Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңының
6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат
ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған облыстық тiлдердi қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған "Ана тiлi" бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Облыс қаржы департаментi жыл сайын Бағдарламаның дер кезiнде қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.
3. Тiлдердi дамыту жөнiндегi басқарма жыл сайын 20 қаңтар мерзiмiне орай облыстық мәслихаттың әлеуметтiк және мәдени дамуы мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтiк және мәдени мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Сессия төрағасы Г. Досжанова
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров
Облыстық мәслихатының
(III сайланған XI кезектен тыс сессиясы)
2005 жылғы 15 сәуiрдегi
"Тiлдердi қолдану мен дамытудың
жылдарға арналған "Ана тiлi"
облыстық бағдарламасы туралы"
N 33/11 шешiмiне қосымша
Тiлдердi қолдану мен дамытудың
2005-2006 жылдарға арналған
"Ана тiлi" облыстық бағдарламасы
1. Паспорты
Атауы |
Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2005-2006
|
Әзiрлеу үшiн
|
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
|
Әзiрлеушi |
Облыстық тiлдердi дамыту жөнiндегi
|
Мақсаттары |
Мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-
|
Міндеттерi |
Мемлекеттiк тiлдiң мемлекеттiк басқару
|
Iске асыру мерзiмдерi |
2005-2006 жылдар |
Қаржыландыру көздерi |
Бағдарламаның қаржылық қамтамасыз ету
|
Күтiлетiн нәтижелер |
Бағдарламаны жүзеге асыру облыс аумағында
|
Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған "Ана тiлi" облыстық бағдарламасы екi жылға арналған. Бағдарламада облыста тiл құрылысының мақсаттары мен мiндеттерi анықталып, оларды iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi белгiленген.
Бағдарлама қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы"
Заңына
, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" N 550
Жарлығына
, қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2003 жылғы 9 сәуiрдегi "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2003-2004 жылдарға арналған iс шаралар жоспары туралы" N 344
қаулысына
сәйкес әзiрленген.
Бағдарламаның өзектiлiгiн қоғамдағы тiл проблемаларын шешуге байланысты iс-шараларды iске асыруды мемлекеттiк қолдаудың қажеттiлiгiмен анықталады. Тiл проблемаларының оңтайлы шешiлуi ұлтаралық қатынастар тұрақтылығының, халықтардың тұтастығын нығайтудың және қоғамдық келiсiмдi сақтаудың қажеттi факторы болып табылады.
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
Облыстағы бүгiнгi таңдағы тiлдiк жағдайға жасалған талдау "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы"
Заңы
қабылданған сәттен бастап және қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 5 қазандағы N 4106
Жарлығымен
бекiтiлген Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550
Жарлығымен
бекiтiлген "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын" iске асыру барысында 1998-2004 жылдар аралығында қоғамдық өмiрдiң барлық негiзгi салаларында тiл құрылысы үрдiстерiнiң одан әрi кеңеюi мен тереңдеуi үшiн алғышарттар жасалғанын көрсетедi.
Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 24 маусымдағы (II сайланған ХХ сессиясы) N 52/20 шешiмiмен бекiтiлген Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2002-2003 жылдарға арналған "Ана тiлi" облыстық бағдарламасы мен облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 28 маусымдағы бекiтiлген "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2004 жылдарға арналған iс шаралар жоспары туралы" N 176/6 қаулысына сәйкес мемлекеттiк тiлдi дамыту, оның бiлiм беру, мәдениет, мемлекеттiк органдар саласында қолданылуы мемлекеттiк тiлде iс жүргiзуде жоспарлы шаралар iске асырылған.
Облысымызда оларды iске асыруда нақты жұмыстар жүргiзiлдi. үйлестiру кеңесiнiң отырысы өткiзiлiп, онда ғылыми-лингвистикалық қамтамасыз ету мәселесi талқыланып, оқырмандар, оқушы жастар мен оқытушылар арасында сұранысқа ие болып отырған Павлодар мемлекеттiк университетi ғалым-лингвистерiнiң ғылыми жұмыстары көрсетiлдi. Олардың қатарында 30 томдық орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздiктер, Павлодар облысының топонимдер сөздiгi, өңiрдiң атақты адамдары туралы "Рухнама" айдарымен шыққан кiтаптар болды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк қызметкерлермен өткiзген кеңесiнде қазақ тiлiнiң мәртебесiн көтеру үшiн "Бiрыңғай мемлекеттiк тiл" күнiн өткiзуге ұсыныс жасалған болатын. Бiздiң облысымыз осы ұсынысты алғашқылардың бiрi болып қолдады. Тiлдердi дамыту департаментi облыста әрбiр айдың бiрiншi сәрсенбiсiнде "Бiрыңғай мемлекеттiк тiл" күнiн өткiзудi дәстүрге айналдырды. Акцияның басты мақсаты қазақ тiлiнiң әлеуметтiк-коммуникативтi аясын кеңейту болып табылады. Ай сайын өткiзiлетiн бұл шара облыс өмiрiнiң барлық саласында қазақ тiлiнiң белсендi қолдану тәжірибесiн енгiзуде маңызды орын алады, себебi, барлық деңгейдегi мемлекеттiк органдар мен оның басшылары қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебесiн iске асыруда негiзгi жауапкершiлiктi көтеретiн болды.
Облыс көшелерiнде орналасқан көрнекi ақпараттардың, маңдайшалардың, стендттер мен билбордтардың мәтiндер мазмұнын Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы"
Заңына
сәйкестендiру үшiн рейдтер ұйымдастырылды. Тексерiстердiң нәтижелерi тiл туралы заңнаманың нормативтiк талаптарының бұзылу фактiсiнiң жиi кездесетiнiн көрсетуде.
Өзге ұлт өкiлдерi арасында "Мемлекеттiк тiл-менiң тiлiм" ("Государственный язык - мой язык") атты облыстық конкурс, мемлекеттiк мекемелердегi аудармашылардың кәсiби деңгейлерiн анықтау үшiн "үздiк аудармашы" ("Лучший переводчик") облыстық конкурстары ұйымдастырылды.
Тiлдердi дамыту департаментiнiң жұмысы мен ұлттық тiлдердiң жағдайын,сол сияқты озық мәдениетiн насихаттайтын "Тiлтаным" жинағы шығарылды. Қазақстан халықтарының тiл күнiне орай Қазақстан халықтары тiлдерiнiң республикалық фестивалi шеңберiнде "Тiл - достықтың құралы" ("Язык средство дружбы") атты концерт-шоу өткiзiлдi. Бұл шара тiл айлығының қорытындысы болды, оның жоспарына мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеретiн шаралар енгiзiлдi.
Солай десек те облыстағы мемлекеттiк органдарда қазақ тiлiнiң қолданылуы тiл туралы заңнама талаптарына әлi күнге дейiн сәйкес келмеуде. Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 1998 жылғы 14 тамыздағы "Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейту туралы" N 769
қаулысының
1-тармағындағы iс жүргiзудi қазақ тiлiне кезең-кезеңiмен көшiру туралы 1-тармақшасы мен аталған қаулының 2-тармағындағы мемлекеттiк тiлдi бiлу және оны оқып үйренуге қатысты кәсiптiк талаптар орындалмауда. қазақ тiлiнiң қолдану деңгейi әлi де мемлекеттiк органдарының жұмысында жеткiлiксiз екенiн атап өту керек. Лауазымдық қызметтi жүзеге асыратындарың iшiнде мемлекеттiк тiлдi меңгерген мамандар өте аз болуда.
Осы күнге дейiн барлық мемлекеттiк органдарда қазақ тiлiндегi құжат айналымы орыс мәтiнiн қазақшаға аудару арқылы жүзеге асырылуда, олай болса, құжаттарды қазақ тiлiнде дайындау тәжiрибесiн қалай енгiзбекшiмiз. Облысымыздың Баянауыл, Лебяжi, Май аудандары, ал 2004 жылдан бастап Ақтоғай ауданы iс-қағаздарын негiзiнен мемлекеттiк тiлде жүргiзе бастады, ал iс жүзiнде мемлекеттiк органдардың басым көпшiлiгiнде бұл жұмыс кейбiр құжаттарды орыс тiлiнен қазақ тiлiне аударумен шектелуде, ал мемлекеттiк тiлде хат алмасу нақты, тұрақты және жүйелi болуы керек.
Сондай-ақ, облысымыздың көптеген мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарында барлық коммерциялық, қаржы және статистикалық құжаттар орыс тiлiнде ғана жүргiзiледi, шығыс және кiрiс құжаттары да тек қана орыс тiлiнде тiркеледi.
2007 жылы облысымыздың iс-қағаздарын қазақ тiлiне көшiрудi аяқтау керектiгiн ескерсек, осындай шараға дайындығымыздың жеткiлiксiз екенiн мойындауымыз керек. Сондықтан аталмыш Бағдарламаның негiзгi мiндеттерiнiң бiрi мемлекеттiк қызметкерлердi қазақ тiлiне оқыту болып табылады.
Мемлекеттiк мекемелерде қазақ тiлiн қолдану мен дамытуда белгiленген шараларды iске асыру ең алдымен, мемлекеттiк қызметшiлердi мемлекеттiк тiлге оқытуды көздейдi. Айта кету керек, жекелеген мемлекеттiк мекемелерде қазақ тiлiн оқыту курстары болғанымен көп жағдайда сабақ талапқа сай өтпейдi. Павлодар облысы бойынша мемлекеттiк қызмет iстерi басқармасының берген мәлiметтерiне қарағанда қазiргi уақытта әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметте 5000-ға жуық қызметкер бар екен, олардың 1000-ы ғана қазақ тiлiн еркiн меңгерiп, iс қағаздарын жүргiзе алады. қазақ тiлiне үйренуге қызығушылық бiлдiргендер санының күн сайын өсiп отырғандығын ескеретiн болсақ, оқу орталықтарын ашу өзектi мәселеге айналып отыр. Осы мәселенi шешудiң негiзгi бiр жолы облыстық "Ана тiлi орталығын" ашу.
Мектеп және мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесiнде де мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң мiндеттерi тұр. қазiргi уақытта облысымызда 72 балабақша жұмыс iстеуде, оның iшiнде тек қана 8-i тәрбие және оқу жұмыстарын қазақ тiлiнде жүргiзедi. 58 аралас балабақшадағы қазақ тiлiн меңгеру деңгейi көңiлден шықпауда. Жаңа қазақ балабақшаларын ашу бүгiнгi күннiң өзектi мәселесiне айналуда. Себебi сұраныс тек жергiлiктi ұлт өкiлдерi жағынан ғана емес, өзге ұлт өкiлдерi тарапынан да кездесуде. Орыс балабақшаларындағы қазақ тiлi кабинетiнiң болуын алға тарту, бұл жағдайдан шығудың жолы бола алмайды. қазақ тiлi кабинетiнiң ашылуы немесе болуы қазақ тiлiн игерудiң көзi бола алмайтынын тәжiрибе көрсетуде.
Бiлiм департаментiнiң берген мәлiметтерiне қарағанда облысымыздағы аралас мектептердi 2015 оқу жылына дейiн бiр тiлдi мектептерге көшiру жоспары бекiтiлген. Осы жоспар бойынша 2003-2004 оқу жылында 4 аралас мектеп, ал үстiмiздегi 2004-2005 оқу жылында тағы да 4 мектеп қазақ тiлiнде оқытуға көшiрiледi, сөйтiп облыстағы 469 мектептiң 147-сi қазақ тiлiнде оқытатын мектептер қатарында болады.
Орыс мектептерiндегi 2-11 сыныптарда қазақ тiлi сағаттарын аптасына 1 сағатқа арттыру жоспарланып отыр. қазақ тiлiнен сабақ беретiн мұғалiмдерге материалдық көтермелеу шарасын қолданса игi iс болар едi. Кәсiптiк-техникалық училищелерде де қазақ топтарын ашу да жоспарланып отыр. Жоғарыда аталған бұл шаралар мәселенiң бiр бөлiгiн ғана шешудi көздейдi.
Облысымызда жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға да қазақ тiлiн үйренуге жағдай жасалуда, нәтижесiнде облысымызда 61 оқушы өз ана тiлiнде бiлiм алуда.
Ауылдық жерлердегi қазақ мектептерiнiң ең басты проблемасы жоғары бiлiмдi қазақ тiлi пәнi мұғалiмдерiнiң жетiспеуi болып қалуда. әр түрлi себептерге байланысты, әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайына қарай, жастар негiзiнде қалада қалуға тырысады. Ауыл мектептерiнiң мәселесiн оңтайлы шешу мақсатында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетiнде "қазақ тiлi мен әдебиетi" мамандығы бойынша қосымша топ оқытылуда. Осы топқа түскен 22 студенттiң әрқайсысы үш жақты шартта көрсетiлген аудандарға барып, кемiнде үш жыл ұстаздық етуге мiндеттi.
Қазақ тiлiн жете меңгерген өзге ұлт өкiлдерi - студент, оқушы жастармен кездесулер,"дөңгелек үстелдер" өткiзiлуi керек. қазақ тiлiн үйренуге деген талаптың артуына байланысты, осындай жолдар арқылы өзге ұлт жастары арасында тiлдi насихаттайтын орта құруға болады.
Бәрiмiз де жақсы бiлемiз, көптiлдiк бұл - нарық талабы, мемлекеттiк тiлдi бiлетiндер орыс тiлiн, оған қоса бiр немесе екi тiлдi қоса меңгерсе, бұл экономикалық жағынан тиiмдi, әрi өскелең жағдайдың сұранысына жауап бередi. Мемлекеттiк тiлдi iскерлiк қарым-қатынасқа енгiзудi штатқа аудармашы алумен шектеуге болмайды. Бұл жұмыс кешендi түрде жүргiзiлуi керек, әрi мемлекеттiк тiлдi үйренуге құлшынысты арттыратын, iс жүзiнде бұл тiлдi қолданатын, осы тiлде құжаттар дайындай алатын жағдайға жетуiмiздi қарастырған жөн.
Бiздiң облыс көпұлтты, сондықтан облысымызда тұратын барлық ұлттардың тiлдерiн дамыту керек. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" N 550
Жарлығына
сәйкес, тәрбие тiлiн еркiн таңдау құқығының бұл шаралары Қазақстан халықтарының жексенбiлiк мектептер желiсi арқылы iске асуда.
Облыс аумағында тұрып жатқан халықтар тiлдерiнiң қолдануына барлық жағдайлар жасалуда, барлық тiлдерге сыйластық көзқарас қалыптасып, олардың ана тiлiн қолдану құқығы берiлген. Бұған Қазақстан халықтары Кiшi Ассамблеясының қызметi үлгi боларлық. Бұл ұйым облысымызда тұратын халықтардың мәдениетiн, тiлiн, салт-дәстүрiн дамытуға ықпал етедi. Қазақстан халықтары Кiшi Ассамблеясының бастамасымен фестивальдар өткiзiледi, олар халықтар бiрлiгiне, мәдениет пен тiлдiң өзара нығаюына мүмкiндiк бередi.
Облыс орталығы Павлодар қаласында орналасқан ұлттық жаңғыру мектебi белсендi жұмыс iстеуде. Жаңа оқу жылынан бастап оқу 14 бөлiмде жүргiзiледi, мектеп жасына дейiнгi балалар үшiн этномәдени топ жұмыс iстейдi. Алайда, оқу-әдiстемелiк құралдарын шығаруға қаражаттың болмауынан қиындықтар туындауда, себебi мектепте қажеттi оқу құралдары жоқ, әрi авторлық оқу құралдарын шығарудың да мүмкiндiгi шектеулi.
Немiстердiң "Возрождение" мәдени-ағарту қоғамының жанынан қалалар мен кейбiр аудандарда жексенбiлiк мектептер желiсi жұмыс iстеуде. өкiнiшке орай, оң тәжiрибенiң тiзiмi осымен аяқталуда. Алдағы уақытта Екiбастұз және Ақсу қалаларында ұлттық жаңғыру мектебiнiң филиалдарын ашу жоспарланып отыр.
Қолданылып жүрген заңнамамен анықталған, облыс аумағында тарихи атауларды қалпына келтiру мен жүйелеу және жер-су аттары мен басқа да атауларды фонетикалық, таңбалық және лексикалық принциптерге сәйкестендiру жұмысы жан-жақты жүзеге асырылуда.
Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары салаларында мемлекеттiк тiлдi дамытуда белгiлi iлгерiлеуге қол жеткiзiлдi. Ауылдық жерлерде клубтар, кiтапханалар мен мұражайлар ашылуда. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарының көпшiлiгi орыс тiлiнде жұмыс iстеуде. Сол сияқты заңнамамен белгiленген теледидар мен радиода қазақ тiлi мен өзге тiлдердегi таратылымдардың тепе-теңдiгi әлi күнге дейiн көп жағдайларда сақталмай отыр.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаттары:
мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметiн кеңейту және нығайту;
орыс тiлiнiң жалпы мәдени қызметiн сақтау;
этникалық топтардың тiлдерiн дамыту болып табылады.
Бағдарламаның мақсаттары мына мiндеттердi шешудi;
мемлекеттiк тiлдiң мемлекеттiк органдар жүйесiнде негiзгi ресми қарым-қатынас тiлi ретiнде қолданылуын қамтамасыз етудi;
мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк тiлдi өз мiндеттерiн орындауға қажеттi көлемде меңгеруiне шаралар қолдануды;
облыстық бюджеттiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен тыйым салынбаған басқа да көздерден азаматтарға мемлекеттiк тiлдi тегiн оқыту курстарының бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыруды;
iс қағаздарын мемлекеттiк тiлге көшiру кестенi анықтап, барлық мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында мемлекеттiк тiлдiң iс қағаздарын жүргiзудегi негiзгi тiл ретiнде қолданылуын қамтамасыз етудi;
мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында ресми қолданылатын тiл ретiнде орыс тiлiнiң қызмет етуiн қамтамасыз етудi;
орыс тiлiнiң бiлiм беру, мәдениет салаларында және бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылуын қамтамасыз етудi;этникалық қауымдастықтар өкiлдерiнiң ана тiлiн оқулары үшiн қажеттi жағдайлар жасауды;
облыс тұрғындарының ана тiлiн қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие беру, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауына жағдай жасауды талап етедi.
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары
мен iске асыру тетiктерi
Негiзгi бағыттары:
тiлдердi қолдану мен дамыту жұмыстарын нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету;
тiлдердiң мемлекеттiк басқару және iс қағаздарын жүргiзу саласында қолданылуы;
бiлiм беру саласында тiлдердi дамыту;
тiлдердi ұлттық мәдениет арқылы насихаттау, тiлдердi қолдану мен дамытуды ақпараттық қолдау болып табылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында:
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасындағы тiл туралы"
Заңын
орындау үшiн тиiстi ғылыми-әдiстемелiк, материалдық-техникалық және кадрлар негiзiн құру;
облыстың қоғамдық өмiрiнде мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, социолингвистикалық зерттеулер жүргiзу;
мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi мен оқу орындарында тiлдердi оқыту сапасын одан әрi арттыру, оларды оқулықтармен, оқытудың техникалық құралдарымен және компьютерлiк бағдарламалармен қамтамасыз ету;
мемлекеттiк қызметшiлерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң ұсынған бағдарламасы бойынша мемлекеттiк тiлдi оқыту;облыс тұрғындарын мемлекеттiк тiлдi үйренуге ынталандыру жөнiндегi iс-шараларды дайындау көзделедi.
Қалалар мен аудандар әкiмдерiнiң, облыс әкiмi аппаратының, тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасының Бағдарламаны жедел басқару мен оның жүзеге асуын үйлестiрудi қамтамасыз ету осы құжатты iске асыру тетiгi болып табылады.
6. Бағдарламаны iске асыру көлемi мен қаржыландыру көздерi
Бағдарлама облыстық, қалалар мен аудандар бюджеттерiнiң қаражаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландырылады.
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны жүзеге асыру облыс аумағында пайдаланылатын тiлдердiң қолданылуы мен дамуына мынандай оңтайлы жағдайлар жасауда, атап айтқанда:
қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебесiн нақты iске асыруды, оның заң жүзiнде бекiтiлген әлеуметтiк функцияларын облыс аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында жүзеге асыруды;
орыс тiлiнiң Қазақстан Республикасының
Конституциясы
кепiлдiк беретiн негiзгi функцияларын толық көлемде сақтауды;
облыс аумағында тұратын халықтардың тiлдерiн оқып-үйрену мен дамыту үшiн әрбiр азаматтың ана тiлiнде қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға конституциялық құқығын iске асыруға жағдай жасауды көздейдi.
8. Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған "Ана тiлi"облыстық бағдарламасының iс-шаралар жоспары
N р/с |
Iс-шаралар |
Аяқтал
у
|
Орындауға
|
Орындау
|
қаржы
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
7 |
1. Н ормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету |
|||||
1 |
Қазақстан
|
Облыс
|
Облыс
|
2006
|
|
2. Мемлекеттiк басқару, iс қағаздарын жүргiзу салаларында
|
|||||
2 |
Қазақстан
|
Облыс
|
Облыс тiлдердi
|
2005
|
|
3 |
Облыстық бюджеттен
|
Облыс
|
Облыс тiлдердi
|
Ұдайы |
|
4 |
Мәжiлiс залдарын
|
Облыс
|
қалалар мен
|
2005 жыл
|
Облыс
|
5 |
Бекiтiлген кестеге
|
Облыс
|
қалалар мен
|
Ұдайы |
|
3. Бiлiм беру саласында тiлдердi дамыту және оқыту |
|||||
6 |
Қазақ тiлiн жетiк
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс
|
2005 жыл
|
Облыс
|
7 |
Қазақ тiлiн
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс
|
2005 жыл
|
|
8 |
Қазақ тiлi
|
Облыс
|
Облыс
|
2005
|
|
9 |
Тiл кабинеттерiнiң
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм
|
2005
|
|
10 |
Қазақ тiлiнде бiлiм
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм
|
Ұдайы |
|
11 |
"Мемлекеттiк тiлде
|
Облыс
|
Облыс бiлiм
|
2005
|
Облыс
|
12 |
Коллеждер мен кәсi-
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм
|
2005
|
Облыс
|
13 |
Жетiм балалар мен
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм
|
2005-2006
|
Облыс
|
14 |
Педагогикалық кадр-
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм
|
Ұдайы |
Облыс
|
15 |
Сорос-Қазақстан
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм
|
Жарты
|
|
4. Ғылыми-лингвистикалық қамтамасыз ету |
|||||
16 |
Мекемелер мен ұйым-
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс
|
2005
|
Облыс
|
17 |
Павлодар облысында-
|
Облыс
|
Облыс
|
2005
|
Облыс
|
18 |
Мемлекеттiк
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
2005 жыл
|
Облыс
|
19 |
Павлодар ауданында
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
2005 жыл
|
Облыс
|
20 |
Облыстың әкiмшiлiк
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
2005 жылы
|
Облыс
|
5.
Тiлдердi ұлттық мәдениет арқылы насихаттау, тiлдердi
|
|||||
21 |
Көлiк, байланыс,
|
Тiлдердi
|
Қалалар мен
|
Ұдайы |
|
22. |
Облыс орталығында
|
Облыс
|
Облыс тiлдердi
|
2005 жыл |
Облыс
|
23 |
Қазақ тiлiн дамыту,
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
С.Торайғыров
|
2005 жыл
|
Облыс
|
24. |
Өңiрге белгiлi
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
Жыл сайын |
Облыс
|
25. |
Мемлекеттiк тiлдiң
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен
|
Жыл сайын |
Облыс
|
26 |
Мемлекеттiк
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс департа-
|
2005
|
Облыс
|
27. |
Студент жастардың
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс
|
2005 жыл
|
Облыс
|
28. |
Өзге ұлт өкiлдерi
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
2005 жыл
|
Облыс
|
29 |
Ұлттар тiлдерiн
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
2005 жыл
|
Облыс
|
30 |
Қазақстан
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
2005 жыл
|
Облыс
|
31 |
Павлодар облысының
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
Жыл сайын |
Облыс
|
32 |
Қазақ тiлiндегi iс
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
2005 жыл
|
Облыс
|
33. |
Облыстағы ауыл
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
2005 жыл
|
Облыс
|
34. |
"Тiл-достықтың
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен
|
Жыл сайын |
Облыс
|
35 |
Ұлттық-мәдени
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
Жыл сайын |
Облыс
|
36. |
"Тiлтаным"
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
2005 жыл
|
Облыс
|
37 |
"Ертiс дидары"
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
Ай сайын |
Облыс
|
38. |
Әдеби "Айдын"
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
2005 жыл
|
Облыс
|
39. |
"Сарыарқа самалы"
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
Ай сайын |
Облыс
|
40 |
Жергiлiктi дарындар
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қазақстан-
|
2005 жыл
|
Облыс
|
41. |
Ұлттық жаңғыру
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
Ұдайы |
Облыс
|
42. |
"Бiрыңғай
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
әр айдың
|
Облыс
|
43 |
Облыстың қалалық
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
Тоқсан
|
|
44. |
Облыстық "үздiк
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
Жыл сайын |
Облыс
|
45. |
Оралхан Бөкей
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
Жыл сайын |
Облыс
|
46. |
"Тiл өнерi" халық
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
Тоқсан сайын |
|
47. |
"Қазақ тiлiн
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс тiлдердi
|
2005 жыл
|
Облыс
|
|
Жиыны |
|
|
2005 жыл
|
|