Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 7-13 шешімімен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1-тармағының 8 тармақшасына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабы 2 тармағына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы 30 наурыздағы кезектен тыс ІV-сессиясының N 4-3 "Аудандағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, мал дәрігерлік туралы заңдарды сақтау және иттер мен мысықтарды күтіп ұстау жөніндегі Ережелерді бекіту туралы" (тіркеу N 1346, аудандық "Ауыл жаңалығы" газетінің 2004 жылғы 15 мамырдағы N 22 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Аудандағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау және елді мекендердің аумақтарын көріктендіру туралы" Ережесінде:
11 тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Көшелердің көлік және жүргіншілер жүретін бөлігін, құрылыс салудан және жасыл желектерден бос аумақтарды, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы орындарды қандай да болмасын қоқыстармен (темекі қалдықтарымен, бөтелкелермен, қағазбен) тұрмыстық қалдықтармен ластауға, арнайы белгіленбеген жерлерге хабарландырулар, афишалар, құлақтандырулар, жарнамалық плакаттар, үнпарақтар және сол сияқтыларды жапсыруға;".
Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
Н. Есимов Т. Абдуалиев