Миссионерлік қызметтегі шетелдік азаматтарды есептік тіркеуге алу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімиятының 2005 жылғы 06 қаңтардағы N а-1/1 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 13 қаңтарда N 2983 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"» Заңына  сәйкес, "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N№136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шілдедегі N№702  қаулысын  жүзеге асыру мақсаттарында миссионерлік қызметтегі шетелдік азаматтарды есептік тіркеуге алу үшін Ақмола облысының әкiмдiгi қаулы етеді:
      1. Облыс аумағында миссионерлік қызметпен айналысатын шетелдік азаматтарды есептік тіркеуге алу құзыреті Ақмола облысының ішкі саясат департаментіне жүктелсін.
      2. Ақмола облысында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматты есепке алуды тіркеу туралы Куәлік бланкісінің берілген нысаны бекітілсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының әдiлет департаментінде мемлекеттiк тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.  

       Облыс әкiмi       

Ақмола облысы әкімдігінің
2005 жылғы 06.01 N а-1/1
қаулысымен бекітілді

  Ақмола облысында миссинерлік қызметті
жүзеге асыратын шетелдік азаматты есепке алуды тіркеу туралы
________ КУӘЛІК

___________________________________________________________________
           (миссионердің аты, әкесінің аты, тегі)

___________________________________________________________________
                 (төлқұжат номері, азаматтық)

___________________________________________________________________ 
             (діни сенімі, қай діни бірлестікке жатады)

___________________________________________________________________ 
          (қызметін жүзеге асыру рұқсат етілген аумақ)

      

Осы куәлік __________________ дейін заңды
                   (мерзімі)

Ескерту:  Осы куәліктің күші жүретін мерзімі аяқталысымен миссионер оның мерзімін заң арқылы белгіленген тәртіппен ұзартуға міндетті облыс аумағынан кетуі тиіс, олай болмаған жағдайда ол заң арқылы белгіленген тәртіп бойынша облыс аумағынан шығарылып жіберіледі.

Ақмола облысы ішкі саясат
департаментінің директоры    ________________________________
                                       А.Ә.Т.            

Көкшетау қаласы                  « » _______________200_ ж
                                   /берілген күні/        

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады