Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 462 бабына, Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 29 бабына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамызындағы "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы" N 884 Қаулысына сәйкес, облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкасы белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Н.Е. Усатов) және облыс әкімінің орынбасарына (Ж.С. Таласпеков) жүктелсін.
Сессия төрағасы,
облыстық Мәслихат хатшысының
міндетін атқарушы
Облыстық мәслихаттың
XVІІ сессиясының
2005 жылғы 02 желтоқсандағы
N 230 шешіміне
Қосымша
Атмосфераға, су объектілеріне тасталған ластаушы заттар және өндіріс қалдықтарын орналастырғаны және қоршаған ортаға пайдаланғаны үшін келесі төлемақылар ставкалары 2006 жылы - 107 % индексация коэффициентiнiң есебімен белгіленсін:
1. Стационарлық көздерден лимит шегінде атмосфераға нормативтік тасталған шартты бір тонна ластаушы заттар үшін - 123 теңге;
2. Стационарлық көздерден тасталған белгіленген лимиттен тыс шартты бір тонна ластаушы заттар үшін - 1230 теңге;
3. Атмосфералық ауаны жылжымалы техникалардың (автомашина, жол-құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа техникалар) зиянды тастамасымен ластағаны үшін - автомотор отынының жұмсалатын бір тоннасы үшін:
этил бензині үшін - 785 теңге;
этилді емес бензин үшін - 337 теңге;
дизельдік отын үшін - 280 теңге;
газ үшін - 203 теңге.
4. Су объектілеріне, су тоғандары-жинақтаушыларға, фильтрлеу өрісіне тасталған лимит
5. Су объектілеріне тасталған шартты бір тонна ластаушы заттар үшін - 140300 теңге;
6. Жер бетіне бір текше метр ағынды су тастағаны үшін:
Нормативті тазартылған ағынды су - 5,05 теңге;
Тазартылмаған және жартылай тазартылған ағынды су - 10,1 теңге;
7. Қоршаған ортаға өндіріс қалдықтарын орналастырғаны (сақтау, көму) және пайдаланғаны үшін:
улы емес қалдықтар (V класс) 1 тонна 8,45 теңге;
байыту қалдықтары, кектер, металлургиялық қалдықтар, күл-қожы қалдықтары, (ІV) 1 тонна - 16,8 теңге;
Улылық класына байланысты таблицаға сәйкес басқа да өнеркәсіп қалдықтары.
8. Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары (тезек, құс көңі)
жабдықталмаған алаңдар мен үйінділер 1 тонна - 561 теңге;
жабдықталған алаңдарда 1 тонна - 112 теңге;
9. Тұрмыстық қатты қалдықтарды ТҚҚ полигондарында (үйінділерде), кәсіпорындар мен ұйымдарға арналған арнайы белгіленген орындарда орналастырғаны үшін, 1 текше метр - 85 теңге.
Атмосфераға (су объектілеріне) тасталған рұқсат берілмеген, апаттық қалдықтар (тастандылар) келтірілген тоннасы үшін, осы мақсатқа арналмаған орындарда өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтарды рұқсатсыз орналастырғаны, сақтағаны үшін төлемақы нормативінен он есе мөлшерінде алынады.
Ластаушы заттарды қоршаған ортаға тастауға және өнеркәсіп қалдықтарын орналастыруға арналған рұқсат белгіленген тәртіп бойынша ресімделмей қоршаған орта ластанған жағдайда барлық тастанды заттар рұқсат етілмеген тастаулар және қалдықтарды орналастыру болып қарастырылады.
Төлемдер нормативі
Қалдықтар атауы |
Өлшем бірлігі |
Нормативтік төлем, (теңге) |
Улы қалдықтар |
|
|
І класты улы заттар - аса қауіпті |
тонна |
3595 |
ІІ класты улы заттар - өте қауіпті |
тонна |
1798 |
ІІІ класты улы заттар - орташа қауіпті |
тонна |
449 |
ІV класты улы заттар - қауіптілігі шамалы |
тонна |
225 |