"Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға және тұтынылған коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 246/47-ІІ шешіміне (Астана қаласының әділет департаментінде 2003 жылғы 30 шілдеде N 283 тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қалалық мәслихатының 2005 жылғы 17 ақпандағы N 119/16-ІІІ шешімі. Астана қаласының Әділет Департаментінде 2005 жылғы 14 наурызда N 379 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі N 387/51-IV Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010.09.22  N 387/51-IV Шешімімен.

      Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға және тұтынылған коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабын  басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты былай деп  ШЕШТІ:

      1. "Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға және тұтынылған коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 246/47-ІІ  шешіміне  (бұдан әрі - шешім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі туралы";
      2) шешімнің кіріспесіндегі "Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметін көрсетуге ақы төлеудің жаңа принциптеріне көшу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі  N 437  қаулысымен" сөздері "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі  N 949  қаулысымен" сөздерімен ауыстырылсын;
      3) шешімнің 1-тармағындағы "Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға және тұтынылған коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі" сөздері "Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі" сөздерімен ауыстырылсын;
      4) шешімге қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі";
      5) шешімнің қосымшасының кіріспесіндегі "Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметін көрсетуге ақы төлеудің жаңа принциптеріне көшу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі  N 437  қаулысымен" сөздері "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі  N 949  қаулысымен" сөздерімен ауыстырылсын;
      6) шешімге қосымшада:
      бүкіл мәтін бойынша "және тұтынылған коммуналдық қызметтер" сөздері "тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтері" сөздерімен ауыстырылсын;
      14-тармақта "тұрғын үйді ұстауға" сөздерінен кейін "қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтері" сөздерімен толықтырылсын;
      19-тармақта "және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек" сөздері "мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, қала бюджетінің қаражатынан мерекелік күндерге материалдық көмек, бала туғанда және жерлеуге біржолғы жәрдемақылар" сөздерімен ауыстырылсын;
      мәслихаттың шешіміне қосымша мына мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
      "24-1. Тұрғын үй жәрдемақысын алушының материалдық жағдайын назарға ала отырып, комиссия тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде ақыны ішінара төлегенде төленбеген соманы кейіннен өтеу арқылы тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға құқылы";
      7) Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға және тұтынылған коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесіне 1, 2-қосымшаларындағы "1-қосымша" және "2-қосымша" сөздерінен кейін "Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға және тұтынылған коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесіне" сөздері "Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі" сөздерімен ауыстырылсын;
      8) Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға және тұтынылған коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесінің 1-қосымшасындағы "және тұтынылған коммуналдық қызметтер" сөздері "тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтері" сөздерімен ауыстырылсын.

       Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрайымы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

      КЕЛІСІЛГЕН:

       Астана қаласының Жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      департаментінің директоры

      Астана қаласының Қаржы
      департаментінің директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады