Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 11 тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2005-2007 жылдарға арналған Жамбыл облысының халқын жұмыспен қамту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Бағдарламаның орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың жастар, отбасы және әйелдер ісі, мүгедектер мен тұрғындардың тұрмысы төмен бөлігін қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Облыстық мәслихат Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
С.Сейдазимов Ә.Әсілбеков
Келісілді
Жамбыл облыстық кәсіподақтар
кеңесінің төрайымы
Г.Орынбаева
27.04.2005 ж.
Келісілді
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Жамбыл облысы бойынша департаментінің директоры
Ә.Тұрысов
27.04.2005 ж.
Үшінші шақырылған
Жамбыл облыстық мәслихаттың
2005 жылғы 29 сәуірдегі
2005-2007 жылдарға арналған
Жамбыл облысының халқын
жұмыспен қамту бағдарламасы туралы
N 8-12 шешімімен бекітілген
Атауы |
2005-5007 жылдарға арналған Жамбыл
|
Бағдарламаны
|
Қазақстан Республикасының "Халықты
|
Іске асыру
|
2005-2007 жылдар |
Негізгі
|
Жамбыл облысы әкімиятының жұмыспен қамтуды
|
Мақсаты мен
|
Халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру,
|
|
Өнімді жұмыспен қамтамасыз ету,
|
Қаржыландыру
|
Бағдарламаны қаржыландыру жергілікті
|
Күтілетін
|
Бағдарламаның іске асырылуы:
|
2005-2007 жылдарға арналған Жамбыл облысының халқын жұмыспен қамту бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының " Халықты жұмыспен қамту туралы " Заңына, "Қазақстан-2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету міндеттеріне және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі№N 903 қаулысында , сонымен қатар, облыста іске асырылып жатқан салалық бағдарламаларды, облыстың 2005-2007 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарындағы көрсеткіштерді және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жылсайынғы Жолдауларында көрсетілген міндеттерді ескере отырып облыстық департаменттермен және жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен Жамбыл облысы әкімиятының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті жасады.
Облыста болып жатқан экономикалық өзгерістер, облыстың индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасында көрсетілген стратегиялық міндеттердің іске асырылуы, тиімді агробизнестің құрылуы шешілмеген проблемаларды шиеленістіріп және жаңаларын ұсына отырып, жұмыспен қамту саласына және еңбек нарығына едәуір ықпал етуде, олар осы Бағдарламаның жасалу қажеттілігін анықтады. Алдағы 2005-2007 жылдар кезеңінде бағдарламаның бірінші кезекте шешуге қажетті міндеттері: жаңа жұмыс орындарын құру мен жұмыс істеп тұрғандарын сақтап қалу және шағын кәсіпкерлікті дамыту есебінен халықты жұмыспен қамту деңгейін көтеру; кәсіби оқыту мен қайта даярлаудың озық жүйесін жасау; жұмыс іздеу барысында қиыншылықтарға тап болған әлеуметтік осал жұмыссыздар топтарын қолдау және қорғау; жұмысынан айырылуынан сақтандыру институтын енгізу және тағы басқалар.
3. Қазіргі еңбек рыногының жай-күйін талдау
Облыстағы еңбек рыногының жай-күйі аймақтағы экономиканың жағдайымен айқындалады. Соңғы жылдары облыста өнеркәсіп өнімдері көлемдерінің, әсіресе химия, металлургия, өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде тұрақты өсу үрдісі сақталуда. Ауыл шаруашылығында және шағын кәсіпкерліктегі өндіріс көлемінің негізгі көрсеткіштерінің тұрақты өсімі сақталуда.
2004 жылдың желтоқсанында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 19082 теңгені құрады және былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,2 пайызға өсті. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 1,15 есе өсті.
Халықтың өмір сүру деңгейінің өсуі және әлеуметтік міндеттердің шешілуі облыс тұрғындарының әл-аухатына және демографиялық ахуалға оңды әсерін тигізді. Сонымен қатар облыс тұрғындарының санының өсуі де еңбек рыногы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерге әсер етті. Соңғы үш жыл ішінде экономикалық белсенді тұрғындар санының өсу үрдісі байқалуда, 2001 жылғы деңгейге қарсы 2003 жылы ол көрсеткіш 8,5 пайызға өсті және 519,5 мың адамды құрап отыр. 2003 жылы экономикалық белсенділіктің деңгейі 75,6 пайызды құрады.
Жұмыспен қамтылған тұрғындар тұрақты өсуде, 2001 жылмен салыстырғанда 44,3 мың адамға өсті және 2003 жылы 462,1 мың адамды құрады. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы және жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарының қайта қалпына келтірілуі жұмыспен қамтудың өсуіне ықпалын тигізуде. 2003-2004 жылдар кезеңінде 12,8 мың тұрақты, 26 мыңнан аса уақытша маусымдық жұмыс орындары құрылған. Соңғы жылдары облыста шағын кәсіпорындар саны 1,4 есеге өсті және тиісінше, шағын кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылған тұрғындардың саны 1,3 есе көбейді.
Бұл бағытта Америка Құрама Штаттарының тәжірибесін қолдану мүмкін, онда шағын бизнес секторында барлық жұмыс берушілердің 99,7 пайызы және жеке секторда жұмыспен қамтылған қызметкерлердің санының 50 пайызынан астамы шоғырланған. Шағын кәсіпкерлікті қорғау мен қолдауға бағытталған мемлекет саясаты заңнамамен бекітілген. Үкіметтің федералдық агенствосы мәртебесін иемденуші Америка Құрама Штаттарының шағын бизнес әкімшілігі құрылған. Сауда министрлігі және федералдық штаттармен қарым-қатынас жасай отырып, әкімшілік шағын бизнеске үкіметтік қолдауды көрсетеді және еркін рыногтық бәсекелестік және жалпы экономиканың нығаюына жан жақты әсер етеді. Штаттарда, графстволарда және округтерде 90 филиалдар мен офистер ашылған, аймақ аралық және салалық бөлімшелер және мыңға жуық жергілікті орталықтар қызмет атқарады. Шағын бизнес әкімшілігінің қызметі үкіметпен қаржыландырылады. Біздің елімізде осыған ұқсас құрылымның құрылуы тұрғындарды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етудің негізгі көзі ретінде шағын кәсіпкерлікті қолдауға ынталандыратын жағдай жасауға мүмкіндік туғызады.
Облыс экономикасының тұрақталуы, нарықтық инфрақұрылымның және тұрғындардың өзіндік белсенділігінің артуы жұмыссыздар санының және жұмыссыздық деңгейінің 2003 жылғы 11,1 пайыздан 2004 жылы 10,2 пайызға дейін азаюына ықпал етті. Жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздардың саны, 2004 жылдың 1 қаңтарындағы 10149 адамнан 2005 жылдың 1 қаңтарына 8161 адамға дейін азайды, ал олардың экономикалық белсенді халықтың ішіндегі үлесі тиісінше 1,9 пайыздан 1,7 пайызға дейін азайды. Алайда, облыстың бір қатар аудандарында жұмыссыздық деңгейі облыстық орташа көрсеткіштен артық, осылай 2004 жылдың аяғына Сарысу ауданында жұмыссыздық деңгейі - 16,6 пайызды, Тараз қаласында - 14,1 пайызды құраған.
2004 жылы ауылдық жерлерде тұратын жұмыссыздардың үлесі 46,2 пайызды құрады. жұмыссыздар санынан әрбір екіншісі - әйел (57,4 пайызы); 16 жастан 24 жасқа дейінгі жастар оннан бір бөлігін құрайды; барынша жұмысқа қабілетті 25-49 жас аралығындағы жұмыссыздар - 74,4 пайыз.
Еңбек рыногы бойынша ақпараттар банкін құру бойынша мақсатты жүргізілген жұмыстар жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналасу деңгейінің 2002 жылғы 31 пайыздан 2004 жылы 64 пайызға дейін өсуіне мүмкіндік берді. 2004 жылы ұсынымдардың орташа айлық саны 525-ті құрады және бір бос жұмыс орынға 18 жұмыссыз, 2003 жылы - 45 жұмыссыз талаптанды. Алайда, 2004 жылы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға белсенді іс-қимылмен айналысушы кәсіпорындар мен ұйымдардың үш пайызы ғана бос жұмыс орындары туралы мәлімет берген.
Бос орындар құрылымын кәсібилік, жынысжастық және біліктілік критерийлері бойынша талдау олардың жұмыссыздардың құрылымына сәйкес емес екендігін айқындайды. Экономикалық жағдайдың өзгеруі техникалық, құрылыс профилі бойынша жоғары білікті мамандарға, негізінен ер азаматтарға, жоғары сұраныс болып тұрғанын анықтады, еңбек нарығында осы мамандардың бар болғанымен, олар разрядтары және біліктілік деңгейлері бойынша жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес емес. Үштен бір бөлігі ауылдық жерлерде және шағын қалаларда тұратын әйелдердің жұмысқа орналасу проблемасы да өршігіп тұр. Жұмысқа орналасуда жынысы және жасы бойынша құқықтарының жасырын шектелуі зейнеткерлік жас алдындағы азаматтардың, әсіресе әйелдердің жағдайын қиындатуда. Жастардың жұмысқа орналасуында проблемалар бар, оған жұмыс іс-тәжірибелерінің жоқтығы, нарық сұраныстарына мамандықтарының сәйкес келмеуі себеп болып отыр.
Нысаналы топтағы жұмыссыздарға жұмыспен қамту органдарының жұмысында ерекше назар бөлініп отырады, 2004 жылы олардың саны жалпы жұмыссыздардың арасында 77 пайызды құрады. Оларды жұмысқа орналастыруда көмек көрсету мақсатында жергілікті атқарушы органдарымен кәсіпорындарда жұмыс орындары белгіленеді, олардың саны 2003 жылғы 867-ден 2004 жылы 949-ға дейін өсті. Сонымен қатар, жұмыспен қамту органдары 2003 жылдан бастап, жартылай жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік жұмыс орындарын құру сияқты жұмысқа орналастырудың қосымша шараларын енгізген: 2003 жылы 62 орын (355,0 мың теңге ақша бөлінген), 2004 жылы - 129 (2117,0 мың теңге).
Осыған қарамастан, оралмандарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққандарды, мүгедектерді жұмысқа орналастыру бұрынғыдай қиын болып тұр. Проблемалық сұрақтарды шұғыл түрде шешу үшін уәкілетті органдар мүгедектердің, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққандардың деректер банкін құрған, олар қоғамдық жұмыстар және кәсіби даярлау сияқты жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін ұйымдастыруда пайдаланылады.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру әлеуметтік қорғаудың қажетті элементі болып табылады: қоғамдық жұмысқа қатысушылардың үлес салмағы жылдан-жылға өсуде, ол жұмыссыздардың санының 2002 жылы 19,8 пайызын, 2003 жылы 25,4 пайызын, 2004 жылы 29 пайызын құраған.
Жұмыссыздарды оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру процесіне барынша көп мән берілуде. Оқыту конкурс негізінде іріктеліп алынған оқу орындарында мемлекеттік және орыс тілдерінде нарық сұранысына сәйкес жүргізіледі. 2002 жылы 256 адам, 2003 жылы - 392, 2004 жылы - 592 жұмыссыздар оқуға жіберілді.
Табысы аз жұмыссыздарға сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі, 2004 жылы жалпы алушылардың ішінен олардың үлесі 7 пайызды немесе 4565 адамды құрады, яғни 2003жылмен салыстырғанда 3 мыңға төмендегені байқалады. 2004 жылы табысы аз жұмыссыздардың саны 4,2 мың адамға азайып отыр, олар жеке кәсіпкерлік ашу, қоғамдық жұмыспен қамтылу, шағын несие алу себептерімен табысы аздардың санынан шығарылған.
Сонымен қатар, табысы аздар және жұмыссыз азаматтарды шағын несиелеудің қазіргі түрі жұмыспен қамтылудың өсуіне айтарлықтай әсер етпейді: 2002 жылы 6540,0 мың теңге сомасында 189 шағын несие, 2003 жылы 3450 мың теңге сомасында - 93 шағын несие, 2004 жылы 2340 мың теңге сомасында - 52 шағын несие берілді. Қаражат тапшылығы, бұрын бөлінген қаражаттың қайтарылымының төмендігі және берілетін несиенің көлемі осы жағдайдың негізгі себебі болып танылады.
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар ішкі еңбек рыногының қорғалуын және облысқа шетелдік жұмыс күшін тарту мониторингін жүргізуді жүзеге асырады. 2004 жылы облыста шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсат қағазымен әр түрлі меншік нысанындағы 19 шаруашылық субъектісі қызмет істеді, оларда 104 шетелдік маман және жұмысшылар жұмыс атқарады. Шетелдік жұмыс күшін тартқан кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының азаматтары ішінен 1295 адам жұмыс атқарады. Шетелдік жұмыс күшін тартушы жұмыс берушілермен 375 жаңа жұмыс орындары құрылған.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты - халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру және жұмыссыздық деңгейін төмендету, еңбек рыногында азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Бағдарлама төмендегі міндеттердің шешілуін қарастырады:
тұрғындарды жұмыспен қамту деңгейін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру;
нысаналы топтарды әлеуметтік қолдаудың қосымша түрлерін енгізу;
өнімді жұмыспен қамтуға қол жеткізуде әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі барлық тараптардың (атқарушы билік органдарының, жұмыс берушілердің және жұмысшылардың) қатысуын қамтамасыз ету;
жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізуге және дамытуға ықпал ету;
жұмыспен қамту органдарын ақпаратпен және кадрлармен қамтамасыз етуді жетілдіру.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
2005-2007 жылдары Бағдарламаны іске асыру негізгі бағыттармен іске асырылады:
орта мерзімді кезеңдегі облыстың әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін есепке ала отырып, жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру; шағын несиелеу және өзін-өзі жұмыспен қамтуды кеңейту; еңбекке деген сұраныс пен ұсыныстың мониторингін ж?ргізу;
еңбек рыногында бәсекеге қабілетсіз тұрғындардың топтарын әлеуметтік қорғауды күшейту;
еңбек рыногындағы сұраныстарға сәйкес жұмыссыздарды кәсіби даярлауды арттыру және қайта даярлау, еңбек рыногында кәсіби бағдар беру жүйесін дамыту;
қоғамдық жұмыстарды және жұмыссыздардың уақытша жұмысқа орналасуын ұйымдастыру;
ішкі еңбек рыногын қорғау;
еңбек рыногында әлеуметтік әріптестікті дамыту;
жұмыспен қамту органдарының жұмысын жетілдіру.
1) жұмыспен қамтуға ықпал ету жөніндегі шаралар
Алдағы кезеңде жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту инвестиция тарту, тау-кен байыту, өңдеу өндірістерін дамыту жолымен, газ өндіру мен тарату, шағын кәсіпкерлік, өзін-өзі жұмыспен қамтуға ықпал ету есебінен қамтамасыз етіледі.
2005-2007 жылдары облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарында жыл сайын орташа физикалық көлем индексінің 4,5 пайыз өлшемінде өсуі қарастырылған. Өндірістің көлемі бұрынғысынша газ өндіруге, химия өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығының өнімдерін өңдеуге және азық-түлік өнімдерін өндіруге негізделеді.
2005-2007 жылдар аралығында 80 миллиард теңге шамасында инвестиция қарастырылуда, оларды Қаратау қаласындағы "Сары-Тас" акционерлік қоғамы негізінде кальцийлендірілген сода өндіретін зауыттың құрылысына; "Қазақстан Темір-жолы" жабық акционерлік қоғамы қайта құрылуына (құрал-сайманды жетілдіру, жеке учаскелерде теміржол төсемдерін ауыстыру); Алматы-Ташкент автокөлік трассасының Тараз-Шымкент жол бөлігінің құрылысына; "Солтүстік-Оңтүстік" магистралды жоғары вольттік электр желісінің құрылысына; Теріс-Ашыбұлақ су қоймасын сейсмокүшейтумен қалпына келтіру; екі су каналдарының құрылысына; әлеуметтік инфрақұрылым саласына, бірінші кезекте денсаулық сақтауға; және облыста іске асырылатын индустриалды-инновациялы даму бағдарламасына сәйкес басқа да жобаларға бағыттау көзделуде. Облыстағы кәсіпорындарға халықаралық стандарт сапаларын енгізу бәсекеге қабілетті өнімдердің шығарылуын қамтамасыз етуге, шығарылатын өнімдердің экспорттық үлесінің көбеюіне мүмкіндік береді. Жыл сайын барлығы алты мыңнан астам жұмыс орындары құрылады деп күтілуде.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелеу ресурстарына қол жеткізуін жеңілдету 2005 жылы жергілікті бюджеттен 60 миллион теңге бөлу есебінен болады деп күтілуде. Аудандарда бизнес-орталық жүйелері құрылып, олар табысы аз тұрғындардың және жастардың қатысуымен шағын кәсіпорындарды ашу мен кеңейту жобаларын іске асыруға ықпалын тигізетін болады. Олардың негізгі қызмет түрлері: ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, жергілікті құрылыс материалдарын шығару, тігін және қайыс-ер бұйымдарын шығару, фермерлік шаруашылықты дамыту және тағы басқалар болады. Орта есеппен алғанда, жыл сайын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санының өсуі 6,2 пайыз, ал құрылған жұмыс орындарының саны 6,5 мыңды құрайды деп күтілуде.
Тұрғындардың табыстарын өсіру мақсатында табысы аз азаматтарды және жұмыссыздарды шағын несиелеу жүйесі ары қарай дами беретін болады. Несие бөлу кезінде кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өткен жұмыссыздар басымды құқыққа ие болады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді несиелеуге жыл сайын мемлекеттік бюджеттен 200 миллион теңге бөлу қарастырылуда. Тұрғындардың өзін-өзі жұмыспен қамтылуының өсуіне, әсіресе ауылдарда, тауарлы шағын несиелеу тәжірибесін ары қарай тарату ықпал тигізетін болады.
2005 жылдан 2007 жылға дейін аймақтық және салалық бағдарламаларды іске асыру барысында экономиканың түрлі салаларында 18 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары және 29 мың уақытша мерзімдік жұмыс орындары ашылады.
2005-2007 жылдары облыстық және салалық бағдарламалар
бойынша Жамбыл облысының аудандарында құрылатын
жұмыс орындарының саны
(жұмыс орындары)
№ |
Аудандар
|
тұрақты жұмыс орындары |
||
2005 |
2006 |
2007 |
||
1 |
Байзақ |
262 |
212 |
263 |
2 |
Жамбыл |
153 |
168 |
127 |
3 |
Жуалы |
538 |
476 |
627 |
4 |
Қордай |
905 |
790 |
730 |
5 |
Т.Рысқұлов |
458 |
554 |
492 |
6 |
Меркі |
190 |
258 |
243 |
7 |
Мойынқұм |
173 |
155 |
77 |
8 |
Сарысу |
536 |
470 |
486 |
9 |
Талас |
506 |
622 |
867 |
10 |
Шу |
727 |
1265 |
1397 |
11 |
Тараз қаласы |
1647 |
1137 |
1035 |
|
Барлығы |
6095 |
6107 |
6344 |
кестенің жалғасы
(жұмыс орындары)
уақытша
|
барлығы |
||||
2005 |
2006 |
2007 |
2005 |
2006 |
2007 |
2985 |
2815 |
2565 |
3247 |
3027 |
2828 |
865 |
885 |
995 |
1018 |
1053 |
1122 |
700 |
750 |
800 |
1238 |
1226 |
1427 |
300 |
400 |
400 |
1205 |
1190 |
1130 |
400 |
400 |
400 |
858 |
954 |
892 |
600 |
600 |
600 |
790 |
858 |
843 |
650 |
600 |
750 |
823 |
755 |
827 |
380 |
400 |
420 |
916 |
870 |
906 |
600 |
650 |
700 |
1106 |
1272 |
1567 |
1700 |
1800 |
2000 |
2427 |
3065 |
3397 |
260 |
260 |
260 |
1907 |
1397 |
1295 |
9440 |
9560 |
9890 |
15535 |
15667 |
16234 |
Жұмыспен қамту органдарының ықпалымен жұмыссыздардың жұмысқа орналасу деңгейін, экономика салалары бойынша еңбекке сұраныс және ұсыныс мониторингін арттыру мақсатында, еңбек рыногының мәліметтер банкін түзу бойынша жұмыс жалғастырылады. Ақпаратпен алмасу мақсатында аудандық жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар бірыңғай ақпараттық республикалық базаға қосылады. Мемлекеттік еңбек инспекциясымен бірлесіп бос орындарды жинау жұмыстары одан ары жандандырылады, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының сақталуы бойынша жұмыс берушілерді тексерулер жалғастырылады.
Жұмыспен қамту органдары лайықты жұмыс таңдауға көмектесуді бос орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыруды, жұмысты іздестіру клубтарының жұмыстарын кеңейту жолдарымен жүргізеді, олар еңбек құқығы бойынша міндетті кеңестік қызметтер көрсететін болады.
Отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді. Жұмысқа орналасуда ықпал ету және әлеуметтік қолдаудың әр түрлі шұғыл шараларын қабылдау үшін осы отбасылар бойынша мәліметтер базасы құрылады.
2) Нысаналы топтағыларды атаулы қолдаумен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
Заңнамамен белгіленген тұрғындардың нысаналы топтары әр түрлі әлеуметтік қолдауларды көрсету барысында басымды құқыққа ие болады. Олар: табысы аз адамдар; 21 жасқа дейінгі жастар; балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар; зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған); мүгедектер; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар; бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар; оралмандар.
Нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды арттыру үшін жергілікті атқарушы органдарымен оларды жұмысқа орналастыруға ұйымдарда ең аз жұмыс орындарын белгілеу тәжірибесі одан ары жалғастырылатын болатын. Облыс аумақтарында "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары" кіші бағдарламасы одан ары таратылады, ол бойынша түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда нысаналы топтағылар үшін жұмыс берушілердің шығыстары бюджет есебінен ішінара өтелетін әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын болады.
Соңғы жылдары еңбек рыногында жоғары және кәсіби орта білімі бар, жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандар молынан болып отыр. Жоғары, орта және бастауыш кәсіби білім беретін оқу орындарының жұмыссыз түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың жұмыс тәжірибесін игеруі үшін жаңа бағдарлама "Жастар тәжірибесі"»енгізіледі. Жастар және мектеп түлектерінің арасында еңбек рыногында басым сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғастырылады.
Оралмандарды жұмыспен қамту үшін оларды халықтық кәсіптер және ұлттық қолөнер мамандықтары бойынша кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау, сонымен қатар олардың кәсіби мүмкіндіктерін барынша пайдалану қаралуда.
Мүгедектерді уақытша табыспен қамтамасыз ету үшін облыс аудандарында жұмысқа жарамды мүгедектер үшін ақылы қоғамдық жұмыстардың жобасы жасалып, енгізіледі. Қоғамнан әлеуметтік шеттелуді жеңу және әлеуметтік еңбек бейімделуінен өту үшін жұмыссыз мүгедектер жұмыс іздестіру клубтарында оқытылатын болады.
3) Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың икемді жүйесін ұйымдастыру жөніндегі шаралары
Экономиканың қайта құрылуы жұмыс орындарының кәсіби-біліктілік құрылымына едәуір өзгерістер әкеледі. Жұмыс күші нарығында бір жағынан байырғы мамандық кадрларының артықтығы және, басқа жағынан - қазіргі заманғы технологияларды қамтамасыз ететін білікті кадрлардың жетіспеушілігін сипаттайтын жағдай қалыптасуда. Сондықтан да жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың басымды бағыттарының бірі уақыт талабына сәйкес, нарық конъюнктурасының өзгерістерін есепке алып, одан оза жұмыс істей отырып, жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау болып табылады. Қазіргі кезеңде реттелетін еңбек рыногының тұрақты талдауын және мониторингін жүргізіп, экономика салалары бойынша білікті маман кадрлардың сұранысына, жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы жүйесінің өзгеру тенденциясын айқындауға, қандай мамандарды дайындау тиімді деген мәселе бойынша мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің және білім мекемелерінің өзара қарым-қатынасын нығайтуға үлкен мән берілетін болады.
Оқыту сапасын көтеру мақсатында, білім органдармен бірлесіп қазіргі заманға сай оқу бағдарламаларын қолданатын, материалдық-техникалық базасы жоғарғы деңгейде жабдықталған оқу орындарының мәліметтер банкін жетілдіру жұмыстары жандандырылады. Жұмыссыз азаматтарды оқыту үшін, білім беру мекемелерінің арасында конкурстық іріктеу өткізген кезде, жұмыссыздарды кәсіпкерлік қызмет негіздеріне, қолданыстағы заң актілерін оқытатын курстарының болуы, олардың өндірістік тәжірибеден өтуі, сонымен бірге ары қарай жұмысқа орналастыру мүмкіншілігінің бар болуы міндетті шарт болып табылады.
Еңбек рыногы жағдайын тұрақты талдау ондағы сұраныс пен ұсынысты ескеруге мүмкіндік береді, сонымен қатар білім беру мекемелері мен жұмыс берушілердің арасындағы байланысты нығайтады. Оқыту бағдарламалары жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып жетілдірілетін болады. Оқыту жүйесін жетілдіру мақсатында жұмысшыларды кәсіпорын ішінде оқытумен айналысатын кәсіпорындардың мәліметтер базасы қалыптастырылады. Жұмыссыздарды тікелей жұмыс орындарында оқыту тәжірибесі кеңінен қолданылатын болады.
Тұрғындардың әр түрлі санаттарына: жұмыссыздар, оқушылар, мамандықтарын өзгертуге тілек білдірген азаматтарға социологиялық сауалнама ұйымдастыру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардағы жұмыс іздестіру клубтарына қатыстыру арқылы психологиялық қолдау және кәсіптік бағдар беру бойынша қызметтер көрсетуді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Жұмыссыздарды шағын несиелеу кезінде кәсіби даярлаудан өткен жұмыссыздар басымды құқыққа ие болады.
Сонымен қатар, жұмыссыз оралмандар арасынан халықтық кәсіпті және шығармашылығын жасай алатын бір топ азаматтарды таңдап алып, оларды тиісті кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберуді көздейтін жобаны іске асыру жоспарлануда. Оларға өз бизнесін дамыту үшін шағын несие, тауарлы несие алуына барынша ықпал жасалады.
Мүгедектер жұмыс істейтін әрекеттегі кәсіпорындарды (Қазақ зағиптар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорындары, Қазақ саңыраулар қоғамы, жас мүгедектер қоғамы) қолдау және дамыту мақсатында, онда оларды кәсіби оқыта отырып, келешекте жұмысқа орналастыру ұйымдастырылады.
4) Қоғамдық жұмыстар бағдарламаларын жетілдіру жөніндегі шаралар
Алдағы кезеңде қоғамдық жұмыстар, жұмыспен қамту саясатындағы белсенді шаралардың бірі ретінде ары қарай дамиды. қоғамдық жұмыстардың түрлерін ұлғайту мен әлеуметтік-маңызды жобаларға бағыттау жұмыстары жалғасады. Олар жолдар, кітапханалар, кинотеатрлар, мәдениет үйлерін, орман егу, құрылысы мен жөндеу, елді мекендердің және аймақтардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту, аудан, қала, ауыл инфрақұрылымын дамыту сияқты экономиканың салаларын, әлеуметтік қызмет көрсету салаларын дамыту бағдарламаларын іске асыруда қолданылады. Жұмыс берушілердің есебінен жүргізілетін қоғамдық жұмыстар, әсіресе ауылдық жерлерде, кеңінен дами түсетін болады.
Қоғамдық жұмыстарға жіберген кезде нысаналы топқа кіретін жұмыссыздар басымды құқыққа ие болады. Еңбекке жарамды мүгедектер үшін, әсіресе осы санаттағылар үшін арнаулы жұмыс жағдайы жасалынған шаруашылық субъектілерінде қоғамдық жұмыстардың бастапқы жобаларын жасау және іске асыру жоспарлануда. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру барысында қоғамдық жұмысқа қатысушыларды келешекте сол жұмыс берушілерге тұрақты жұмысқа орналастыруға ықпал етіледі.
Жұмыс берушілердің есебінен жазғы демалыс кезінде жоғарғы сынып оқушыларын және студенттерді қоғамдық жұмыстарға тарту мүмкіндіктері зерделенетін болады. Осы мақсатта уақытша маусымдық жұмыстар бойынша мәліметтер банкі құрылады.
Жыл сайын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздардың 30 пайызы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарға тартылатын болады.
5) Ішкі еңбек рыногын қорғау жөніндегі шаралар
Жергілікті тұрғындарының жұмыссыздығын төмендету саясатының бір бағыты ретінде ішкі еңбек рыногын қорғау болып табылады. Осы мақсатта, сондай-ақ еңбек көші-қон процесін реттеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын шетелдік жұмысшы күшін тартуға квота белгілейді. 2004 жылы квота мөлшері облыстағы экономикалық белсенді халықтың 0,28 пайызын немесе 453 маманды құрады. 2005 жылы 1053 шетел мамандарының тартылуы болжануда, оның 22,8 пайызын басшылық құрамдағы қызметкерлер мен жоғары және кәсіби-орта білімді мамандар құрайды. Үкімет аралық келісім бойынша Қырғызстаннан ауыл шаруашылығында жұмыс істеуге 300 адам немесе жоспарлаған квотадан 28,5 пайыз тартылу қарастырылуда. Қаратау қаласындағы "Сары-Тас" ашық акционерлік қоғамы базасында жылдың өнімі 400 тоннаны құрайтын кальцийлендірілген сода зауытын салу жобасын іске асыруға байланысты шетел инвесторымен 185 миллион американдық доллар көлемінде инвестиция құйылуы күтіледі, 250 шетелдік мамандарды тарту жоспарлануда.
Мемлекеттік тұрғын үй саясатын іске асыру құрылыс индустриясын дамытуға үлкен әсер етуде. 2005 жылы құрылыс материалдар комбинаты "Құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шетелдік мамандарды тарта отырып, жылына қуаты 30 миллион дана халықаралық стандартқа сай келетін кірпіш шығаратын зауытының құрылысын аяқтамақ. Сонымен қатар, Шу ауданында сора өңдеу өндірісі де шетелдік инвестициялар мен мамандар тартылатын ірі жобалардың бірі болып табылады. Облыс экономикасына шетелдік инвестициялар мен мамандарды тарту, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға, өндірілетін өнімдердің экспорттық үлесін арттыруға мүмкіндік беріп, облыс тұрғындары үшін 6 мыңнан астам жұмыс орны ашылатын болады.
Жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуын арттыру, ішкі еңбек рыногын қорғау үшін, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындарын ашуы ерекше шарт болып табылады. Жергілікті мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олармен шетелдік мамандарды ауыстыру мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтары санынан жұмысшыларды жұмыс берушілердің қаражаты есебінен оқыту қарастырылады.
6) Еңбек рыногындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту жөніндегі шаралар
Әлеуметтік тұрақтылықты және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, ұжымдық даулар мен шиеленістерді шешу, азаматтардың еңбек құқығы кепілдігін қамтамасыз ету және олардың әлеуметтік қорғалуын іске асыру мақсатында еңбек нарығында әлеуметтік әріптестіктің маңызын күшейту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы"
Заңына
сәйкес облыс әкімі, кәсіподақтар бірлестіктері және облыстың жұмыс берушілері арасында келісім қабылданады. Ол жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғауды, еңбек рыногындағы әлеуметтік әріптестердің қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз ету бойынша келісілген шешімдер шығаруға ықпал етеді. Келісімде жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға ықпал ету және Қазақстан Республикасының "
Халықты жұмыспен қамту туралы
",
"Қазақстан
Республикасындағы еңбек туралы" Заңдарының сақталуына бақылау шаралары қарастырылған.
2005-2007 жылдар аралығында икемді еңбек рыногын құру және әлеуметтік әріптестікті дамыту арқылы жұмыссыздың деңгейін төмендету мақсатында жоспарлануда:
әр тараптың өзінің заңнамамен белгіленген өкілеттігі шегінде еңбек заңдылықтарының сақталуына бірлескен бақылауды қамтамасыз ету;
аймақтық үш жақты келісім, ұжымдық және жеке еңбек шартын жасасу бойынша атқарушы органдарға, жұмыс беруші және кәсіподақ бірлестіктеріне әдістемелік және ақпараттық көмектер беру;
жасалынған ұжымдық шарттардың есептік тіркелуін жүргізуді қамтамасыз ету;
барлық меншік түріндегі ұйымдардағы жеке немесе ұжымдық еңбек дауларын сол ұйымдардағы келісім комиссияларында қарап шешуді тәжірибеге енгізу;
үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және кәсіподақтар өкілдерін әлеуметтік бағдарламаларды дайындау және іске асыруға тарту;
жұмыссыздықтан мемлекеттік міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін құруға және енгізуге ықпал жасау;
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы" Заңының орындалуына бақылауды күшейту, әлеуметтік әріптестіктің үш жақты комиссиясын жұмыссыздықты, көлеңкелі жұмыспен қамтылуды төмендетудің бір тетігі ретінде пайдалану;
жұмыссыздықты азайту бойынша оң тәжірибелерді қоғамның түрлі саласының өкілдерін тарта отырып, дөңгелек үстелдер, түрлі кеңестер және тағы басқа іс шараларды ұйымдастыру және өткізу;
әлеуметтік әріптестік, аймақтық келісімдердің орындалу барысы, ұжымдық шарттар, сол сияқты әлеуметтік және еңбек дауларының алдын-алу және шешу шаралары туралы мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз ету.
7) Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар
Жұмыссыз азаматтарды тез қабылдау, жұмыс іздеу уақытын қысқарту, және әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлерін қабылдау мақсатында жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар компьютерлік бағдарлама қолданады. Әрбір аудандық уәкілетті органдарында электрондық пошта орнатылған, сол арқылы облыстық база жасау үшін апта сайын бос орындар туралы мәліметтер жиналады және жалпы республикалық ақпараттық мәліметтер базасын құру мақсатында Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақпараттық аналитикалық орталығына жіберіледі.
Жұмыспен қамту органдары қызметінің тиімділігін арттыруда келешекте жұмыспен қамтудың жетілдірілген бағдарламасын енгізу жоспарлануда, сол үшін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне сервер алынған. Алынған республикалық база тұрғындарға жұмыс іздеуде көмектесу үшін барлық аудандарға жіберіледі.
Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың беделін арттыру мақсатында және бос жұмыс орындары жайлы мәліметтерді уақтылы және толық түрде алу үшін жұмыс берушілермен және мемлекеттік еңбек инспекциясымен қарым-қатынас жандандырылады.
Келешекте жұмыспен қамту органдарының қызметі азаматтармен жүргізілетін шұғыл жұмыстарды күшейтуге бағытталады, бірінші кезекте нысаналы топтағы және көп уақыттан бері жұмысы жоқ жұмыссыздарды әлеуметтік-еңбек жағынан оңалту бойынша Жұмыс іздестіру клубтарының жұмыстары әрі қарай дамиды. Кәсіби бағдар беру жұмыстарын күшейту үшін, қазіргі еңбек рыногындағы бағытты, білім беру органдарымен бірлесіп социологиялық зерттеулер жүргізу, сонымен қатар, тілек білдірген азаматтарға өздерінің оқу және қайта оқудан өту мүмкіндіктерін анықтауға көмектесетін бағдарламалық өнімдерді енгізу сияқты мәселелер қаралатын болады.
Жұмыспен қамту мәселелері бойынша жұртшылықты үнемі хабардар етіп отыру, мемлекет, үкіметтік емес ұйымдар мен жеке құрылымдар тарапынан жұмыссыздарды әлеуметтік қолдаудың түрлері туралы ақпарат белсенді тарату жұмыстары үнемі жүзеге асырылатын болады.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы"
Заңына
сәйкес жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүргізіледі.
Жұмыспен қамтуды көтеруге және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған шараларды іске асыруға 2005 жылы - 57524,0 мың теңге, 2006 жылы - 61550,0 мың теңге, 2007 жылы - 65860,0 мың теңге бөлу қарастырылуда, оның ішінде:
мың теңге
|
2005 жыл |
2006 жыл |
Жұмыспен қамту
|
|
|
Оның ішінде |
|
|
Қоғамдық жұмыстарды
|
|
|
Жұмыссыздарды кәсіби
|
|
|
Халықты жұмыспен қамту
|
|
|
кестенің жалғасы
2007 жыл |
2005-2007
|
65860,0 |
184934,0 |
|
|
56033,0 |
157341,0 |
7759,0 |
21787,0 |
2068,0 |
5806,0 |
Бағдарламаның шараларын іске асыруда үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың, қайырымдылық қорлардың, жұмыс берушілердің демеушілік қаражаттары және басқа да заңнамамен шектелмеген қаржыландыру көздерінің қаражаттары қосымша пайдаланылады.
7. бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
2005-2007 жылдары бағдарламаны іске асыру кезеңінде көзделінеді:
2005-2007 жылдарға арналған жұмыспен қамту және
белсенді түрлерін ұйымдастыру бойынша тапсырма
(адам)
№ р/с |
Аудандар
|
жұмыспен қамту
|
Ақылы қоғамдық
|
||||
2005 |
2006 |
2007 |
2005 |
2006 |
2007 |
||
1 |
Тараз |
2100 |
2150 |
2200 |
1000 |
1200 |
1500 |
2 |
Байзақ |
125 |
125 |
150 |
131 |
100 |
75 |
3 |
Жамбыл |
110 |
125 |
140 |
120 |
135 |
150 |
4 |
Жуалы |
250 |
300 |
350 |
320 |
370 |
400 |
5 |
Қордай |
500 |
580 |
660 |
160 |
150 |
120 |
6 |
Т.Рысқұлов |
350 |
360 |
360 |
175 |
175 |
180 |
7 |
Мерке |
170 |
170 |
170 |
120 |
120 |
120 |
8 |
Мойынқұм |
150 |
150 |
150 |
100 |
100 |
100 |
9 |
Сарысу |
500 |
600 |
650 |
302 |
400 |
600 |
|
Соның
|
300 |
400 |
550 |
200 |
250 |
400 |
10 |
Талас |
195 |
195 |
195 |
180 |
170 |
160 |
|
Соның
|
170 |
170 |
170 |
148 |
140 |
130 |
11 |
Шу |
165 |
170 |
180 |
180 |
200 |
220 |
|
соның
|
70 |
75 |
80 |
65 |
70 |
80 |
|
Облыс
|
4615 |
4925 |
5205 |
2788 |
3120 |
3625 |
кестенің жалғасы
(адам)
кәсіби даярлауға
|
әлеуметтік
|
Жастар
|
||||||
2005 |
2006 |
2007 |
2005 |
2006 |
2007 |
2005 |
2006 |
2007 |
200 |
250 |
300 |
70 |
100 |
120 |
23 |
25 |
27 |
21 |
17 |
14 |
10 |
10 |
10 |
5 |
5 |
5 |
15 |
25 |
35 |
12 |
15 |
18 |
7 |
12 |
15 |
40 |
45 |
50 |
50 |
60 |
65 |
20 |
30 |
35 |
80 |
100 |
120 |
60 |
80 |
100 |
10 |
20 |
30 |
20 |
25 |
27 |
15 |
16 |
17 |
14 |
23 |
25 |
30 |
30 |
30 |
20 |
20 |
20 |
|
|
|
26 |
25 |
24 |
6 |
8 |
10 |
10 |
10 |
10 |
40 |
50 |
50 |
20 |
30 |
30 |
10 |
15 |
15 |
30 |
30 |
30 |
20 |
30 |
30 |
10 |
15 |
15 |
50 |
50 |
50 |
|
|
|
|
|
|
45 |
45 |
45 |
|
|
|
|
|
|
50 |
55 |
60 |
40 |
50 |
60 |
|
|
|
10 |
15 |
20 |
20 |
25 |
30 |
|
|
|
572 |
672 |
760 |
303 |
389 |
450 |
99 |
140 |
162 |
18,5 мың тұрақты және 29 мың уақытша маусымдық жұмыс орындарын құру;
14,7 мың адамның жұмысқа орналасуына ықпал жасау;
9,5 мың жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру;
2,0 мың жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру қайта даярлауға жіберу;
2007 жылы экономикалық белсендіге шаққанда жұмыссыз тұрғындар деңгейінің 8,7 пайызға дейін төмендеуі (2003 жылмен салыстырғанда 2,4 пайыздық тармаққа).
Бағдарламаның іс-шаралар жоспарының кезеңмен орындалуы, отбасында бірде-бір жұмыс істемейтіндердің ішінен кем дегенде бір адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
р/с |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Орындауға жауаптылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шаралар |
|||
1. |
жұмыссыздарды
|
жұмысқа
|
Тараз қаласы мен
|
2. |
Жаңа, жұмыс істеп
|
Облыс Әкіміне
|
Тараз қаласы және
|
3. |
Отбасында бір де
|
Облыс Әкіміне
|
Тараз қаласы мен
|
4. |
Экономиканың
|
Облыс Әкіміне
|
Тараз қаласы мен
|
5. |
Аймақтық және
|
Облыс Әкіміне
|
Жамбыл облысы
|
2. Нысаналы топтағыларды жұмыспен қамтуға және
|
|||
6. |
Жұмыссыздардың
|
Облыс Әкіміне
|
Тараз қаласы мен
|
7. |
Оқу орындарын
|
Облыс Әкіміне
|
Тараз қаласы мен
|
8. |
Балалар үйлерінің
|
Облыс Әкіміне
|
Тараз қаласы мен
|
9. |
Бас бостандығынан
|
Облыс Әкіміне
|
Жамбыл облысы
|
10 |
Мүгедектерді
|
кәсіби
|
Тараз қаласының
|
3. Жұмыссыздарды кәсіби оқытудың икемді жүйесін
|
|||
11 |
Білікті кадрлар
|
Облыс Әкіміне
|
Жамбыл облысы
|
12 |
Мамандықтар
|
мәліметтер
|
Жамбыл облысы
|
13 |
Жұмыссыздарды
|
Курсты үйрену |
Жамбыл облысы
|
14 |
Еңбек рыногының
|
Облыс Әкіміне
|
Тараз қаласы мен
|
15 |
Жұмыссыздардың,
|
Облыс Әкіміне
|
Тараз қаласы мен
|
16 |
Облыстың әр
|
кәсіптік
|
Жамбыл облысы
|
17 |
Жалпы білім беру
|
мәліметтер
|
Жамбыл облысы
|
4. Қоғамдық жұмыстардың бағдарламаларын жетілдіру шаралары |
|||
18 |
Аймақтардың
|
Облыс Әкіміне
|
Тараз қаласы мен
|
19 |
Қоғамдық жұмыстар-
|
Облыс Әкіміне
|
Тараз қаласы мен
|
20 |
Мүгедектерді
|
Облыс Әкіміне
|
Тараз қаласы мен
|
21 |
Жоғары сынып
|
Бос орындар
|
Жамбыл облысы
|
22 |
Нысаналы топтағы
|
Есептер,
|
Жамбыл облысы
|
5. Ішкі еңбек нарығын қорғау шаралары |
|||
23 |
Облыс экономикасын
|
мәліметтер
|
Жамбыл облысы
|
24 |
Жыл сайын Қазақ-
|
Ұсыныс-
|
Жамбыл облысы
|
25 |
Шетелден жұмыс
|
Шетелдік
|
Жамбыл облысы
|
6. Еңбек нарығында әлеуметтік әріптестікті дамыту
|
|||
26 |
Жұмыссыздық
|
Комиссия
|
Үш жақты
|
27 |
Жұмыс орындарын
|
Ұжымдық
|
Жамбыл облысы
|
28 |
Атқарушы
|
Дөңгелек
|
Жамбыл облысы
|
7. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті
|
|||
29 |
Республикалық
|
Компьютерлік
|
Тараз қаласы және
|
30 |
Жұмыспен қамтыл-
|
Облыс Әкіміне
|
Жамбыл облысы
|
31 |
Облыстағы жұмыс
|
Облыс Әкіміне
|
Жамбыл облысы
|
32 |
Жұмыспен қамту
|
Мақалалар
|
Жамбыл облысы
|
кестенің жалғасы
Орындалу мерзімі |
Болжамды
|
Қаржыландыру
|
|
5 |
6 |
7 |
|
1. Халықты жұмыспен қамтуға
|
|
||
2005 жылы, II-IV тоқсан 2006-2007 жылдар, I-IV тоқсан |
Қаржыландыруды
|
|
|
2005 жылы, II-IV тоқсан 2006-2007 жылдар, I-IVтоқсан |
Қаржыландыруды
|
|
|
2005 жылы, II-IV тоқсан 2006-2007 жылдар, I-IVтоқсан |
Қаржыландыруды
|
|
|
2005 жылы,II тоқсан 2006-2007 жылдар, I тоқсан |
Қаржыландыруды
|
|
|
2005 жылы,
2006-2007 жылдар,
|
2005 жылы -
2006 жылы -
2007 жылы -
2005 жылы -
2006 жылы -
2007 жылы -
|
Облыстық
Жергілікті
|
|
2. Нысаналы топтағыларды
|
|
||
2005 жылы,
2006-2007 жылдар,
|
2005 жылы -
2006 жылы
2007 жылы
|
Жергілікті
|
|
2005-2007 жылдар,
|
2006 жылы - 0,7 2007 жылы - 1,2 |
Жергілікті
|
|
2005-2007 жылдар,
|
Қаржыландыруды
|
|
|
2005 жылы,
|
Қаржыландыруды
|
|
|
2006-2007 жылдар,
|
Қарастырылған
|
|
|
3. Жұмыссыздарды кәсіби
|
|
||
2005 жылы,
|
Қаржыландыруды
|
|
|
2005-2007
|
Қаржыландыруды
|
|
|
2005 жылы,
|
Қаржыландыруды
|
|
|
2005 жылы,
|
2005 жылы -
2006 жылы -
2007 жылы -
|
Жергілікті
|
|
2005-2007 жылдар, IV тоқсан |
Қарастырылған
|
Жергілікті
|
|
2005 жылы, II-IV тоқсан
2006-2007
|
Қарастырылған
|
Облыстық
|
|
2005-2007 жылдар, IV тоқсан |
Қаржыландыруды
|
|
|
4. Қоғамдық жұмыстардың
|
|
||
2005-2007 жылдар,
|
Қаржыландыруды
|
|
|
2005-2007 жылдар,
|
2005 жылы -
2006 жылы -
2007 жылы -
|
Жергілікті
|
|
2006 жылы,
|
Қоғамдық
|
Жергілікті
|
|
2005-2007 жылдар,
|
жұмыс
|
|
|
2005 жылы,
|
қоғамдық
|
|
|
5. Ішкі еңбек нарығын қорғау
|
|
||
2006-2007 жылдар,
|
Қаржыландыруды
|
|
|
2005-2007 жылдар,
|
Қаржыландыруды
|
|
|
2005-2007 жылдар,
|
Шетелдік
|
|
|
6. Еңбек нарығында
|
|
||
2005-2007 жылдар,
|
Қаржыландыруды
|
|
|
2005 жылы,
|
Қаржыландыруды
|
|
|
2005-2007 жылдар,
|
Қаржыландыруды
|
|
|
7. Жұмыспен қамту мәселелері
|
|
||
|
2005 жылы,
|
Қарастырылған
|
Жергілікті
|
|
2005 жылы,
|
Қарастырылған
|
Жергілікті
|
|
2005 жылы,
|
Қаржыландыруды
|
|
|
2005 жылы,
|
Қаржыландыруды
|
|