Ескерту: Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 23-887қ қаулысымен
________________________________________
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 3-1-1978қ "Астана қаласының жергілікті атқару органдарының кейбір мәселелері туралы" қаулысын ескеріп, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы әкімдігінің мынадай қаулыларына өзгерістер енгізілсін:
1) Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 3-1-550қ "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек-балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы" қаулысындағы (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 10 наурызда N 314 болып тіркелген; 2004 жылғы 30 наурызда N 41 "Астана хабары"; 2004 жылғы 30 наурызда N 35 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған):
преамбула мынадай редакцияда мазмұндалсын:
" Неке және отбасы туралы ", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :";
2-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі Қағидаға сәйкес іс-шаралардың орындалуын жүзеге асырсын.";
3-тармақ алынып тасталсын;
аталған қаулымен бекітілген үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек-балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасындағы:
преамбула мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"Осы Қағида " Неке және отбасы туралы ", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген".";
1-тармақтағы "Астана қаласы Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті" сөздері "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі" сөздерімен ауыстырылсын;
2-тармақта:
"Астана қаласы Білім департаментінің жанындағы" сөздері "Астана қаласының Білім департаменті" мемлекеттік мекемесінің жанындағы" сөздерімен ауыстырылсын;
"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астана қаласы бойынша департаменті" сөздері "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Астана қаласы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі" сөздерімен ауыстырылсын;
6-тармақтағы 5) тармақша мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"5) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астана қаласы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімі берген мүгедектігі туралы анықтама (түпнұсқа);";
13-тармақтағы "Астана қаласы Қаржы департаменті" сөздері "Астана қаласының Қаржы департаменті" мемлекеттік мекемесі" сөздерімен ауыстырылсын.
2) Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-619қ "Соғыс және еңбек ардагерлеріне материалдық көмек көрсету тәртібі туралы" қаулысындағы (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 26 наурызда N 320 болып тіркелген; 2004 жылғы 13 сәуірде N 48 "Астана хабары"; 2004 жылғы 6 сәуірде N 39 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған):
аталған қаулымен бекітілген азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік күндерге біржолғы материалдық көмек көрсету Қағидасында:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"4) Балаларды қорғау күніне - он сегіз жасқа толмаған мүгедек-балаларға - 2000 (екі мың) теңгеден;".
3) Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 25 ақпандағы N 3-1-148қ "Азаматтардың, жекелеген санаттарына шипажайлық-курорттық емделуге жолдамалар беру Қағидасын бекіту туралы" қаулысындағы (Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 25 наурызда N 381 болып тіркелген; 2005 жылғы 14 сәуірде N 50 "Астана хабары"; 2005 жылғы 7 сәуірде N 51 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған):
преамбуладағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" сөздері "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" сөздерімен ауыстырылсын;
аталған қаулымен бекітілген азаматтардың жекелеген санаттарына шипажайлық-курорттық емделуге жолдамалар беру Қағидасында:
преамбуладағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" сөздері "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" сөздерімен ауыстырылсын;
1 тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"4) он сегіз жасқа толмаған мүгедек-балаларға.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары С.С.Мұстафинаға жүктелсін.
Әкім
Әкімнің бірінші орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкім аппаратының басшысы
"Астана қаласының Қаржы
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директор
Құжаттамалық сараптама
бөлімінің меңгерушісі
"Астана қаласының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау департаменті"
мемлекеттік мекемесінің
директоры
"Астана қаласының Жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар департаменті"
мемлекеттік мекемесінің
директоры