Хромтау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңартылған

Бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2005 жылғы 4 тамыздағы N 178 шешімі және Ақтөбе облыстық әкімиятының 2005 жылғы 4 тамыздағы N 293 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 24 тамызда N 3154 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес және Хромтау ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДІ және облыс әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса берілген сызба-картаға сәйкес Тассай ауылдық округінің шекарасы оның құрамынан жалпы көлемі 3537,8 гектар аумақты және онда орналасқан Никельтау елді мекенін шығара отырып өзгертілсін.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Құрамына Тассай ауылдық округінің құрамынан шығарылған жалпы көлемі 3537,8 гектар аумақты қоса отырып, қоса беріліп отырған сызба-картаға сәйкес Никельтау ауылы - әкімшілік-аумақтық бірлігі құрылсын.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Хромтау ауданының әкiмi (О.Н. Далмағамбетов) жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірлікті мемлекеттік басқаруды және оны ұстауды қаржыландыруды аудандық бюджет және облыс әкімдігінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 386 қаулысымен бекітілген штаттық сан лимитінің шегінде қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешсін.

      4. "Ақтөбе облысының статистика басқармасы" ММ (А.Д.Мұқаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.

      5. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" ММ (М.Н.Жекеев) жер-кадастр құжаттарын Хромтау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысында жасалған өзгерістермен сәйкестендірсін.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Облыс әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады