Әкімдіктің 2005 жылғы 7 қазандағы № 336 "Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы аумағының айналасында күзету аймағын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 24 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 наурызда № 4519 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123-бабына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 1843-баптарына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2005 жылғы 7 қазандағы № 336 "Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы аумағының айналасында күзету аймағын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3514 болып тіркелген, 2005 жылғы 4 қарашада "Қостанай таңы" газетінде, 2005 жылғы 5 қарашада "Костанайские новости газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы аумағының айналасында және ені 2 шақырымнан кем емес жоғарыда көрсетілген қорық шекараларында орналасқан жер пайдаланушылардың жерлерінде күзету аймағы белгіленсін.
      Жер пайдаланушылардан учаскелерді алып қоймағандағы күзету аймағының жалпы ауданы 116726,5 гектар (оның ішінде: 80835 гектар - Науырзым ауданында және 35891,5 гектар - Әулиекөл ауданында).".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      облысының әкімі                            Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау
      министрлігі Орман және
      аңшылық шаруашылығы
      комитетінің "Науырзым
      мемлекеттік табиғи қорығы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің (РММ) директоры
      _______________ Б. Мұттақов

      "Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау
      министрлігінің Орман және
      аңшылық шаруашылығы
      комитетінің Қостанай
      облыстық орман және
      аңшылық шаруашылығының
      аумақтық инспекциясы"
      РММ басшысы
      ___________ М. Бегімбетов

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      табиғи ресурстар және табиғат
      пайдалануды реттеу басқармасы"
      ММ басшысы
      ________________ Қ. Төлеубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады