Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы

Жаңа

Тараз қаласы әкімиятының 2005 жылғы 11 сәуірдегі N 154 Қаулысы. Тараз қаласының Әділет басқармасында 2005 жылғы 16 мамырда N 6 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14 бабы, 2 тармағының талабының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, эротикалық мазмұндағы материал жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сатуды реттеу туралы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Эротикалық мазмұнда, материалдар жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сату үшін тұрақты мекен-жайлардың тізбесі бекітілсін (1 қосымша).
       2. Эротикалық мазмұндағы материал жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сатудың ережесі бекітілсін (2 қосымша).
      3. Қала әкімі аппаратының мемлекеттік құқық бөлімі Ә.А. Исақов, "Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ә. Әбдімомынов, "Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі А.К. Жүнісбаев эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сатудың ережесінің орындалуын тұрақты бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарлары Н.Н. Әлібаев пен К.М. Тоғызбаеваға жүктелсін.

      Қала әкімінің міндетін атқарушы               Е. Астаев

Тараз қаласының әкімдігінің  
2005 жылғы 11 сәуірдегі    
N 154 қаулысына 1 қосымша   
"Эротикалық мазмұндағы материалдар
жариялайтын мерзімді басылымдардың
сатылуы туралы"         

Эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді
баспасөз басылымдарының бөлшек саудасына арналған
стационарлық дүкендерінің
ТІЗБЕСІ

      1. "Өмірзақов және К" ӨС кітап дүкені, Бектұрғанов көшесі, 14
      2. "Өмірзақов және К" ӨС "Жеті жарғы кітап" дүкені, Абай даңғылы, 141
      3. "Шерхан Мұртаза" кітап үйі, Төле би көшесі, 50
      4. "Глобус" дүкені, Қазыбек би көшесі
      5. "Сенім" баспаханасы, Төле би көшесі, 22

Тараз қаласының әкімдігінің   
2005 жылғы 11 сәуірдегі    
N 154 қаулысына 1 қосымша   
"Эротикалық мазмұндағы материалдар
жариялайтын мерзімді басылымдардың
сатылуы туралы"        

Эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді
баспасөз басылымдарының бөлшек саудасы туралы
ТӘРТІБІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Аталмыш тәртіп Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңдарына және бөлшек сауданың негізгі ережелеріне сәйкес жасалынған.
      2. Аталмыш тәртіп заңды және жеке тұлғалардың эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдардың бөлшек саудасын реттейді.
      3. Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 1 бабының 14 тармағына сәйкес, сексті тұрақты әрі жалпы негізде жарнамалайтын баспа басылымдары және телерадио бағдарламалары эротикалық сипаттағы өнімдер болып саналады.

2. Эротикалық сипаттағы баспа өнімдерін сату

      4. Эротикалық сипаттағы баспа өнімдерінің бөлшек саудасы желімделген жылтыр қораптарда іске асырылады.
      5. Сапасыз, әрі эротикалық сипаттағы баспа өнімдерінің өткерілгені үшін белгіленген тәртіп бойынша, меншік нысанына қарамастан бөлшек сауда ұйымдары жауапкершілікке тартылады.
      6. Он сегіз жасқа толмағандарға эротикалық сипаттағы материалдар жарияланатын баспа өнімдерінің саудасын жасауға тиым салынады.

3. Аталмыш Тәртіптің сақталуына жауапкершілік

      7. Эротикалық сипаттағы материалдар жарияланатын мерзімді баспасөз өнімдерінің бөлшек саудасы туралы Тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына сай жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады