Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009.11.10 № А-12/485 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , Қазақстан Республикасының Құрылыс істері комитетінің 2004 жылғы 5 ақпандағы N 42 бұйрығымен бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың жағдайын техникалық қадағалау ережесіне" сәйкес, авариялық, тозығы жеткен, құрылысы аяқталмаған ғимараттар мен тұрғын-үй, азаматтық және өндірістік құрылыстардың қирауына жол бермеу мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әділет басқармасында 2002 жылғы 28 тамызда N 1282 тіркелген "Ақмола облысы аймағындағы бар ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2002 жылғы 13 тамыздағы N а-8/99 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2-тармағы мынадай мазмұнды 4-тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасы Құрылыс істері комитетінің 2004 жылғы 5 ақпандағы N 42 бұйрығымен бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың жайына техникалық қадағалау ережесі" баланс иелерінің назарына жеткізілсін;
2) мына мазмұнды 2-1 тармақпен толықтырылсын:
"2) 2-1. Ақмола облысының сәулет құрылысты бақылау мемлекеттік басқармасы (Хамитов Т.Ж.) ғимараттар мен құрылыстарды салу, қайта жаңарту, күрделі жөндеу кезінде орындалатын құрылыс-монтаж жұмыстарының, сондай-ақ салынып жатқан объектілердегі атқарылатын құжаттарды рәсімдеудің сапасына бақылауды күшейтсін.
3) 3 тармағы мынадай жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін
Ақмола облысының әкімі