Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңының
6-бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Заңы
11 бабының 3) тармақшасына, Ақсу қаласы әкiмдiгi мен мәслихатының (III сайланған ХV сессия) 2005 жылғы 24 тамыздағы "Павлодар облысы Ақсу қаласының Қалқаман кентін ауылдық елді мекеннің санатына жатқызу туралы" N 124/15 және 2005 жылғы 24 тамыздағы "Павлодар облысы Ақсу қаласы Ақжол ауылдық округінің Юбилейное ауылын тарату туралы" N 125/15 бірлескен шешіміне, облыс әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 3 қазандағы "Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" N 29618 қаулысына сәйкес және Ақжол ауылдық округі Қалқаман кенті тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкiмдiгi
ШЕШIМ ЕТЕДI
:
1. Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Павлодар облысы Ақсу қаласының Қалқаман кенті ауылдық елді мекеннің санатына жатқызылсын;
Павлодар облысы Ақсу қаласы Ақжол ауылдық округінің Юбилейное ауылы елді мекен мәртебесінің айырылуына байланысты кейіннен есептілік деректерден шығарылып және оның аумағы Павлодар облысы Ақсу қаласы Ақжол ауылдық округінің Куйбышев ауылының құрамына енгізіліп отырып таратылсын.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау және ақпараттық саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Сессия төрағасы А. Касицин
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров