Солтүстік Қазақстан облысында 15 жастан 25 жасқа дейінгі тұрғындардың қызылша мен қызамыққа қарсы жаппай иммундауды ұйымдастыру және өткізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 21 ақпандағы N 47 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 3 наурызда N 1518 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік бас?ару туралы» Қазақстан Республикасының 2001жылғы 23 қаңтардағы N 148  Заңы  27 бабы 1тармағы 14-1) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасында 15 жастан 25 жасқа дейінгі тұрғындардың қызылша мен қызамыққа қарсы жаппай иммундауды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 22 қаңтардағы N 11-р  әкімінің  негізінде облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.2005 жылдың 21 ақпанынан 7 наурызына дейін 15 жастан 25 жасқа дейінгі тұрғындардың қызылша мен қызамыққа қарсы жаппай иммундалуын өткізсін. 

      2. Осы қаулының 1 тармағында көрсетілген іс-шараларды ұйымдастырылуы мен өткізілуін қамтамасыз ету облыстық денсаулық сақтау және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттеріне, ішкі істер басқармасына, аудандар мен Петропавл қаласының әкімдеріне тапсырылсын және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне (келісім бойынша) және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқармасына (келісім бойынша) ұсынылсын. 

      3.Облыстық денсаулық сақтау және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттері осы қаулының 1 тармағында көрсетілген іс-шаралардың өткізілуі туралы ақпаратты облыс әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне 2005 жылдың 25 наурызы берсін.

      4.Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Е.Нұрақаевқа жүктелсін.

       Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады