Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2012.10.29 № 42 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының № 148 "Қазақстан Республиксындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына сәйкес азаматтардың құқы мен бостандығын, қоғамдық қауіпсіздігін, көліктін, аудан инфраструктурасының қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектің және кіші архитектуралық үлгілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2009.04.24 N 90 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).1. Байғанин ауданы елді мекендерінде бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізуге мына орындар белгіленсін:
- Қарауылкелді ауылдық округіне қарасты "Сапар" АҚ әкімшілік үйінің алдындағы алаң;
- Көлтабан селолық округіне қарасты ескі базар алаңы;
- Ащы селолық округіне қарасты кітапхана үйі алдындағы алаң;
- Қопа селолық округіне қарасты телеорталық алдындағы алаң;
- Сартоғай селолық округіне қарасты "Асылтас" дүкенінің алдындағы алаң;
- Жарқамыс селолық округіне қарасты кітапхана үйі алдындағы алаң;
- Қызылбұлақ селолық округіне қарасты "Әсем" дүкенінің алдындағы алаң;
- Жаңажол селолық округіне қарасты клуб үйі алдындағы алаң;
- Миялы селолық округіне қарасты клуб алдындағы алаң;
2. Шешім мемлекеттік тіркеуге аланған сәттен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы: | А.Ж. Шүкір |
Аудандық мәслихат хатшысы міндетін атқарушы: |
Б.Н.Берік |