Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы», «селосын» деген сөздер «ауылдық», «ауылы», «ауылын» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"» Заңының 11 бабына сәйкес, тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін ескере отырып, Ақкөл, Щучье, Ерейментау аудандарының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімдері негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысының келесі елді мекендерінің атаулары қайта аталсын:
1) Ақкөл ауданы бойынша:
Трудовое ауылы Еңбек ауылына;
Трудовое ауылдық округі Еңбек ауылдық округіне.
2) Щучье ауданы бойынша:
Абылайхан ауылдық округіндегі Дорофеевка ауылын Ақылбай ауылына;
Климовка ауылдық округіндегі Климовка ауылын Атамекен ауылына;
Климовка ауылдық округіндегі Черноярка ауылын Қаражар ауылына;
Боровое кентін Бурабай кентіне.
3) Ерейментау ауданы бойынша:
Благодатное ауылдық округін Олжабай батыр атындағы ауылдық округіне.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрайымы
Облыс әкімі