"Тауар таңбасын (қызмет көрсету белгісін) Қазақстан Республикасында жалпыға белгілі деп тану туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрайымының 2002 жылғы 15 тамыздағы N 133 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрайымының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 71-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 17 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4019. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 136 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.04.23 N 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір актілеріне Зияткерлік меншік құқығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес"  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауар таңбасын (қызмет көрсету белгісін) Қазақстан Республикасында жалпыға белгілі деп тану туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрайымының 2002 жылғы 15 тамыздағы N 133  бұйрығына (Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінде 2002 жылғы N 36 жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде N 1960 тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген тауар таңбасын (қызмет көрсету белгісін) Қазақстан Республикасында жалпыға белгілі нұсқаулыққа мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Жалпыға белгілі тауар таңбасына (қызмет көрсету белгісіне) сертификат беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.
      Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат уәкілетті органға жалпыға белгілі тауар таңбасына (қызмет көрсету белгісіне) берілетін сертификат берілгенге дейін ұсынылады.".

      2. Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу өнеркәсіптік меншік саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету басқармасымен қамтамасыз етілсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрайымының орынбасары А.Х.Әмірғалиевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық арнайы жарияланған күннен бастап күшіне енсін.

       Төрайым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады