Тельман елді мекенін Сайын Шапағатов елді мекені деп атау туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы мәслихатының 2005 жылғы 28 қыркүйектегі N 12/217 шешімі және Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 27 шілдедегі N 240 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет Департаментінде 2005 жылғы 17 қазанда N 1925 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  11-бабы 4-тармағына сәйкес тұрғындардың тілегін ескере отырып және Түпқараған аудандық мәслихаты мен Түпқараған ауданы әкімінің ұсыныстарын қарай отырып, облыстық мәслихат  ШЕШІМ ЕТТІ  және облыстық әкімият  ҚАУЛЫ ЕТТІ

      1. Түпқараған ауданының Тельман елді мекені Сайын Шапағатов елді мекені болып аталсын.

      2. "Тельман елді мекеніне Сайын Шапағатовтың есімін беру туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2004 жылғы 27 қазандағы N 7/114 және Маңғыстау облысы әкімінің 2004 жылғы 27 қазандағы N 61 бірлескен шешімінің күші жойылды деп танылсын. 

      3. Осы шешім мен қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

 

       Сесcия төрағасы                            Облыс әкімі

      Облыстық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады