Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы аумағының айналасында күзету аймағын белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Әкімдігінің 2005 жылғы 7 қазандағы № 336 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 1 қарашада № 3514 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 2011.04.07 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 79 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға жер учаскелерін беру туралы" қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 2011.04.07 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
      1. Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы аумағының айналасында және ені 2 шақырымнан кем емес жоғарыда көрсетілген қорық шекараларында орналасқан жер пайдаланушылардың жерлерінде күзету аймағы белгіленсін.
      Жер пайдаланушылардан учаскелерді алып қоймағандағы күзету аймағының жалпы ауданы 116726,5 гектар (оның ішінде: 80835 гектар - Науырзым ауданында және 35891,5 гектар - Әулиекөл ауданында).
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 11.02.2014 № 24 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Күзету аймағының аумағында "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43-бабымен белгіленген мемлекеттік табиғи қорықтардың аймақтарын күзету тәртібін сақтау қажет.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 2011.04.07 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
      3. Ауылшаруашылық жұмыстарын өткізу мерзімі: шөп шабу, мал жаю және басқа да жұмыстарды жер пайдаланушылар қорық әкімшілігімен келісіп жүргізеді.
      4. Мүдделі тараптармен және әкімдікпен келісім бойынша күзету аймағының аумағында туризм және демалуды дамыту үшін қажетті инфрақұрылым объектілерін орналастыру жөнінде телімдер бөле алады.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің орынбасары Н.М. Садуақасовқа жүктелсін.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 2011.04.07 № 147 ((алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
      6. Ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Облыс әкімі                                С. Кулагин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады