Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 16-105 шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы
Кодексінің
(Салық Кодексі) 258 бабының 4 тармағына, "2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қазандағы N 1001
Қаулысына
сәйкес, Алматы облыстық Мәслихат
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ойын бизнесінің акциз ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2002 жылғы 26 шілдедегі N 764 нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, Алматы облыстық Мәслихатының 2002 жылғы 24 маусымдағы "Ойын бизнесінің акциз ставкасын бекіту туралы" N 22-144 және 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 982 нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, Алматы облыстық Мәслихатының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы "Алматы облыстық Мәслихатының 2002 жылғы 24 маусымдағы N 22-144 "Ойын бизнесінің акциз ставкасын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" N 31-166 шешімдерінің күші жойылды деп есептелсін.
3. Осы шешім ресми түрде бірінші рет жарияланған күннен кейінгі 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық Мәслихат
сессиясының төрағасы
Облыстық Мәслихат хатшысы
Алматы облыстық Мәслихатының
"6" желтоқсан 2005 жылғы N 24-165
"Ойын бизнесінің акциз
ставкасын бекіту туралы"
шешіміне қосымша
Ойын бизнесі акциз ставкасының құны
N |
Кәсіпкерлік қызмет түрлері |
Ойын бизнесі акциз ставкасының құны |
||
1 категория |
2 категория |
3 категория |
||
1 |
Ойындық бизнес |
|
|
|
|
Казино (бір ойын үстелі үшін) |
|
|
|
|
Рулетка |
300 |
300 |
300 |
|
Карта ойнайтын үстел |
300 |
300 |
300 |
|
1 ойын үстелі үшін (ойын мекемесі ұйымдастырушы және немесе байқаушы ретінде) |
300 |
300 |
300 |
|
Ақшалай ұтыспен ойын автоматтары (бір ойын автоматына) |
10 |
10 |
10 |
|
Тотализатор кассасы (1 касса үшін) |
160 |
160 |
160 |
|
Букмекерлік кеңсесі кассасы (1 касса үшін) |
40 |
40 |
40 |
|
Лотарея ойындарын ұйымдастыру және жүргізу |
Акциз сомасы енбеген, жүлде қорына жатқызылатын сома шегерілген, мәлімделген түсімнің 10%-і |
1 категория:
Іле, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары және Талдықорған қаласы;
2 категория:
Жамбыл, Панфилов аудандары және Қапшағай қаласы;
3 категория:
Ақсу, Алакөл, Балхаш, Қаратал, Көксу, Кербұлақ, Райымбек, Сарқанд, Ескелді, Ұйғұр аудандары және Текелі қаласы.