Бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, сондай-ақ қатысушылар мен көрермендерді эвакуациялау және хабарлауды қамтамасыз ету жөніндегі ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 5 қарашадағы N 297 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 5 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4010. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылғы 08 қыркүйектегі № 02-02-18/175 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2011.09.08 № 02-02-18/175 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Спорт ғимараттарын тиімді пайдалану, өткізілім қабілеттілігі нормаларының сақталуына тиісінше бақылауды, қатысушылар мен көрермендерді эвакуациялауды, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, сондай-ақ қатысушылар мен көрермендерді эвакуациялау және хабарлауды қамтамасыз ету жөніндегі ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің Төрағасы Д.Б.Тұрлыхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Министрдің м.а.

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі

      2 желтоқсан 2005 жыл

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі

      12 желтоқсан 2005 жыл

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі

      7 желтоқсан 2005 жыл

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі

      8 желтоқсан 2005 жыл

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет, ақпарат және    
спорт министрінің м.а.     
2005 жылғы 5 қарашадағы    
N 297 бұйрығымен бекітілді  

  Бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық
тәртіпті және қауіпсіздікті, сондай-ақ қатысушылар мен
көрермендерді эвакуациялау және хабарлауды қамтамасыз ету
Ережелері

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, сондай-ақ қатысушылар мен көрермендерді эвакуациялау және хабарлауды қамтамасыз ету ережелері (бұдан әрі - Ереже) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленді және бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы аумағында орындалуға міндетті қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шараларын көздейді.

      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы аумағында бұқаралық-спорттық іс-шараларды дайындауға және өткізуге тікелей қатысатын мына мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер үшін міндетті болып табылады:
      1) ішкі істер, денсаулық сақтау және өрт қауіпсіздігі мемлекеттік органдары;
      2) жоспар бойынша бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізетін ұйымдар;
      3) бұқаралық-спорттық іс-шаралар өтетін спорт ғимараттардың ұйымдары.

      3. Осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген ұйымдар мен мекемелер өз құзыреті шегінде бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу кезінде қатысушылар мен көрермендердің қажетті қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету үшін ықпал етеді.

      4. Бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етуге сондай-ақ, сауда, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, радио хабарларын тарату ұйымдары және телекоммуникация қатысады, олар өздерінің қызметі шеңберінде бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізудің белгіленген тәртібін сақтауға ықпал етеді.

      5. Бұқаралық-спорттық іс-шаралар тек спорттық ғимараттарда және мемлекеттік комиссия мен төрешілер алқасы пайдалануға ресми түрде рұқсат берген жерлерде, барлық қатысушылар ғимараттарды пайдалану, инженерлік жүйелер, спорттық-технологиялық жабдықтар мен мүліктер, сондай-ақ нұсқаулықтар, басқа нормативтік актілердің ережелерін қатаң сақтағанда ғана өткізіледі.

      6. Меншігінде осы ғимараттар бар заңды және жеке тұлғалар спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін реттейтін нұсқаулықтар әзірлейді. Онда қоғамдық тәртіпті сақтауды, көрермендер қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін, жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық жәрдемді және төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда эвакуация тәртібін қамтамасыз ететін шаралар көзделеді. Бұл нұсқаулықтар Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес құрылатын, облыстық (қалалық, аудандық) жергілікті атқару органдары жанындағы бұқаралық-спорттық іс-шаралардың өткізілуін бақылау комиссияларына бекітуге ұсынылады.

      7. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органдарына сәйкес келетін жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен бірге спорттық ғимараттардың инженерлік қызметтерінің, жобалық және құрылыс ұйымдарының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қолданылатын спорттық ғимараттарды пайдалануда құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен мықтылығын орнату, нормативтерге эвакуация жолдарының сәйкестігін, сондай-ақ өрт сөндіру қауіпсіздігін анықтау мақсатында жыл сайын техникалық тексеріс жүргізіледі. Тексеру нәтижелері бойынша облыстық (қалалық, аудандық) жергілікті атқарушы органдарының техникалық тексеріс актілері жасалады.

      8. Осы ережелерде көзделген атқарушы органдарының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу кезінде төтенше жағдайлардың туындауына себеп болған талаптарды орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.

  2. Бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу
кезінде қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікті
қамтамасыз ету ережесі

      9. Бұқаралық-спорттық іс-шаралар қабылданған жоспарларға, ережелерге, көрермендер мен қатысушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі регламенттерге, басқа да нормативтік-құқықтық актілер мен талаптарға сәйкес өткізіледі.

      10. Бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізуде қатысушылар мен көрермендерді қоғамдық тәртіппен және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету кезінде облыстық (қалалық, аудандық) жергілікті атқарушы орган басшысы орынбасарының төрағалық етуімен бұқаралық-спорттық іс-шаралардың өтуін бақылау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады. Бұл комиссияның құрамына мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді.
      Осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына енгізеді.
      Комиссия құрамына қажет болғанда, құрамына спорт ғимараттары мен жарыстар өткізілетін өзге орындардың ерекшеліктерін ескере отырып, тиісті мамандар, осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар мен ұйымдардың және басқа да мүдделі органдардың өкілдері бар жұмыс тобы құрылуы мүмкін.
      Жұмыс тобы іс-шаралардың сипатына, ауа райы мен жарысқа қатысушылардың және көрермендер қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да факторларға байланысты, іс-шараны өткізуге 4 сағат қалғанда объектіні оперативтік-техникалық қадағалауды жүзеге асырып, қажет болған жағдайда анықталған кемшіліктерді жою шараларын қабылдайды. Осы спорт жарысын өткізу мүмкіндігі туралы соңғы шешім, қабылдау хаттамасын ресімдейді. Бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізуді, қоғамдық тәртіппен көрермендер мен қатысушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қиындататын жағдай анықталған кезде, комиссияға іс-шараны өткізуге тыйым салу немесе оны көрермендерсіз өткізу туралы ұсыныс енгізеді.

      11. Халықаралық, республикалық іс-шаралар, спартакиадаларды өткізу кезінде ұйымдастыру комитеттері құрылуы мүмкін.

      12. Бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу мен оған дайындық кезінде барлық қатысушы ұйымдардың қызмет көрсетуші адамдары мен техникалық құралдарының қажетті саны іске қосылады.

      13. Бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу кезінде спорттық ғимараттарда спирттік ішімдіктерді сатуға рұқсат берілмейді. Бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізетін өзге де жерлерде шыны ыдыстардағы сусындар сатуға тыйым салынады.

  3. Бұқаралық-спорттық іс-шараларды дайындық
пен оны өткізуге тікелей қатысатын ұйымдарға
қойылатын талаптар

      14. Іс-шараларды өткізетін ұйымдар:
      1) облыстық (қалалық, аудандық) жергілікті атқарушы органдар мен бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізудің орындары мен мерзімдерін келісу:
      кешенді бұқаралық-спорттық іс-шараларды - 1 жылға;
      халықаралық жарыстарды - 6 ай ішінде;
      республикалық жарыстарды - 3 ай ішінде;
      облыстық, қалалық және аудандық жарыстарды - жарыстың басталуынан 1 ай бұрын келісуді;
      2) осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізілетін спорт ғимараттарында бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу туралы қоғамдық тәртіпті іс-шараларға қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қорғау жөніндегі шаралар көрсетілген спорттық-техникалық талаптарды, бағдарламаны, регламентті, басқа да арнайы талаптарды кешенді бұқаралық-спорттық іс-шараларды - 3 ай; облыстық, қалалық және аудандық жарыстарды - жарыстың басталуынан 1 ай бұрын ұсынады;
      3) іс-шараларға қатысушыларды, төрешілерді, көмекші қызметкерлерді (олардың ғимаратта техника қауіпсіздігі және ішкі тәртіп ережелерін білуі және сақтауы) дайындауды;
      4) спорт түрлері бойынша спорттық іс-шараларды өткізу Ережесін орындауды, төрешілер алқасы мен көмекші қызметкерлердің өз функционалдық міндеттерін атқаруын;
      5) жарысқа қатысушылардың уақытылы келуін, олардың жарыстардың өткізілу ережесін, қоғамдық тәртіп нормаларын, спорттық киімде эстетикалық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      15. Бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізілетін спорттық ғимараттардың ұйымдары:
      1) объектілердегі инженерлік жүйелер мен хабарлау жүйелерінің, ішкі және сыртқы өртке қарсы су құбырларының тоқтаусыз жұмысын, мекемелер мен ғимараттар құрылысының сенімділігін, іс-шараны өткізу кезінде ілінбелі құлыпты қолданбауды, жеңіл ашылып шығу-кіруді (есіктерді, қақпаларды) қамтамасыз ете отырып, трибуналардың, эвакуациялау жолдарының дайындығын, қызмет көрсетуші адамдардың болуын, олардың қызметтік нұсқаулықтарына сәйкес сатылған билет, соның ішінде автокөлікке берілген рұқсат қағаз туралы ақпараттарды және іс-қимылын бақылауды;
      2) іс-шараларға қатысушыларды орналастыру үшін орындарды, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін, қызметшілерді, көпшілік қолданатын орындарды, үй-жайларды арена мен аумақтың санитарлық-гигиеналық тәртібін, өрт сөндіру құралдарының дайындығын;
      3) спорттық іс-шараларды өткізуден екі күн бұрын ішкі істер және өрт қауіпсіздігі мемлекеттік органдарына алда өтетін іс-шараға келетін көрермендердің болжамды саны туралы ақпарат беруді;
      4) көрермендермен, әсіресе, жастар және жасөспірімдермен тәрбиелік және түсіндіру жұмыстарын, тәртіп және өрт қауіпсіздігі үгіттерін жүргізу, осы ретте көрнекі үгіт-насихатты, жергілікті радиотарату желісін пайдаланады;
      5) өрт қауіпсіздігі мемлекеттік органдарының міндетті келісімімен су құбырына орналастырылған өрт техникасын орналастыруды;
      6) өрт техникасының спорттық ғимараттарға еркін кіруді және жақындауды;
      7) спорт ғимараттарында (көрнекі жерлерде) қауіпсіздік белгілерін, көрсеткіштерді, көрермендер тәртібі ережелері мен плакаттар, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар мен эвакуация жоспарларын ілуді;
      8) спорттық-техникалық құрал-жабдықтардың жарысты өткізу ережелеріне сәйкес келуін, олардың функционалдық және табельдік белгісінің жарамдылығын;
      9) көрермендер мен қатысушыларды іс-шаралар жарнамасымен, ақпараттармен, спорт ғимаратынан эвакуациялау тәртібін функционалдық және табельдік белгісімен;
      10) бұқаралық-спорттық іс-шараларға билеттер таратуды;
      11) бақылау-өткізілім тәртібімен қатысушылар және көрермендерді ареналар мен трибуналарға билеттер мен рұқсат қағаздарына сәйкес орналастыру;
      12) қоғамдық тамақтану, медициналық қызмет көрсету орындарымен бірлесе отырып, сондай-ақ көлік қозғалысы мен тұрақты, киім шешу, сақтау бөлмелерімен қамтамасыз етеді.

      16. Орны, трибуналары және секторлары көрсетілмеген кіру билеттерін сатуға және өту қағаздарын беруге, сонымен бірге көрсетілген нормадан асып кеткен билеттерді таратуға рұқсат етілмейді.

      17. Мемлекеттік ішкі істер органдары:
      1) бұқаралық-спорттық іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен қажетті күштердің болуын, спорт шараларын өткізу күні көрермендердің болжамалы саны мен нақты жағдайы туралы ақпараттан кейін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шараларды қабылдауды;
      2) билеттерді сату кезінде касса маңында және спорттық ғимараттар аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауды;
      3) ойындар өтетін орындарға, трибуналарға көрермендер мен қатысушылардың белгіленген тәртіпке сай (ойындар ұйымдастырушысы мен спорт құрылымы әкімшілігімен келісе отырып) қауіпсіз өтуін;
      4) спорт орындарына мас адамдарды жібермеу, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді, шыны ыдыстардағы сусындарды, жарылғыш заттар мен қаруды салуға мүмкін болатын қапшықтарды, портфельдер мен басқа да заттарды спорт ғимараттарында өткізбеуге әкімшіліктің ықпал етуін;
      5) көрермендердің ұйымдасқан түрде ішке енуін және трибуналар мен басқа да жайғасатын жерлерге орналасуын іске асыруда спорт ғимараттарының бақылау-тәртіп қызметі мен әкімшілігіне жәрдем көрсетуді;
      6) спорт ғимараттарының трибуналарында және оған жақын жерлерде қоғамдық тәртіптің, көрермендердің тәртіп ережелерін сақтауын;
      7) көрермендерді трибуналардан және соның аумағынан шығару, сонымен бірге қоғамдық көліктерге отырғызу процестерін басқаруды спорттық ғимараттың тиісті қызметімен бірге жүргізуді;
      8) эвакуациялау жолдарының және өрт қауіпсіздігінің жай-күйін бақылауды қамтамасыз етеді.

      18. Мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органдары:
      1) бұқаралық-спорттық іс-шараны өткізу кезінде өрт бөлімдеріне (есеппен) өрт техникасымен кезекшілік атқаруды;
      2) бұқаралық-спорттық іс-шараны өткізу кезінде қажетті күш пен техниканың болуы, спорттық іс-шараны өткізетін күні көрермендердің болжамды саны мен нақты жағдай туралы ақпаратты ескере отырып, өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету бойынша басқа да қосымша шаралар қабылдауды;
      3) өртке қарсы ішкі және сыртқы сумен қамтамасыз ету жағдайын бақылауды, эвакуациялау жолдарын, байланыс және хабарлау құралдарын, спорт ғимараттарына кіру мен жақындауды, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуын, көрнекі үгіт пен насихатты;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрт қауіпсіздігі жағдайындағы және адам өліміне қауіп төндіретін, жеке бөлмелер мен учаскелерді эвакуациялауға тыйым салуды, тоқтатуды;
      5) спорттық ғимараттардың қызметтерімен сәйкес спорттық ғимараттан, сондай-ақ оған қатысты аумақтан қатысушылар мен көрермендерді эвакуациялау процесін бірге басқаруды қамтамасыз етеді.

  4. Бұқаралық-спорттық іс-шараларға келушілер
мен көрермендерге қойылатын талаптар

      19. Рұқсат етілмейді:
      1) спорт ғимараттарының аумағына кіруге құқық беретін билетсіз немесе құжатсыз кіруге;
      2) бұқаралық-спорттық іс-шараларға кешкі уақытта ата-анасыз балалардың және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің баруына;
      3) қоғамдық тәртіп пен қоғамдық тәртіп нормаларын бұзуға;
      4) өрт қауіпсіздігін бұзуға;
      5) жарысты өткізуге кедергі жасайтын немесе қоршаған ортаға қауіп төндіретін заттарды алып кіруге;
      6) спирттік ішімдіктерді алып кіруге және ішуге;
      7) көрермендерді тәртіпсіздікке, жарыстың бұзылуына айдап салуға;
      8) көрермендердің қалыпты өтуіне және шығуына қауіп тудыруға; 
      9) техникалық жүйелер, өрт сөндіру құралдарын зақымдауды болдырмауға.

  5. Бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізудің
тәртібін реттейтін негізгі құжаттар

      20. Спорттық іс-шараларды өткізуді және ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызметтердің функционалдық міндеттерін көрсететін құжаттардың спорт ғимараттарында болуы міндетті деп саналады:
      1) спорт ғимаратының техникалық пайдалану ережелерін сақтауды көрсететін құжаттар;
      ғимараттың пайдалануға жарамдылығы туралы мемлекеттік комиссияның актісі (құрылыс орындары мен техникалық жүйелердің төзімділігі, сенімділігі, орнатылған көрсеткіштерге сәйкес көрермендерді шығару жолдары, жарысты өткізу үшін жарылыс және өрт қауіпсіздігі спорттық-технологиялық жағдайлармен қамтамасыз ету);
      барлық техникалық қызметтерге арналған техника қауіпсіздігінің нұсқаулығы;
      жарылғыш және өрт қауіпсіздігі туралы нұсқаулық;
      медициналық қызметпен қамтамасыз ету туралы нұсқаулық;
      қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары;
      2) спорттық іс-шаралар өткізуде спорт ғимараттарын пайдаланудың жалпы ережелері көрсетілген құжаттар:
      жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерді есепке ала отырып, облыс (қала, аудан) әкімшілігі бекіткен бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу мен ұйымдастыру ережелерін регламенттейтін нұсқаулық;
      спорт ғимараттарының аумағында көрермендердің жүріп-тұруын, трибуналарды толтыру мен эвакуациялауды ұйымдастыратын схемалар;
      билет кассаларын орналастыру, тамақтану орындарын, гардероб, демалыс орындары, медициналық көмек, өрт сөндіру құралдарын орналастыру;
      спорт ғимараттарында көрермендердің жүріп-тұру ережелері.
      3) әрбір кезекті бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу ережелерін реттейтін құжаттар (немесе біркелкі сериялар);
      жарысты өткізетін ұйым бекіткен спорт түрі бойынша бұқаралық-спорттық іс-шараны өткізу туралы ереже;
      спорт ғимаратының басшысы бекіткен спорттық іс-шаралар өткізуге спорт ғимаратының барлық қызметінің дайындығы туралы актісі;
      комиссия мүшелері қол қойған нысанның жедел-техникалық байқау хаттамасы;
      спорт ғимаратының ақпараттық қызметіне арналған мәтіндер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады