Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты (негізді) бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 426 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 5 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4008. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007.05.07. N 185 бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007.05.07. N  185  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  3-бабы 5-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) бекітілсін.
      2. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (М.Т.Мамашев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы      
Қаржы министрінің        
2005 жылғы 22 желтоқсандағы  
N 426 бұйрығымен бекітілген  

  Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына
сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін
бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын
әзірлеу жөніндегі нұсқаулық
(негіз)

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) (бұдан әрі - Нұсқаулық) ұйымдарға қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу кезінде жәрдемдесуге арналған.

      2. Нұсқаулық бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын (бұдан әрі - шоттардың жұмыс жоспары) әзірлеу жөніндегі жалпы талаптарды айқындайды.

      3. Шоттардың жұмыс жоспарын әзірлеу Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі заңнамасының талаптарына, осы Нұсқаулыққа және бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бухгалтерлік есепті жүргізу растығы қағидатына сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Шоттардың жұмыс жоспары

      4. Шоттардың жұмыс жоспары бухгалтерлік есептегі операцияларды тіркеу және топтау жүйесін білдіреді және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қажет синтетикалық және талдамалық шоттардың (қосалқы шотты қоса алғанда) толық тізбесін қамтиды.

      5. Ұйым шоттарының жұмыс жоспары ұйым қызметінің ерекшелігіне сәйкес осы Нұсқаулыққа сай әзірленеді. Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен құрылтай құжаттарына сәйкес ұйым қызметінің қажеттіліктеріне негіздей отырып синтетикалық және талдамалық шоттарды ашады.

      6. Шоттардың жұмыс жоспарын ұйымның басшысы бекітеді.

  3. Шоттардың жұмыс жоспарын әзірлеу тәртібі

      7. Шоттардың жұмыс жоспарындағы бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Нұсқаулықта белгіленген өтімділікті азайту ретінде ашылады. Шоттардың жұмыс жоспарына Нұсқаулыққа қосымшада анықталған бухгалтерлік есеп шоттары жұмыс жоспарының синтетикалық шоттар топтарының тізбесіне сәйкес ұйымның қызметін көрсету үшін қажет синтетикалық шоттар енгізіледі.

      8. Шоттардың жұмыс жоспарындағы бухгалтерлік есеп шоттарының нөмірлері төрт белгіден тұрады. Нөмірдің бірінші саны бөлімге тиістілігін, өтімділікті азайту тәртібімен орналасқан екіншісі - кіші бөлімге тиістілігін, үшіншісі - синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін, төртінші сан - синтетикалық шоттардың орналасу өтімділігі тәртібімен ұйым дербес анықтайды.

  4. Шоттардың жұмыс жоспарының бөлімдері

      8. Шоттардың жұмыс жоспары мынадай бөлімдерді қамтиды:
      1-бөлім - "Қысқа мерзімді активтер",
      2-бөлім - "Ұзақ мерзімді активтер",
      3-бөлім - "Қысқа мерзімді міндеттемелер",
      4-бөлім - "Ұзақ мерзімді міндеттемелер",
      5-бөлім - "Капитал мен резервтер",
      6-бөлім - "Кірістер",
      7-бөлім - "Шығыстар",
      8-бөлім - "Өндірістік есепке алу шоттары".

  5. 1 "Қысқа мерзімді активтер" бөлімінің шоттары

      9. 1 "Қысқа мерзімді активтер" бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған. Актив, егер:
      оны іске асыру болжамдалса, немесе ұйымның қалыпты операциялық циклінің барысында ол сату немесе пайдалану үшін ұсталынса;
      ол негізінен сауда мақсатында немесе қысқа мерзімге және оны іске асыру баланстың күнінен кейін он екі айдың ішінде күтілсе;
      пайдалануда шек қойылмайтын ақша немесе оның баламасында болса қысқа мерзімді актив ретінде жіктеледі.
      Барлық қалған активтер ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.

      10. "Қысқа мерзімді активтер" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
      1000 - "Ақша қаражаты",
      1100 - "Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары",
      1200 - "Қысқа мерзімді дебиторлық берешек",
      1300 - "Қорлар",
      1400 - "Ағымдағы салық активтері",
      1500 - "Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер",
      1600 - "Өзге қысқа мерзімді активтер".

      11. 1000 "Ақша қаражаты" кіші бөлімі ақша қаражатын есепке алуға арналған мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
      1010 - "Кассадағы теңгемен ақша қаражаты", онда кассадағы ұлттық валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
      1020 - "Кассадағы валютамен ақша қаражаты", онда кассадағы шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
      1030 - "Жолдағы теңгемен ақша қаражаты", онда жолдағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
      1040 - "Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты", онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
      1050 - "Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты", онда ағымдағы банктік шоттардағы шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
      1060 - "Депозиттік банк шоттарындағы ақша қаражаты", онда депозиттік банк шоттарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
      1070 - "Арнайы шоттардағы ақша қаражаты", онда арнайы шоттардағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады.
      12. 1100 "Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары" кіші бөлімі қысқа мерзімді қаржы инвестицияларын есепке алуға арналған мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
      1110 - "Қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар", онда ұйымдардың мерзімі бір жылға дейін берген қарыздары есепке алынады;
      1120 - "Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржы активтері", онда бағалардың қысқа мерзімді ауытқуларынан пайда алу мақсатында сатып алынған қысқа мерзімді активтер есепке алынады. Қаржы активтерін егер ол құрылымы қысқа мерзімді перспективада пайда алуға ынталандыру туралы куәландыратын портфельдің бір бөлігі болып табылса, оны сатып алу себептеріне қарамай саудаға арналған ретінде жіктеген жөн. Туынды қаржы активтері хеджерлеудің тиімді құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда саудаға арналған ретінде қаралады;
      1130 - "Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар", онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда өтеу мерзімі басталғанға дейін ұйым иелік етуге берік ниетті және қабілетті тіркелген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қысқа мерзімді қаржы активтері есепке алынады;
      1140 - "Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы инвестициялары", онда мынадай санаттарға кірмеген қысқа мерзімді қаржы инвестициялары есепке алынады:
      ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек;
      өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;
      саудаға арналған қаржы активтері;
      1150 - "Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялар есепке алынады.
      13. 1200 "Қысқа мерзімді дебиторлық берешек" кіші бөлімі қысқа мерзімді дебиторлық берешекті есепке алуға арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
      1210 - "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі", онда бір жылға дейін мерзімі бар сатылған өнім және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
      1220 - "Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі", онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдарға ұсынылған құжаттар бойынша есептеулердің бар-жоғы мен қозғалысына байланысты операциялар және еншілес ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
      1230 - "Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі", онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
      1240 - "Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі", онда филиалдардың шоттарына ақша қаражатының түсуі және есептен шығуы жөніндегі операциялар және филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
      1250 - "Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі", онда қызметкерлердің:
      активтерді сатып алуға есеппен берілген ақша қаражаты, қызметтерге ақы төлеу, қызметтік іссапарлар мен басқалар;
      қызметкерлерге берілген қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысына байланысты операциялар, сондай-ақ ұйымға қызметкер келтірген материалдық шығынды (кемшін шығу, талан-таражға салу, бүліну және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу және қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
      1260 - "Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", онда ағымдағы кезеңде операциялық және қаржылық жалдау бойынша ағымдағы жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар есепке алынады;
      1270 - "Алуға қысқа мерзімді сыйақылар", онда мыналар:
      акциялар (қатысу үлестері) бойынша есептелген дивидендтер;
      қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар, берілген қарыздар, сатып алынған қаржы инвестициялары, сенімді басқару және өзге есептелген сыйақылар жөніндегі дебиторлық берешектің қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;
      1280 - "Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген, бір жылға дейін мерзімі бар өзге дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы, алынған вексельдер бойынша, сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша берешек;
      1290 - "Күмәнді талаптар бойынша резерв", онда күмәнді талаптар бойынша резервтерді құруға және оның қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі.

      14. 1300 "Қорлар" кіші бөлімі қарапайым қызмет барысында сатуға арналған, немесе сату үшін өндіріс процесінде, немесе өндірістік процесте немесе қызметтер ұсыну кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтерді есепке алуға арналған.
      Осы кіші бөлім мынадай топтарды қамтиды:
      1310 - "Шикізат және материалдар", онда өндірістік процесте одан әрі пайдалануға арналған шикізат және материалдар есепке алынады;
      1320 - "Дайын өнім", онда дайын және аяқталмаған өнім есепке алынады;
      1330 - "Тауарлар", онда сатып алынған және қайта сатуға сақталған тауарлардың қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;
      1340 - "Аяқталмаған өндіріс", онда аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады;
      1350 - "Өзге қорлар", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қорлар есепке алынады;
      1360 - "Қорларды есептен шығару бойынша резерв", онда қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғалысына байланысты немесе моральдық жағынан ескеруге байланысты операциялар көрсетіледі.

      15. 1400 "Ағымдағы салық активтері" кіші бөлімі бюджетпен есеп айырысу кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің артық төленген сомасын, сондай-ақ ұсынылған шот-фактуралар бойынша есепке алуға жататын қосылған құн салығының сомасын есепке алуға арналған.
      Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
      1410 - "Корпорациялық табыс салығы", онда бюджетке артық төленген корпорациялық табыс салығын көрсетуге байланысты операциялар, сондай-ақ корпорациялық табыс салығын төлеу бойынша аванстық төлемдер көрсетіледі;
      1420 - "Қосылған құн салығы", онда есепке алуға жататын, оның ішінде салық заңнамасына сәйкес өтеуге жататын қосылған құн салығы, сондай-ақ бюджетке артық төленген қосылған құн салығы бойынша операциялар көрсетіледі;
      1430 - "Өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер", онда ұйымның банктік шотына аударуға жататын және салық заңнамасына сәйкес есепке алуға жататын өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есепке алынады.

      16. 1500 "Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер" кіші бөлімі егер олардың теңгерімдік құны жалғастыратын пайдалану жолымен емес, негізінен сату есебінен өтелетін болса, сатуға арналған ретінде жіктелетін ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған, бұл ретте сату ықтималдығы жоғары болып табылады және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
      1510 - "Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер", онда сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жабдық;
      1520 - "Сатуға арналған істен шығатын топтар", онда сатуға арналған істен шығатын топтар есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жұмыс істейтін зауыт.

      17. 1600 "Өзге қысқа мерзімді активтер" кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтерді есепке алуға арналған және мынадай баптарды қамтиды:
      1610 - "Берілген қысқа мерзімді аванстар", онда активтерді жеткізу негізінде берілген, сондай-ақ есепті кезең ішінде тапсырысшылардан ішінара дайын бойынша қабылданған өнімдерге, қызметтерге ақы төлеу жөніндегі аванстар және өзге берілген қысқа мерзімді аванстар есепке алынады;
      1620 - "Алдағы кезеңдердің шығыстары", онда есепті жылдың ішінде қазіргі кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы кезеңдерге қатысты шығыстар есепке алынады;
      1630 - "Өзге қысқа мерзімді активтер", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтер бойынша операциялар есепке алынады.

  6. 2 "Ұзақ мерзімді активтер" бөлімінің шоттары

      18. 2 "Ұзақ мерзімді активтер" бөлімінің шоттары, ұйымның ұзақ мерзімді ретінде топтастырылатын активтерін есепке алуға арналған.
      2 "Ұзақ мерзімді активтер" бөлімінің шоттары мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
      2000 - "Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар",
      2100 - "Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек",
      2200 - "Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар",
      2300 - "Инвестициялық жылжымайтын мүлік",
      2400 - "Негізгі құралдар",
      2500 - "Биологиялық активтер",
      2600 - "Барлау және бағалау активтері",
      2700 - "Материалдық емес активтер",
      2800 - "Кейінге қалдырылған салықтық активтер",
      2900 - "Өзге ұзақ мерзімді активтер".

      19. 2000 "Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар" кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестицияларды, ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті қоспағанда ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған.
      Осы кіші бөлім мынадай шоттар тобынан тұрады:
      2010 - "Ұзақ мерзімді берілген қарыздар", онда ұйым бір жылдан асатын мерзімге берген қарыздар есепке алынады;
      2020 - "Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар", онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда, ұйым өтеу мерзімі жеткенге дейін иелік етуге берік ниетті және қабілетті, бекітілген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қаржы активтері есепке алынады;
      2030 - "Сатуға арналған қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар", онда мынадай санаттарға кірмеген қаржы активтері есепке алынады:
      ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек,
      өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;
      2040 - "Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді қаржы активтері есепке алынады, мысалы өзіндік құны бойынша есепке алынатын еншілес ұйымдарға берілетін инвестициялар, үйлесімді шоғырланым әдісімен есепке алынатын бірлесіп бақыланатын ұйымдарға берілетін инвестициялар.

      20. 2100 "Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек" кіші бөлімі ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті есепке алуға арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
      2110 - "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі", онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар көрсетіледі;
      2120 - "Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі", онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және еншілес ұйымдардың өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешектері көрсетіледі;
      2130 - "Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі", онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және бірлескен ұйымдардың өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешектері көрсетіледі;
      2140 - "Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі", онда филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі есепке алынады;
      2150 - "Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі", онда қызметкерлерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысымен байланысты операциялар, сондай-ақ қызметкердің ұйымға бір жылдан асатын мерзімде келтірген материалдық зиянды (кемшін шығу, ұрлау, бүлдіру және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу көрсетіледі;
      2160 - "Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек", онда алдағы кезеңдер үшін операциялық және қаржылық жалдау бойынша жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар және жалдау бойынша өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешек есепке алынады;
      2170 - "Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар", онда қаржылық жалдау, берілген қарыздар, сатып алынған қаржылық инвестициялар, сенімгерлік басқару бойынша есептелген сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің қозғалысымен байланысты операциялар және өзге де алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар көрсетіледі;
      2180 - "Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша алынған вексельдер бойынша берешек.

      21. 2200 "Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар" кіші бөлімі мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
      2210 - "Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар", онда үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын қауымдастырылған және тәуелді ұйымдарға берілетін инвестициялар бойынша операциялар көрсетіледі.
      Үлестік қатысу әдісі дегеніміз - есепке алудың бұл әдісіне сәйкес инвестициялар бастапқы кезде іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алынады, ал содан соң инвестордың инвестиция объектісіндегі таза активтер үлесінің сатып алғаннан кейінгі болған өзгеруіне түзетіледі.

      22. 2300 "Жылжымайтын мүлікке инвестициялар" бөлімі инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алуға арналған. Жылжымайтын мүлікке инвестициялар дегеніміз - жалдау төлемдерін немесе капиталдың құн өсімінен немесе екеуінен де табыс алу мақсатында билігіндегі (иесінің немесе қаржылық жалдау шарты бойынша жалға алушының) жылжымайтын мүлік (жер немесе ғимарат, не ғимараттың бір бөлігі, не екеуі де), бірақ мыналар:
      өндірісте пайдалану немесе әкімшілік мақсаттар үшін тауарларды жеткізу, қызметтер көрсету; немесе:
      кәдімгі шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес.
      Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
      2310 - "Жылжымайтын мүлікке инвестициялар", онда жылжымайтын мүлікке салынатын инвестициялар есепке алынады;
      2320 - "Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың амортизациясы және құнсыздануы", егер ұйым инвестициялық жылжымайтын мүлікті бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүліктің барлық объектілері іс жүзіндегі шығындардан жинақталған амортизацияны және құнсызданған активтердің жинақталған шығындарын қоспай өлшенетін іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алудың моделін таңдаса, онда құнсызданудан пайда болған амортизация мен шығындардың сомалары осы шотта шоғырландырылады.

      23. 2400 "Негізгі құралдар" кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке алуға арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
      2410 - "Негізгі құралдар",
      2420 - "Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы".
      Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық активтер, оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе тауарларды болмаса көрсетілетін қызметтерді беру үшін, басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұстап тұрады және бір кезеңнен көп пайдалану болжанады.
      Негізгі құралдар бірнеше түрге бөлінеді. Негізгі құралдардың түрі дегеніміз - сипаты және ұйымның қызметінде пайдаланылуы жағынан ұқсас активтердің бірлестігі. Мыналар:
      жер;
      жер және ғимараттар;
      машиналық құралдар;
      кемелер;
      ұшақтар;
      автокөліктік құралдар;
      жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы мүлік; және
      кеңсе жабдығы жекелеген түрлердің мысалдары болып табылады.
      Негізгі құралдарды бірнеше түрлерге бөлуге байланысты синтетикалық шоттар ашылады.
      Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша немесе барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған кейінгі жинақталған шығындарды қоспай қайта бағалау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.
      Құнсызданудан пайда болған амортизация мен шығындарды шоғырландыруға 2420 "Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы" шоттар тобы арналған.

      24. 2500 "Биологиялық активтер" кіші бөлімі ауыл шаруашылық қызметімен байланысты биологиялық активтерді есепке алуға арналған және мынадай шоттар тобынан тұрады:
      2510 - "Өсімдіктер",
      2520 - "Жануарлар".
      Биологиялық актив дегеніміз - жануар немесе өсімдік. Биологиялық актив бастапқы таныған сәтте және баланстың әрбір күнгі жағдайы бойынша әділ құнын жеткілікті сенімді деңгейде өлшеуге болмайтын жағдайлардан басқа есеп айырысу өткізу шығыстарын қоспай әділ құны бойынша өлшенеді.

      25. 2600 "Барлау және бағалау активтері" кіші бөлімі минералдық ресурстарды барлау мен бағалауға дейінгі қызмет барысында, сондай-ақ минералдық ресурстарды өндірудің техникалық жағынан жүзеге асушылығы және коммерциялық орындылығы айқын болғаннан кейін шеккен шығыстарды қоспағанда минералдық ресурстарды барлау мен бағалауға арналған шығыстарды есепке алуға арналған.
      Барлау және бағалау активтерін бастапқы бағалауға мыналар:
      барлауға арналған құқықтарды иелену;
      топографиялық, геологиялық, геохимиялық және геофизикалық зерттеулер;
      барлап бұрғылау;
      шұңқырларды қазу;
      сынақты алу;
      минералдық ресурстарды шығарудың техникалық жүзеге асушылығы мен коммерциялық пайдалылығын бағалауға қатысты қызмет бойынша шығыстар енгізілуі мүмкін.
      2610 - "Барлау және бағалау активтері", онда шығыстарды барлау және бағалау активтері ретінде танумен байланысты операциялар көрсетіледі.
      2620 - "Барлау және бағалау активтерінің амортизациясы және құнсыздануы", онда барлау және бағалау активтерінің амортизациясының және құнсыздануының сомалары шоғырландырылады.

      26. 2700 "Материалдық емес активтер" кіші бөлімі материалдық емес активтерді есепке алуға арналған. Материалдық емес активтер дегеніміз - басқа тараптарға жалға беру мақсатында немесе әкімшілік мақсатында өндірісте пайдалану немесе тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді жеткізу үшін ұсталатын нақты нысаны жоқ сәйкестендірілетін монетарлық емес актив. Осы кіші бөлім мынадай шоттар тобынан тұрады:
      2710 - "Гудвилл", онда гудвиллдің болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар көрсетіледі. Гудвилл дегеніміз - жеке сәйкестендіруге және бөлек тануға болмайтын активтерден туындайтын алдағы экономикалық пайдалар;
      2720 - "Гудвиллдің құнсыздануы", онда құнсызданудан болуы мүмкін залалдар тұрғысынан жүйелі жүргізілетін тестілеу қорытындылары бойынша гудвиллдің құнсыздануын көрсету жөніндегі операциялар ескеріледі;
      2730 - "Өзге материалдық емес активтер", онда сипаты және ұйымның қызметінде қолданылу жағынан ұқсас активтер тобы есепке алынады, мысалы:
      тауарлық белгілер;
      титулдық және баспа құқықтары;
      компьютерлік бағдарламалық қамсыздандыру;
      лицензиялар мен франшизалар;
      өнеркәсіптік меншікке арналған авторлық құқықтар, патенттер және басқа құқықтар, көрсетілетін қызметтерге және пайдалануға арналған құқықтар;
      рецептілер, формулалар, модельдер, сызбалар және тәжірибелік үлгілер; және
      әзірлеу процесіндегі материалдық емес активтер.
      2740 - "Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы және құнсыздануы", онда материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын амортизация мен залалдардың сомалары шоғырландырылады, бұл ретте пайдалы қолданудың анықталмаған мерзімі бар материалдық емес активтерге амортизация есептелмейді, бірақ жыл сайын құнсыздануға тест жүргізіледі.

      27. 2800 "Кейінге қалдырылған салықтық активтер" кіші бөлімі қалдырылған корпорациялық табыс салығын есепке алуға арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
      2810 "Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер", онда мыналарға:
      шегерілетін мезгілдік айырмаға,
      алдағы кезеңге пайдаланылмаған салық залалдарын көшіруге; және
      алдағы кезеңге пайдаланылмаған салық кредиттерін көшіруге байланысты алдағы кезеңде өтелуге жататын пайдаға салынатын салықтардың сомасы есепке алынады.
      Мезгілдік айырма дегеніміз - активтің немесе міндеттеменің теңгерім құны мен олардың салық базасы арасындағы айырма. Шегерілетін мезгілдік айырма дегеніміз - нәтижесінде тиісті актив немесе міндеттеме теңгерім құнының орны толтырылған немесе өтелген жағдайда алдағы кезеңдердің пайдасына (салық залалына) салық салуды анықтаған кезде шегерімдер болып табылатын мезгілдік айырма.

      28. 2900 "Өзге ұзақ мерзімді активтер" кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
      2910 - "Берілген ұзақ мерзімді аванстар", онда активтерді беруге берілген, сондай-ақ тапсырысшылардан ішінара дайын өнімге, көрсетілетін қызметтерге мерзімі бір жылдан асатын аванстар және өзге берілген ұзақ мерзімді аванстар есепке алынады;
      2920 - "Алдағы кезеңдердің шығыстары", онда қазіргі есепті кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы есепті кезеңдерге жататын шығыстар есепке алынады;
      2930 - "Аяқталмаған құрылыс", онда аяқталмаған құрылыс бойынша шығындар есепке алынады, мысалы:
      негізгі құралдарды салумен байланысты,
      жабдықты монтаждау бойынша,
      келешекте жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде пайдалану болжанатын объектінің құрылысымен байланысты шығындар;
      2940 - "Өзге ұзақ мерзімді активтер", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді активтердің өзге топтары есепке алынады.

  7. 3 "Қысқа мерзімді міндеттемелер" бөлімінің шоттары

      29. 3 "Қысқа мерзімді міндеттемелер" бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйым міндеттемелерін есепке алуға арналған. Егер ұйымның қалыпты операциялық циклы барысында міндеттемені төлеу жорамалданса немесе ол баланс күнінен кейін он екі ай ішінде орындалуға тиіс болса ол қысқа мерзімді міндеттеме ретінде жіктеледі. Барлық қалған міндеттемелер ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінде жіктеледі.

      30. 3 "Қысқа мерзімді міндеттемелер" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
      3000 - "Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер",
      3100 - "Салықтар бойынша міндеттемелер",
      3200 - "Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер",
      3300 - "Қысқа мерзімді кредиторлық берешек",
      3400 - "Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері",
      3500 - "Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер".

      31. 3000 "Қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері" кіші бөлімі қысқа мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, 1 жылға дейінгі мерзіммен қысқа мерзімді қаржы міндеттемелерін есептеуге арналған. Қаржы міндеттемелері - бұл шартпен уағдаласылған міндеттемелер:
      - басқа ұйымның ақша қаражаттарын немесе өзге қаржы активтерін беруге; немесе
      - ықтимал тиімсіз шартпен басқа ұйыммен қаржы құралдарымен алмасуға.
      3000 "Қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері" кіші бөлімі шоттардың келесі топтарын қамтиды:
      3010 - "Қысқа мерзімді банктік қарыз", мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен алынған банктік қарыздар есепке алынады;
      3020 - "Қысқа мерзімді алынған қарыз", мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен банктік емес ұйымдардан алынған қарыздар есепке алынады;
      3030 - "Қатысушылардың дивидендтері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", мұнда жарғылық капиталда үлесі бар заңды тұлға қатысушыларына акциялар бойынша дивидендтерді және кірістерді есептеу және төлеу бойынша операциялар көрініс табады;
      3040 - "Ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі", мұнда ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі, мысалы қаржылық жал, қарыздар бойынша міндеттемелер есепке алынады;
      3050 - "Өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері", мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері есепке алынады.

      32. 3100 "Салық бойынша міндеттемелер" кіші бөлімі ұйымның салық төлеу жөніндегі міндеттемелерін есепке алуға арналған және шоттардың келесі топтарын қамтиды:
      3110 - "Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы", мұнда төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы есепке алынады;
      3120 - "Жеке табыс салығы", мұнда жеке табыс салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
      3130 - "Қосылған құн салығы", мұнда қосылған құн салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар есепке алынады;
      3140 - "Акциздер", мұнда акциздерді есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
      3150 - "Әлеуметтік салық", мұнда әлеуметтік салықты есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
      3160 - "Жер салығы", мұнда жер салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
      3170 - "Көлік құралдары салығы", мұнда көлік құралдарына салық есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
      3180 - "Мүлік салығы", мұнда мүлікке салық есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
      3190 - "Өзге салықтар", мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге салықтарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады.

      33. 3200 "Басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер" кіші бөлімі, салықты алып тастағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеуге тиісті міндетті және ерікті төлемдерді есепке алуға арналған және шоттардың келесі топтарын қамтиды:
      3210 - "Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер", мұнда әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
      3220 - "Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер", мұнда зейнетақы аударымдарын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
      3230 - "Басқа міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер", мұнда басқа міндетті төлемдер, мысалы алымдар, мемлекеттік баждар, төлемдер бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
      3240 - "Басқа ерікті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер", мұнда басқа ерікті төлемдер бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады.

      34. 3300 "Қысқа мерзімді кредиторлық берешек" кіші бөлімі бір жылға дейінгі мерзіммен кредиторлық берешекті есепке алуға арналған және шоттардың келесі топтарын қамтиды:
      3310 - "Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек", мұнда бір жылдан кем төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу бойынша шығыстарды қоса алғанда, сатып алынған активтер мен пайдаланылған қызметтер үшін жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар жөнінде операциялар және жеткізушілердің мердігерлерге өзге қысқа мерзімді берешегі көрініс табады;
      3320 - "Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек", мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және еншілес ұйымдарға өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады;
      3330 - "Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек", мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады;
      3340 - "Филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек", мұнда филиалдар және құрылымдық бөлімшелер шоттарына ақша қаражатының түсуі және оны есептен шығару жөніндегі операциялар және филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады;
      3350 - "Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек", мұнда қызметкерлерге қызметкерлер тиісті қызметтерді көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде толық көлемде төлеуге жататын сыйақылар (демалыс жәрдемақыларынан және үлескерлік құралдарымен өтемақы төлемдерінен басқа) және еңбекақы төлеу бойынша өзге қысқа мерзімді берешектер есепке алынады;
      3360 - "Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек", мұнда қысқа мерзімді жалдау бойынша жалдау міндеттемелерін төлеумен байланысты операциялар және жалдау бойынша өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады;
      3370 - "Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі", мұнда ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігін төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
      3380 - "Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар", алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар көрініс табады;
      3390 - "Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек", мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.

      35. 3400 "Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері" кіші бөлімі белгісіз уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде анықталған қысқа мерзімді бағалау міндеттемелерін есептеуге арналған.
      Бағалау міндеттемелері мынадай жағдайларда мойындалады, егер:
      ұйымның өткен оқиғалар нәтижесінде ағымдағы міндеттемелері (заңды немесе тәжірибеден туындайтын) болса;
      міндеттемені өтеу үшін экономикалық пайданы мұндай істен шығу талап етілмейді деген ықтималдылықтан жоғары қамтитын ресурстарды істен шығару талап етілу ықтималдығы;
      міндеттеме сомасының сенімді есеп айырысуы жасалуы мүмкін.
      Бағалау міндеттемелерінің кредиторлық берешек және есептеулер сияқты басқа міндеттемелерден айырмашылығы бар, себебі міндеттемелерді өтеу үшін қажет болашақ шығындар уақытына немесе сомасына қатысты тұрлаусыздық бар.
      Берілген кіші бөлімшоттардың мынадай топтарын қамтиды:
      3410 - "Қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелер", мұнда бір жылға дейінгі кепілдік мерзімімен іске асырылған өнімдер және көрсетілген қызметтер бойынша кепілдік міндеттемелер жөніндегі резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелері көрініс табады;
      3420 - "Заңды наразылықтар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер", мұнда қарау мерзімі бір жылға дейін өтетін сот қуынулары бойынша резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және заңды наразылықтар бойынша өзге қысқа мерзімді міндеттемелер көрініс табады;
      3430 - "Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері", мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды шығындар, сондай-ақ пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге болжалды шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрініс табады;
      3440 - "Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері", мұнда шоттардың алдағы топтарында көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері есепке алынады.

      36. 3500 "Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер" алдағы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған және шоттардың келесі топтарын қамтиды:
      3510 - "Алынған қысқа мерзімді аванстар", мұнда тауарларды, шикізатты, материалдарды жеткізу, қызметтер көрсету негізінде, сондай-ақ тапсырысшыларға ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және өзге алынған қысқа мерзімді аванстар есепке алынады;
      3520 - "Алдағы кезеңдердің кірістері", мұнда ағымдағы айда алынған, бірақ есепті кезеңнің болашақ айларына жатқызылатын кірістер көрініс табады;
      3530 - "Сатуға арналған істен шығатын топтың міндеттемелері", мұнда сатуға арналған істен шығатын топтың міндеттемелері көрініс табады;
      3540 - "Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер", мұнда алдағы топтарды көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелер есепке алынады.

  8. 4 "Ұзақ мерзімді міндеттемелер бөлімінің шоттары"

      37. 4 "Ұзақ мерзімді міндеттемелер" бөлімінің шоттары ұзақ мерзімді болып сыныпталатын ұйымдардың міндеттемелерін есепке алуға арналған.
      4 "Ұзақ мерзімді міндеттемелер" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
      4000 - "Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер",
      4100 - "Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек",
      4200 - "Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері",
      4300 - "Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер",
      4400 - "Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер".

      38. 4000 "Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер" кіші бөлімі ұзақ мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді есепке алуға арналған және шоттардың келесі топтарын қамтиды:
      4010 - "Ұзақ мерзімді банктік қарыздар", бір жылдан асатын мерзіммен алынған банктік қарыздар есепке алынады;
      4020 - "Ұзақ мерзімді алынған қарыздар", бір жылдан асатын мерзіммен банктік емес ұйымдардан алынған қарыздар есепке алынады;
      4030 - "Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер", мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қаржылық міндеттемелер есепке алынады.

      38. 4100 "Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек" кіші бөлімі бір жылдан асатын мерзіммен кредиторлық берешектерді есепке алуға арналған және шоттардың келесі топтарын қамтиды:
      4110 - "Жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек", мұнда бір жылдан асатын төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтерге жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысудың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін өзге ұзақ мерзімді берешек көрініс табады;
      4120 - "Еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек", мұнда бір жылдан асатын мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және еншілес ұйымдарға өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады;
      4130 - "Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек", мұнда бір жылдан асатын мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады;
      4140 - "Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек", мұнда филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады;
      4150 - "Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек", мұнда бір жылдан астам қаржылық және операциялық жалдау бойынша жалдау міндеттемелерін төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
      4160 - "Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар", мұнда алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге арналған есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және төлеуге арналған өзге ұзақ мерзімді сыйақылар көрініс табады;
      4170 - "Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек", мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.

      39. 4200 "Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері" кіші бөлімі ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелерін анықталмаған уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде есепке алуға арналған және баптардың мынадай топтарын қамтиды:
      4210 - "Ұзақ мерзімді кепілгерлік міндеттемелер", мұнда бір жылдан жоғары кепілдік мерзімімен іске асырылған өнім жөніндегі кепілгерлік міндеттемелер бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрініс табады;
      4220 - "Заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері", мұнда қарау мерзімі бір жылдан жоғары сот талап етулері және өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрініс табады;
      4230 - "Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері", мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды шығындар, сондай-ақ он екі ай немесе одан көп уақыттан кейін, қызметкерлер тиісті қызметтер ұсынған кезең аяқталғаннан кейін төлеуге жататын пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге арналған болжалды шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрініс табады;
      4240 - "Өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері", мұнда алдағы шоттар топтарында көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері есепке алынады.

      40. "Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер" кіші бөлімі мерзімі ұзартылған корпорациялық табыс салығын есепке алуға арналған және шоттар топтарын қамтиды:
      4310 "Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер", мұнда салық салынатын уақыттағы айырмаға байланысты болашақ кезеңдерде төлеуге жататын пайдаға салынатын салық сомасы есепке алынады. Салық салынатын уақыттағы айырмалар - активтің немесе міндеттеменің теңгерімдік құны өтелгенде немесе жабылғанда, болашақ кезеңдердің салық салынатын пайдаларын (салық зияндарын) анықтаған жағдайда, салық салынатын сомалардың пайда болуына алып келетін уақытша айырмашылықтар.

      41. 4400 "Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер" кіші бөлімі алдағы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған және шоттардың келесі топтарын қамтиды:
      4410 - "Алынған ұзақ мерзімді аванстар", мұнда тауарларды, шикізатты, материалдарды жеткізу, қызметтер көрсету өзге алынған аванстар негізінде, сондай-ақ жеткізушілерге ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және өзге алынған ұзақ мерзімді аванстар есепке алынады;
      4420 - "Алдағы кезеңдердің кірістері", мұнда болашақ есепті кезеңге жатпайтын, ағымдағы есепті кезеңде алынған кірістер көрініс табады;
      4430 - "Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер", мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер есепке алынады.

  9. 5 "Капитал мен резервтер" бөлімінің шоттары

      42. 5 "Капитал мен резервтер" бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған. Капитал - бұл ұйымның активтерінде оның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалатын үлес.
      Берілген бөлім мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
      5000 - "Шығарылған капитал",
      5100 - "Эмиссиялық кіріс",
      5200 - "Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар",
      5300 - "Резервтер",
      5400 - "Бөлінбеген кіріс (жабылмаған шығын)".

      43. 5000 "Шығарылған капитал" кіші бөлімі шығарылған капиталды есепке алуға арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
      5010 - "Жарияланған капитал", мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған қарапайым, артықшылықты акцияларының жиынтық атаулы құны, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар мен жарналар көрініс табады;
      5020 - "Төленбеген капитал", онда ұйымдардың жарғылық капиталына эмиссияланған акцияларды төлеу, салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі операциялар, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына эмиссияланған акцияларды төлеу жөніндегі жеке тұлғалар мен ұйымдардың берешегі және салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі құрылтайшылардың берешегі көрсетіледі.

      44. 5100 "Эмиссиялық кіріс" бөлімшесі шоттардың мынадай тобын қамтиды:
      5110 - "Эмиссиялық кіріс", онда шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық кіріс ескеріледі.

      45. 5200 "Сатып алынған меншікті үлес құралдары" бөлімшесі сатып алынған меншікті үлес құралдарын есепке алуға арналған және шоттардың мынадай тобын қамтиды:
      5210 "Сатып алынған меншікті үлес құралдары" шоттарының тобын қамтиды, онда өздерінің меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде ұйым келтірген шығындар ескеріледі.

      46. 5300 "Резервтер" бөлімшесі резервтерді есепке алуға арналған, ол қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарына және ұйымның есепке алу саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетіледі, және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
      5310 - "Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал", онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;
      5320 - "Қайта бағалауға арналған резерв", онда қаржылық активтерді, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
      5330 - "Шетелдік валютаның қайта есептеуге арналған резерв", онда монетарлық бап бойынша туындайтын бағамдық айырмалар көрсетіледі, ол барлық жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бөлігін құрайды, меншікті капитал ретінде ұйымның қаржылық есептілігінде, таза инвестициялардың шығарылуына дейін, одан кейін олар кіріс немесе шығыс ретінде танылуы тиіс;
      5340 - "Басқа да резервтер" онда алдындағы топтарда көрсетілмеген басқа да резервтер көрсетіледі.

      47. 5400 "Бөлінбеген кіріс (жабылмаған шығын)" бөлімшесі бөлінбеген кірісті немесе жабылмаған шығынды есепке алу үшін арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
      5410 - "Есептік жылдың пайдасы (шығыны)", онда есептік жылдың пайдасы немесе шығыны көрсетіледі, сондай-ақ есептік жыл үшін түпкі қаржылық нәтижені қалыптастыру жөніндегі ақпарат жинақталады;
      5420 - "Есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (шығынды) түзету", онда есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (шығынды) түзету жөніндегі операциялар көрсетіледі;
      5430 - "Өткен жылдардағы пайда (шығын)", онда өткен жылдардағы пайда (шығын) көрсетіледі.

  10. 6 "Кірістер" бөлімінің шоттары

      48. 6 "Кірістер" бөлімінің шоттары кірістерді есепке алуға арналған және мынадай бөлімшелерді қамтиды:
      6000 - "Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс",
      6100 - "Қаржыландырудан алынатын кірістер",
      6200 - "Басқа да кірістер",
      6300 - "Қысқартылатын қызметке байланысты кірістер",
      6400 - "Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі".
      Кіріс - ол активтердің түсімі немесе өсуі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында есепті кезеңнің ішінде экономикалық пайданы ұлғайту, ол капиталға қатысушы тұлғалардың жарналарымен байланысты ұлғайтудан өте жақсы капиталдың ұлғаюына келтіреді. Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5410 "Есепті жылдың пайдасы (залал)" тобының шоттарына жабылады.

      49. 6000 "Өнімді сатудан және қызметтерді ұсынудан түсетін кіріс" бөлімшесі шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
      6010 - "Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс", онда өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар ескеріледі, және оларға ұқсас операциялар көрсетіледі;
      6020 - "Сатылған өнімді қайтару", онда сатылған өнімді қайтарумен байланысты операциялар көрсетіледі;
      6030 - "Бағадан және сатудан түсетін жеңілдіктер", онда бағадан немесе сатудан берілетін жеңілдікпен байланысты операциялар көрсетіледі.

      50. 6100 "Қаржыландырудан түсетін кіріс" бөлімшесі қаржыландырудан түсетін кірісті есепке алуға арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
      6110 - "Сыйақылар бойынша кірістер", онда қаржылық активтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі, мәселен депозиттер, берілген қарыздар;
      6120 - "Дивидендтер бойынша кірістер", онда бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
      6130 - "Қаржылық жалдау бойынша кірістер", онда активтерге қаржылық жалдауға берілген кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
      6140 - "Инвестициялық жылжымайтын мүлік операцияларынан алынатын кірістер", онда капитал құнының немесе сол және басқаның өсуінен жалдау төлемдері немесе кірістерді алу мақсатында (жалдау шарты бойынша иеленуші немесе жалға алушының) иелігінде бар (жер, ғимарат, немесе олардың бөлігі) жылжымайтын мүліктен кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
      6150 - "Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер", онда қаржылық активтің әділ құнын өзгертуден кірістерді алумен байланысты операциялар немесе кіріс ретінде оның өзгеруін тани отырып әділ құн бойынша бағаланатын міндеттемелер көрсетіледі;
      6160 - "Қаржыландырудан түсетін басқа да кірістер", онда алдындағы топтарда көрсетілмеген қаржыландырудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі.

      51. 6200 "Басқа да кірістер" бөлімшесі басқа да кірістерді есепке алуға арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
      6210 - "Активтердің шығуынан алынатын кірістер", онда мынадай активтерді, мәселен негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сатудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
      6220 - "Өтеусіз алынған активтерден алынатын кірістер", онда өтеусіз алынған активтерге байланысты операциялар көрсетіледі;
      6230 - "Мемлекеттік субсидиялардан алынатын кірістер", онда мемлекеттік субсидиялардан кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
      6240 - "Құнсызданудан залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер", онда қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес пайда және залал туралы есепте кіріс ретінде танылатын активтердің құнсыздануынан залалды қалпына келтірумен байланысты операциялар көрсетіледі;
      6250 - "Бағамдық айырмадан түсетін кірістер", онда есептерде валюталардың әртүрлі айырбас бағамдарын пайдалана отырып есептілік валютасында көрсетілген шетелдік валюта бірліктерінің бірдей санын көрсетудің нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмадан кірістерді алумен байланысты операциялар ескеріледі. Ағымдағы кезеңде олар бастапқы танылған немесе алдыңғы қаржылық есептерде берілгендермен салыстырғандағы бағамдар бойынша ұйымдардың есептілікте монетарлық баптарды өтеу кезінде немесе монетарлық баптарды беру кезінде туындайтын бағамдық айырмалар шетелдік қызметке бағамдық айырманы қоспағанда олардың туындау кезеңінде кіріс немесе шығыс ретінде танылады;
      6260 - "Операциялық жалдаудан түсетін кірістер", онда активтерге операциялық жалдауға берілген кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
      6270 - "Биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер", онда биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
      6280 - "Басқа да кірістер", онда өткен топтарда көрсетілмеген басқа да кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі.

      52. 6300 "Қысқартылатын қызметпен байланысты кірістер" бөлімшесі қысқартылатын қызметке байланысты кірістерді есепке алуға арналған және мынадай шоттар тобын қамтиды:
      6310 "Қысқартылатын қызметпен байланысты кірістер", онда міндеттемелер бойынша сатылған активтер немесе есеп айырысулардан алынатын кірістерге байланысты операциялар көрсетіледі.

      53. 6400 "Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі" үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесін көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
      6410 - "Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі", онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген қауымдастырылған ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі;
      6420 - "Бірлескен ұйымдардағы пайданың үлесі", онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген бірлескен ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі.

  10. 7 "Шығыстар" бөлімінің шоттары

      54. 7 "Шығыстар" бөлімінің шоттары шығыстарды есепке алуға арналған және мынадай бөлімшелерді қамтиды:
      7000 - "Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны",
      7100 - "Өнімді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар",
      7200 - "Әкімшілік шығыстар",
      7300 - "Қаржыландыруға арналған шығыстар",
      7400 - "Басқа да шығыстар",
      7500 - "Қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстар",
      7600 - "Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалдағы үлесі",
      7700 - "Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар".
      Шығыстар - ол активтердің жылыстауы немесе азаюы немесе міндеттемелердің туындауы нысанында есепке алу кезеңінің ішінде экономикалық пайданың азаюы, ол капиталға қатысушы тұлғаларды бөлумен байланысты азайтумен салыстырғанда капиталдың азаюына әкеп соғады. Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5410 "Есепті жылдың пайдасы (залалы)" тобының шоттарына жабылады.

      55. 7000 "Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны" бөлімшесі шоттардың мынадай тобын қамтиды:
      7010 - "Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны", онда сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны ескеріледі.

      56. 7100 - "Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар" бөлімшесі шоттардың мынадай тобын қамтиды:
      7110 - "Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар", онда өнімдерді сатумен және қызметтер көрсетумен байланысты шығыстар есепке алынады.

      57. 7200 "Әкімшілік шығыстар" бөлімшесі шоттардың мынадай тобын қамтиды:
      7200 - "Әкімшілік шығыстар", онда өндірістік процеспен байланысты емес басқару және шаруашылық шығыстары ескеріледі.

      58. 7300 "Қаржыландыруға арналған шығыстар" бөлімшесі қаржыландыруға арналған шығыстарды есепке алуға арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
      7310 - "Сыйақылар бойынша шығыстар", онда қаржылық міндеттемелер бойынша шығыстар, мысалы, алынған қарыздар бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі;
      7320 - "Қаржылық жалдау бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар", онда активтерге қаржылық жалдау алынған шығыстар көрсетіледі, мәселен негізгі құралдарға;
      7330 - "Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден алынатын шығыстар", онда әділ құн бойынша бағаланатын қаржылық актив немесе міндеттеменің әділ құнын өзгертуден түсетін шығыстар көрсетіледі;
      7340 - "Қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар", онда алдындағы топтарда көрсетілмеген қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар көрсетіледі.

      59. 7400 "Басқа да шығыстар" бөлімшесі басқа да өндірістік емес шығыстарды есепке алуға арналған, ол әдеттегі қызмет барысында туындайды және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
      7410 - "Активтердің шығуынан алынатын шығыстар", онда активтерді сатудан түсетін шығыстар ескеріледі, мәселен сатылған негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, қаржылық активтердің өзіндік құны, бөлшектеу бойынша шығыстар;
      7420 - "Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар", онда активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар ескеріледі;
      7430 - "Бағамдық айырма бойынша шығыстар", онда шетелдік қызметке бағамдық айырма бойынша шығыстарды қоспағанда ағымдағы кезеңде олар бастапқы танылған немесе алдыңғы қаржылық есептерде берілгендермен салыстырғандағы бағамдар бойынша ұйымдардың есептілікте монетарлық баптарды өтеу кезінде немесе монетарлық баптарды беру кезінде туындайтын бағамдық айырмалар бойынша шығыстар ескеріледі;
      7440 - "Резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар", онда резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар ескеріледі;
      7450 - "Операциялық жалдау бойынша шығыстар", онда операциялық жалдау бойынша шығыстар ескеріледі;
      7460 - "Биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін шығыстар", онда биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін шығыстар ескеріледі;
      7470 - "Басқа да кірістер", онда өткен топтарда көрсетілмеген басқа да шығыстар ескеріледі.

      60. 7500 "Қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстар" бөлімшесі шоттардың мынадай тобын қамтиды:
      7510 - "Қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстар", онда қысқартылатын қызметпен байланысты міндеттемелер бойынша сатылған активтер немесе есеп айырысулар бойынша шығыстар ескеріледі.

      61. 7600 "Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалындағы үлес" бөлімшесі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалына үлесті көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
      7610 - "Қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлес", онда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі;
      7620 - "Бірлескен ұйымдардың залалындағы үлес" онда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін бірлескен ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі.

      62. 7700 "Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар" бөлімшесі шоттардың мынадай тобын қамтиды:
      7710 - "Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар", онда корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар ескеріледі.

  11. 8 "Өндірістік есепке алу шоттары"
бөлімінің шоттары

      63. 8 "Өндірістік есепке алу шоттары" бөлімінің шоттары өнімді өндіруге және қызметтер көрсетуге арналған ұйымдардың шығындарын есепке алуға арналған. Осы бөлімнің шоттарында олардың пайда болу орындары және басқа да белгілері бойынша шығындарды топтау, сондай-ақ дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүзеге асырылады.
      8 "Өндірістік есепке алу шоттары" бөлімі 8000 "Өндірістік есепке алу шоттары" бөлімшесінен тұрады, ол шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
      8010 - "Негізгі өндіріс", онда негізгі өндіріске арналған шығындар, оның ішінде шикізатқа және материалдарға, еңбек ақы төлеуге және негізгі өндірісте тікелей жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек ақы сомасынан алынатын аударымға, негізгі өндіріске және басқаға жататын жүкқұжат шығыстарына арналған шығындар ескеріледі;
      8020 - "Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары", онда жартылай фабрикаттарды өндіруге арналған шығыстар ескеріледі;
      8030 - "Қосалқы өндірістер", онда өндірістердің шығындары ескеріледі, ол ұйымның негізгі өндірісі үшін қосалқы болып табылады;
      8040 - "Жүкқұжат шығыстары", онда негізгі және қосалқы шығыстар, сондай-ақ меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары бойынша жүкқұжат шығыстары көрсетіледі.

                                 Қаржылық есептіліктің халықаралық
                                  стандарттарына сәйкес қаржылық
                                 есептілікті жасайтын ұйымдар үшін
                                 бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс
                                     жоспарын әзірлеу жөніндегі
                                   нұсқаулыққа (негізге) қосымша

        Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарының
           синтетикалық шоттары топтарының тізбесі

1-бөлім. Қысқа мерзімді активтер

1000

Ақша қаражаттары

1010

Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары

1020

Кассадағы валютамен ақша қаражаттары

1030

Жолдағы ақша қаражаттары

1040

Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары

1050

Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаттары

1060

Депозиттік банктік шоттардағы ақша қаражаттары

1070

Арнайы шоттардағы ақша қаражаттары

1100

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

1110

Қысқа мерзімді берілген қарыздар

1120

Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржылық активтер

1130

Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді инвестициялар

1140

Сатуға арналған қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

1150

Өзге қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

1200

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1210

Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1220

Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1230

Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1240

Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1250

Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1260

Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1270

Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар

1280

Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1290

Күмәнді талаптар бойынша резерв

1300

Қорлар

1310

Шикізат және материалдар

1320

Дайын өнім

1330

Тауарлар

1340

Аяқталмаған өндіріс

1350

Өзге қорлар

1360

Қорларды есептен шығару бойынша резерв

1400

Ағымдағы салықтық активтер

1410

Корпорациялық табыс салығы

1420

Қосылған құн салығы

1430

Өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

1500

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

1510

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

1520

Сатуға арналған істен шығатын топ

1600

Өзге қысқа мерзімді активтер

1610

Берілген қысқа мерзімді аванстар

1620

Алдағы кезеңдердің шығыстары

1630

Өзге қысқа мерзімді активтер

2-бөлім. Ұзақ мерзімді активтер

2000

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

2010

Ұзақ мерзімді берілген қарыздар

2020

Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар

2030

Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

2040

Өзге ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

2100

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек 

2110

Сатып алушылар мен тапсырысшылардың  ұзақ мерзімді берешегі

2120

Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

2130

Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

2140

Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

2150

Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

2160

Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

2170

Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар

2180

Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

2200

Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар

2210

Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар

2300

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар 

2310

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар 

2320

Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың амортизациясы және құнсыздануы

2400

Негізгі құралдар

2410

Негізгі құралдар

2420

Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы

2500

Биологиялық активтер

2510

Өсімдіктер

2520

Жануарлар

2600

Барлау және бағалау активтері

2610

Барлау және бағалау активтері

2620

Барлау және бағалау активтерінің амортизациясы және құнсыздануы

2700

Материалдық емес активтер

2710

Гудвилл

2720

Гудвиллдің құнсыздануы 

2730

Өзге материалдық емес активтер

2740

Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы және құнсыздануы 

2800

Кейінге қалдырылған салықтық активтер

2810

Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер

2900

Өзге ұзақ мерзімді активтер

2910

Берілген ұзақ мерзімді аванстар

2920

Алдағы кезеңдердің шығыстары

2930

Аяқталмаған құрылыс

2940

Өзге ұзақ мерзімді активтер

3-бөлім. Қысқа мерзімді міндеттемелер

3000

Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

3010

Қысқа мерзімді банктік қарыздар

3020

Алынған қысқа мерзімді қарыздар

3030

Қатысушылардың дивидендтері мен кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3040

Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелердің ағымдағы бөлігі

3050

Өзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

3100

Салықтар бойынша міндеттемелер

3110

Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы

3120

Жеке табыс салығы

3130

Қосылған құн салығы

3140

Акциздер

3150

Әлеуметтік салық

3160

Жер салығы

3170

Көлік құралдары салығы

3180

Мүлік салығы

3190

Өзге салықтар

3200

Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер

3210

Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер

3220

Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер

3230

Басқа да міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер

3240

Басқа да еркін төлемдер бойынша өзге міндеттемелер

3300

Қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3310

Берушілер мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек

3320

Еншілес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3330

Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3340

Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3350

Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек

3360

Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек

3370

Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі 

3380

Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар

3390

Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3400

Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері

3410

Қысқа мерзімді кепілгерлік міндеттемелер

3420

Заңды наразылықтар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер

3430

Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері

3440

Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері

3500

Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер

3510

Алынған қысқа мерзімді аванстар

3520

Алдағы кезеңдердің кірістері

3530

Сатуға арналған істен шығатын топтың міндеттемелері

3540

Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер

4-бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

4000

Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер

4010

Ұзақ мерзімді банктік қарыздар

4020

Алынған ұзақ мерзімді қарыздар

4030

Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер

4100

Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

4110

Берушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек

4120

Еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

4130

Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

4140

Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

4150

Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек 

4160

Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар

4170

Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

4200

Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

4210

Ұзақ мерзімді кепілгерлік міндеттемелер

4220

Заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

4230

Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

4240

Өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

4300

Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер

4310

Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салық міндеттемелері

4400

Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер

4410

Алынған ұзақ мерзімді аванстар

4420

Алдағы кезеңдердің кірістері

4430

Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер

5-бөлім. Капитал мен резервтер

5000

Шығарылған капитал

5010

Жарияланған капитал

5020

Төленбеген капитал

5100

Эмиссиялық кіріс

5110

Эмиссиялық кіріс

5200

Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар

5210

Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар

5300

Резервтер

5310

Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резерв капиталы

5320

Қайта бағалауға арналған резерв

5330

Шетел қызметі бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв 

5340

Өзге резервтер

5400

Бөлінбеген кіріс (жабылмаған шығын)

5410

Есептік жылдың пайдасы (шығыны)

5420

Есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (шығынды) түзету

5430

Өткен жылдардағы пайда (шығын)

6-бөлім. Кірістер

6000

Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс

6010

Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс

6020

Сатылған өнімді қайтару

6030

Бағадан және сатудан жеңілдіктер

6100

Қаржыландырудан түскен кірістер

6110

Сыйақылар бойынша кірістер

6120

Дивидендтер бойынша кірістер 

6130

Қаржылық жалдаудан түскен кірістер

6140

Жылжымайтын мүлікке инвестициялармен болатын операциялардан түскен кірістер

6150

Қаржылық аспаптардың әділ құнының өзгеруінен түскен кірістер 

6160

Қаржыландырудан түскен өзге кірістер

6200

Өзге кірістер

6210

Активтерді істен шығарудан түскен кірістер

6220

Өтеусіз алынған активтерден алынған кірістер

6230

Мемлекеттік субсидиялардан түскен кірістер

6240

Құнсызданудан шығындарды қалпына келтіруден түскен кірістер

6250

Бағам айырмасынан түскен кірістер

6260

Операциялық жалдаудан түскен кірістер

6270

Биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен түскен кірістер

6280

Өзге кірістер

6300

Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер

6310

Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер

6400

Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын ұйымның пайда үлесі

6410

Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі

6420

Бірлескен ұйымдардың пайда үлесі

7-бөлім. Шығыстар

7000

Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

7010

Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

7100

Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар

7110

Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар

7200

Әкімшілік шығыстар

7210

Әкімшілік шығыстар

7300

Қаржыландыруға шығыстар

7310

Сыйақылар бойынша шығыстар

7320

Қаржылық жалдау бойынша пайыз төлеуге шығатын шығыстар

7330

Қаржылық аспаптардың әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар

7340

Қаржыландыруға өзге шығыстар

7400

Өзге шығыстар

7410

Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар

7420

Активтердің құнсыздануы бойынша шығыстар

7430

Бағам айырмасы бойынша шығыстар

7440

Резерв құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар

7450

Операциялық жалдау бойынша шығыстар

7460

Биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар

7470

Өзге шығыстар

7500

Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар

7510

Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар

7600

Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын ұйымның шығын үлесі

7610

Қауымдастырылған ұйымдардың шығын үлесі

7620

Бірлескен ұйымдардың шығын үлесі

7700

Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар

7710

Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар

8-бөлім. Өндірістік есептің шоттары

8000

Өндірістік есептің шоттары

8010

Негізгі өндіріс

8020

Жеке меншік өндірістің жартылай фабрикаттары 

8030

Көмекші өндірістер

8040

Жүкқұжат шығыстары

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады