Төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссиясы туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 14 қазандағы N 33-7-770қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 25 қарашада N 418 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 06-526қ қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.05.28 N 06-526қ қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1-қосымшаға сәйкес құрамында Төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссиясы құрылсын және Астана қаласының мәслихатына бекітуге ұсынылсын.
      2. 2-қосымшаға сәйкес Төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссиясының Ережесі бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.С. Есіловке жүктелсін.

      Әкім

      Әкімнің бірінші орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкім аппаратының басшысы

      "Астана қаласының
      Қаржы департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің
      директоры

      Құжаттамалық сараптама
      бөлімінің меңгерушісі

      "Астана қаласының
      Жұмылдыру дайындығы
      және төтенше жағдайлар
      басқармасы"»мемлекеттік
      мекемесінің бастығы

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрлігі
      Астана қаласының төтенше
      жағдайлар жөніндегі
      департаментінің бастығы

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық қауіпсіздік Комитеті
      Астана қаласы бойынша
      департаментінің бастығы

      Астана қаласы Ішкі істер
      департаментінің бастығы

      Астана қаласы Қорғаныс істері
      жөніндегі департаментінің бастығы

      "Астана халықаралық әуежайы"
      ЖАҚ-ның президенті

      "Қазақстан темір жолы"»ұлттық
      компаниясы"»АҚ- ы филиалының
      директоры

      "Астанателеком"»қалалық
      телекоммуникация орталығының
      бас директоры

      "Астанаэнергосервис" АҚ-ның
      басқарма төрағасы

      Астана қаласының
      гидрометеорологиялық
      орталығының директоры

      "Акмоластрой"»АҚ-ның президенті

      "Астана қаласы бойынша
      өрт сөндіру және апаттық
      құтқару қызметі" мемлекеттік
      мекемесі филиалының бастығы

      Астана қаласының
      қоршаған ортаны қорғау
      аумақтық басқармасының бастығы

      "Акмоластрой"»АҚ-ның президенті

      Орталық көліктік
      ішкі істер департаментінің бастығы

      "Астанагазсервис"
      АҚ-ның директоры

      Қазақстан Республикасының
      Қызыл Ай қоғамы
      Астана қалалық
      комитетінің төрағасы

      "Казтелерадио" АҚ-ның
      бөлімшесі "Астана"
      РТХТД директоры

      Есіл су алабының
      су шаруашылығы
      басқармасының бастығы

      "Астана су"»Республикалық
      мемлекеттік кәсіпорнының
      директоры

                                         Астана қаласы әкімдігінің
                                          2005 жылғы 14 қазандағы
                                           N 33-7-770қ қаулысына
                                                  1-қосымша

      Төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою
       жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссиясының
                           ҚҰРАМЫ

р/с N

Департаменттер, басқармалар, ұйымдар, кәсіпорындардың атаулары

Комиссиядағы лауазымы

Лауазымы, аты-жөні

1.

Астана қаласы әкімінің аппараты

Төраға

Қала әкімінің бірінші орынбасары -
Есілов Сансызбай Сейтжанұлы

2.

"Астана қаласының ТЖ жөніндегі департаменті" ММ

Төрағаның орынбасары

Бастық -
Ескендіров Жұмабай Жұмаділұлы

3.

"Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар басқармасы" ММ

Төрағаның орынбасары

Бастық -
Балмағамбетов Марат Хамитұлы

4.

"Астана қаласының ТЖ жөніндегі департаменті" ММ

Комиссия хатшысы

Бас маман -
Қамбарова Алма Кәкенқызы

5.

Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты

Комиссия мүшесі

"Сарыарқа" ауданы әкімінің орынбасары -
Қабылдин Еркеболат Анангелдіұлы

6.

Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты

Комиссия мүшесі

"Алматы" ауданы әкімінің орынбасары -
Бегалин Марат Манапұлы

7.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаментінің Астана қаласы бойынша басқармасы

Комиссия мүшесі

Басқарма бастығы -
Ашляев Тілеу Толегенұлы

8.

"Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті" мемлекеттік мекемесі

Комиссия мүшесі

Директор -
Байжаханов Бағдат Ілиясұлы

9.

Астана қаласының Ішкі істер департаменті

Комиссия мүшесі

Бастықтың
орынбасары -
Козак Владимир Романович

10.

"Астана қаласы бойынша өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметі" мемлекеттік мекемесінің филиалы

Комиссия мүшесі

Бастық -
Омаров Болатбек Бөлемісұлы

11.

Астана қаласының Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау департаменті

Комиссия мүшесі

Директор -
Бісмильдин Фазолла Бөкейұлы

12.

"Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлік қоғамы

Комиссия мүшесі

Вице-президент -
Шыңғысов Марат Мекенұлы

13.

"Астанателеком" қалалық телекоммуникациялық орталығы

Комиссия мүшесі

Бас директор -
Әбдіқұлов Талғазы

14.

Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы департаменті

Комиссия мүшесі

Директор -
Матайбеков Шоқан Өмірзақұлы

15.

"Қалалық коммуналдық шаруашылығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Комиссия мүшесі

Бас директор -
Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы

16.

Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті

Комиссия мүшесі

Бастық -
Мыңжанов Қайрат Тұрсынайұлы

17.

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасы

Комиссия мүшесі

Бастық -
Сәрсембаев Зейнолла Сәкенұлы

18.

"Астана су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Комиссия мүшесі

Бас директор -
Нүркенов Жанбыршы Есетұлы

19.

Астана қаласының Қаржы департаменті

Комиссия мүшесі

Бастықтың
орынбасары -
Сухотин Александр Владимирович

20.

"Акмоластрой" акционерлік қоғамы

Комиссия мүшесі

Президент -
Оразаев Серікқали Манапұлы

21.

Астана стансасының "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының филиалы

Комиссия мүшесі

Директор -
Дюсембаев Мәлік Орастайұлы

22.

"Астанаэнергосервис"  акционерлік қоғамы

Комиссия мүшесі

Басқарма төрағасы -
Тұрмағамбетов Мәжит Әбдіқалықұлы

23.

Астана қаласының Білім департаменті

Комиссия мүшесі

Директор -
Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы

24.

Астана қаласының Судан құтқару қызметі

Комиссия мүшесі

Бастық -
Саврук Георгий Гордеевич

25.

"Аурика" ЖШС

Комиссия мүшесі

Директор -
Серебряков Михаил Николаевич

26.

Астана қаласының Гидрометеорологиялық мониторингі орталығы

Комиссия мүшесі

Директор -
Чунтонова Людмила Евгеньевна

27.

Астана қаласы бойынша Сәулеттік-құрылыстық бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы

Комиссия мүшесі

Бастық -
Жавлиев Жұма Живлиұлы

28.

Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті

Комиссия мүшесі

Директор -
Дудник Вячеслав Юрьевич

29.

Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті

Комиссия мүшесі

Директор -
Керімбеков Арсен Жақашұлы

30

Орталық көліктік Ішкі істер департаменті

Комиссия мүшесі

Астана стансасының ІІЖБ бастығы -
Түксайітов Қанат Тәуіпбекұлы

31.

"Астанагазсервис" ашық акционерлік қоғамы

Комиссия мүшесі

Директордың
өндіріс жөніндегі
орынбасары -
Байұзақов Мамбеталы Әбуұлы

32.

Астана қаласының Тұрғын үй департаменті

Комиссия мүшесі

Директор -
Нұрлыбай Сәбит Нұрлыбайұлы

33.

Қазақстан Республикасының
Қызыл Ай Қоғамы Астана қалалық комитеті

Комиссия мүшесі

Төраға -
Әбдрәхімова Зәуре Мұратқызы

34.

Акционерлік қоғам "Казтелерадио" бөлімшесі "Астана" РТХТД

Комиссия мүшесі

Директор -
Қасиенов Марат Жақанұлы

35.

Есіл су алабының су шаруашылығы басқармасы

Комиссия мүшесі

Бастық -
Әшенов Ғазиз Әбуұлы

36.

"Астана су" Республикалық            мемлекеттік кәсіпорны

Комиссия мүшесі

Директор -
Петрищев Валерий Николаевич

Астана қаласы әкімдігінің  
2005 жылғы 14 қазандағы   
N 33-7-770қ қаулысына    
2-қосымша           

Төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою
жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. Төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссия басқару органдары және тартылатын күштердің табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардағы әрекеттерге үнемі дайын болуын қамтамасыз етуге, сонымен қатар олардың зардаптарын жою барысында зиянның төмендеуіне бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға бейімделген.

      2. Төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын , Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің, қала әкімінің шешімдерін, осы Ережені, басқа да басқарушылық және апаттар мен табиғи апаттардың алдын алу және жою мәселелері жөніндегі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.

      3. Төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссиясымен өз құзырының шегінде қабылданатын шешімдер ұсыныстық сипаттама болып табылады.

2. Төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және
жою жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның
мақсаттары мен міндеттері

      4. Төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның негізгі мақсаты ұсыныстарды қабылдап қалыптастыру және төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою саласында бірлескен мемлекеттік саясат жүргізу болып табылады.

      5. Төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеттері:
      табиғи және техногенді сипаттағы апаттар мен табиғи апаттардан халықтың және қаланың аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да шараларды құрастыру;
      азаматтық қорғаныс құрылымдарын жеке қорғаныс және техникалық қарулану құралдарымен оқыту, құру және жарақтандыру бойынша біртұтас саясатты жүргізу;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және әрекет жасаудың Мемлекеттік жүйесінің жетілдірілуі мен одан әрі дамуының негізгі бағыттарын анықтау;
      әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау, апаттар мен табиғи апаттардан зардап шеккен азаматтарды медициналық сауықтыру мәселелері бойынша қалалық ұйымдардың, бірлестіктердің, департаменттер мен басқармалардың қызметтерін үйлестіру болып табылады.

      6. Төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссиясы:
      төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою саласындағы жергілікті атқарушы органдарының, қалалық ұйымдардың, бірлестіктердің, департаменттер мен басқармалар әрекеттерін үйлестіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
      комиссия құзырына қатысты мәселелер жөніндегі заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері жобаларын әзірлеуге қатысуға;
      қалалық ұйымдар, кәсіпорындар, департаменттер мен басқармалардың лауазымдық тұлғаларын комиссия құзырына қатысты мәселелер бойынша тыңдауға;
      қалалық ұйымдардан, кәсіпорындардан, басқармалардан қажетті ақпаратты сұрауға;
      талдау, сараптау және басқа да төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою мәселелері бойынша жұмыстарды орындау үшін қаланың кәсіпорындарының, басқармаларының және ұйымдарының мамандарын белгіленген тәртіпте тартуға құқылы.

3. Төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және
жою жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның
жұмысын ұйымдастыру

      7. Төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның төрағасы осы мәселелерге жетекшілік ететін қала әкімінің бірінші орынбасары болып табылады.

      8. Төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссия жұмысының ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Астана қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне жүктеледі.

      9. Комиссия өз қызметін төрағамен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
      Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес тәртіпте өткізіледі. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
      Қажет болған жағдайда, белгіленген тәртіпте комиссия қала әкімімен шешу мақсатында ұсыныс енгізуі мүмкін.

      10. Төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссия қала әкімінің жүйелі түрде Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласында өз қызметінің нәтижелері туралы ақпараттандырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады