Күші жойылды - Мұнайлы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 шілдедегі № 18/151 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат шешiм етті:
1. Қоса берiлiп отырған "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы қағида бекiтiлсiн.
2. Осы шешiм Қарақия аудандық әділет басқармасында тіркелгеннен соң күшіне енеді және рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасының өкілеттігін
атқарушы
аудандық мәслихаттың хатшысы
Аудандық мәслихаттың
2005 жылғы 10 маусымдағы
16/108 шешiмiмен бекiтiлдi
"Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы
Қағида 1. Кіріспе
1. "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағы ауданның экономикалық - әлеуметтік, мәдени, денсаулық сақтау және спорт пен қайырылымдылықтың дамуына ерекше үлесін қосқан, қоғамдық өмірге, жастарды тәрбиелеу ісіне белсенді қатысқан беделді, аудан тұрғындарының құрметіне ие болған азаматтарға беріледі.
2. Атақты беру тәртібі
2. "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағына ұсынысты тиісті негіздемемен мекеме, кәсіпорындардың еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың және кент село әкімдері мен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ұсыныстарының негізінде аудан әкімі бере алады.
3. "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағына үміткерлер туралы ұсыныстарға төмендегідей мәліметтер қоса берілуі қажет:
1) үміткердің өмірбаяны;
2) 3*4 екі дана сурет;
3) сіңірген еңбегі мен мінездеме және өзге де марапаттар тізімі;
4) кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың жалпы жиындарының шешімдер немесе хаттамаларына қоса кент, село әкімдерінің және аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының ұсыныстары.
5) "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағына түскен ұсыныстар аудандық мәслихаттың келесі сессиясында қаралуы тиіс.
4. Қарақия ауданының Құрметті азаматына аудандық мәслихаттың сессиясында немесе аудандық әкімияттың мәжілісі мен еңбек ұжымдарында салтанатты түрде "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" куәлігі, диплом және омырау белгісі тапсырылады.
3. "Қарақия ауданының Құрметті азаматы"
дипломның сипаттамасы
5. "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" Дипломы тығыз ақ қағазда орындалады. Титулдық беттегі "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" жазуы қазақ тілінде жазылады.
Дипломның ішкі бетінің сол жағында түрлі түсті бейнедегі Қазақстан Республикасының Елтаңбасы және оң жағында "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы аудандық мәслихат шешімінің мәтіні жазылады. Диплом Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы түстес арнайы папкіге салынады.
4. "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" белгісі туралы
6. "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" белгісі Қазақстан Республикасы мемлекеттік туы түстес боялған темірден жасалынады. Белгідегі "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" жазуы қазақ тілінде болады.
5. Қарақия ауданының құрметті азаматтарын тіркеу
7. Қарақия ауданының құрметті азаматтарын тіркеу аудандық мәслихат пен аудандық әкімиятта жүргізіледі.
6. "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағынан айыру
8. "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағынан айыру төменде көрсетілген жағдайларда аудандық мәслихаттың шешімі мен жүзеге асырылады.
1) құрметті атақ иегері жасаған қылмысы үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін;
2) атақ үлкен қоғамдық резонанс тудырған жағымсыз әрекет жасағанда, марапаттау туралы ұсыныс енгізген органның ұсынуы бойынша.
9. "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағынан айырылған адам аудандық мәслихатқа Дипломды куәлікті және омырау белгіні қайтарады.
7. "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" азаматтарына
берілетін жеңілдіктер
10. Қарақия ауданының құрметті азаматтары құрметті азамат куәлігін ұсынған жағдайда құқылы:
1) құрметті қонақтар ретінде салтанатты жиналыстар мен мерекелік шараларға қатысуға.
11. Қарақия ауданының құрметті азаматы аудандық бюджет қаражатынан "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша төмендегідей жеңілдіктерге құқылы:
1) аудандық әкімияттың шешімімен жылына бір рет он еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы материалдық көмекке.