және қосалқы мердігерлер 

Мердігер (қосалқы мердігер)

Мердігер (қосалқы мердігер) тіркелген ел

Мердігер (қосалқы мердігер) орындайтын қызмет көрсетудің (жұмыстың) атауы

Атауы

СТН

БСН/ЖСН (бар болса)

А

1

2

3

4

5













      Басшы _______________________________________
                            (қолы)
      Орындаушы ___________________________________
                      (аты-жөні, телефоны) 

      20__ жылғы «___» _____________

                                       Қазақстан Республикасының
                                       аумағында қызметін жүзеге
                                      асыратын резидент еместердің
                                         валюта операцияларының
                                        мониторингін жүзеге асыру
                                           ережесіне 3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 N 109 Қаулысымен.

20 ____ жылғы ____ тоқсандағы
жобаларды жүзеге асыру туралы есеп 

___________________________________________________________________
            бас компания филиалының (өкілдігінің) атауы
___________________________________________________________________
                           КҰЖЖ коды
___________________________________________________________________
                        БСН (бар болса)

1-бөлік. Тауарларды сатып алу және сату
                                               мың АҚШ долларымен

N

Көрсеткіштің атауы

Жолдың коды

Құны

1.

Шетелдегі тікелей инвесторлардан алынған жабдық

10


2.

Шетелдегі тікелей инвесторлардан алынған басқа тауарлар

11


3.

Жабдықты шетелдегі тікелей инвесторларға қайтару

20


4.

Басқа тауарларды шетелдегі тікелей инвесторларға қайтару

21


5.

Қазақстан Республикасының резиденттерінен тауарлар сатып алу

30


6.

Үшінші елдердің резиденттерінен тауарлар сатып алу (Қазақстан Республикасын және бас компанияның резиденттігі елін қоспағанда)

40


7.

Тауарларды экспортқа өткізу

41


  2-бөлік. Қызмет көрсетулерді орындау
                                                мың АҚШ долларымен

Операцияны сипаттау

Қызмет көрсету түрінің коды

Тапсырыс беруші

Сомасы

атауы

ел

СТН

БСН/ЖСН (бар болса)

А

1

2

3

4

5

6

7


















Жиынтығы:







  3-бөлік. Қызмет көрсетулерді сатып алу
                                               мың АҚШ долларымен

Операцияны сипаттау

Қызмет көрсету түрінің коды

Жеткізуші

Сомасы

атауы

ел

СТН

БСН/ЖСН (бар болса)

А

1

2

3

4

5

6

7


















Жиынтығы:







  4-бөлік. Еңбекке ақы төлеу
                                               мың АҚШ долларымен

N

Жолдың коды

Көрсеткіштің атауы

Сомасы

1.

50

Резидент қызметшілерге және жұмысшыларға төленген жалақы 


2.

60

Резидент емес қызметшілерге және жұмысшыларға төленген жалақы, барлығы 


3.


оның ішінде елдер бойынша:










  5-бөлік. Жекелеген қаржылық көрсеткіштер
                                                         мың
                                                   АҚШ долларымен

N

Көрсеткіштің атауы

Жолдың коды

Сомасы

1.

Кезең соңындағы тауар-материалдық қорлар

70


2.

Жабдықтың кезеңдегі амортизациясы

80


3.

Кезең ішінде өндірілген өнімнің (орындалған жұмыстың) жиынтық құны

90


4.

Филиал (өкілдік) қызметінен алынған таза кіріс (шығын)

100


5.

Қазақстан Республикасының бюджетіне ұсталған салық

110


6.

Филиал (өкілдік) қызметінен бас компанияның шотына аударылған кіріс:



7.

резидент тапсырыс берушілер

120


8.

резидент емес тапсырыс берушілер

130


  Бас бухгалтер __________________________       _____________
                     (аты-жөні)                    (қолы)

Орындаушы __________________________________________________
                           (аты-жөні, телефоны) 

200 ____ жылғы "____"_____________

3-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау

      Осы қосымшада жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру туралы есептік деректер көрсетіледі.
      Осы қосымшаны толтыру мақсатында тікелей инвесторларға мыналар жатады:
      бас компания;
      бас компанияның шетелдегі құрылымдық бөлімшесі;
      бас компанияның дауыс беретін акциялардың немесе қатысушылар даусының кемінде 10% (он пайызын) иеленген құрылтайшылары және/немесе акционерлері.
      Тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша операциялар нақты ақы төлеу уақыты бойынша емес, олардың жүзеге асырылу мерзімі (тауарды нақты жеткізу, қызметті нақты көрсету) бойынша көрсетіледі. Бұл ретте тауарларды Қазақстан Республикасында ресімдеу күні, ал тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы орын ауыстыруы көзделмейтін және Қазақстан Республикасында тиісті кедендік ресімдеу талап етілмейтін шарттар бойынша тауарды шарттың талаптарына сәйкес өткізу күні тауар экспортының/импортының күні саналады. Орындалған қызмет көрсетулерді (жұмысты) қабылдау актісіне қол қойылған күн нақты қызмет көрсету (жұмысты орындау) күні болып табылады. Егер шартта орындалған қызмет көрсетулерді (жұмысты) қабылдау актісін көзделмесе, қызмет көрсетілген күн ретінде шот-фактураны ұсынған күнді санаған дұрыс.
      Барлық операциялар мың АҚШ долларымен көрсетіледі. Шетел валютасындағы және теңгедегі өзге операциялар операция жасалған күнгі бухгалтерлік есепке алу мақсатында қабылданған валюта айырбастау бағамы ескеріле отырып АҚШ долларына аударылады.
      1-бөлікте жобаларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын тауарларды сатып алу туралы мәліметтер көрсетіледі.
      2-бөлікте жобаларды жүзеге асыру шеңберінде қызмет көрсетудің (жұмыстың) орындалуы туралы мәліметтер көрсетіледі.
      3-бөлікте жобаларды жүзеге асыру үшін сатып алынған қызмет көрсетулер (жұмыс) туралы мәліметтер көрсетіледі.
      2 және 3-бөліктерде:
      2-бағанда орындалған қызмет көрсетулерді (жұмысты) қабылдау актілеріне немесе шот-фактураларындағы төлем мақсатына сәйкес қызмет көрсетулер (жұмыс) бойынша жасалған операциялардың сипаты көрсетіледі.
      3-бағанда көрсетілген қызмет көрсетулер (жұмыс) түрінің коды қызмет көрсетулердің жіктеуіне сәйкес қойылады (1-кесте).
      4-бөлікте резиденттер мен резидент еместер қызметкерлерінің бір тоқсан үшін есептелген жалақысы көрсетіледі. Бұл ретте резидент қызметкерлерге Қазақстан Республикасының азаматтары, вахталық әдіспен жұмысқа тартылған шетелдік қызметкерлерді қоспағанда, бір жыл және одан көп мерзімге жұмысқа жалданған шетелдік қызметкерлер жатады. Резидент емес қызметкерлерге бір жылдан аз мерзімге жұмысқа қабылданған шетелдік қызметкерлер және вахталық әдіспен жұмысқа тартылған шетелдік қызметкерлер жатады.
      5-бөліктің 120 және 130 жолдары бойынша филиалдың (өкілдіктің) жүзеге асырылатын жобалар бойынша, жобаның тапсырыс берушілері филиалдың (өкілдіктің) шетелдік және Қазақстан банктеріндегі шоттарын қоспағанда, бас компанияның шотына тікелей аударылған кірістері көрсетіледі.

                                                           1-кесте

                      Қызмет көрсетулерді жіктеу

N

Қызмет көрсетулер түрлері

Қызмет көрсетулер түрінің коды

1.

Құрылыс қызмет көрсетулері құрылыс келісім-шарттарының ажырамас бөлігі болып табылатын, құрылыс учаскесін дайындау, объектілер салу, құрастырылмалы құрылғылар мен жабдықтарды құрастыру кіретін барлық тауарлар мен қызмет көрсетулерді қамтиды. Су ұңғыларын бұрғылау және салу және құрылыс және бұзу жабдығын оператордың жалдауы, құрылыс жөндеу жұмыстары сияқты басқа құрылыс қызмет көрсетулері кіреді.

200

2.

Қаржылық қызмет көрсетулерге қаржылық мәмілелер жөніндегі делдалдардың комиссиялық сыйақылары (кредиттер мен несиелер бойынша комиссиялық сыйақы, банктердің қызметтері және басқалары) және қаржылық консультациялар сияқты басқа қосалқы қаржылық қызмет көрсетулер кіреді. Депозиттер, кредиттер, несиелер және заемдар бойынша пайыздар қаржылық қызмет көрсетулерге кірмейді.  

201

3.

Сақтандыру қызметтері сақтандыру компанияларының әртүрлі сақтандыру қызметін көрсету түрлерімен қамтамасыз етуді, сондай-ақ сақтандыру агенттерінің комиссиялары, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі консультациялар сияқты сақтандыру жөніндегі қосымша қызмет көрсетуді қамтиды. 

202

4.

Компьютерлік қызмет көрсетуге компьютер жабдығына және бағдарламалық қамтамасыз етуге байланысты қызмет көрсетулер және деректерді өңдеу жөніндегі қызмет көрсетулер кіреді. Компьютер жабдығы және бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша консультациялық қызмет көрсетулер, оларды орнату жөніндегі қызмет көрсетулер; компьютерлерді және сыртқы қондырғыларды ұстау мен жөндеу; жүйелерді талдау, дизайны және бағдарламалау; деректер базасын әзірлеу және сақтау; жекелеген пайдаланушылардың тапсырысы бойынша жасалған операциялық жүйелерді қоса алғанда тапсырыс берілген бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу; мазмұны және оқыту сияқты басқа ілеспе қызмет көрсетулер; деректерді өңдеу жөніндегі қызмет көрсетулер; компьютер жабдығын басқару кіреді. Тапсырыспен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу әзірленген бағдарламалық қамтамасыз ету электрондық байланыс арналарымен (электрондық поштамен) жеткізілген жағдайда ғана компьютерлік қызмет көрсетулерде көрсетіледі.
Тапсырыс берушіге электрондық тасымалдауыштармен (дискеталармен немесе дискілермен) жеткізілген немесе компьютерлік жабдықтың бөлігі және мамандандырылмаған компьютерлік оқыту курстары ретіндегі оралған (тапсырыс бойынша емес) және тапсырыс берілген бағдарламалық қамтамасыз ету (жеке тұлғаларға қызмет көрсетулер) ұсынылмайды.

203

5.

Ақпараттық қызмет көрсетулерге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаңалықтар, фотографиялар және мақалалар беру, деректер базасының қызметтері, мерзімдік басылымдарға тікелей жазылу кіреді.

204

6.

Роялти және лицензиялық төлемдер - сауда маркаларын, фирмалық атауын, патенттерді, авторлық құқықты, технологиялық процестерді және басқа материалдық емес активтерді және меншік құқығын заңды пайдаланғаны, сондай-ақ лицензиялық келісімдер негізінде шығарылған түпнұсқалар мен прототиптерді компьютерлік бағдарламалар, кинематографиялық жұмыстар және дыбыс жазу сияқты) пайдаланғаны үшін төлемдер. Егер бағдарламалық өнім электрондық байланыс арналары арқылы жеткізілсе, лицензиялық келісімдер арқылы сатып алынған компьютерлік бағдарламаны пайдалану құқығы роялтиде және лицензиялық төлемдерде көрсетіледі. 

205

7.

Операциялық лизинг - жабдықты қызметкерлерсіз жалдау, көлік құралдарын экипажсыз жалдау. Қаржы лизингі, телекоммуникациялық желілерді немесе қуат көздерін (телекоммуникациялық қызмет көрсетулер), көлік құралдарын экипажымен жалдау (жүк немесе жолаушылар тасымалдау) енгізілмейді.

206

8.

Жылжымайтын мүлікті жалдау - жер учаскелерін, үйлерді, ғимараттарды немесе басқа жылжымайтын мүлікті жалдау.

207

9.

Тауарларды күрделі және ағымдағы жөндеу - құрылыс жөндеуді, компьютер жөндеуді және мұнай мен газ ұңғыларын жөндеуді қоспағанда кез келген тауарды жөндеу. Тауарларға техникалық қызмет көрсету сәулет, инженерлік және басқа да техникалық қызмет көрсетулерде көрсетіледі. Көлік кәсіпорындарының көлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуі (мысалы, әуежайлардағы техникалық қызмет көрсету) қосалқы көлік қызмет көрсетулеріне жатады. 

208

10.

Заң қызметін көрсету - заң кеңесі мен консультациялары; заң, сот және заң шығару процестерде қызмет көрсету; фирмаларға жедел көмек көрсету; заң құжаттамаларын дайындау; арбитраж қызметін көрсету және т.с.

209

11.

Бухгалтерлік, аудиторлық қызмет көрсету - бухгалтерлік есеп, есепшілік, аудит және салық салу қаржылық есептілік жасау бойынша консультациялық қызмет көрсету. 

210

12.

Бизнес және басқару консультациясы бойынша қызмет көрсету - басқару саласындағы қызмет көрсетулер; жалпы басқару консультациялары, қаржы менеджементі, кадр менеджементі, өндіріс менеджементі және басқа басқару консультациялары; саясат және стратегия бизнесі мәселелеріндегі консультациялар, басшылық және жедел көмек; жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызмет көрсетулер. Құрылыс жобасын басқару (сәулет, инженерлік және басқа да техникалық қызмет көрсетулер) қосылмайды.

211

13.

Жарнама және нарық коньюнктурсын зерттеу саласындағы қызмет көрсетулер - жарнама агенттігі арқылы жарнама жобалау, жарнама жасау және маркетингі; жарнама уақытын сатып алу мен сатуды қоса алғанда бұқаралық ақпарат құралдарына жарнама орналастыру; көрме және сауда жәрмеңкелерін ұйымдастыру; тауарды шетелде жарнамалау; маркетингтік зерттеулер; әртүрлі мәселелер бойынша қоғамдық пікір сұрау.

212

14.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары және тәжірибе-конструкторлық әзірлеулер - түбегейлі зерттеулер, қолданбалы зерттеу, бұйымдар мен технологиялардың жаңа түрлерін тәжірибелік әзірлеулер; техникалық жаңа енгізілмелерді білдіретін операциялық жүйелерді әзірлеу. 

213

15.

Сәулет, инженерлік және басқа да техникалық қызмет көрсетулер - сәулет және құрылыс жобаларын әзірлеу, құрылыс жобаларын басқару; геологиялық барлау және зерттеу, картография; метеорологиялық қызмет көрсетулер; сапаны тексеру және сертификаттау, техникалық сынау және талдау, техникалық бақылау; инженерлік консультациялар және қоршаған орта бойынша консультациялар. Кен өндіру инженериясы мұнда енгізілмейді, ал пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты қызмет көрсетулерде көрсетіледі.

214

16.

Қалдықтарды қайта өңдеу және тазалау - радиоактивті және басқа қалдықтарды қайта өңдеу; ластанған топырақты және ағынды суды тазалау; мұнай қалдықтарын қоса алғанда ластануды тазалау; кен өндіру орындарын қалпына келтіру; тазалау және санитарлық қызмет көрсетулер. Сондай-ақ қоршаған ортаны тазалауға және қайта жаңғыртуға байланысты барлық қызмет көрсетулер кіреді.  

215

17.

Пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты қызмет көрсетулер - бұрғылауды, бұрғылау мұнараларды салуды, жөндеуді және бұзуды, мұнай және газ ұңғыларын цементтеуді қоса алғанда мұнай, газ және басқа пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты қызмет көрсетулер; кен өндіру инженериясы.

216

18.

Кадрларды оқыту және даярлау - қызметкерлерді кәсіби оқыту және біліктілігін арттыру. Шет тілдерін оқыту, мектепте, ЖОО-да және басқа жерде оқыту үшін ақы төлеу (жеке тұлғаларға қызмет көрсету) қосылмайды.

217

19.

Медициналық қызмет көрсету - қызметкерлерге олардың кәсіби қызметтерін жүзеге асыруға байланысты медициналық қызмет көрсету. Емделу және санатория қызметі үшін ақы төлеу (жеке тұлғаларға қызмет көрсету) қосылмайды.

218

20.

Сыртқы сауда қызметтері - қаржы делдалдарының (қаржылық қызмет көрсетулерді) және көліктегі агенттердің (қосымша көлік қызмет көрсетулері) комиссияларын қоспағанда тауарлармен және қызмет көрсетулермен сыртқы сауда мәмілелері жөніндегі агенттердің комиссиялық сыйақысы.

219

21.

Басқа да қызмет көрсетулер - кадрлар іріктеу, күзет, ауызша және жазбаша аударма, фотографиялық қызмет көрсетулер, үй-жайларды жинау, тамақтануды ұйымдастыру, риэлтерлік қызмет көрсетулер және жоғарыда аталған қызмет көрсетулерге енгізілмеген басқа іскерлік қызмет көрсетулер.  

220

22.

Жүк тасымалдау - көлік кәсіпорындарының экспорттық және импорттық жүктер тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетулері. 

221

23.

Жолаушы тасымалдау - көлік кәсіпорындарының жолаушыларды чартерлік рейстермен (билет сатып алмай) тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетулері. 

222

24.

Қосалқы көлік қызмет көрсетулері - тиеу-түсіру жұмыстары, сақтау және қоймаға салу, орау, көлік құралдарына қосалқы қызмет көрсету, сондай-ақ агенттердің жүк және жолаушы тасымалдауға байланысты комиссиялық сыйақылары кіреді. Қосалқы көлік қызмет көрсетулеріне тасымалдау (жүк немесе жолаушы тасымалдау) құны кірмейді. 

223

25.

Байланыс қызметі - пошта қызметі, курьерлік қызмет көрсету және телекоммуникациялық қызмет көрсетулер кіреді. Телекоммуникациялық қызмет көрсетулер дыбысты, бейнені немесе басқа ақпаратты телефон, телетайп, телеграф, радио тарату, спутниктік байланыс, электрондық пошта, факс көмегімен өткізуді қамтиды. Іскерлік желілік қызмет көрсету, телеконференциялар және ілеспе қызмет көрсетулер кіреді. Оларға өткізілетін ақпараттың құны кірмейді. Сондай-ақ интернет және желіге кіру кіреді. Телефон желісін (құрылыс қызметтері), деректер базасының және компьютерлік қызмет көрсетулерімен байланысты кіру және деректер базасының ақпаратын пайдалану қызметтері кіреді. 

224

26.

Жеке тұлғаларға қызмет көрсету және мәдениет және демалыс саласында қызмет көрсету - білім беру және сауықтыру қызмет көрсетулері, мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетулер, актерлер мен режиссерлердің қаламақылары және мәдениет және демалыс саласындағы басқа қызмет көрсетулер кіреді. 

225

                                       Қазақстан Республикасының
                                       аумағында қызметін жүзеге
                                      асыратын резидент еместердің
                                         валюта операцияларының
                                        мониторингін жүзеге асыру
                                           ережесіне 4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 N 109 Қаулысымен.

20 ____ жылғы ____ тоқсандағы
Банктердегі шоттардағы қаражат қозғалысы туралы есеп 

___________________________________________________________________
бас компания филиалының (өкілдігінің) атауы
_______________________________________________________
КҰЖЖ коды
______________________________________________
БСН (бар болса)

                                       шоттың мың валюта бірлігімен

N
п/п

Көрсеткіштің атауы

Жол-
дың
коды

Шетелдегі банктердегі шоттар

USD

EUR

RUR

басқа-
лары

А

Б

В

1

2

3

4

1.

Кезең басындағы қалдық

200





2.

Кезеңде түскен қаражат

210





3.

оның ішінде:






4.

Резидент еместерден

211





5.

оның ішінде






6.

тікелей инвесторлардан  қаржылық заемдар

212





7.

тауарларды (жұмысты, қызмет көрсетуді)

213





8.

Басқалары

214





9.

Резиденттерден түскені

215





10.

оның ішінде






11.

тікелей инвесторлардан қаржылық заемдар

216





12.

Қазақстан банктерінен қаржылық заемдар

217





13.

тауарларды (жұмысты, қызмет көрсетуді) төлеуге

218





14.

Басқалары

219





15.

Филиалдың (өкілдіктің)
шоттарынан аударылғаны

220





16.

оның ішінде






17.

Қазақстан банктеріндегі
шоттардан

221





18.

шетелдегі банктердегі
шоттардан

222





19.

Валюталарды айырбастаудан аударылғаны

223





20.

оның ішінде






21.

теңгемен шетел валютасын сатып алудан (сатудан)

224





22.

басқа шетел валютасына шетел валютасын сатып алудан

225





23.

Кезеңде жұмсалған қаражат

250





24.

оның ішінде:






25.

Резидент еместерге жұмсалғаны

251





26.

оның ішінде






27.

тікелей инвесторлардан қаржылық заемдарды өтеуге

252





28.

тауарларды (жұмысты,  қызмет көрсетуді) төлеуге

253





29.

Басқасы

254





30.

Резиденттерге жұмсалғаны

255





31.

оның ішінде






32.

тікелей инвесторлардан қаржылық заемдарды өтеуге

256





33.

Қазақстан банктерінен  қаржылық заемдарды өтеуге

257





34.

тауарларды (жұмысты, қызмет көрсетуді) төлеуге

258





35.

Басқасы

259





36.

Филиалдың (өкілдіктің) шотына аударылғаны

260





37.

оның ішінде






38.

Қазақстан банктерінің шоттарына

261





39.

шетелдегі банктерінің шоттарына

262





40.

Валюталарды айырбастауға аударылғаны

263





41.

оның ішінде






42.

теңгемен шетел валютасын сатып алуға (сатуға)

264





43.

басқа шетел валютасына шетел валютасын сатып алуға

265





44.

Кезең соңындағы қалдық

290





  кестенің жалғасы

N
п/п

Қазақстан банктеріндегі шоттар

KZT

USD

EUR 

RUR

басқалары

А

5

6

7

8

9

1.






2.






3.






4.






5.






6.






7.






8.






9.






10.






11.






12.






13.






14.






15.






16.






17.

Х

Х

Х

Х

Х

18.






19.






20.






21.

Х





22.

Х





23.






24.






25.






26.






27.






28.






29.






30.






31.






32.






33.






34.






35.






36.






37.






38.

Х

Х

Х

Х

Х

39.






40.






41.






42.


Х

Х

Х

Х

43.

Х





44.






  Бас бухгалтер __________________________       _____________
                     (аты-жөні)                    (қолы)

Орындаушы __________________________________________________
                           (аты-жөні, телефоны) 

200 ____ жылғы "____"_____________

4-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау

      Шоттар деп филиалдың (өкілдіктің) Қазақстан банктерінде және шетелдегі банктерде ашылған ағымдағы және жинақ шоттары, сондай-ақ филиалдар (өкілдіктер) жүзеге асыратын жобаларды қаржыландыру үшін мердігер компаниялар ашқан бірлескен шоттар түсіндіріледі.
      Қаржылық заемдарға ақша беру туралы сұратулар ("Cash Call Loan") - егер филиалдың (өкілдіктің) қажеттілігі олардың түсімінен асып кеткен жағдайға ақша бөлу туралы сұратуларға заемдар кіреді. (Бас компания жобаларды қаржыландыру үшін пайдаланылатын осындай сұратуларды және оның құрылымдық бөлімшесінің ағымдағы қызметіне (өндіріс қуат көздерін және инфрақұрылым объектілерін салу) ақы төлеу үшін белгіленген (анықталған) мөлшердегі соманы резервтейді.
      1-3, 5-8-бағандары тиісінше АҚШ долларымен, Еуромен, Ресей рублімен және теңгемен ашылған шоттар бойынша шот валютасының мың бірлігімен толтырылады.
      4, 9-бағандары өзге валюталармен (АҚШ долларынан, Еуродан, Ресей рублінен және теңгеден басқа) ашылған шоттар бойынша мың АҚШ долларымен толтырылады. Бұл ретте операциялар операция жасау күнгі бухгалтерлік есепке алу үшін қабылданған валюта айырбастау бағамы ескеріліп АҚШ долларына аударылады. Кезең соңындағы қалдық кезең соңындағы бухгалтерлік есепке алу үшін қабылданған валюта айырбастау бағамы ескеріліп АҚШ долларына аударылады.
      Есепті жасау кезінде мынадай талаптарды орындауды қамтамасыз ету қажет:
      1-3, 5-8-бағандар бойынша 200 жол + 210 жол - 250 жол = 290 жол 1-9-бағандар бойынша:
      кезең басындағы қалдықтар өткен кезеңнің соңындағы қалдықтармен сәйкес келуі тиіс;
      210 жол = 211 жол + 215 жол + 220 жол + 223 жол;
      211 жол = 212 жол + 213 жол + 214 жол;
      215 жол = 216 жол + 217 жол + 218 жол + 219 жол;
      220 жол = 221 жол + 222 жол;
      223 жол = 224 жол + 225 жол;
      250 жол = 251 жол + 255 жол + 260 жол + 263 жол;
      251 жол = 252 жол + 253 жол + 254 жол;
      255 жол = 256 жол + 257 жол + 258 жол + 259 жол;
      260 жол = 261 жол + 262 жол;
      263 жол = 264 жол + 265 жол.

                                       Қазақстан Республикасының
                                       аумағында қызметін жүзеге
                                      асыратын резидент еместердің
                                         валюта операцияларының
                                        мониторингін жүзеге асыру
                                           ережесіне 5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 N 109 Қаулысымен.

Өнім өндіру, тікелей инвесторлардың заемдарын тарту
және қызмет көрсету туралы болжамдық көрсеткіштер 

  ________________________________________________________________
            бас компания филиалының (өкілдігінің) атауы
  ________________________________________________________________
                             КҰЖЖ коды
 ________________________________________________________________
                          БСН (бар болса)

                                                мың АҚШ долларымен

Р/с
N

Көрсеткіштің атауы

Жол-
дың
коды

Ағым-
дағы
жыл

20 __ жыл

20__ жыл

20__ жыл

1.

Өнім өндіру (шикі мұнай, газ өндіру және қызмет көрсетуді (жұмысты) орындау

410





2.

Филиалдың (өкілдіктің) болжанатын таза кірісі

411





3.

Филиал (өкілдік) және шетелдік тікелей инвесторлар арасындағы қаражаттар ағыны

4.

Шетелдік тікелей инвесторлардан түсім

420





5.

оның ішінде қаржы заемдары бойынша

421





6.

Шетелдік тікелей инвесторларға ақша аудару

422





7.

оның ішінде қаржы заемдары бойынша

423





8. 

Шетелдік тікелей инвесторлардан қаржы заемдары бойынша сыйақы

424





9.

Филиал (өкілдік) және Қазақстандық тікелей инвесторлар арасындағы қаражаттар ағыны

10.

Қазақстандық тікелей инвесторлардан түсім

430





11.

оның ішінде қаржы заемдары бойынша

431





12.

Қазақстандық тікелей инвесторларға ақша аудару

432





13.

оның ішінде қаржы заемдары бойынша

433





14.

Қазақстандық тікелей инвесторлардан қаржы заемдары бойынша сыйақы

434





  Басшы __________________________       _____________
          (аты-жөні)                    (қолы)

Орындаушы __________________________________________________
                           (аты-жөні, телефоны) 

200 ____ жылғы "____"_____________

5-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау

      Тікелей инвесторлардан түсімге ақша, жабдық және филиалдың (өкілдіктің) шығындарын тікелей инвесторлардың өзге қаржыландыруы (тікелей инвесторлардың тауарлар (жұмыс, қызмет көрсетулер) үшін ақы төлеуі) кіреді.
      Тікелей инвесторлардың ақша аударуына сыйақыны қоса алғанда заемдарды өтеу, сондай-ақ жабдықты тікелей инвесторларға қайтару кіреді.
      Тікелей инвесторлар - 3-қосымшада келтірілген анықтауларға сәйкес келеді.
      Қаржы заемдары - 4-қосымшада келтірілген анықтауларға сәйкес келеді.

                                       Қазақстан Республикасының
                                       аумағында қызметін жүзеге
                                      асыратын резидент еместердің
                                         валюта операцияларының
                                        мониторингін жүзеге асыру
                                           ережесіне 6-қосымша

     Ескерту. 6-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 N 109 Қаулысымен. 

                   200___ жылғы  ____ тоқсандағы
             ___________________________ жобасы бойынша
                    жобаның атауы 

Өнімді бөлу туралы келісім (бұдан әрі - ӨБК) бойынша 
шығындарды өтеу және пайданы бөлу туралы мәліметтер 
________________________________________________________________
             бас компания филиалының (өкілдігінің) атауы

______________________________________________
                    КҰЖЖ коды
______________________________________________
                 БСН (бар болса)

                                                мың АҚШ долларымен

Р/сN 

Мердігер
компанияның
атауы

ӨБК бойынша
шығындар

ӨБК бойынша
кірістер

Өнімді бөлу
- мердігер
компанияның
үлесі

Өте-
летін
шығын-
дар

Өтел-
мейтін
шығын-
дар

Есеп-
телген
Аплифт

Төлен-
ген
Аплифт

Кост-
ойл

Профит-
ойл

1. Резидент мердігер компаниялар

















1. Резидент емес мердігер компаниялар

















  Бас бухгалтер __________________________       _____________
                     (аты-жөні)                    (қолы)

Орындаушы __________________________________________________
                           (аты-жөні, телефоны) 

200 ____ жылғы "____"_____________

             6-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау

Осы қосымшаны операторлар ұсынады
Көрсеткіштердің анықтаулары:
1. Мердігер компания - мердігер құрамына кіретін ӨБК қатысушысы
2. Аплифт - шығынның өтелмеген бөлігіне есептелген/төленген пайыз
3. Кост-ойл - өтемдік мұнай-газ шикізаты
4. Профит-ойл - пайда келтіретін мұнай-газ шикізаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады