Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 21 қазандағы N 97 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімін заңға сәйкестендіру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 90 шешімі. Ақтөбе облысының Байғанин аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 20 мамырда N 3-4-75 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2012 жылғы 29 қазандағы № 42 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2012.10.29 № 42 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республиксындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 21 қазандағы № 97 «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (2005 жылғы 28 қазанда Ақтөбе облысының әділет департаментінде № 3-4–15 болып тіркелген, аудандық «Жем-Сағыз» газетінің 10 қараша 2005 жылғы № 47 санында жарияланған) шешімі төмендегі ретте заңға сәйкестендіріліп өзгеріс енгізілсін:
      шешімнің сілтемесіндегі: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» деген сөздер «№ 148 Қазақстан Республиксындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» деген сөздермен алмастырылып оқылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                      Қ. Сарқұл

      Мәслихат хатшысы                     Б. Турлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады