Шу ауданының Жаңажол ауылдық округін және Жуалы ауданының Тоғызтарау ауылдық округін құру туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық әкімиятының 2005 жылғы 27 қазандағы N 297 қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2005 жылғы 28 қазандағы N 11-8 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2005 жылғы 30 қарашада N 1628 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып облыстық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Шу ауданының Ескішу ауылдық округі құрамынан Жаңажол ауылы бөлініп орталығы Жаңажол ауылы болатын Жаңажол ауылдық округі, Жуалы ауданының Билікөл ауылдық округі құрамынан Тоғызтарау, Құмсуат және Жаңа өткел ауылдары бөлініп орталығы Тоғызтарау ауылы болатын Тоғызтарау ауылдық округі құрылсын.
      2. Жуалы және Шу аудандарының әкімдері заңнамамен белгіленген тәртіпте аудан бюджеттеріне тиісті өзгертулер енгізсін.
      3. Осы нормативтік құқықтық акт Жамбыл облысының Әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
 
 

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы
      Қ. Демешев

Облыс әкімі
Б. ЖЕКСЕМБИН

      Облыстық мәслихат
      хатшысы
      Ә. ӘСІЛБЕКОВ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады