Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңының
6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Заңы
11 бабының 3) тармақшасына, Качиры ауданы мәслихатының (III сайланған IV сессиясы) 2004 жылғы 5 мамырдағы "Качиры ауданының әкiмшiлiк -аумақтық құрылымындағы өзгерiстер туралы" N 5-6 шешiмiне, Качиры ауданы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 19 ақпандағы "Павлодар облысы Качиры ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымындағы өзгерiстер туралы" N 48/2 қаулысына облыс әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 4 сәуiрдегi "Павлодар облысы Качиры ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымындағы өзгерiстер туралы" N 108/3 қаулысына сәйкес және Ивановка ауылдық округiнiң "Юбилейное" селосы тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкiмдiгi
ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Качиры ауданының Качиры және Ивановка ауылдық округтерiнiң шекараларына Качиры ауылдық округiне Ивановка ауылдық округіндегi "Юбилейное" селосының жалпы көлемi 846 га жер аумағы берiлiп, өзгерiстер енгiзiлсiн:
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау және ақпараттық саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Сессия төрағасы Г. Досжанова
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров