Астана қаласы мәслихатының«"Астана қаласында жер учаскелеріне құқық беру ережесі туралы"»2004 жылғы 29 сәуірдегі N 39/7-ІІІ шешіміне (Астана қаласының әділет департаменті 2004 жылғы 11 мамырда N 328 тіркелген) өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 29 наурыздағы N 129/17-III шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 14 сәуірде N 383 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 12 қазандағы N 294/37-ІІІ шешімімен

Ескерту - Астана қаласы мәслихатының
2006 жылғы 12 қазандағы N 294/37-ІІІ шешімінен
Үзінді:

      Жер учаскелеріне құқық беру тәртібін реттеу жөніндегі заң шығару ережесінің өзгеруіне байланысты Астана қаласының мәслихаты былай деп ШЕШТІ:
      1. Мынадай шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
      ...
      "Астана қаласында жер учаскелеріне құқық беру ережесі туралы" 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 39/7-ІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 29 наурыздағы N 129/17-ІІІ шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 383 тіркеген, "Астана хабары" және "Вечерняя Астана" газеттерінде 2005 жылғы 21 сәуірде жарияланған);
      ...
      2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрайымы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы
________________________________________________________

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңының  6-бабын және Қазақстан Республикасының  Жер кодексін  басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты былай деп  ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының "Астана қаласында жер учаскелеріне құқық беру ережесі туралы" 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 39/7-ІІІ  шешіміне  (Астана қаласының әділет департаменті 2004 жылғы 11 мамырда N 328 тіркеген, "Астана хабары" және "Вечерняя Астана" газеттерінде 2004 жылғы 15 мамырда жарияланған) және "Астана қаласы мәслихатының "Астана қаласында жер учаскелеріне құқық беру ережесі туралы" 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 39/7-ІІІ шешімімен бекітілген Жер учаскелеріне құқық беру ережесіне өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 19 қарашадағы  N 97/14-ІІІ  шешіміне (Астана қаласының әділет департаменті 2004 жылғы 23 желтоқсанда N 363 тіркеген, "Астана хабары" газетінде 2005 жылғы 8 қаңтарда және "Вечерняя Астана" газетінде 2005 жылғы 11 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімдермен бекітілген Астана қаласында жер учаскелеріне құқық беру ережесінде:
      1-бөлімнің 2-тармағында "оларда орналасқан қозғалмайтын мүлік объектілерін, уақытша құрылыстарды және т.б. алу (сатып алу) және бұзу нәтижесінде босаған жер учаскелерін беру арқылы" деген сөздер "жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алу және алынған жер учаскелерін пайдаланумен тікелей байланысты жерлерді сатып алу" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

       Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрайымы                      Б. Сыздықова

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                      В. Редкокашин

       КЕЛІСІЛГЕН:

       Астана қалалық жер
      ресурстарын басқару жөніндегі
      комитеттің төрағасы                       Т. Нүркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады