Алматы қаласы Әкімінің 1999 жылы 4 маусымдағы N 501 "Арнайы қалалық жәрдемақы туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 09 наурыздағы N 1/131 қаулысы. Алматы қалалық Әділет Департаментінде 2005 жылғы 17 наурызда N 645 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы N 4/1119 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 27.12.2013 N 4/1119 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы 2001 жылы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы"  Заңының 37-ші бабына сәйкес және еңбек майданына қатысушыларына әлеуметтік қорғау шараларын ұлғайту мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімінің 1999 жылы 21 желтоқсандағы N 1229  шешіміне сәйкес енгізілген өзгерістерімен (Алматы қаласының Әділет департаментінде 25.01.2000 жылы реттік N 95 тіркелген, 2000 жылы ақпан айында "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) Алматы қаласы әкімінің 1999 жылы 4 маусымдағы N 501 "Арнайы қалалық жәрдемақы туралы" (Алматы қаласының Әділет департаментінде 17.06.1999 жылы реттік N 63 тіркелген, 1999 жылы маусым айында "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      шешім мәтіні мен шешіммен бекітілген Ережедегі "Ереже" сөзі "Қағида" сөзімен алмастырылсын;
      осы шешіммен бекітілген қағида мәтініндегі "еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау" сөздері "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" сөздерімен алмастырылсын;
      Қағиданың 5-ші тармағындағы "созылмалы бүйрек аурулары бар І-ші топтағы мүгедектерден" сөздері "және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендері мен медальдерімен марапатталған тұлғалар, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кем дегенде алты ай жұмыс (қызмет) жасаған мемлекеттік наградалармен марапатталмаған тұлғалардан" сөздерімен толықтырылсын;
      6-шы тармақ келесі мағынада 4-ші тармақшамен толықтырылсын:
      - Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендері мен медальдерімен марапатталған тұлғалар, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кем дегенде алты ай жұмыс (қызмет) жасаған мемлекеттік наградалармен марапатталмаған тұлғалар.
      2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (А.Ж.Нұрланов) арнайы қалалық жәрдемақының 2005 жылға бөлінген қаражат шегінде төленуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Қ.А.Бүкеновке жүктелсін.

      Алматы қаласының Әкімі

      Әкімшілік хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады