Павлодар облыстық мәслихатының (III сайланған II сессиясы) 2003 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын" іске асыру жөніндегі облыстың іс-шаралар жоспары туралы" N 165/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының (III сайланған XIII (кезектен тыс) сессиясы) 2005 жылғы 26 тамыздағы N 58/13 шешімі. Павлодар облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 19 қыркүйекте N 3046 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.

      Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Павлодар облыстық мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы (III сайланған II сессиясы) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi облыстың iс-шаралар жоспары туралы" N 165/2 шешiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген шешiмнiң қосымшасында:
      бүкiл мәтiн бойынша:
      "Облыс экономика департаментi" деген сөздер "Облыс экономика және бюджеттiк жоспарлау департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Облыс индустрия және сауда департаментi" деген сөздер "Облыс кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Облыс коммуналдық шаруашылық, көлiк және коммуникациялар департаментi" деген сөздер "Облыс жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Облыс әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментi" деген сөздер "Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Облыс туризм және спорт департаментi" деген сөздер "Облыс дене тәрбиесi және спорт басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-реттiк нөмiрдiң жолындағы:
      2-баған мына редакцияда жазылсын:
      "Облыстың  индустриялық-инновациялық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын әзiрлеудi қамтамасыз ету";
      5-бағандағы "жыл сайын" деген сөз алынып тасталсын;
      7-1 реттiк нөмiрi мына мазмұндағы жолмен толықтырылсын:      

"7-1.

Облыстың индустриялық-инновациялық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыруды қамтамасыз ету

Облыс әкiмiне ақпарат

Облыс кәсiпкерлiк және өнеркәсiп, қаржы, ауыл шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары, жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар,  бiлiм беру, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменттерi, облыс бойынша қоршаған ортаны қорғау  аумақтық басқармасы (келiсiм бойынша)

2005-2006 жж.";

      19-реттiк нөмiрдiң жолындағы, 4-баған мына редакцияда жазылсын:
      "Облыс табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментi";
      56-реттiк нөмiрдiң жолындағы 4-баған мына редакцияда жазылсын:
      "Облыс дене тәрбиесi және спорт басқармасы, кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi, қалалар мен аудандардың әкiмдерi";
      58-реттiк нөмiрдiң жолындағы 4-баған мына редакцияда жазылсын:
      "Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, көшi-қон комитетiнiң Павлодар облысы бойынша басқармасы";
      64-реттiк нөмiрдiң жолындағы:
      4-баған мына редакцияда жазылсын:
      "Облыс табиғи монополиялардың қызметiн реттеу және бәсекелестiктi қорғау департаментi";
      5-баған мына редакцияда жазылсын:
      "2005-2006 ж. ж.";
      68-реттiк нөмiрдiң жолындағы 4-баған мына редакцияда жазылсын:
      "Облыс бойынша қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасы" (келiсiм бойынша), облыс табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментi";
      71-реттiк нөмiрдiң жолындағы 4-баған мына редакцияда жазылсын:
      "Облыс бойынша қаржылық бақылау басқармасы";
      73, 76-реттiк нөмiрлердiң жолдарындағы 4-баған мына редакцияда жазылсын:
      "Облыс кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi";
      83, 85-реттiк нөмiрлердiң жолдарындағы 4-баған мына редакцияда жазылсын:
      "Облыс iшкi саясат департаментi".
      2. Облыс экономика және бюджеттiк жоспарлау департаментiнiң директорына көрсетiлген өзгерiстердi облыстық мәслихаттың сессиясына ұсыну тапсырылсын.
      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                               А. Касицин

      Облыстық мәслихаттың хатшысы                  Р. Гафуров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады