Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді кәсіби оқытуды ұйымдастыру Қаfидасын бекіту туралы даярлығын ұйымдастыру және оны өткiзу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 2 қыркүйектегі N 245 қаулысы. Маңғыстау облыстық Әділет департаментінде 2005 жылғы 30 қыркүйекте N 1921 тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Маңғыстау облысы әкімшілігінің 2013 жылғы 02 ақпандағы N 08-18-185 хаты)

      Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Маңғыстау облысы әкімшілігінің 2013.02.01 N 08-18-185 хаты).
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы  N 148 , "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі  N 39 Заңдарына, Маңғыстау облыстық мәслихатының "Маңғыстау облысы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы туралы" 2002 жылғы 12 сәуірдегі  N 18/178 , "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" 2004 жылғы 8 желтоқсандағы  N 8/126 шешімдеріне сәйкес және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді кәсіби оқытуды ұйымдастыру мақсатында, облыс әкімияты  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді кәсіби оқытуды ұйымдастыру Қағидасы бекітілсін.

      2. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (А.Баужанова) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді кәсіби оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Маңғыстау облысының қаржы департаменті (М.Б.Әлібекова) облыстық бюджет қаражаты есебінен осы мақсатқа арналған шығындарды мезгілінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Қ.Тұрысбековке жүктелсін. 

       Облыс әкімі                         Б. Палымбетов

Қосымша          
Маңғыстау облысы әкімиятының
2005 жылғы 2 қыркүйектегі  
N 245 қаулысымен бекітілген 

  Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді кәсіби оқытуды
ұйымдастыру
ҚАҒИДАСЫ

      Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі  N 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2002 жылғы 12 сәуірдегі  N 18/178 "Маңғыстау облысы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы туралы" және 2004 жылғы 8 желтоқсандағы  N 8/126 "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешімдеріне сәйкес жасалған және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді кәсіби оқытудың тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ереже

      1. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді кәсіби оқыту (бұдан әрі - оқыту) Маңғыстау облысындағы оқу орындарында ұйымдастырылады.
      2. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді оқытуға Маңғыстау облысында тұратын мүгедектер жатады.
      3. Мүгедектерді оқыту облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      4. Мүгедектерді оқытуға қаражат жыл сайын облыстық мәслихаттың алдағы жылға арналған облыстық бюджет жөніндегі шешімімен көзделеді.
      5. Мүгедектерді оқытуға уәкілетті орган болып Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (бұдан әрі-уәкілетті орган) саналады.
      6. Мүгедектерді оқытатын оқу орындарын Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы"  Заңына сәйкес уәкілетті орган анықтайды.
      7. Осы Қағидаға өзгерістер мен толықтырулар Маңғыстау облысы әкімиятының қаулысы негізінде енгізіледі.

  2. Мүгедектерді оқыту тәртібі

      8. Мүгедектер уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) өтініш;
      2) мүгедектігі жөніндегі анықтамасының көшірмесі;
      3) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы.
      9. Өтініштерді тіркеуді тапсырылған құжаттар негізінде уәкілетті орган жүргізеді.
      10. Оқытылатын мүгедектердің тізіміне уәкілетті орган басшысының қолы қойылады.

  3. Мүгедектерді оқытуға жұмсалатын шығынды қаржыландыру

      11. Жасалынған келісім-шарттың негізінде, қаржыландыру жоспары бойынша, облыстық қаржы департаменті уәкілетті органның есеп-шотына мүгедектерді оқыту үшін бекітілген бюджеттік бағдарламаға сәйкес қаржы аударады.
      12. Уәкілетті орган жасалған келісім-шарт негізінде бұл қаржыны оқу орнының есеп-шотына аударады.

  4. Есепке алу және есеп беруді жүргізу

      13. Уәкілетті орган оқитын әр мүгедекке жолдама береді. Оқу орны оқу аяқталғасын, оқылған мерзімін көрсетіп жолдаманың екінші түбіртегін қайтарады және мүгедектерге оқыған мамандығына байланысты сертификат (куәлік) береді.

  5. Бақылау

      14. Мүгедектерді оқытуға бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексеруші орган жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады