"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сай облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Маңғыстау облысы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы
Облыстық мәслихат хатшысы
"Маңғыстау облысы бойынша
мүгедектерді оңалтудың
2006-2008 жылдарға арналған
Аймақтық бағдарламасы туралы"
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2005 жылғы 6 желтоқсандағы
N 13/231 шешімімен бекітілді
Маңғыстау облысы бойынша мүгедектерді оңалтудың
2006-2008 жылдарға арналған
АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ Мазмұны
Бағдарламаның паспорты
Кіріспе
1. Мүгедектіктің және мүгедектерді оңалтудың жай-күйін талдау
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
3. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асыру тетігі
3.1 Мүгедектіктің алдын алу
3.2 Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру
3.3 Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту
3.4 Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру
3.5 Мүгедектерді оңалтудың аймақтық деңгейде ұйымдастыру, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен өзара бірлесіп әрекет ету
3.6 Мүгедектерді оңалту жүйесін ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру
3.7 Қызметшілер жүйесін дамыту
4. Қаржыландыру көздері мен қажетті ресурстар
5. Күтілетін нәтижелер
6. Маңғыстау облысы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы Маңғыстау облысы бойынша мүгедектерді
оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған
Аймақтық бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме "Қазақстан Республикасында мүгедектерді
әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан
Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі
N 39 Заңы
Әзірлеуге жауапты Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды
мемлекеттік орган үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
департаменті
Мақсаты мен міндеттері Оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектерді
әлеуметтік қолдауды күшейту, тұрмыстағы
кіріптарлықтан құтқару жағдайларын
жақсарту, мүгедектік деңгейін төмендету;
мүгедек болу патологиясы бар, жиі және
ұзақ ауыратын адамдарды алдын ала емдеу;
мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру
жүйесін дамыту және атаулы әлеуметтік
қолдауды күшейту;
мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру
және мүгедектерді медициналық, әлеуметтік
және кәсіптік оңалту жөніндегі қызметтер
аясын ұлғайту;
оңалту мекемелерінің жүйесін дамыту,
олардың қызметінің нысандары мен
әдістерін жетілдіру, материалдық-
техникалық базасын нығайту;
мүгедектерге берілетін компенсаторлық
техникалық құралдардың, протездік-
ортопедиялық және сурдологиялық көмектің
атаулылығын арттыру және толықтығын
қамтамасыз ету;
мүгедектердің әлеуметтік, көлік және
рекреациялық инфрақұрылым нысандарына
кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету
үшін жағдайлар туғызу;
мүгедектерді жұмыспен қамтуға белсенді
жәрдемдесу;
мүгедектердің орталықтандырылған
деректер базасын құру;
медициналық-әлеуметтік сараптама
саласындағы кадрлық қамтамасыз ету
жүйесін және оңалтуды, мүгедектерге
әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарын
жетілдіру.
Қаржыландыру көздері Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік
мен қажетті ресурстар бюджеттің, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасы тыйым салмаған
басқа да қаражат бағытталатын болады.
Мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар
1121,9 млн. теңге (2006 жылы - 142,2 млн.
теңге; 2007 жылы - 787,5 млн.теңге; 2008
жылы - 192,2 млн.теңге), оның ішінде:
Республикалық бюджеттен - 674,2 млн.теңге
(оның ішінде 2006 жылы - 24,8 млн.теңге;
2007 жылы - 622,0 млн.теңге; 2008 жылы -
27,4 млн. теңге);
жергілікті бюджеттен - 447,7 млн.теңге
(оның ішінде 2006 жылы - 117,5 млн.теңге;
2007 жылы - 165,4 млн.теңге, 2008 жылы -
164,8 млн. теңге.
Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны іске асыру:
- мүгедектерді оңалтудың бірыңғай
жүйесін құруға және оларды әлеуметтік
қамсыздандыру деңгейін арттыруға;
- мүгедектікке шығу қатерін азайтуға
және мүгедектік деңгейін төмендетуге;
- мүгедектікке әкеліп соқтыратын туа
біткен және тұқым қуалайтын ауруы, даму
кемістігі бар балалардың туу қатерінің
дәрежесін азайтуға;
- медициналық-әлеуметтік сараптаманың
сапасын арттыруға;
- мүгедектерге көрсетілетін медициналық,
әлеуметтік, білім беру және өзге де
оңалту қызметтерін жақсартуға;
- мүгедектердің лайықты еңбекке қол
жеткізуін ұлғайтуға;
- медициналық-әлеуметтік сараптама,
мүгедектерге әлеуметтік және оңалту
қызметтерін көрсететін қызметтердің
кәсіптік деңгейі мен сапасын арттыруға
ықпал ететін болады.
Іске асыру мерзімі 2006-2008 жылдар
Кіріспе
Мүгедектерді оңалту проблемаларын тиімді шешу-белгілі бір уақыт кезеңіне қабылданған нысаналы бағдарламалар шеңберіндегі белсенді түрде мемлекеттік қолдауды талап етеді. Ағымдағы жылы Маңғыстау облысы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру аяқталады. Бұл Бағдарлама негізінен орындалды және өзінің мақсатына жетті. Осыған байланысты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын орындау үшін және жақын арадағы болашақта мүгедектерді оңалтудың жаңа Аймақтық бағдарламасын әзірлеу қажет 2005 жылы қабылданған "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру да мүгедектерді оңалту жөнінде кешенді шаралар жүйесінің қабылдануын талап етеді, сондай-ақ Аймақтық бағдарламаны әзірлеуге негіздеме болып табылады.
1. Мүгедектіктің және мүгедектерді оңалтудың жай-күйі
2005 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыстағы барлық санаттағы мүгедектердің саны 9125 адам немесе шамамен тұрғындардың 2,5%-ын құрайды.
Ересек адамдар мен балалар арасындағы мүгедектіктің құрылымын талдау биылғы жылы мүгедектікке алғаш шыққандар саны өскенін, мүгедектіктің ауырлық көрсеткішінің төмендегенін (81%-ға қарағанда 75,6%) көрсетті. Оңалту нәтижесінде толығымен (3,7%-ға қарағанда 4,9%) және ішінара (5,7%-ға қарағанда 5,6%) көрсеткіштердің жақсарғаны байқалды.
Ересек адамдардың бастапқы мүгедектігі құрылымының жетекші нозологиясы қан айналымы жүйелерінің ауруынан, жарақаттардан, зиянды ісіктердің пайда болуынан болса, ал балалар арасында - туа біткен ауытқушылық, жүйке жүйесінің аурулары және психиканың бұзылуы.
Бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін интернат-үйлері мен үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері желісі атқарады. Қазіргі кезде қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі және жүйке-неврологиялық ауруларға арналған интернат - үйлері жұмыс істейді. Бұл мекемелерде 256 адам толық мемлекет қарауында тұрып жатыр. 2004 жылы 110 орындық жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған интернат - үйі қосымша құрылыс салу арқылы 48 орынға кеңейтілді.
Үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді 13 бөлімше жүзеге асырады. Олар 790 мүгедектер мен жалғызілікті қарттарға қамқорлық жасайды.
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2003 - 2004 жылдары мүгедек балалары бар отбасыларға үйде әлеуметтік көмек көрсететін бір бөлімше құрылды. Облыс бойынша 356 мүгедек балаға 56 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.
Құлағы естімейтін мүгедектерге берілетін сурдо-құралдар тізбесі кеңейді. 2005 жылы саңырау мүгедектерге арналған 203 есту аппараттары (оның ішінде 74-і мүгедек балалар үшін), 5 телефакс, 6 көпфункционалдық дыбыстық жүйесі, 12 жіберетін және қабылдайтын хабардың жазбалы мәтіні көрінетін телефондар сатып алынды.
Нашар көретін мүгедектер тифлоқұралдармен қамтамасыз етіледі. 2002-2004 жылдары көзі нашар көретін мүгедектер үшін 238 тифломагнитол оқитын машина, Брайль дисплейі бар компьютер, арнаулы қол сағаттары сатып алынды.
Тұрғын үй, әлеуметтік инфрақұрылым құрылыстарында мүгедектердің қажетін ескеретін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 2002 жылы Мемлекеттік нормативтер бекітілді, стандартты ережелер әзірленді.
Облысымызда мүгедектердің ақпараттық ортаға қолы жеткізуі жеткілікті емес. Радио мен теледидардағы ақпараттық және көркем хабарлармен нашар көретін және нашар еститін мүгедектер таныса алмайды, ал кітапханалар арнаулы қаріп пайдаланылатын әдебиеттермен жеткіліксіз қамтамасыз етілген.
Мүгедектерді қоғамға кіріктіру мақсатында, сондай-ақ кәсіптік оңалту шаралары да қажет. Мүгедектерді кәсіптік оңалту жалпы білім беру даярлығынсыз мүмкін емес. Кемістігі бар балаларды даярлайтын дәстүрлі кәсіптерге бүгінде сұраныс аз, ал жұмыс берушілер талап ететін кәсіптерге әдетте қол жете бермейді. Нәтижесінде осы топтағы балалар мен жасөспірімдер оқытылуы мүмкін кәсіптер шеңбері тарыла береді және дамуында ауытқушылығы бар балалардың әлеуметтік шеттеуі туындайды, оларды жұмысқа қабылдауда қарсылықтар кездеседі.
Облыстағы мүгедектерді жұмыспен қамту бірталай кедергілерге кездеседі, оның ішіндегі ең бастысы мүгедектердің еңбек рыногында бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі. Мүгедектер үшін арнайы еңбек және еңбекақы жағдайларын жасау жұмыс берушілерге экономикалық жағынан тиімсіз.
Сондықтан мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің мамандандырылған кәсіпорындары мүгедектерді жұмысқа орналастырудың кең тараған тәсілі болып табылады.
ЖШС "Қазақ зағиптары қоғамының Ақтау оқу-өндірістік кәсіпорны" облыстағы мамандандырылған кәсіпорын болып саналады. Мақта, мата өнімдерін тігу, пластмасса, картон және электротехникалық өнімдерді шығару, жиһаз жасау және тағы да басқалар бұл мекеменің негізі қызметтері болып табылады.
Облыстағы мүгедектіктің жағдайы мен мүгедектері оңалтудың шараларын сараптау мүгедектері әлеуметтік қорғаудағы позитивтік өзгерістермен қатар шешімін таппаған көптеген проблемалардың бар екендігін дәлелдейді.
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты: оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектерді әлеуметтік қолдауды күшейту және мүгедектерді тұрмыстағы кіріптарлықтан құтқару жағдайларын жақсарту, мүгедектік деңгейін төмендету.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу мынадай міндеттердің шешілуін талап етеді:
мүгедектіктің алдын алу жүйесін қалыптастыру;
мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту және атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту;
мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру және мүгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі қызметтер аясын кеңейту;
оңалту мекемелерінің жүйесін дамыту, олардың қызметінің нысандары мен әдістерін жетілдіру, материалдық-техникалық базасын нығайту;
мүгедектерге берілетін компенсаторлық техникалық құралдардың, протездік-ортопедиялық және сурдологиялық көмектің тиісінше және толық берілуін қамтамасыз ету;
мүгедектердің әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жағдайлар туғызу;
мүгедектерді жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесу;
мүгедектердің орталықтандырылған деректер базасын құру;
медициналық-әлеуметтік сараптама, оңалту саласындағы кадрлармен қамтамасыз ету, оңалту мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру.
3. Бағдарламаның негізгі бағыттары
мен оны іске асыру тетігі
Мүгедектіктің қазіргі заманғы танылуына орай, Бағдарлама мүгедектіктің алдын алу, медициналық - әлеуметтік сапараманы (МӘС) жетілдіру, мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру және оңалту жүйесін дамыту мен мүгедектер үшін білім алудың, дене тәрбиесі мен мәдени ортаның, тұрғын үй және жұмыс жағдайларының, көлік пен демалыс жағдайларының қол жетерлік болуын қамтамасыз етуді жұмыстың негізгі бағыттары ретінде айқындайды.
2006-2008 жылдары оңалтудың қолданылып жүрген жағдайларын белсенді дамыту және мүгедектерді оңалтудың мүгедектікті қазіргі заманғы тануға негізделген жаңа үлгісін қалыптастыру көзделеді.
3.1. Мүгедектіктің алдын алу
Мүгедектіктің алдын алу дене, ақыл-ой, психикалық және сенсорлық кемістіктердің туындауын болдырмауға (бірінші деңгейдегі алдын алу) және кемістіктің тұрақты функционалдық шектелуге немесе мүгедектікке ұласуының алдын алуға бағытталған (екінші деңгейдегі алдын алу) шаралар кешенін қарастыратын болады. Бұл шаралар:
әйелдерге әйелдер консультациялары мен босанатын мекемелерде скринингтік тестілеуді уақытында жүргізу және оның сапасын арттыруды, бала бойындағы патологияны оның бастапқы даму кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді;
жұмыс орындарына аттестаттау жүргізуді, еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды;
мүгедектігі бар адамдардың деректер банкін құруды қамтитын болады.
3.2. Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру
Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру халыққа көрсетілетін сараптамалық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталатын болады.
Осыған байланысты, ағза қызметінің, тіршілік әрекетінің шектелулері мен денсаулығының халықаралық жіктемесі бойынша аурулардың халықаралық статистикалық жіктемесіне бейімдеу жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, бұл өзіне өзі қызмет етудің, жүріп-тұрудың, қарым-қатынас жасаудың, бағыт-бағдарды айырудың, оқудың және еңбек қызметімен айналысудың төмендеуіне әкеп соғатын функционалдық бұзылушылықтар нәтижесінде туындаған әлеуметтік бейімсізденуді бағалауға мүмкіндік береді.
Бұған қоса, 18 жасқа дейінгі балалардың ағза функциялары бұзушылықтырының айқындығының және тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесіне қарай мүгедектік ауырлығын топтарын саралау жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың сапасы мен оңалтуды жүргізудің тиімділігін бағалау жетілдірілетін болады.
Алда тұрған жұмыстар МӘС қызметін алдын алу, емдеу, мүгедектерді куәландыру және оңалту сатыларында емдеу мекемелерінің қызметімен ұштастыруды талап етеді.
3.3. Мүгедектерді әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесін дамыту
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамытудың негізі әлеуметтік стандарттар жүйесіне өзгерістер енгізу және базалық әлеуметтік норматив рөлін ең төменгі күнкөріс деңгейіне бекіту болады. Мүгедектігі бойынша базалық мемлекеттік жәрдемақылар есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейі объективті негіз болады.
Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыруға әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі жүйесін құру, қаржыландырудың қосымша көздерін тарту және еңбек ету қабылетінен айрылу кезіндегі әлеуметтік қамсыздандыру үшін жауапкершілікті мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің арасында тікелей айырып бөлу негізінде қол жеткізілетін болады.
Мүгедектер материалдық мемлекеттік әлеуметтік төлемдерге қосымша көмекке сенуге құқылы. Ол бұрынғыдай атаулы сипатқа ие болады және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегі сияқты нысандарда көрсетіледі.
3.4. Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру
Мүгедектерді оңалту жүйесін дамыту оңалтулық қызмет көрсетудің қол жетерлік болуын қамтамасыз етуге және оңалту қызметтерінің сапасын арттыруға, мүмкіндіктері шектелген адамдардың мәселесімен айналысатын ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруге, медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалтудың тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.
Медициналық оңалту
Медициналық оңалту мақсаты - пайда болған ауру және немесе зақым салдарын жеңу, ол ағза функцияларын, аурудың тіршілік әрекетін және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге бағытталатын болады.
Ол үшін мүгедектерге медициналық-әлеуметтік қызметтерді көрсетуді, медициналық ұйымдардың травмотологиялық, ортопедиялық бөлімдерінің протезді-ортопедиялық орталықтарымен өзара тығыз қарым-қатынасын қажет етеді;
емдеу-алдын алу мекемелерінде медициналық оңалтуды кезең-кезеңімен реформалау жөніндегі ұйымдық іс-шараларды жетілдіру:
клиникалық және облыстық ауруханалар құрамында медициналық оңалтудың күндізгі койкаларын ұйымдастыру;
аудандық ауруханалар құрамында медициналық оңалтудың күндізгі койкаларын ұйымдастыру;
жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектердің санаторлық-курорттық емделуін ұйымдастыру.
Әлеуметтік оңалту
Мемлекет кепілдік берген әлеуметтік қызметтерді әлеуметтік қызметтерді үйде көрсету бөлімшелері, медициналық-әлеуметтік мекемелерде азаматтарға тегін көрсетеді, ал қосымша қызметтер - ішінара және толық төлеу шарттарымен көрсетілетін болады.
Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі дамыту:
мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің тізбесін кеңейтуді;
әлеуметтік және әлеуметтік-консультативтік көмекті (ерекше мұқтаждықтар мен қажеттіліктерге қарай);
медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға медициналық-әлеуметтік, білім беру және түзету қызметтерін;
оңалту мекемелерінде барлық жастағы мүгедектерге күндізгі білім беру және медициналық қызметтерді;
медициналық және басқа көмек алуды қарастыратын үйдегі әлеуметтік көмекті, шығындарды басқаруды, шаруашылықты ұстауды және тұрмыстық қызметтер көрсетуді, әлеуметтік қарым-қатынасқа жәрдемдесуді;
барлық жастағы мүгедектерге патронаждық қызмет көрсетуді көздейді. Ол үшін жүріп-тұруда қиындық көретін бірінші топ мүгедектеріне көмекші және құлағы естімейтін мүгедектерге ымдау тілінің маманын беру республикамызда алғаш рет заңмен бекітілді.
Мүгедектердің компенсанторлық техникалық құралдарға, протездік-ортопедиялық, сурдо-және тифло көмектерге қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі арттырылатын болады.
Мүгедектерді техникалық қосалқы құралдармен қамтамасыз етуді жақсарту мүгедектердің қажеттіліктерінің нақты есебінің негізінде жүзеге асырылатын болады.
Көру бойынша мүгедектердің тифлоқұралдарға қажеттілігін қанағаттандыру жөнінде қосымша шаралар қабылданатын болады.
"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен мүгедектерге берілетін техникалық құралдардың тізбесін, оған міндетті гигиеналық құралдар енгізу есебінен ұлғайту көзделіп отыр.
Мүгедектердің ЖОБ-да көзделген тұрғын-үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Мүгедектердің тұрғын үйді таңдау құқығы ғимараттың қабатын, үлгісін, көгалдандыру дәрежесін және басқа да қажетті жағдайларды ескере отырып сақталатын болады.
Жалпы пайдаланудағы көлікте қарастырылады:
мүгедектердің жалпы пайдаланудағы көлік құралдарына еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету;
жалпы пайдаланудағы көлікті мүгедектерді отырғызу және түсіру құрылғыларымен қамтамасыз ету;
мүгедектерге бөлінген арнаулы отырғызу алаңдарын ыңғайлау көзделген.
Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету
Мүгедектердің ақпараттық қызметтер көрсетуге қол жеткізуін кеңейту және соның негізінде әлеуметтік оқшаулануды жеңу үшін республикалық және өңірлік теледидар арналарындағы ақпараттық бағдарламалардың сурдоаудармасын ұйымдастыру кеңейтіледі; Брайльдің рельефті-нүкте шрифтымен аудиокассеталарда, дисктерде және сурдоаудармамен бейнекассеталарда шығарылатын мерзімді, ғылыми, оқу-әдістемелік, анықтамалық және көркем әдебиет шығару ұйымдастырылады.
Кәсіптік оңалту
Мүгедектерді кәсіптік оңалту үшін қазіргі уақытта жеткілікті қолайлы мүмкіндіктер қалыптасып отыр.
Еңбек рыногындағы жағдай тұрақтанды, жұмыссыздық деңгейі төмендеді.
Бағдарлама кәсіптік оңалтудың нәтижелілігін арттырудың мынадай шараларын:
кәсіптік оңалту мәселелерін ЖОБ-ға сәйкес шешуде жеке тәсілді;
жалпы білім беру жүйесінде және үйде оқытудың сапасын арттыруды көздейді.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін жоғары оқу орындарына түсу кезінде квоталар белгіленеді, оқып жүрген мүгедектердің шәкіртақыларына арнайы қосымша ақылар көзделді.
Мүгедектердің жұмыспен қамтылуына және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында кәсіптік білім беру жүйесінің оқу, әдістемелік және материалдық базасын жақсарту және оны қазіргі заманға өндіріс пен еңбек рыногының талаптарына бейімдеу жөнінде қажетті шаралар қабылданатын болады. Жұмыспен қамту ұйымдарында қайта даярлауды ұйымдастыру кезінде мүгедектерге ерекше назар аударылатын болады. Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу саясатын дамытуда, бірінші кезекте мемлекеттік сектор мүмкіндіктері пайдаланылатын болады. Мүгедектерді еңбек рыногына тарту әжептәуір күш-жігерді қажет етеді.
Жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесу түрлі іс-шаралар: мүгедектерді кәсіптік даярлау және қайта даярлау; жұмыс орындарын квоталау; басымды немесе нысаналы жұмысқа орналастыру (әлеуметтік жұмыс орындарын құру); шағын несиелеу көмегімен және басқалар арқылы жүзеге асырылады.
Мүгедектерді, оның ішінде мүгедек-балаларды белсенді өмір сүруге бейімдеу мақсатында көркемөнерпаздар, суреттер, қолдан жасалған бұйымдар және басқа да шығармашылық түрлерінің облыстық конкурстары, мүгедектердің шығармашылық жұмыстарының, мүгедектер ұйымдары шығаратын өнімдердің сату-көрмелері, Қазақ зағиптар қоғамының және Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорындарының және мүгедектер жұмыс істейтін басқа да кәсіпорындар өнімдерінің көрме-жәрмеңкелері өткізілетін болады.
3.5. Мүгедектерді оңалтуды аймақтық деңгейде
ұйымдастыру, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен
өзара бірлесіп әрекет ету
Мүгедектерді оңалту процестерін ұйымдастыру және оның нәтижелілігі мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының күш салуына және үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕ?) кеңінен тартуға байланысты.
Барлық деңгейде мемлекеттік органдардың ҮЕ?-мен (оның ішінде мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен) өзара тиімді ынтымақтастықты жолға салу, олардың мүгедектерге қатысты мәселелерді әзірлеу мен шешімдерді қабылдауға кеңінен қатысуын қамтамасыз ету алда тұр.
Мүгедектерді оңалтудың аймақтық бағдарламасын іске асырудағы атқарушы билік органдарының жауапкершілігін арттыру үшін облыс әкімияты жанынан мүгедектер істері жөніндегі облыстық Кеңес құрылған және оған мүгедектер қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуы қамтамасыз етілген.
3.6. Мүгедектерді оңалту жүйесін
ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру
Мүгедектерді оңалту жүйесінің міндетті элементі ақпараттық ілесу болып табылады.
Оған мынадай мәліметтері бар:
еңбекке жасы мен оңалту шараларының қажеттілігі туралы деректер көрсетіле отырып, алғашқы рет және қайтадан мүгедек деп танылған адамдардың саны туралы;
арнаулы түзеу және жалпы білім беру мектептерінде оқып жүрген мүгедек-балалардың саны;
мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квоталанған жұмыс орындарының саны мен осы орындардың нақты жұмыспен қамтылуы;
медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту нәтижелерінің статистикасы туралы мүгедектердің деректер базасы кіреді.
Қолданылып жүрген ақпараттық жүйе мен құрылған деректер базаларының негізінде, аудандық, облыстық және республикалық деңгейлерді қамтитын, деректер алмасудың бірыңғай форматы, ақпараттық жүйелер мен деректер базаларының өзара әрекет ету хаттамаларымен иерархиялық құрылымы бар кіріктірілген функционалдық жүйе қалыптасатын болады.
3.7. Қызметшілер жүйесін дамыту
Заңнамалық негіздің өзгеруі мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту жүйесін жетілдіру осы жүйеде жұмыспен қамтылған қызметшілердің құзыретіне, кәсіптік шеберлігіне және қызметшілердің адамгершілік қасиетіне жоғары жаңа талаптар қояды.
Алда әр деңгейдегі және саладағы қажетті кәсіптік білімі мен ұйымдық қабілеттері бар білікті мамандарды мақсатты түрде даярлаудың жүйесін құру жұмысы тұр.
4. Қаржыландыру көздері мен қажетті ресурстар
Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат бағытталатын болады.
Мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 1121,9 млн. теңге, оның ішінде:
2006 жылы - 142,2 млн. теңге;
2007 жылы - 787,5 млн. теңге;
2008 жылы - 192,2 млн. теңге.
Республикалық бюджеттен - 674,2 млн. теңге, оның ішінде:
2006 жылы - 24,8 млн. теңге;
2007 жылы - 622,0 млн. теңге;
2008 жылы - 27,4 млн. теңге.
Жергілікті бюджеттен - 447,7 млн. теңге, оның ішінде:
2006 жылы - 117,5 млн. теңге;
2007 жылы - 165,4 млн. теңге;
2008 жылы - 164,8 млн. теңге құрайды.
2006-2008 жылдарға арналған мүгедектердің оңалтудың Бағдарламасының жоспарын іске асыруға қажетті шығындар тиісті жылға жергілікті бюджетті жасақтауда түзетіліп отырады.
5. Күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны іске асыру:
мүгедектерді оңалтудың бірыңғай жүйесін құруға және оларды әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыруға;
мүгедектікке шығу қатерін азайтуға және мүгедектік деңгейін төмендетуге;
мүгедектікке әкеліп соқтыратын туа біткен және тұқым қуалайтын ауруы даму кемістігі бар балалардың туу қатерінің дәрежесін азайтуға;
медициналық-әлеуметтік сараптаманың сапасын арттыруға;
мүгедектерге көрсетілетін медициналық, әлеуметтік, білім беру және өзге де оңалту қызметтерін жақсартуға;
мүгедектердің лайықты еңбекке қол жеткізуін ұлғайтуға;
Медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектерге әлеуметтік және оңалту қызметтерін көрсететін қызметтердің кәсіптік деңгейі мен сапасын арттыруға ықпал ететін болады.
6. Маңғыстау облысы бойынша мүгедектерді оңалтудың
2006-2008 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасын
жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
N |
Іс-шаралар |
Орындау |
Жауапты |
Орындау |
Болжа- |
Қаржы- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері Мүгедектіктің алдын-алу |
||||||
---|---|---|---|---|---|---|
1. |
Мүгедектер істері жөніндегі облыстық Кеңес құру |
Облыс |
ЖҚҮ және ӘБД* |
2006 |
Шығындар |
|
2. |
Мүгедектігі бар адамдардың деректер банкін құру |
Еңбек |
ЕХӘҚД* |
2006- 2008 жылдар |
Респу- |
|
3. |
Әйелдер консультациялары мен босанатын мекемелерде әйелдерде туа біткен және тұқым қуалайтын паталогияның, инфекция мен генетикалық ауруларына пренатальдық скрининг жүргізу; |
Жұмыспен |
ДСД, |
2006- 2008 |
Шығындар |
|
4. |
Жұмыс орындарын аттестаттауды жүргізу және еңбек жағдайлары мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету |
Еңбек |
ЕХӘҚД |
2006- |
Шығындар |
|
5. |
Аймақта мүгедектікке әкеп соғатын аурулардың алдын-алу жөніндегі мақсатты бағдарламалары әзірленсін |
Қалалар |
ДСД, |
2006- |
Шығындар |
|
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың қызметін жетілдіру | ||||||
6 |
Мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламаларын жүзеге асыруын қамтамасыз ету |
ЖҚҮ және |
ДСД, |
Жыл |
Шығындар |
|
Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру және оңалту жүйесін жетілдіру |
||||||
Медициналық оңалту | ||||||
7 |
Амбулаторлық-емханалық медициналық ұйымдар базасында тіреу-қозғалу аппаратының бұзылулары бар балаларды оңалту кабинеттерін құру |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ДСД, |
2006 2007 2008 |
- 3,4 3,6 |
Жергі- |
8 |
Медициналық оңалтудың: |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ДСД, |
2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл |
- 12,6 13,4 |
Жергі- |
9 |
Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес санаторлық- курорттық емделуін ұйымдастыру |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
Қалалар |
2006 2007 2008 2006 2007 2008 |
13,80 14,41 15,12 17,7 18,5 19,4 |
Жергі- Жергі- |
Әлеуметтік оңалту | ||||||
10 |
Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік көмекті үйде көрсету бөлімшелерінің желісін дамытуды жалғастыру |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
Қалалар |
2006 2007 2008 |
10,29 10,80 11,35 |
Жергі- |
11 |
Мүгедектер мен жалғызілікті қарт азаматтарға әлеуметтік көмекті үйде көрсету бөлімшелерінің желісін дамытуды жалғастыру |
ЖҚҮ мен ӘБД ақпарат |
Қалалар |
2006 2007 2008 |
21,5 22,6 23,7 |
Жергі- |
12 |
Жүріп-тұруы қиындыққа түсетін 1 топтағы мүгедектерге жеке көмекші беру |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
Қалалар |
2006 2007 2008 |
12,9 13,5 14,2 |
Респу- |
13 |
Естімейтін мүгедектерге ымдау мамандарын беру |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
Қалалар |
2006 2007 2008 |
1,6 1,7 1,8 |
Респу- |
14 |
Ақтау қаласындағы ақыл - есі кем балаларға арналған 210 орындық интернат - үйін салуды қамтамасыз ету |
Еңбек- |
ЖҚҮ және ӘБД |
2007 2008 |
595,9 |
Респу- |
15 |
Протездеу мен ортездеу, ортопедиялық аяқ-киіммен және ортопедиялық аппараттармен, корсеттермен және өзге де протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету, протездік-ортопедиялық бұйым-дарды жөндеу, сондай-ақ жаңа технологиялар бойынша протездеумен және ортездеумен байланысты қызмет түрлерін ұйымдастыру |
Еңбек- |
ЖҚҮ |
2006 2007 2008 |
5,55 5,8 6,1 |
Жергі- |
16 |
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес арнайы жүріп-тұру құралдарымен (арба-қораптармен) қамтамасыз ету |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ЖҚҮ |
2006 2007 2008 |
2,05 3,0 3,5 |
Жергі- |
17 |
Көрмейтін мүгедектерді тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ЖҚҮ |
2006 2007 2008 |
0,92 0,97 1,01 |
Жергі- |
18 |
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді міндетті гигиеналық заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ЖҚҮ |
2006 2007 2008 |
10,3 10,9 11,4 |
Респу- |
19 |
Аудандық, қалалық, облыстық емханаларда сурдологиялық кабинеттер құру |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ДСД, |
2006 2007 2008 |
4,3 6,5 4,3 |
Жергі-лікті бюджет |
20 |
Естімейтін мүгедектерді сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ЖҚҮ |
2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл |
3,93 4,13 4,34 |
Жергі-лікті бюджет |
21 |
Қолданыстағы әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне түгендеу жүргізу |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ЖК және АЖБ |
2006 |
Шығындар |
|
22 |
Қайта құруды талап ететін объектілердің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) белгіленсін және әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылымға мүгедектердің пайдалануына бейімдеу жөніндегі кезеңді жұмыс жоспарын әзірлеу |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ЖК |
2006 |
Шығындар |
|
23 |
Әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылымды мүгедектердің пайдалануына бейімдеу тізбесі мен жоспарына сәйкес мүгедектердің ғимараттарға, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуіне мүмкіндік жасау |
ЖҚҮ және |
СҚҚ |
2007 2008 |
10,0 10,0 |
Жергі- |
24 |
Мүгедектердің салынып жатқан тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, әлеуметтік, көліктік, рекреациялық инфрақұрылымға қол жеткізілуіне мүмкіндік жасалсын, кірме жолдардың, пан-дустардың, мүгедектердің кресло-қораптарына арналған құрылғылардың салынуын қамтамасыз ету |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
СҚҚ |
2006- 2008 жылдар |
ЖСҚ көз- |
|
25 |
Жалпы пайдалану көліктерінде мүгедектерді отырғызу және шығару жөніндегі құрылғылармен жабдықталуын ұйымдастыру |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ЖК |
2007- |
Көлік |
|
26 |
Мүгедектер үшін арнайы бөлінген отырғызу алаңдарын жабдықтауды ұйымдастыру, мүгедектерге арналған жолаушылар аялдамаларын жабдықтау |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ЖК |
2007 2008 |
19,6 10,0 |
Жергі- |
27 |
Жүріп-тұруы қиындыққа түсетін мүгедектерге көліктік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ЖК |
2006 2007 2008 |
0,3 0,4 0,5 |
Жергі- |
28 |
Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған мекемелердің орналасқан жерінде жол белгілері мен көрсеткіштерінің орнатылуы ұйымдастырылсын |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ЖК |
2006 2007 2008 |
2,0 1,3 1,02 |
Жергі- |
29 |
Жүргіншілердің өтпе жолдарын дыбыстық және жарық құрылғыларымен жабдықтау ұйымдастырылсын (Жаңаөзен қаласы) |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ЖК және |
2006 2007 2008 |
1,6 2,4 4,0 |
Жергі- |
Ақпаратқа, спорт және мәдени - көпшілік шараларға қол жеткізуді қамтамасыз ету |
||||||
30 |
Аймақтың телеарналарында сурдоаудармамен берілетін ақпараттық бағдарламаларды таратуды кеңейту |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
Облыс- |
2006- |
Бөлі- |
Жергі- |
31 |
Зағип және құлағы естімейтін мүгедектерге арналған кітапханаларды Брайльдің рельефтітекшелі шрифтімен және сурдоаудармасымен кезеңді, ғылыми, оқу-әдістемелік, анықтамалық көркем әдебиетпен, оның ішінде бейнекассеталарда, дискілерде шығарылған әдебиетпен қамтамасыз ету |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
Қалалар |
2006 2007 2008 |
0,27 0,28 0,3 |
Жергі- |
32 |
Көркем өнерпаз, сурет, қолдан жасалған бұйымдар және өзге де шығармашылық түрлері бойынша конкурстар өткізуді қамтамасыз ету |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
МБ, |
2006 2007 2008 |
0,5 0,5 0,5 |
Жергі- |
33 |
Мүгедектердің және интернат - үйіндегі қарттардың демалысын ұйымдастыру үшін көркем өнерпаз ұжымдарын тарту |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
МБ, |
2006- |
Қайы- |
|
34 |
Мүгедектер арасында спорттық жарыстар ұйымдастыру |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ДТСБ, |
2006 2007 2008 |
1,0 1,0 1,0 |
Жергі- |
35 |
Мүгедектердің республикалық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ДТСБ, |
2006 2007 2008 |
4,0 5,4 6,0 |
Жергі- |
36 |
Мүгедектердің халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ДТСБ, |
2006 2007 2008 |
2,54 3,25 4,20 |
Жергі- |
37 |
Мүгедек-спортшылардың Параолимпиадалық ойындарға қатысуын ұйымдастыру |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ДТСБ, |
2008 жыл |
2,0 |
Жергі- |
38 |
Жарыстарға қатысушы-мүгедек- спортшыларды спорттық инвентарьмен және спорттық киіммен қамтамасыз ету |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ДТСБ, |
2006 2007 2008 |
0,4 0,34 0,28 |
Жергі- |
39 |
Мүгедектердің шығармашылық жұмыстарының, мүгедектер жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) өнімдерінің көрме-жәрменкелерін ұйымдастыру |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
Қалалар |
2006- 2008 жылдар |
Шығындар |
|
Кәсіптік оңалту | ||||||
40 |
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы мекемелер желісін: Жаңаөзен қаласындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған "Оңалту" орталығының; аудандық орталықтарында психологиялық - педагогикалық түзету кабинеттерін ашу жөніндегі жұмысты жалғастыру |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
БД, |
2006 2007 2008 2006 2007 2008 |
7,2 7,6 8,0 2,7 2,8 2,9 |
Жергі- Жергі- |
41 |
Оқу жоспарына сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек-балаларды оқытуға арналған төлемдерді қамтамасыз ету |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
БД, ЖҚҮ |
2006 2007 2008 |
5,8 6,5 6,8 |
Жергі- |
42 |
Бірінші және екінші топтағы мүгедектер және мүгедек-балалар үшін орта кәсіптік оқу ұйымдарына оқуға түскен кезде квоталар беру |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
БД, |
2006- |
Бөлі- |
Жергі- |
43 |
Орта кәсіптік оқу ұйымдарында оқитын мүгедектерді заңнамаға сәйкес жеңілдікті стипендиямен қамсыздандыру |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
БД, |
2006- |
Бөлі- |
Жергі- |
Мүгедектерді жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру | ||||||
44 |
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ЖҚҮ |
2006 2007 2008 |
0,4 0,62 0,66 |
Жергі- |
45 |
Мүгедектерге жұмыс орындарының жалпы санының үшпайызды квотасын беруді ұйымдастыру |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
Қалалар |
2006-2008 жылдар |
Шығындар талап етілмейді |
|
46 |
Мүгедектерді даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру, ОЖБ-сына сәйкес жұмысқа орналастыруға көмектесу |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ЖҚҮ |
2006 2007 2008 |
0,2 0,25 0,3 |
Жергі- |
Мүгедектерді оңалтуды аймақтық деңгейде ұйымдастыру, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен өзара әрекет |
||||||
47 |
Мүгедектерді оңалтудың облыстық, қалалық, аудандық бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету |
Облыс |
ЖҚҮ |
2006 |
Шығындар |
|
48 |
Медициналық-әлеуметтік мекемелерді қайта құруды және күрделі жөндеуді қамтамасыз ету, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту: |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ЖҚҮ |
2006 2007 2008 |
8,0 - - |
Жергі- |
49 |
Үкіметтік емес ұйымдармен мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастыру |
ЖҚҮ және ӘБД ақпарат |
ЖҚҮ |
2006- |
Шығындар |
|
Қызметшілерді дамыту | ||||||
50 |
Медициналық-әлеуметтік сараптама, медициналық оңалту саласындағы мамандардың, әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру |
Департа- |
ЕХӘҚД, |
2006 2007 2008 |
0,5 0,5 0,5 |
Жергі- |
* Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын
жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген шығыстар
тиісті жылға арналған жергілікті бюджеттер қалыптасқанда нақтыланып
отырады.
Ескерту:
*Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
*ЖҚҮ және ӘБД - Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар;
*ЕХӘҚД - Маңғыстау облысы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті;
*ДСД - Денсаулық сақтау департаменті;
*БД - Білім департаменті;
*ДТСБ - Дене тәрбиесі және спорт басқармасы;
*ЖК және АЖБ - Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;
*СҚҚ және ҚБ - Сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасы;
*МБ - мәдениет басқармасы;
*ОЖБ - оңалтудың жеке бағдарламасы.