Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2002 жылғы 4 наурыздағы N 1/02 "Алматы қаласында кәмелетке толмағандардың демалыс орындарында болуы туралы" қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 22 ақпандағы N 1/76 қаулысы. Алматы қалалық Әділет департаментінде 2005 жылғы 25 мамырда N 659 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 5/803 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2009.12.11 N 5/803 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңына , Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345-11  "Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы"  Заңына сәйкес, Алматы қаласының Әкiмшiлiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 
             1. Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2002 жылғы 4 наурыздағы N 1/02 "Алматы қаласында кәмелетке толмағандардың демалыс орындарында болуы туралы"  қаулысына (Әдiлет басқармасында 2002 жылғы 17 қаңтарда  N 422 тiркелген, "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерiнде 2002 жылғы ақпанда жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1 тармақ мынадай редакцияда берiлсiн:      
      "Түн мезгiлiнде (сағат 23.00 ден таңғы сағат 6.00-ге дейiн) кәмелетке толмағандардың ата-анасының (қамқоршыларының) iлеспейiнше қаланың демалыс орындарында (саябақтағы аттракциондар, кинотеатрлар, түнгi клубтар, компьютерлiк клубтар, ойын автоматтар залы, мейрамханалар, барлар, кафелер, бильярд клубтары, казино) болуына шек қойылсын".
 
             2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары Қ. Боқашқа жүктелсiн.

       Алматы қаласының Әкiмi        И. Тасмағамбетов

      Әкiмшiлiк хатшысы            К. Тәжиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады