"Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерін атестаттау және тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрайымының 2002 жылғы 4 қарашадағы N 188 Бұйрығына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрайымының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 69-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрігінде 2006 жылғы 20 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4024. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 28 шілдедегі № 223 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010.07.28 № 223 Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне зияткерлік меншік құқығы мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерін атестаттау және тіркеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрайымының 2002 жылғы 4 қарашадағы N 188 Бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2040 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2003 жылғы N 2 бюллетенінде жарияланған) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

      аталған Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерін атестаттау және тіркеу Ережесінде:

      30-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) патенттік сенім білдірілген өкілдерді атестаттаған үшін мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "54. Тізілімге енгізілген деректер негізінде патенттік сенім білдірілген өкілді атестаттаған үшін мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат ұсынылған кезде Комитет патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлік береді.".

      2. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрайымының орынбасары А.Х.Әмірғалиевке жүктелсін.

      3. Осы Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төрайым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады