"Жеке категориялы мұқтаж азаматтардың әлеуметтік төлемдерін іске асыру ережелерін" бекіту туралы

Жаңа

Көкшетау қалалық мәслихатының 2005 жылғы 15 ақпандағы N С-19/9 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 22 ақпанда N 3030 тіркелді

      Көкшетау қала мәслихаты жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы - Б.Ж. Әндіржанованың баяндамасын тыңдап, Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтарда N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңының 6 бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымша берілген "Жеке категориялы мұқтаж азаматтардың әлеуметтік төлемдерін іске асыру ережелері" бекітілсін.
      2. Ақмола облыстық әділет департаментінде 2004 жылы 04 наурызда № 2336 болып тіркелген, "Көкшетау" газетінде 2004 жылы 18 наурызда N 12 басылған Көкшетау қала мәслихатының "Жеке категориялы мұқтаж азаматтардың әлеуметтік төлемдерін іске асыру ережелерін" бекіту туралы 2004 жылғы 26 ақпандағы N С-7/8 шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облыстық әділет департаментінде тіркелгеннен кейін 2005 жылы 15 ақпаннан бастап күшіне енсін.

      Көкшетау қалалық мәслихатының 19 кезекті
      сессия төрағасының міндетін атқарушы,
      Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы

Көкшетау қалалық мәслихатының
2005 жылғы 15 ақпанындағы С-19/9
шешіммен бекітілді

Жеке категориялы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесі

1. Жалпы қағида

      1. Нақты «Жеке категориялы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесі» (бұдан әрі - Ереже) "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке категориялы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеу" 451-007 бюджеттік бағдарламасы бойынша төлемдердің ұйымдастыру тәртібін реттейді.
      2. Қазақстан Республикасының 2001 жылы 21 қаңтарында N 148-11 ҚРЗ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы және Бюджеттік кодексі 2004 жылдың 24 сәуірінен N 548-11 ҚРЗ ережені қабылдау үшін құқықтық негіз болып саналады.
      3. Қазақстан Республикасының 2001 жылы 17 шілдедегі N 246-11 ҚРЗ "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" ереженің әрекеті Қазақстан Республикасының Заңында реттелген қатынастарға таратылмайды.

2. Әлеуметтік төлем алу құқығы

      4. Әлеуметтік төлем алу құқығына қала отбасылары (азаматтары) жан басына шаққандағы кірісі күнкөріс деңгейінен төмен немесе шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін нақты жағдайларға тап болған аз қамтамасыз етілген азаматтар және де мереке күндері қарсаңында жеке категориялы мұқтаж азаматтар да ие болады.
      Өмірдің қиын жағдайларына отбасының бір мүшесінің қайтыс болуы, онкологиялық және туберкулез ауруларымен ауыратын адамдардың ұзақ уақыт бойы емделуі, операция жасау қажеттілігі, Қазақстан Республикасы аумағында емделу жолақысы, аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттердің қала ішінде жол жүру ақысы және басқа да жеке категориялы азаматтарға әлеуметтік төлем төлеу комиссиясының шешімімен анықталатын жағдайлар болып саналады.
      5. Айрықша жағдайларда - өрт, денсаулық жағдайлары, апат және басқа күтпеген жағдайларда - төлем алу құқығына отбасының жан басына шаққандағы кірісі күнкөріс деңгейінен асатын қала отбасылары (азаматтары) ие болады.

3. Төлемдер бойынша жұмыс ұйымдастыру

      6. Төлемдер бойынша жұмыс ұйымдастыру мақсатында қалалық мәслихат депутаттары, қалалық қаржы бөлімінде және жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бағдарлама өкілдері арасынан комиссия құрылады.
      Құрамы тоғыз адамнан тұратын комиссияның дербес құрамы қалалық мәслихаттың шешімімен бекітіледі.
      Комиссия отырысы қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасында айына бір рет өткізіледі.
      7. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып саналады:
      1) әлеуметтік көмек көрсету туралы азаматтардың өтініштерін қарастыру;
      2) көмек сұрап келген отбасылардың (азаматтардың) қамсыздандыру деңгейін және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру;
      3) әлеуметтік көмек көрсетілмейтіндігі немесе тағайындау жөнінде шешім қабылдау.

4. Әлеуметтік төлем төлеу тәртібі және мөлшері

      8. Әлеуметтік төлем жылына бір рет ақшалай түрде отбасының бір мүшесіне (азаматқа) ұсынылады.
      9. Әлеуметтік төлем алуға үміткер адам қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына өтініш ұсынады. Өтінішке мына құжаттар тіркеледі:
      1) үй кітабының көшірмесі;
      2) кәмелетке жеткен отбасы мүшелерінің бәріне өткен тоқсандағы кірісі жөнінде анықтама;
      3) СТН, жеке куәлік;
      4) әлеуметтік төлемді қажет ететіндігін куәландыратын құжаттар (дәрігерлік консультативтік комиссиясының анықтамасы, емдейтін дәрігердің рецепті, өрт сөндіру инспекциясының анықтамасы, қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі және басқалар).
      10. Әлеуметтік төлем өтінушінің есеп шотына қаржыны аудару арқылы жүзеге асырылады, құқығы бар ұжымдар 13 пункт бойынша іске асырылады.
      11. әлеуметтік төлем мөлшері әрбір нақты жағдайда комиссиямен анықталады.
      Көмектің ең үлкен мөлшері Республикалық бюджет туралы Заңда анықталған 27 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.
      12. Мереке күндері қарсаңында біржолғы әлеуметтік көмек осы тармақта көрсетілген адамдарға қаржыны өтінішсіз-ақ, олардың есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылады:
      1) 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында "Алтын алқамен", "Күміс алқамен", "Батыр ана", I және II деңгейдегі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға; кәмелет жасына жетпеген балалары бар көп балалы аналарға, ұлы Отан Соғысы мүгедектерінің жесірлеріне және қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне - 1000 теңге мөлшерінде;
      2) ауған жерінен әскерді шығарған күні қарсаңында, ауған соғысының жауынгерлеріне - 1000 теңге;
      3) Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқандарға - 1000 теңге;
      4) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен жаңадан марапатталған көп балалы аналарға - 5000 теңге;
      5) Саяси қуғын -сүргін құрбандарын еске алу күнінде ақталғандарға - 1000 теңге;
      6) балаларды қорғау күні қарсаңында 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 1000 теңге;
      7) қарттар күні - ең аз мөлшерлі зейнетақысы бар жалғызілікті зейнеткерлерге - 1000 теңге;
      8) мүгедектер күні қарсаңында І, II, ІІІ топтағы мүгедектерге - 1000 теңге.
      13. Әлеуметтік төлем қаржыны аудару ұжымдардың есепшоттары арқылы орындалады, осы тармақ бойынша орындауға құқығы барлар:
      1) ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне өтініштері бойынша санаторлық-курорттық жолдамаларды ұсыну;
      2) ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне өтініштерінсіз-ақ Көкшетау қаласындағы кезеңдік басылымдарға жаздыру.

5. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру

      14. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке категориялы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеу" 451-007 бағдарламасы бойынша әлеуметтік төлемдер шығынды қаржыландыру қалалық бюджетте осы мақсатқа қарастырылған қаржы шегінде жүзеге асырылады.

6. Әлеуметтік төлем төлеу тәртібі

      15. Мереке күндері қарсаңында әлеуметтік төлем төлеу жиынтық тізім негізінде ақша қаражатын төлем алушылардың Көкшетау қаласындағы почта бөлімшелеріндегі есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.
      Оқушылардың жазғы сауықтыру демалысына, туберкулез ауруларына ыстық тамақты ұйымдастыруына және аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттердің жол жүру билеттеріне арналған төлемдер - осы мәселелермен айналасуға құқы бар ұйымдардың есеп шоттарына жіберіледі.
      16. Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бағдарламасы төлем центрінде қаржы шегінде әлеуметтік төлем төлеу үшін мәліметтері негізінде тізім құрастырады және ұсынады; тізімнің сенімділігіне жауап береді.

7. Әлеуметтік төлемдердің жүзеге асырылуын бақылау

      17. Әлеуметтік төлемдер бойынша есеп беру және бақылау Қазақстан Республикасының заңды түрінде іске асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады