Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.09.01 N 23-782қ қаулысымен
"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi N 754 қаулысына, "Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-III "Астана қаласы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тiзбесi туралы" шешiмiне сәйкес Астана қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 3-1-459қ, толықтырылды - 2005 жылғы 27 тамыздағы N 23-10-640қ қаулыларымен.
1. Қоса берiлiп отырған Азаматтардың жекелеген санаттарына шипажайлық-курорттық емделуге жолдамалар беру Қағидасы бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары С.С. Мұстафинаға жүктелсін.
Әкiм
Әкiмнің бiрiншi орынбасары
Әкiмнің орынбасары
Әкiмнің орынбасары
Әкiмнің орынбасары
Әкiмнің орынбасары
Әкiм аппаратының басшысы
"Астана қаласының Қаржы
департаментi" мемлекеттiк
мекемесiнің директоры
"Астана қаласының Экономика
және бюджеттi жоспарлау
департаментi" мемлекеттiк
мекемесiнiң директоры
Құжаттамалық сараптама
бөлiмi меңгерушiсiнiң
мiндетiн атқарушы
"Астана қаласының Денсаулық
сақтау департаментi"
мемлекеттiк мекемесi
директорының мiндетiн атқарушы
"Астана қаласының Жұмыспен
қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар департаментi"
мемлекеттiк мекемесiнiң
директоры
Астана қаласы әкiмдiгінiң
2005 жылғы 25 ақпандағы
N 3-1-148қ қаулысымен
бекiтiлген
Азаматтардың жекелеген санаттарына
шипажайлық-курорттық емделуге жолдамалар беру
ҚАҒИДАСЫ <*>
Ескерту. Қағидаға өзгертулер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 3-1-459қ, Қағида жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 27 тамыздағы N 23-10-640қ қаулыларымен.
Осы Азаматтардың жекелеген санаттарына шипажайлық-курорттық емделуге жолдамалар беру Қағидасы (бұдан әрi - Қағида) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi N 754 қаулысына, Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-III "Астана қаласы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тiзбесi туралы" шешiмiне сәйкес әзiрлендi.
1. Қағида шипажайлық-курорттық емделуге (бұдан әрi - Жолдамалар) Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын келесi азаматтардың санаттарына жолдамаларды ақысыз беру тәртiбiн анықтайды:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге;
2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге және оған теңестiрiлген адамдарға;
3) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектерге;
4) мүгедек балаларға.
2. Қағиданың 1-тармағында көрсетiлген азаматтардың шипажайлық-курорттық емделуi Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мамандандырылған мекемелерде жүзеге асырылады.
3. Азаматтардың жекелеген санаттарына шипажайлық-курорттық емделу "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Департамент) әкiмгерi болып анықталған "Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау" бағдарламасының "Шипажайлық-курорттық емделу бойынша жеңiлдiктер" iшкi бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
4. Азаматтардың жекелеген санаттарын шипажайлық-курорттық емдеудi қаржыландыру көзi Астана қаласының бюджетi болып табылады.
5. Осы Қағиданың 1-тармағында көрсетiлген азаматтарға жолдамаларды Департамент тиiстi қаржылық жылға бөлiнген бюджеттiк қаражаттар шегiнде бередi.
2. Жолдамаларды алуға қажеттi құжаттардың тiзiмi
6. Осы Қағиданың 1-тармағында көрсетiлген азаматтар Жолдамаларды алуға белгiленген нысандағы өтiнiшпен (Қағидаға 1-қосымша) хабарласады және келесi құжаттарды (түпнұсқалар мен көшiрмелердi) ұсынады:
1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат;
2) өтiнiш берушiнiң заңды өкiлi құқықтығын растайтын құжат (мүгедек балалар үшiн);
3) Қағиданың 1-тармағында көрсетiлген азаматтардың санаттарын растайтын құжат;
4) денсаулық сақтау ұйымы берген шипажайлық-курорттық картасы;
5) мүгедектер үшiн - мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi (зейнеткерлiк жасқа келген мүгедектерден басқа);
6) тұрғындар есебiнiң кiтабы немесе азаматтарды тiркеу кiтабы.
Салыстырудан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады. Қажеттi құжаттары бар өтiнiштi қабылдағаннан кейiн өтiнiш берушiге өтiнiш берушiнiң тiркелу нөмiрi мен мерзiмi көрсетiлген жыртылмалы талон берiледi.
3. Жолдамаларды сатып алу және берудiң тәртiбi
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаларына сәйкес Департамент жыл сайын азаматтардың шипажайлық-курорттық емделуi бойынша қызмет жеткiзушiлермен шарттар жасасады.
Жеткiзушiлердi анықтау кезiнде Департамент шипажайлық-курорттық картасында көрсетiлген денсаулық сақтау ұйымының кепiлдемесiн, жағдайын және емделу мерзiмiн ескередi.
8. Жеткiзушiлер Департаментке ай сайын емделу аяқталғаннан кейiн шипажайлық-курорттық емделуден өткен тұлғалардың тiзiмi көрсетiлген атқарылған жұмыстардың актiсiн ұсынуға мiндеттi.
9. Департамент келiп түскен өтiнiштерге сәйкес жыл сайын азаматтардың тiзiмiн жасайды және айларға бөлiп, өтiнiштердiң кезек тәртiбiмен (тiркелу) Жолдамаларды ұсынады.
10. Жолдама беруден бас тартылған жағдайда Департамент өтiнiш қабылдаған күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге жазбаша түрде дәлелдi бас тартуды беруге мiндеттi.
11. Департаменттiң бiрiншi басшысымен (немесе оның орынбасарымен) қол қойып және мөрмен бекiтiлiп берiлген Жолдамада шипажайлық-курорттық емделуге құқылы тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты көрсетiледi.
12. Берiлген Жолдамалар нөмiрленген, тiгiлген және Департаменттiң мөрiмен расталған шипажайлық-курорттық емделуге берiлген жолдамаларды есепке алу және тiркеу журналында ескерiледi (Қағидаға 1-қосымша).
13. Өтiнiш берушi Департаменттен шипажайлық-курорттық емделудiң басталуынан он күнтiзбелiк күннен кеш емес уақытта Жолдамасын алуға мiндеттi.
14. Шипажайлық-курорттық емделу орнына дейiнгi және керi қайту жолақысының құнын төлеу Жолдама алушының жеке қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
15. Кезектен тыс Жолдамаларды алу құқығын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi пайдаланады.
16. Шипажайлық-курорттық емделуден өтiнiш берушi өз талабы бойынша бас тартқан, жолдаманы белгiлi бiр себептермен (қайтыс болған, сырқаттану және департамент дәлелдi деп таныған басқа да) пайдалануға мүмкiндiк болмаған жағдайларда, ол Департаментке қайтарылуы және тiзiмге сәйкес басқа өтiнiш берушiге берiлуi тиiс.
17. Жолдама дәлелдi себептер бойынша пайдаланылмаған жағдайда, берiлген жолдама мүмкiндiгiнше келу кестесiне сәйкес басқа кезеңнiң жолдамасына, бiрақ ауыстырылуға тиiс жолдамада көрсетiлген келу басталғанға дейiн үш күннен кешiктiрiлмей ауыстырылуы мүмкiн.
18. Жолдамалар күнтiзбелiк жылда бiр реттен артық емес 14 күнтiзбелiк күннен кем емес мерзiмге берiледi.
19. Пайдаланылмаған шипажайлық-курорттық емделу үшiн ақшалай өтемақы төленбейдi.
20. Осы Қағиданы қолдану барысында туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлеген тәртiпте қаралуға жатады.
Астана қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 25 ақпандағы
N 3-1-148қ қаулысымен
Азаматтардың жекелеген
санаттарына шипажайлық-
курорттық емделуге
жолдамалар беруге
Қағидасына 1-қосымша
Астана қаласының
Жұмыспен қамту және
әлеуметтiк бағдарламалар
департаментінің директорына
__________________________
(арызданушының аты-жөні)
__________________________
(әлеуметтік мәртебесі)
__________________________
мекен-жайы бойынша тұратын:
__________________________
__________________________
Телефон __________________
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 27 тамыздағы N 23-10-640қ қаулыларымен.
ӨТІНІШ
Сізден шипажайлық-курорттық емделуге 200__ жылдың __________
айына жолдама беруді сұраймын.
Мына құжаттардың көшірмелерін қоса беріп отырмын:
1) _________________________________________________________
2) _________________________________________________________
3) _________________________________________________________
4) _________________________________________________________
5) _________________________________________________________
Күні ___________________________
(өтініш берушінің қолы)
------------------------------------------------------------------
(жыртылмалы талонның орны)
Департаменттің қызметкерлерімен толтырылады
Өтініш берушінің аты-жөні __________________________________
Өтініш қабылданды 200__ жылғы "___"_______________.
Есепке алуды және өтініштерді тіркеу журналында N____ тіркелген.
Қабылдады _________________________________ __________
(қызметкердің аты-жөні, лауазымы) (қолы)
Астана қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 25 ақпандағы
N 3-1-148қ қаулысымен
Азаматтардың жекелеген
санаттарына шипажайлық-
курорттық емделуге
жолдамалар беруге
Қағидасына 2-қосымша
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 27 тамыздағы N 23-10-640қ қаулыларымен.
Шипажайлық-курорттық емделуге берілген
жолдамаларды есепке алу және тіркеу
ЖУРНАЛЫ
р/с |
Өтініш берушінің (заңды өкілінің) аты-жөні |
Әлеуметтік мәртебесі |
Мекен-жайы |
Өтінішті қабылдау күні |
Емдеуші дәрігерлер ұсынған санаторий |
кестенің жалғасы
Жолдаманың берілген күні |
Жолдама берілген шипажайдың атауы |
Жолдама берілген кезең |
Өтініш берушінің (заңды өкілінің) қолы |
Жолдаманың қайтарылған күні және себептері |