Ескерту. Күші жойылды - Талас аудандық мәслихатының 2008.06.30 № 11-13 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы", 1999 жылғы 16 қарашадағы N 477 "Халықты әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша бір қатар заң актілеріне өзгертулер енгізу туралы"Заңдарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы Ереже бекітілсін. (Ереже қосылып беріледі).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Аудандық мәслихаттың
ІII-сессиясының төрағасы: Т. Сәрсенұлы
Аудандық мәслихаттың
хатшысы: Т. Несіпбай
2004 жылғы 2 ақпандағы үшінші шақырған
аудандық мәслихаттың үшінші
сессиясының "Азаматтардың жекелеген
санаттарына тұрғын үйді ұстауға және
коммуналдық қызметтерге төлеу үшін
тұрғын үй жәрдем ақысын тағайындау
Ережесін бекіту туралы" N 3-6 шешіміне
N 1 қосымша
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы
ЕРЕЖЕ
1. Бұл ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" және 1999 жылғы 16 қарашадағы "Халықты әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша бір қатар заң актілеріне өзгертулер енгізу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес жасалынды.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Талас аудандық мәслихатының 2005 жылғы 18 сәуірдегі N 13-4 шешімімен.
2. Тұрғын үй жәрдемақысы халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
3. Тұрғын үй жәрдемақысы ауданда есепке тіркеліп тұратын тұрғын үй иесі немесе жалдаушысы болып саналатын отбасыларына (жеке адамдарға), Қалалық телекоммуникациялық желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс және қызмет көрсету және коммуналдық тұрғын үйді күту төлемнің шығыстары нормативтер шегінде жәрдемақы тағайындау жөнінде өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы орташа айлық кірістер жиынтығының 20 пайызынан асқан жағдайда аударылым түрі арқылы төленеді.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Талас аудандық мәслихатының 2005 жылғы 18 сәуірдегі N 13-4 шешімімен.
4. Тұрғын үйді күту және коммуналдық қызмет үшін белгіленген шығындардың нормалық мөлшерден артығын жалпы негізде азаматтар өздері төлейді.
2. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау шарты
5. Тұрғын үй жәрдемақысын есептегенде, отбасы құрамына мыналар кіреді: тұрғын үй иесімен немесе жалдаушымен бірге тұратын және бір есеппен тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметке төлейтін ерлі-зайыптылар, олардың балалары, басқа да туысқандары сондай ақ тұрғын үй пәтерлердің мұрагерлігі сақталған кәмелетке толмаған балалардың қамқоршылары, қайтыс болған үй егелерімен бірге тұрғандар мұрагерлік құқы анықталғанша тағы да басқа да бірге тұратын азаматтар.
6. Мүгедектерден, стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдардан, магистратура мен аспирантураны қоса алғанда күндізгі оқу нысанындағы оқитын оқушылар мен студенттер тыңдаушылар мен курсанттардан, І және ІІ топтағы мүгедектерді күтушілерден (дәрігерлік әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасы негізінде), 80 жастан асқан қарттарды күтіп қарайтындардан, (қамқорлық кеңесінің шешімі негізінде 7 жасқа дейінгі және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтумен айналысатындардан басқа, отбасының еңбекке қабілетті мөлшері жұмыс істемейтін, әскерде қызмет етпейтін және еңбекпен қамту органында жұмыссыз ретінде тіркелмеген жағдайда, ол отбасына тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды.
7. Тұрғын үй жәрдем ақысын тағайындауға үміткер отбасы (жеке тұлға) немесе алушы өтінішін рәсімдеу үшін мынандай құжаттарды тапсырады:
1) Төл құжат немесе жеке куәлігі;
2) қозғалмайтын мүліктерді тіркеу орталығының меншігіндегі тұрғын үй бірлігінің (пәтерінің, үйінің) саны мен иелігін куәландыратын құжаты (жылына бір рет келесі қайта тіркеуге дейін немесе қандайда болсын өзгерістер болғанда);
3) отбасының құрамы туралы ақпараттық анықтама (жылына бір рет келесі қайта тіркеуге дейін немесе қандай да болсын өзгерістер болғанда);
4) отбасының табысы туралы анықтамалар: еңбек ақы, нәпаха, зейнетақы, жәрдем ақы, мемлекеттік арнаулы жәрдем ақы, шәкірт ақы және басқа да табыстар (тоқсан сайын арыз берген тоқсанның алдындағы тоқсанға), өз бетінше еңбекпен қамтылған тұлғалардың тапқан табысы туралы түсінігі;
5) кәмелетке толмаған балаларға және асырауындағы жандарға алынған алимент;
6) ақшалай заттай ұтыстар;
7) Үй іргесіндегі жер көлемінен және қосалқы шаруашылығынан тапқан табысы, жеке кәсіпкерліктен түскен табысы;
8) Кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар аудандық салық комитетінен табысы туралы немесе айналыспайтын туралы анықтама;
9) Жұмыс істейтін азаматтардың еңбек кітапшасының көшірмесі;
10) Балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі;
11) Кәмелетке толмаған балаларды қамқорлыққа алу шешімі (егерде жанұяда кездесетін болса);
12) Балалардың оқу орнынан анықтама;
13) еңбекпен қамтылғаны (айлық жалақысы туралы анықтама) немесе жұмыссыздар үшін жұмыспен қамту уәкілетті органнан жұмыссыз ретінде тіркелген анықтамасы және жұмыс істемейтін, уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелінбей өз бетінше еңбекпен қамтылған азаматтарға тапқан табысы жайлы мәліметті толтыру;
14) АХАЖ бөлімінің анықтамасы (толық емес отбасыларына N№8 үлгідегі).
8. Берілген ақпараттың растығына күмән тудыратын жағдайда тұрғын үй жәрдем ақысын тағайындаушы маманның, отбасының кірісі, оның мүшелерінің тұрақты тұратын орынының растығы және тұрғын үй шығындары құжаттарын тексеруге құқы бар.
9. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар қандай да болсын тұрғын үй меншігінің және отбасы құрамының табысының өзгерістері, сондай ақ тұрғын үй көмегі дұрыс тағайындалмады деп күмәнданған жағдайда он күн ішінде аудандық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына хабарлауы тиіс.
10. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына тұрғын үй көмегінің заңсыз немесе артық тағайындалуына әсер ететін жалған мәлімет тапсырған тұрғын үй егесі немесе жалдаушы 1 жылға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады және жіберілген шығын Заңды түрде өндіріледі.
11. Жауапты тұлғалар құжаттарды дұрыс бермеу кінәсінен тұрғын үй жәрдемақысының заңсыз тағайындалуы орын алған жағдайда белгіленген заң көлемінде жауап береді.
12. Жеке меншігінде тұрғын жайы (үйі, пәтері) біреуден артық болса немесе тұрғын үйін (алаңдарын) жалға тапсырғандар тұрғын үй жәрдем ақысын алу құқығын жоғалтады.
3. Тұрғын үй күтуге және коммуналдық қызметке жәрдемақы тағайындау жөнінде әлеуметтік мөлшері мен нормативтер
13. Тұрғын үй жәрдем ақысын есептеу үшін тұрғын үй көлем мөлшерін белгілеу:
жалғыз басты азаматтар үшін 30 шаршы метрден аспайтын, 1 бөлмелі пәтерде нақты тұрғын алаңы бойынша;
екі мүшесі бар отбасылар үшін жалпы алаңы 40 шаршы метрден аспасын; (пайдалы алаң);
үш мүшесі бар отбасылар үшін жалпы алаңы 54 шаршы метрден аспасын;
төрт мүшесі бар отбасылар үшін 72 шаршы метрден аспасын;
бес мүшесі бар отбасылар үшін 90 шаршы метрден аспасын;
алты мүшесі бар отбасылар, және одан да көп мүшесі бар отбасыларына 108 шаршы метрден аспайтын мөлшерде деп белгіленсін.
4. Отбасының кіріс жиынтығын есептеу
14. Тұрғын үй жәрдем ақысын есептеуге қабылданатын отбасының кіріс жиынтығын есептеуде мына кірістер түрі еске алынады:
жұмыс орнынан еңбек ақы;
зейнетақылар мен жәрдемақылар және мемлекеттік арнаулы жәрдем ақылар;
стипендиялар (шәкірт ақы);
алименттер;
кәсіпкерлік қызметтен алынатын кіріс;
өз бетінше еңбекпен қамтылып тапқан табысы;
басқа кірістер.
5. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау
15. Жәрдем ақылар тағайындау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құжаттар қабылданған күннен 10 күн ішінде тұрғын үй жәрдем ақысын тағайындау немесе бас тарту жөніндегі шешімін қабылдайды.
16. Тұрғын үй жәрдем ақысы ағымдағы жыл бойынша 12 ай бойы, тоқсанның үш айына өтініш берген айынан бастап, бірақ жәрдем ақы алуға құқығы келген мерзімнен ерте емес мерзімге тағайындалады. Табыс туралы мәлімет тоқсанына бір рет тапсырылады.
17. Тұрғын үй көмегін алушы тапсырған мәліметтерінің нақтылығы мен толықтығына жауап береді.
6. Тұрғын үй жәрдемақысын қаржыландыру және төлеу
18. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
19. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындалуы мен төлеуге дұрыс жұмсалуын жылына бір рет тексеруді қаржы органдарына жүктеледі.
20. Аудан бойынша тұрғын үй жәрдемақысын есептеу үшін төмендегі коммуналдық қызмет мөлшері есепке алынады:
1) ас дайындауға көгілдір отын (сұйықталған көгілдір отын, табиғи көгілдір отын);
2) жылы ыстық су жүйесі (көгілдір отын, көмір);
3) суық су, канализация жүйелері;
4) жарық (электр) қуатынан;
5) көл қоқыс шығару үшін;
6) жарық қуаты жалғыз басты адамға айына 45 кВт, ал басқа жанұя мүшесіне 1 адамға 45 кВт бірақ айына белгіленген 400 кВт/сағ аспау керек, 1 кВт/сағ бағасы 4,30 теңге. Сұйықталған газ айына адам басына 8,2 кг мөлшерінде есептелінеді.
21. Телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік төлемнің арттырылуына өтемақы төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.<*>
Ескерту. 6 тарау 21 тармақпен толықтырылды - Талас аудандық мәслихатының 2005 жылғы 18 сәуірдегі N 13-4 шешімімен.