Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2011.08.16 N 113 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыстық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру Ережелерін бекіту туралы" облыс әкімиятының 2005 жылғы 5 мамырдағы N 415 қаулысына (тіркеу N 4124, 2005 жылғы 11 маусымдағы N 107-108 "Сыр бойы", 2005 жылғы 10 маусымдағы N 98 "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген облыстық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) мүліктік жалдауға (жалға) беру Ережесіндегі:
7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы өтінімді облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден басқа барлық жеке және заңды тұлғалар бере алады.".
Облыс әкімі