Мойынқұм аудандық мәслихатының 2004 жылғы 2 маусымдағы N 5-4 "Елді мекендерді көркейту, жасыл көшеттерді күту және қорғау бойынша ережені бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Мойынқұм аудандық мәслихатының 2005 жылғы 26 қазандағы N 15-2 шешемі. Мойынқұм аудандық әділет басқармасында 2005 жылғы 07 қарашада 10 нөмірімен тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Мойынқұм аудандық мәслихатының 2004 жылғы 2 маусымдағы N 5-4 "Елді мекендерді көркейту, жасыл көшеттерді күту және қорғау бойынша ережені бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу номері 1396, 2004 жылғы 3 тамыздағы аудандық "Мойынқұм таңы" газетінің N 43 (4950) санында жарияланған) шешіміне толықтырулар енгізілсін:

      3 тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қоғамдық орындарда, бітпеген құрылыстар мен қираған ғимараттардың аумақтарында тазалау және тәртіпке келтіру жұмыстары арнайы белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.".

      16 тармақ келесі мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5) Құрылыстан бос орындар мен жасыл желек аймақтарын, жүргінші және жүріп-тұру жолдарының бөлігін, сонымен қатар басқадай жалпы пайдаланымдағы орындарға кез келген қоқыс түрлерін (темекі қалдықтары, шыны-ыдыстар, қағаздар т.б.) тұрмыстық қалдықтармен ластауға;
      6) Арнайы белгіленбеген орындарда, хабарландырулар, афишалар, хабарлама қағаздар, жарнамалық плакаттар, үндеухаттар және сол сияқтыны жапсыруға тиым салынады.".
      2. Осы шешім Мойынқұм аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

      Аудандық мәслихаттың сессиясының
      төрағасы-мәслихат хатшысы:                     Е. Ошақбаев.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады