Кәмелетке толмаған жасөспiрiмдердiң Алматы қаласындағы демалыс орындарына баруы туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің қаулысы 2002 жылғы 04 қаңтардағы N 1/02. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2002 жылғы 17 қаңтарда N 422 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 5/803 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2009.12.11 N 5/803 қаулысымен.

      Соңғы уақытта Алматы қаласында кәмелетке толмаған жасөспiрiмдердiң жасаған қылмыстарының көбеюi байқалуда. 
      Биылғы 10 ай iшiнде ғана iшкi iстер органдары құқық тәртiбiн бұзғаны үшiн жасы он сегiзден аспаған 13 мың адамды ұстады. Алматы қалалық Уақытша оқшаулау, бейiмдеу және сауықтыру орталығына 1511 жасөспiрiм отырғызылды. 5358 жасөспiрiм және 4167 ата-ана (қамқоршы) әкiмшiлiк жауапқа тартылды. Он сегiз жасқа толмаған жасөспiрiмдердiң есiрткiлiк заттарды тұтынуының 93 фактiсi анықталды. 
      Алкогольдi және темекi өнiмдерiн жасөспiрiмдерге сатқызғаны үшiн 720 кәсiпкер жауапкершiлiкке тартылды. 
      Әдетте жасөспiрiмдер спирт және темекi өнiмдерiн сататын әртүрлi демалыс орындарында түнгi уақытта құқық тәртiбiн бұзады. 
      Жасөспiрiмдердiң құқықтарына нұқсан келтiретiн құқық бұзушылықтың одан әрi өсуiнiң алдын алу, сондай-ақ он сегiз жасқа толмаған жасөспiрiмдер жасайтын заңға қайшы келетiн iс-қимылдардың жолын кесу мақсатында Алматы қалалық әкiмшiлiгi  қаулы етті :
 
 

              1. Түн мезгiлiнде (сағат 23.00 ден таңғы сағат 6.00-ге дейiн) кәмелетке толмағандардың ата-анасының (қамқоршыларының) iлеспейiнше қаланың демалыс орындарында (саябақтағы аттракциондар, кинотеатрлар, түнгi клубтар, компьютерлiк клубтар, ойын автоматтар залы, мейрамханалар, барлар, кафелер, бильярд клубтары, казино) болуына шек қойылсын.
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 22 ақпандағы N 1/76  қаулысымен .
 
 

             2. Алматы қалалық Бiлiм департаментi (Г. Есiмбаева), Алматы қаласындағы орта, кәсiптiк, жоғары оқу орындарының басшылары Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Кодексiнiң "Кәмелетке толмаған жасөспiрiмдердiң әкiмшiлiк жауапкершiлiгi" 9-тарауында және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi "Кәмелетке толмаған жасөспiрiмдердiң қылмыстық жауапкершiлiгi" VI бөлiмiнде көрсетiлгенiндей, оқушы жастар мен ата-аналары (қамқоршылары) арасында түсiндiру үшiн әңгiмелесу өткiзсiн.
 
 

              3. Аудандардың әкiмдерi, Алматы қалалық Iшкi iстер Бас басқармасы (Қ.Қасымов) осы қаулыда көрсетiлгенiндей, демалыс орындарының қызметiне шектеу қойылуын қамтамасыз етсiн.
 
 

             4. Алматы қаласы әкiмiнiң баспасөз қызметi (Г.Дүйсембинова):
      1) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
      2) Алматы қаласындағы жасөспiрiмдердiң құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиямен бiрлесе отырып, осы қаулының қабылдану себептерiн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Алматы қаласының тұрғындарына хабарласын.
 
 

             5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Ә.Ыбыраевқа, Алматы қаласындағы аудандардың әкiмдерiне жүктелсiн.
 
 

             6. Алматы қаласы әкiмiнiң 2001 жылғы N 3/330 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
 

              Алматы қаласының
      Әкiмi

      Әкiмшiлiк хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады